30-31 ұпай. Қарым-қатынас қасиетіңіз әлсіз, осының салдарынан өзіңіз қиналасыз. Сізге жақын адамдарға да оңай емес. Топ тірлігінде, сізге үміт артудың қажеті жоқ. Адаммен қарым-қатынасыңызды дұрыстаңыз, өз-өзіңізді өзгертуге тырысыңыз. Өзіңізді есеп беруге қолға алыңыз.
25-29 ұпай. Аз сөйлесесіз, жалғыздықты ұнатасыз, соның салдарынан достарыңыз аз. Жаңа жұмыс, жаңа қарым-қатынас, сізге ұнамайды. Сіз өзіңіздің бұл қасиетіңіздібілесіз, осы мінезіңіз өзіңізге ұнамайды-осының бәрін өзгерту сіздің қолыңызда. Сіздің қолыңыздан бәрі келеді, сенсеңіз болады.
19-24 ұпай. Бейтаныс ортада, сіз өзіңізді жоғалтпайсыз, басқалармен қарым-қатынасты тез ұстайсыз, жаңа проблемалардан жалтартпайсыз. Дегенмен жаңа таныстармен абайлап тұрасыз, ләжі болса айтыс керістен аулақ жүресіз. Сіздің сөздеріңізде кейде орынсыз, мазақ бар. Бірақ бұл қасиетіңізді түзетуге болады.
14-18 ұпай. Қарым-қатынасыңыз орташа. Көп нәрсені білуге асығып тұрасыз. Басқалардың әңгімесін мұхият тыңдайсыз, өзіңіздің көз-қарасыңызды шыдамдылықпен, әрі сабырлықпен дәлелдей аласыз, дегенмен у-шу компанияларды ұнатпайсыз. Көп және дәмсіз сөйлейтіндерді жақтырмайсыз.
9-13 ұпай. Сіз адам баласымен жүдә араласқышсыз, кейде шектен тыс.Көп сөйлейсіз, көп нәрсені білгіңіз келіп тұрады. Орынсыз, әр түрлі ұрпақтар туралы әңгіме айтасыз, сіздің бұл қасиетіңіз көпшіліктің назарын тудырады. Ойланбай, қысылмай адамдармен таныса аласыз. Көпшіліктің назарын өзіңізге аударғанды ұнатасыз. Ешкімнің өтінішіне жоқ демейсіз. Бірақ көбінесе өтініштерін орындай алмайсыз. Ашуыңыз тез келіп, тез қайтады. Сізге жетпейтін қабілет ло: шыдамдылық, сабырлық, жігерлік, көбінесе күрделі проблеманы шеше алмайсыз. Бірақ керек жағдайда өз-өзіңізге жауап бере аласыз.
4-8 ұпай. Бәлкім сіз ой мына өзіміздің бала ғой деген болсаңыз керек. Сіз өте араласқышсыз. Сіз барлық іс-әрекеттерді біліп отырасыз. Сіз барлық айтыс, ұрыс-керіс, кикілжіңде белсенді түрдеқатысасыз. Сіз өзіңіздің білмейтін сұрақтарыңызға да өзіндік жауап бере аласыз. Барлық жерде сіз оз орныңызды білесіз және өзіңізді еркін сезінесіз. Барлық істі істей істей бересіз,бірақ көбіне аяқтамайсыз. Сондықтан да басқа адамдар сізге күмәнмен қарайды. Ләжі болса осы іс-әрекетіңізді ойланыңыз да, дұрыс жолға түсіуіңіз өз қолыңызда.
3 және одан да аз ұпай. Сіздің қарым-қатынас, араласу қабілетіңіз бір түрлі. Көп сөйлейсіз, Басқалардың тірлігіне жиі орынсыз араласасыз, сізге қатысы болмаса да. Білмейтін сабақтарға өзіңізше кеңес бересіз. Көбінесе сіздің кесіріңізден ұрыс-керіс, айтыс, кикілжің, жанжал болады. Сабырлық сізде жоқ, өкпелегісшсіз. Күрделі, әрі тиянақт жұмыс сіз үшін емес. Сіз мінезіңізді өзгертуге тырысыңыз. Өзіңізде сабырлық, мәдинеттілік, шыдамдық қасиеттерін тәрбиелеңіз.