Джек Лондон. Мартин Иден



Pdf көрінісі
бет32/48
Дата22.09.2023
өлшемі1,5 Mb.
#109789
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48
Байланысты:
pdf Martin Iden Dzhek London

a posteriori 
(Тəжірибеге сүйену (лат.).) айтатынын сіз бірден
кесіп айтасыз да төтесінен тұп-тура дұрыс қорытынды жасай қоясыз.
Расында да, ақиқатқа төте жол тауыпсыз жəне сол жолмен көз ілестірмей
тез өте шығасыз. Бұл табиғаттан тыс зеректік.
— Иə, бұған ұстаздарым абыз Джозеф пен ағам Дэттон да қайран
қалатын,— деді Бриссенден.— Бірақ ешқандай керемет жоқ мұнда. Бақ
бергенде, мен қаршадайымнан католик колледжіне түскем. Өзіңіз қайда
оқып едіңіз?
Мартин өзі туралы сөйлеп отырғанда, екі көзі Бриссенденде болған:
ақсүйектерге лайық нəзік келбетіне, салбыраңқы иығына, стулге тастай
салған пальтосіне, оның қалтасынан сорайып шығып тұрған кітаптарға
зерттей қараған. Бриссенденнің беті мен нəзік қолдары күнге күйіп,
қоңырқай тартыпты, бұған Мартин таң қалды. Бриссенденді таза ауада
серуендеуге құмар жан деу қиын. Олай болса, қайда жүріп күнге күйді
екен? Мартинге бұл табиғи нəрсе емес, аурудың зардабы сияқты көрінді де,
Бриссенденнің екі ұрты суалған ашаң, сопақ жүзі мен сұлу қыр мұрнына
қайта-қайта қарап, осы туралы ойлана берді. Оның көз қиығында елеулі
ештеме жоқ. Жанары құбылған қара көздері онша үлкен де емес, тым
кішкене де емес; бірақ көз нұрында бір жасырын ғажап ой, қайшылық
белгісі бар. Көздері тəкаппар, адуын, тіпті, ашулы сияқты көрінгенімен
əлденеге аяныш сезім тудырады. Неге екені белгісіз, Мартин іштей
Бриссенденді аяп кетті, көп ұзамай мұның да сырын білді.
Менің құрт ауруым бар,— деді Бриссенден өзінің жуырда ғана
Аризонадан келгенін айтып.— Онда екі жыл шамасы тұрдым: таза ауа
жұтып, тазардым.
— Мұндағы үйреншікті ауа райынан сескенбейсіз бе?
— Сескенбейсіз бе?
Ол сөзін жай қайталағанмен Мартин Бриссенденнің бұл дүниеде
ешнəрседен айылын жимайтынын түсінді. Ол көздерін сүзіп, танауын
желбіретіп, қыранша қаһарлана түскендей еді. Қатты сұқтанған Мартиннің


жүрегі дүрс-дүрс соқты.
«Неткен тамаша адам, ə»,— деп ойлады да, дауыстап:
Қатал тағдыр қайырым етпей,
Қан жұтсам да бас имен,—
деді.
— Гэнлиді жақсы көресіз бе?—деді Бриссенден көздері нұрланып,
жадырап.— Əрине, оны жақсы көрмеу мүмкін емес. Аһ, Гэнли! Мəңгі
өшпес рух! Ол осы күні журналдарға өлең жазып жүрген дарынсыз
ақынсымақтардың қасында кілең əтектің ортасында жүрген гладиатор
сияқты.
— Журналдарда басылған дүние сізге ұнамай ма?— деді Мартин.
— Е, өзіңізге ше?—деп ақырғанда, Мартин селк ете түсті.
— Мен... мен де аздап жазушы едім, дəлірек айтсам, менің де журналға
бірдеме жазбақ ойымда бар.
Талабыңыз жаман емес,— деді сəл жуасыған Бриссенден.— Жазу
ойыңызда болар, бірақ қайыры болмас. Бұған дейін сəтсіздікке ұшырап
келгеніңізді түсінемін, сол үшін де бағалаймын, сыйлаймын. Не жазып
жүргеніңізді де білемін, тіпті шығармаңызды оқудың керегі жоқ. Лəкин, бір
ғана кемшілігіңіз бар, сізге бөгет болып жүрген сол. Тегі, шығармаңыздың
мазмұны терең болар, ал журналдарға мұндайдың мүлде қажеті жоқ.
Оларға керегі қоқыр-соқыр, керегін артығымен алып та жүр бірақ, сізден
емес, əлбетте.
— Қара кəсіптен менің де қашып жүргенім жоқ.
— Жоқ, керісінше...— Бриссенден сəл кідірді де, Мартиниің өзін,
уқаланған ескі галстугін, жылтырап кеткен жеңдерін, жиегі қырқылған
манжеттерін өткір, өжет көздерімен бір шолып өтті; сонан көз тоқтатып,
омсырайған оның жүдеу кескініне қарап, біраз отырды.— Жоқ, қара кəсіп
қайта сізден безім жүр, ол бойлауық болып алған, тегі, ұстата қоймас. Бері
қара, қымбаттым, егер ас ұсынсам, өкпелемейсіз бе?


Мартин қызарып кеткенін сезді, Бриссенден бұған масайрап күлді.
— Тоқ адам ас іш дегенге өкпелемейді,— деді ол.
— Аздырғыш əзəзіл!—деді қызараңдап Мартин.
— Қарағым-ау, жазығым сұрағаным ба, басқа не айттым?
— Айтып қараңыз!
— Солай ма? Ендеше менің есебіме менімен бірге ас ішуге шақырамын.
Бриссенден осы сөзді айтты да, ресторанға баратын ыңғай білдіріп,
орнынан тұрды.
Ызасы келген Мартин жұдырығын түйді, қаны қызып, екі шекесі
дуылдады.
— Атақты жылан обыр келді! Жыланды тірілей жұтады! Тірілей
жұтады!—деді Бриссенден жəрмеңкедегі балағанның жаршыларына
еліктеп.
— Расында да, осы тірілей жұтып жіберейін бе?—деді Мартин аурудан
əбден жүдеген Бриссенденге оқты көзімен ата қарап.
— Мен бірақ татымаймын оған.
— Сіз емес, сылтауы іс татымайды десеңізші,— деді Мартин шын
ықыласымен күліп.— Шынымды айтсам, сіз отырғызып кеттіңіз. Менің
ашығуым табиғи нəрсе, ұялатын түгі де жоқ. Көріп отырсыз, əдет-ғұрып
дегенге, соқыр сенімге мəн бермеймін. Сіз шымбайыма əдейі тие
сөйлегесін, мен де теріс бағып, соқыр сенімнің соңына еріп кетіппін.
— Иə, шамданып қалдыңыз,— деді Бриссенден.
— Шамданғаным рас, мойындаймын онымды. Адамның бала жасынан
қанына сіңген соқыр сенімдері болады. Жетілдім-ақ, дегенмен кейде
осылай сыр беріп қалатыным рас. Əркімнің бір əлсіз жері бар, əлгі қит етсе,
қағанағы жарыла қалады деген сөз осыдан шыққан болар.


— Енді жарылмай ма?
— Жарылмайды.
— Нықпысың?
— Нықпын.
— Олай болса, жүріңіз, тамақ ішейік.
— Жүріңіз.
Мартип араққа ақша төлемек болып, қалған екі долларын шығара
бергенде, Бриссенден алақанымен иығынан сыпайы қағым еді, қайтадан
қалтасына сала қойды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет