Кесте 5. Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқыту әдісте-
рін топтап, жіктеудің басқа да түрлері көрсетілген. Топтап
жіктеудің негізіне оқу үдерісінің кезеңдері, оқушылардың таным-
дылық белсенділігі мен материалды меңгеру деңгейлері, білім
берудің логикалық жолдары т.б. алынуы мүмкін.
Оқушылар ақпаратты әртүрлі білім көздерінен алады
(Мұғалімнің әңгімесінен, кітаптан, бақылау кезінде, практикалық
іс-әрекет нәтижесінде). Осы тұрғыдан білім көзіне байланысты
барлық оқыту әдістерін 3 топқа бөлуге болады:
1.Сөздік 2.Көрнекілік 3.Практикалық Сөздік әдісте басты білім көзі-сөз. Әңгімелеу, түсіндіру,
әңгімелесу, лекция-сөздік әдістер. Сөздік әдіске оқушылардың
кітаппен(оқулық, анықтамалықтар, ғылыми әдебиеттер) жұмыс
істеуі де жатады.
Көрнекілік әдістер тобынабілім көзі-бақылап, зерделеу
болатын әдістер жатады. Оқушылар бақылап қарап, оның нәти-
жесіне эксперименттік фактыларға ой жүгіртіп,талдап, қоры-
тынды жасап, жаңа білімге жетеді. Көрнекілік әдістер тобына
демонстрациялық эксперимент пен иллюстрациалық әдіс
Топтастыру негіздемесі Әдіс топтары Танымдық іс-әрекет
сипаты
түсіндірмелік-иллюстративтік
репродуктивтік
проблемалы мазмұндау
эвристикалық
зерттеушілік
Білім көзі
сөздік
көрнекілік
практикалық
Оқу-педагогикалық
іс-әрекет тұрғысынан
оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру
оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру
оқу-танымдық іс-әрекетті бақылау
Ғылым методологиясы теориялық
эмпирикалық
71
(суреттер, сызбаларды, кестелерді, механикалық модельдерді,
диапозитивтерді, кино-, теле-, видеофильмдерді т.б. көрсету)
жатады. Бұл әдіске экскурсияны да жатқызуға болады.