Орта білім беру құрылымы
1 Осы Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартымен білім берудің сабақтастық және үздіксіздік қағидаттары негізінде қызмет ететін білім берудің мынадай деңгейлерінің негізгі ережелері регламенттелген:
- нормативтік оқыту мерзімі 4 жыл болатын оқытудың бастауыш білім беру деңгейі(1 - 4 сыныптар, оқудың басталуы – 6 жастан);
- нормативтік оқыту мерзімі 6 жыл болатын негізгі орта білім беру деңгейі (5 – 10 сыныптар);
- нормативтік оқыту мерзімі 2 жыл болатын орта білім беру деңгейі (жалпы орта білім беру) (11 – 12 сыныптар).
2 Бастауыш білім берудің негізгі мақсаты – білім алушылардың оқу іс–әрекетін меңгеруі және олардың жеке қасиеттерін ашу үшін жағдай жасау.
Бастауыш мектепте оқу-іс әрекетін ұйымдастыру оқу, жазу, санауды үйренуге керекті білім, білік, дағдылар жүйесін игертуді, осы деңгейдің түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
3 Негізгі білім беру деңгейінің басты мақсаты – игерілген білім, білік, дағдылар мен іс–әрекет тәсілдеріне негізделген мәдени базалық деңгей мен дүниетанымды қалыптастыру.
Негізгі мектепте оқу іс-әрекетін ұйымдастыру жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыру миханизмдерін, ғылыми таным мен ойлау әдістерін, зерттеу мәдениетінің негіздерін меңгеруін, кәсіби ниеттерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Білім алушыларды болашақ оқыту бейінінің бағытын саналы түрде таңдауға даярлауды жүзеге асыратын мектептің психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастыру қызметінің жүйесі ретінде бейіналды дайындығы енгізіледі.
Негізгі орта білім беру білім беру бағдарламаларының аяқталуын және осы деңгейге тән түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыруды қамтамасыз ететін міндетті базалық деңгей болып табылады.
4 Жалпы орта білім беру деңгейінің негізгі мақсаты – бейіндік оқытуды іске асыру, білім алушылардың саналы түрде кәсіптік, азаматтық, тұлғалық өзін-өзі анықтауына мүмкіндік беретін түйінді құзыреттіліктерді игеруін қамтамасыз ету және даралық білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру.
5 Бейіндік оқыту: жаратылыстану-математика, әлеуметтік-гуманитарлық, технологиялық бағыттар және оларға сәйкес келетін типтік оқу жоспары бойынша жүзеге асады.
6 Орта білім беру оқу бағдарламалары бейіндік оқытудың (базалық пәндер) барлық бағыттарында оқып үйрену үшін міндетті және техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының білім беру оқу бағдарламаларының мазмұнына кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |