Дүкенбай Досжан Қазақтың жүз романы



Pdf көрінісі
бет27/29
Дата03.03.2017
өлшемі1,57 Mb.
#7268
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
жатып Далабайдың үйінде ұшырасқан. Бір көргеннен есеңгіреп ғашық боп қалған. Жатса-

тұрса аумақты жанары мөлдіреп, астыңғы ерні үлбіреп, иегі сүйірленіп көз алдына елестей 
кетеді. Содан ұйқыдан безеді, ас батпайды, өз-өзінен можиды. Бұрын білмепті: Бұл 
өмірдің Мағрипасыз мәні, дәмі, қызығы жоқ екен. Бұрын болса өмірді өмір етіп тұрған 
күріш деп жолаушы еді, енді қараса күрішінің әшейін тері сор, бейнеті зор тырбаңбай 
тіршілік көрінеді. Мағрипадай ибалы қылықты қыздың жалт етіп қарағанына тұрмайды 
екен. Қарап отырып қалқытып ән шырқағысы келеді. Қасына газикті құйғытып айдап келе 
жатқан агрономнан сұрайды.
– Сезімтал қыз менің жоғарғы оқу тауыспағанымызды сезіп қойса қайтесің? – 
дейді.
– Білдірмеуге тырыс. Сессияда үлкен кісілермен табақтас болғаныңды, күріштен 
жоғары өнім алғаныңды сықпырт.
– Ата-анасының көзін ала бере сұқбат құр, сырласып үлгер. Қыздар батыл 
сөйлегенді, төтесін айтқанды тәуір көреді.
– «Төтесі» қалай сонда?
– Ғашық боп өлейін деп жүргеніңді айт.
– Ғашық болғаныңды қалай айтарсың? Көрге қосыла көмілер құпияң емес пе ол.
– Пәлі-ай... – деген. 
Батырекесі ойлайтын: қыз деген асылқазына салған әбдіре деп. Сол әбдірені әу 
дегеннен-ақ балталап бұзса, ішіндегі асылдарын тонап, бей-берекет шашса – қызығы қала 
ма? Сосынғы әләулай не болмақшы? Әсіресе бір көргеннен аһылап-үһілеп құшақтасып 
сүйіскенге ойлап-ойлап түсіне алмай-ақ қойды. Қиын кроссворд шешкендей хал кешті.
Газик Бірлік ауылының орталығына сорғыды. Ауылдың кешкі шамдары жердегі 
жұлдыз құрттай жылтылдап жатты. Көз қарығып, көңіл өрекпіді. «Нағанай тамағынан ас 
өтпей ауырып жатыр деп естідім,
көңілін сұрай шығайық», – деді Шүкіман. Машинаны ирелең, бұралаң көшемен жүргізіп, 
қаңылтыр шатырлы еңселі үйдің іргесіне кідіртті. Газиктен түсті. Тізіліп ішке енген. 
Дәурені тайып, базары тарқаған шаңырақ тым сұрықсыз екен, дүние мүлік ескірген, 
тозған, тердегі ағаш кереуетте арыстай болып Нағанай жатыр. Келіншегі көзін бір 
сығып ауыз үйге өтті. Аруақ тым азыңқы көрінді, үні жер астынан шыққандай талып 
жетті.
«Тәуір дәрігерге көрінсем жақсы болып кетер едім», – дейді. 
«Молдахмет қараған шығар», – дейді бұлар. «Жарытпады. Аузына келгенін 
сандырақтады, көңілге тиер сөз айтты».
«Қара су да өтпей ме сонда?»
«Қалпы жоқ. Кейде өтеді, кейде тұтып қалады. Жақсы дәрігерге көрінсем құлан-
таза айығып кетер едім. Мені астанаға апаратын кім, дәрігерге қарататын кім? Бастан бақ 
таймасын, бақ тайса-ақ бұл тіршілігің тезекке парапар білем».
«Біз жүреміз. Қапа болмай, тезірек оңалыңыз енді».
«Тоқтай тұрыңдаршы, – деді үздіге ентігіп. – Сендердің де күдер үзгендерің-ау. 
Енді қайтып көрісе алмаспыз. Енді қайтып сауалдасар күн тумас... Құлшығаш абақтыдан 
шықты ма осы? Шықса көңілімді сұрап келер еді, байғұс баланың басы шарғыға түсіп 
жүр ғой деймін».
«Тақауда шығып қалады. Сая мен Далабай барып: «айып тағар құқымыз жоқ, 
бізден де қателік өтті, абақтыдан шығаруды өтінеміз», – деп кепіл қағаз беріпті-міс деп 
естідік». 

«Ұшыраса қалсаңдар айтыңдаршы, бар кінә менен. Жолдан тайғызған да, абақтыға 
айдатқан да өзім. Кешірсін, кешсін!»
Бұлар сүлеленіп қоштасты, барса келмес сапарына жол алғалы жатқан аруақты 
қимай аттанды.
Былай шыға Шүкіман: «Жарықтық, бой жасап жатыр» – деді. «Тау елінің жаманды-
жақсылы бір боздағынан айрылады екенбіз, опасыз дүние деген осы», – деді қопарыла 
күрсінген Батыр.
Көктегі быжынаған жұлдыздың бірі ағып түсті. Бұлар бірауқымға дейін үнсіз 
отырды. Машинаның қалыпты сырылы, жарықты қуалап бүкеңдеп қашқан қосаяқ, қоян 
жанталасы, алыс жол – осы ғұмырдың бәріне айналып соғар соңғы зауалындай елес 
берді.
Қосүйеңкі жарығы әр жерде бір өлеусіреп қарсы алған.
Қайнар басына ілінгенше ішті солқылдатқан жолмен көп ыңыршақтады. 
Сейілбектің үйін сұрай-сұрай қараңғыда суыртпақ іздегеннен бетер әуреленді. Әуелі 
кезіккен кісіден: «Қойшекеңе көмекші болған Сейілбек», – деп тұспалдаған. Сөйтсе ол 
кәсіптен баяғыда-ақ қол үзіпті. Сосын: «Талдысудың су өлшегіші», «жоңырышқа 
мұрабы», «қора тазалағыш», «көң ойғыш», – деді. Ақырында: «шөп тасығыш», – деп 
сұраған. Сөйтсе көкең әлгі жұмыстан да ат басын бұрған көрінеді. «Жер үстіндегі барша 
қаракетті адақтаған қарақұлақ болмасын», – деп Шүкіман кейіс білдірген. Ендеше 
Сейілбегің күзектегі қырқымшылардың қырықтығын қайрап беретін ұстасы екен. Пәлі 
дегені «Дүниеде қәсіптен көп нәрсе жоқ-ау», – деп таңырқады Батыр. «Таудағы мал 
ауылының майда-шүйде шаруасы әлгі, ал Сырға түссе ғой әкесінің атын ұмытатын халге 
килігері хақ». 
Сейілбектің үй-іші кешкі ас-суын ішіп жатуға қам жасап жатыр екен. Бейсеубет 
дүмеп келген қонақтардан үрпиісіп қалды. Отағасы мұртын қышырлатып отырып жөн 
сұраған. 
– Сырдан келеміз. Серігім Түгіскеннің атақты күрішшісі. Жоғарғы Кеңестің 
депутаты, –деді Шүкіман. – Бірер күнге, демалыс алып таудағы ағайындарды қыдырып 
жүрміз.
Малды ертең соямыз, – деді. Сейілбек. Бүгін аш жатасыңдар». 
Жеңгейдің қолынан ішкен шай қонақкәденің үлкені! 
– Мағыш оқуын бітіріп қалған шығар, – деді Шүкіман төменгі жақта бір тізерлеп іс 
тігіп отырған қызға сүзіліп.
– Әлі екі жылы бар. Демалысы аяқталды. Арғы күні поезға шығарып 
саламын, – деді отағасы. Подносқа гүжілдеген, самаурынды қойып жатып Жұлдызауа 
ішінен қып алып қалды. 
– Зады қызды кейінгі күрстерде сырттан оқуға ауыстырған жөн. Әйтпесе 
айырылып қаламыз. Диплом да, қыз да, пәлен жылғы бейнет те, үміт те аллау акбар 
болады, – дейді Шүкіман. 
– Мағыштың рәтін көреміз, — деп Жұлдызауа кесе сүртті. Айтуын айтса да күдігі 
мол секілді, үні толқып шықты. 
– Орнын сипап ұлып қалғанша елдегі атақты, ауқатты азаматқа қосып, кұда-
жекжаттың қызығын көргенге не жетсін. Бес күн тіршілікте қызық та, шұжық та сол.
Мағрипа мөлт қара жанарын төңкерді де инесін матаға көктей шаншып шығып 
кетті. Сейілбек зайыбының қолынан кесе жағалатты, қонақтарын шайға қосты.

– Батыр Түгіскеннің атақты күрішшісі. Бұл елде Қойшекең қандай болса, Сыр 
елінде Батыр да сондай беделді адам.
Жұлдызауа түнделетіп шұбап жүрген қонақтардың құлқын танып қойды. Кесе 
ұсынып отырып Батырға көз тоқтатқан. Шашы тікірейіп, маңдайы қырыстанып, оңаза 
кеспірмен отыр: жүзінен шаршап қажығандықтың жазуын оқыды. Дөнгелек беті күнге 
күйіп, жел қағып қарайған. Жанары ғана қарапайым, адал жігіттің әлі де алыс көкжиекке, 
адам баспаған қиырларға бел буып сапар шексем деген үміт нұрын төгеді. Жігіт ұсқынын 
жылытып тұрған сол нұр ғана.
– Шаршап келген шығар, қонақтарға төсек жайға, – дейді Сейілбек. – Маған да 
қонақтармен бірге төргі бөлмеге сал. Нағанайдың көңілін сұрап шыққандарың жөн 
болған. Өзім кеше барғанмын. Кешегі бір елдің арысы қор болып жатысы сол.
– Мақұлбек кәрияның хал-қуаты қалай? – деді Батыр.
– Тесік өкпе жаны сірі шалдар ғой деймін. Жастар жағы не болса содан тырапай 
асып жоғалып жатқанда бұларың кеудесін сүйретіп әлі жүр. Өмір өзгеріп барады тегі.
Мақаңмен ендеше құда болыппыз, – дейді Шүкіман. 
Сейілбек сұмдық таңдансын.
– Астанадағы баласы мына Батырдың әртіс қарындасын алыпты. Батырекесі өткен 
сессияда мөлтек тойын жасап қайтты. Қылтың-сылтыңды қойыңдар депті, адам болатын 
уақыт жетті депті.
– Апырмай, Сауранбайдың алғаны сіздің қарындас па еді?! – деп Сейілбек 
ошарылып отыр. Бейне Сырдария өзені арнасынан ауа жайылып құм асып кетіпті деген 
хабар естігендей болды...
– Апырмай, Сауранбай сіздің қарындастың үйіне кіріп алған екен ғой.
Төсек салынды. Қонақтар сыртқа шығып оралды. Шешініп жата бастады. 
Сейілбек буынын сытырлата тұрып есікті жауып, жарықты өшірді. Төсегіне еніп бара 
жатып тамсанады дерсің.
– Сіздің қарындас сол де!
Құлағына астанаға барғандағы сылқым келіншектің үні келеді: «Басым ауырып 
жатыр... Шайды өздерің іше беріңдер... Ана қақсауық әкеңе үйлендім деп айтып жібер... 
Әйтпесе үйден табаныңды жалтыратасың...»
– Сауранбайдың көңіл қосқаны сіздің қарындас де!
Ертесіне Сейілбек ертелеп тұрып қой сойды, көрші-қолаңын жиды. Сырдан 
келген кісілерге шүйгін қонақ-кәде жасады. Ет желінді, мейізбен қара шай ішілді. 
Көрші-қолаң бірінен соң бірі суыртпақша суырылып тарай бастады. Қонақтардың да 
көтерілер мезгілі жеткен. Оңаша сұқбат құрысқан.
Сейілбек саусағымен мұртын қышырлатты.
– Жұмыс айта отырыңыздар.
– Сыр елінің атпал азаматы Батыр қарындастарын оқытты, жетілдірді, күріш екті, 
әйтеуір жалғыз басын екі ете алмай әлі жүр. Әнеукүні Мағышты көріп ұнатып қалыпты. 
Екі жас жүре-бара ұғысып кетер, осы жолы қол алысып құда-жекжат болып айырылыссақ, 
– деді Шүкіман.
Сейілбек құлақ шекеден сойыл тигендей сілейіп отырып қалды. Дастарқан етегінде 
қонақтарға шай құйып, кесе ұсынып отырған Мағрипа сыртқа ата жөнелді. Жайсыз екен 
тегі. Батыр серігін ала көзімен атты. 
– Жоғарғы Кеңестің депутаты, – деп Шүкіман және боздап бара жатқан... – Өзі 
атақты күрішші.

Жұлдызауа бүйірден киіп кетсін.
– Жігітіміздің жасы нешеде? – деп сұрады. Батыр биыл аттай отыз екіде-тұғын. 
Шүкіман қапелімде не дерін білмей қалды. Бар болғаны:
– Отыздың екеуінде, – деді. – Дәлірек айтқанда сегізі кем қырықта.
Батырдың жүзі қуқыл тартып құмығып кетті. Жұлдызауа сөз осымен тамам 
дегендей тұрып дастарқанды жинастыра бастады. Мына тұстан Сейілбек қозғалақтады.
– Мағрипа келіссе қарсы емеспіз. Бүгінде жастардың өз билігі өзінде.
– Ендеше жүрейік, – дейді Шүкіман. – Батыр сессияға барғанда Мағышжанмен 
оңаша сұқбат құрар, ұғыса жатар.
– Сөге жамандамаңыздар. Қой қырқынға жүруім керек. Жаңа Алтынбала тез 
жетсін деп адам жіберіпті.
Қонақтар ренжіп қоштасты. Ренжімей қайтсін, қыздың қылығы әлгі, әкесі көре 
көзге сөзбұйдаға салды, шешесі күйеу жігіттің жасын сұрап масқара қылды. Бүлдіршіндей 
Мағрипаны он шақты жас үлкен қайдағы бір күрішшіге қимай отыр. Қысастықпен айтты.
Былай шыға Батыр жолдасына төніп берсін, жерден алып, жерге салсын. Ит 
терісін басына қаптасын.
– Сені күйеу жолдас қылған ақымақпын, кещемін, – деп кейиді. – Ойбай-ау, 
қыздың шешесі жасымды сұрағанда жиырманың төбесінен аттамас деп лүпілдеп 
отырсам... отыздың екеуі, сегізі кем қырықта деп
боздайсың... ей, ішіңді!.. нақа ішің кеуіп бара жатса тура жасымды айтпаймысың?! 
Отыздың басын ауыртып, қырықтың құлағын шулатып не жының бар... ой, енеңді!..
– Қазақтың сөз ресімі солай емес пе. Қазақ тура санды өлсе айтпайды. Ылғи «бір 
кем қырықта, отыздың бесеуі, қырықтың үшеуі» деп сөйлейді. Сол салтты ұстағаным ғой.
– Өй, салтың да, өзің де... құрып қалғыр! 
Жол ортасына дейін үнсіз отырысты.
Батыр галстугін шешіп, мойнынан суырып алып, қалтасына тоғытты, әйнектен 
түкірді.
– Суырылған шешен-ақ екенсің! Екі сөзінің бірі – депутат! «Депутат, депутат» 
дегеннен өзге құлаққа сіңер көшелі сөз айтсаң аузың қисайып қала ма тегі. Әлде дүниені 
тіреп тұрған, аузымен құс алып, аяғымен құйыннан озған жалғыз депутат па едің?
– Осы күнгінің қыздары атағың, ақшаң болмаса ақыл-парасатыңның ішін ұрмайды.
– Әй, өзімнің де жолым ауыр, аузымның салымы жоқ. Оның үстіне сендей 
күстанамен жолдас болған соң не оңсын?
Ішінен жидіп келеді.
Жүрегін қозғап, жанын жеген қылықты сұлу уысына түсердей болып еді, 
тұтымынан шықпастай-ақ сезіліп еді: міне енді бұлбұл ұшып қашықтап кетті. Астанада 
мода қуып, профессордан дәріс алып жүрген қыздың көңілі әр жерде әрине. 
Бұл көкең болса сылқым сұлуға сыз үйден өзге, жазы-күзі жанталасып жағаласқан 
күріштен басқа не қызық көрсетпекші. Ал айтқанын екі етпей құрақ ұшыр, ал бетін күнге 
тигізбей көлеңкеге отырғызып қояр, ал тапқан ақшасын алақанына салар, сессиядан 
қоржын-қоржын базарлық әкелер... өмірдің қуанышы сол-ақ қана ма екен.
Осыны ойлағанда Батыр өз тіршілігінің сұрықсыз, қызықсыз өтіп жатқанын сезінді.
«Өмір бойы бойдақ өтпекшімін бе сонда» деп күңіренген. Төсегімді жалқы 
жылытып жатуым керек пе? Қартайған шешемді шәугімін сылдыратып, буынын 
сытырлатып тыныштықтан тәрік еткенім жөн бе? Бұл базарыңның қаналшы ойынынан да 
қатігез, шекемтас ойынан бетер опасыз бола бастағаны ма?»

– Батырекесі, ақылымды тыңда. Астанаға барғанда қалтаға ақшаны басып ал ды 
Мағрипаны ресторанға отырғыз. Көктөбеге сейілдет, сосын қонақ үйдегі бөлмеге әкеліп 
сілейтіп ішкіз, жүрек сөзіңді айт. Арғы жағы белгілі. Ертесіне соңыңнан шөре-шөре 
жүгіріп қалады.
– Махаббатқа озбырлық жүрмейді.
– Қызды қақпанға түсіруді көкеңнен оқып ал. Сөзің аз, ісің көп болсын. Мысалға 
үйдегі құрдасыңмен паркте көңіл жарастырдық, некеге барғанда айы-күні жетіп тұрған, 
тойды нәрестелі болғасын өткіздік. Ал сен «неке, махаббат, абырой» дейсің!
Жүрдек машина аудан орталығына іліккен.
Әлгі сөзден Батыр күйіп кетті білем, аяғының басына бір-ақ түкірді. Ағып келе 
жатқан газиктің есігін салқ еткізіп ашып жіберді. Шүкіман тормозды әрең басып 
үлгерген. Серігі секіріп түсті де айналып қарамастан жүре берді. Шүкіман да оқдәріше 
бұрқ етті: «алда, әтек... қызтеке...» соңынан сықпыртып рульді шұғыл солға бұрды. 
Беласардың үйіне тартты, Күн еңкейіп қалған, «базарком» жерлесі үйінде болуға тиіс.
Беласар қасқа төрде ұйықтап жатыр екен.
Тасыр-тұсырдан оянып көзін жыртитты да «ә, келдің бе», – деді. «Зүбайраның аяғы 
ауыр, самаурынға өзің-ақ от салып жібер», – деді. «Құдықтан су тарт». «Бұрылыстағы 
дүкеннен нан әкел». «Дастарқан жайып, шәйнекті демде». Шүкіман шай жағалатып 
ентігін басып отырғанда барып еңсесін көтерді, жөн сөзге келді. – Сапарларың қалай 
болды?
– Айна қатесіз айтқаныңыздай, нақа сіз жазып берген пьесаны ойнап қайтқандай 
болдық.
Депутат қызбен оңаша сұхбат құра алды ма?
– Байтал түгілі бас қайғы дегендей, қызды көрудің өзі мұң болды. Ауыз ашқаннан-
ақ сұлудың шамына тиетін сөздер айтып шошыттым. Депутатты әмсе қыңыр жағынан 
көрсеттім.
– Жөн екен. Сонымен ешқандай уәденің шыжымын ұстатпады ғой.
– Ұстатпақ түгілі депутаттық жасын сұрап масқара етті.
Жөн екен. Мағрипа астанаға қай күні аттанады?
– Әкесі ертең поезға шығарып саламын деген. «Сәтін сала көр» деп лүпілдеді 
ішінен. «Тақау арада өзім де астанаға жол аламын. Осы сапар өлсем де қызды түсіріп 
қайтамын».
– Депутат сенің түлкі бұлаңыңды сезген жоқ шығар.
– Жерлесіңіздің ыза баспайтынын білесіз.
– Дос-жар адамдарша айырылыстыңдар ғой.
– Аздап жүз шайысып қалдық. Жай әншейін, махаббат туралы пікір таластырдық.
Беласар лықылдап кеп күлсін. Аузына апара берген шайын төгіп ала жаздады.
– Махаббат туралы!.. Еһе-еһе-еһе!.. Ғашықтың!.. Махаббат!.. Еһе-еһе!.. Ішегім 
түйіліп қалды. Ал, Шүке, депутаттан көз жазып қалма. Басқан аяғын аңды. Әсіресе күріш 
орағында уақап бол. Басын шарғыға сал. Күні-түні жұмсап дамыл берме, 
байыздап отырып ақылға келуге мұршасын келтірме.
– Тым тереңдеп бара жатқан жоқпыз ба?
– Бұл үлкен күрестің бастамасы әншейін. Шүкіманмен қол алысып қоштасып 
жатып «бір жұмыс бітті» деп ойлады. Әлдебір нәкәс жігіт әйелінің босанғанын естігенде 
қуану жоқ, дүрлігу жоқ: сілейіп тұрып-тұрып «бір жұмыс бітті», деген екен. Бұл өмір 
үлкен ойға, терең пәлсапаға ұласып барады. Өзіне қарсы келіп «ә сені ме!» деп теке 

тірескен күндестердің біразы майдан даласынан босып жатыр, боспағаны көзін сұрасаң, 
құлағын керсетіп миы ашып итырақтауға айналды. Депутаттың жайы күн өткен сайын 
сұйылып, сиыр құйымшақтанып, кісі аярлықтай мүскін халге түсті. От басында жылы-
жұмсақ жағдайы жоқ, түзде дүниені төгіп-шашып серілік құрып жүрген қызығы жоқ: 
күріштің соңынан сүмеңдеп жүргені. Өз басына ғой сондай зілмауыр бейнет түссе 
шыдамас еді, жынданып кетері хақ. Қайта депутаттың жүйкесі темірден жаралған.
Тақау арада астанаға аттанамын. Шаруаның біссімиллясы – үйдегі «Волгаға» 
жеңіл машина жөндейтін заводтан су жаңа мотор сатып аламын, жәшікке саламын, 
айда деп вагонға ұрамын. Сосын Далабайдың баяғы дәм-тұзы жараспай айырылысып 
кеткен келіншегін іздеп табамын. Дөкейдің қызы деген. Жолығамын. Осылай да осылай, 
қарағым. Жас өміріңді улады да, көшеге қаңғытып тастап кетті. Махаббаттың ішін ұрды. 
Жақында сұмдық даңғаза симфониялық дастан тамамдады, Құрманғазы атындағы 
мемлекеттік ұлттық аспаптар оркестріне өткізбекші. Үстінде пәленбай бөлмелі үй, 
астында сумаңдаған машина, құшағында сұлу келіншек, ақша деген пішен. Жылда Қара 
теңіз жағалауы, жыл аралатып шет елдік саяхат. Мінекей адресі, телефоны. Әуелі 
«ұмытқан жоқпын, жүрек түбінде шоқ жатыр» деп хат жазып жібер. Келесіде пәленбай 
мың ақша қажет де. Сенімен отасқалы асқазаным бүріп ауыратын болған де, 
тамағымның баспасы көтеріліп жүр де. Солай де солай. Заң кітабымның мына 
тармағын ұстап соңына шам алып түссең тұтымыңнан табылады... ал мына тармақ 
қаталдау... әрине жігіт бас білгі болмай сүйрете тартып қара үзіп бара жатса заңның дәп 
осы тармағын құрық қылып сал... Сөйтіп астанада жантыныштық пен тоқшылықтан 
екі иығын жұлып жеп мауығып жүрген келіншікті Далабайдың қыр соңына салады. 
Шырқын бұзады. Ең болмағанда Далабай мен Саяның арасына араздық отын тұтатып, 
көңілдеріне қаяу, жүректеріне дақ түсірсе бұл көкеңнің үлкен жеңісіне жеткені. Майдан 
даласындағы және бір жауын түсіргені.
Астанаға жол алғандағы үшінші мақсаты Мағрипаны қолға түсіру, тұнық судың 
түбін лайлау. Дәл осы мақсатты орындау құқына бас қатырып екі түн ойлап тапқан айла-
шарғысы бар. Әй, шайтан болмаса, қылықты қыздың түтеген қулықтан, бораған ақшадан, 
түс тұсынан құрған қақпаннан құтылып кетуі екі талай! Рас болса, таудағы Пақыриддин 
қожа жолын тосқан шайтанды қапияда қолға түсіріп, шашынан ұстап сабап, енді қайтып 
жоламастай етіпті ғой. Ол жарықтық шайтан қатынды шашынан ұстап сабаса, бұл көкең 
сұлу қыздың бұрымын білегіне орап жатып жұмақ бағын аралайды, жерде жүріп-ақ 
жұмақты көріп қайтады.
Әзірге жатпай-тұрмай Далабай мен Ғайнекеңді араздастырып бағады: 
араларынан ала мысық өткізеді, суық сөз ертеді. Қайтіп?.. Қалай?.. Қиынның қиыны 
әрине. Есітіп жүр. Далабай кей отырыста аудан басшысымен пиғылдас, сырлас екенін 
жыр қылып айтады-мыс, Ғайнекеңнің аузымен от көсейді-міс, Ғайнекеңнің беделімен 
құнын арттырады-мыс. Өзінің жүре бас изескенге мәз аудандық мәдениет бөлімінің 
меңгерушісі екенімен шаруасы жоқ, жердің тозуы, елдің босуы секілді қиын істерге қол 
сұғып пәтуа айтады-мыс. Халық қамын ойлаған болады-мыс. Ал бірінші хатшының 
жалпақ шешейлерге қаны қас. Далабай тілі басшы кадрлардың өзін ауыздықтап, тізгінден 
ұстады. Жөнсіз суырылып сөйлегенді, ретсіз іс шешкенді, беделін дабырайтқанды, 
ақылын асырғанды суқаны сүймейді, тыйып тастап отырады. Ендеше араздық 
шыжымын дәл осы кереғар мінездер қақтығысынан іздегені жөн.
Самайын сығымдап үңіле ойланып отырып қалған.

– Бошалаған інгендей бөлме кезіп, менен безіп не өнер бастап жүрсің-ай? – деп 
Зүбайра жан алқымынан алсын.
– Аяғың ауыр ғой енді.
– Аяғым ауыр болса шатқаяқтап қашасың ба? 
Бетіне опа жағып, қасына сүрме тартыпты. Танауының үсті ноқталанып, ернінің 
көнтигені болмаса бұрынғы сылқым сұлулығынан еш айырымы жоқ. Қайта сүтке толған 
жүгері собығындай былқылдап тұр. Мінезі де көнтерілі, биязы. Бұрын сәл нәрсеге 
шаптыға қалатын, қит етсе өкпелеп тынатын. Март айының жылымығындай қалпы 
болмайтын. Енді ғой қазанның мамыражай шуағындай шырайлана қарайды, жаймашуақ 
сыр тартады. Шыдамай кетіп төрт тағандап еңбектеп жанына жетіп барды. Құшақтап 
бетінен, тамағынан өпті. Тұла бойын ыстық жалын шарпып өртеп бара жатқан. Есік 
қоңырауы зың еткені.
Келіп тұрған Құлшығаш, сақалы қырылған, шашы таралған, жаңа ғана моншадан 
шыққандай. Көнетоз костюмі кішірейіп кетіпті, еңгезердей денесіне тырсылдап әзер 
сыйып тұр.
– Мүлдем босанып шықтым, – дейді.
– Үйге кір. Жеңгеңнің аяғы ауыр. Құдықтан су тарт, самаурынға от сал, мен 
дүкенге барып келе қояйын.
Дүкеннен көтеріп ішімдік, колбаса алды. Жолай телефон соғып, алыпсатармен 
айқасатын қолбала делдалын үйіне шақырды, қонақ келді деді, бүгін жақсылап гөләйт 
жасаймыз деді. Үйіне кірсе Құлшығаш самаурынды қайнатып, шәйнекті демдеп, 
дастарқанды жайып қойыпты. Көнетоз костюмін құнжыңдап өтектеп жатыр. 
– Әуре болмаңыз. Мен ішкілік ішпеймін, – дейді.
– Ішпегені қалай? Көріспегелі пәлен жыл болды, барса келмес тажалдың аузынан 
оралдың. Сен сотталғалы елде қыруар жаңалық өтті: үлкен кісі келді, таудан қорғасын 
шахтасы ашылған. Бесарық бөгені салынған, Түгіскен каналы қазылған. Бүгін келу 
құрметіңді тойлаймыз, сыр шертісеміз...
– Ішпей-ақ әңгімелесеміз. Қөңілдің көркі, тіршіліктің қызығы сопақ шынының 
ішінде тұрған жоқ шығар.
– Менімен тост қағыспасаң өкпелеймін, қайным, – деп Зүбайра кылмыңдады. 
Ағаңның қолын қақпа!
– Ендеше костюмімді өтектеп, шалбарымның ыдыраған жерін жамап аламын да 
таямын.
– Омай деген, жиырмасыншы ғасырдың аяғында кім шалбар жамап, етек-жеңі 
қырқылған костюм киіп жүреді?1 Ағаңның бір басында жеті пар костюм-шалбары 
бар. Күллісі шет елдікі. Зүбайра, шифонерді ашшы. Мінекей! Мынаны саған сыйладым. 
Мынау галстугі, көйлегі, ки де сайранда, сейіл құр! Аман-есен оралған сүйіншіңе 
жүз сом! Әзірге ұстай тұруға. Таңның асы тәңірден. Жексенбіде базарға шықсақ, 
қалтаңды томпайтып қайтасың. Базарға тексеруші етіп аламын, алыпсатар, саудагер 
дегендерді бықпырт қып ұстайсың. Баяғы дәуреніңді басыңа кайта орнатасың!
– Киіміңнің де, ақшаңның да, қызметаңнің де қажеті жоқ. Қазір шалбарымды 
жамап алайын, бірер шыныаяқ шай ішейін, сосын қарамды батырамын.
Беласар дастарқан жиегінде ошарылып қалды. Ойлаған: я Құлшығаш сұмдық 
өзгерген, я абақтыда жатып ауыса бастаған деп.
Жігіт шынымен етек-жеңі қырқылған алапыш костюмін қырын сындырып өтектеді, 
шалбарының тізелігіне ішінен жамау жапсырды, ыдыраған тігісін кайыра әдіптеп тікті. 

Жедеғабыл киіне бастады. Осы мезет есік ашылып сырттан алыпсатарды аңдитын 
делдал жігіт сумаң етіп енген. Уызға тойған торпақтай жүзі жылтырап торсиып, шіреп 
тұр. Ерні көп сүйіскен қыздай көпсіп кетіпті.
– Туысыңыздың аман-есен оралғанына құтты болсын айта келдім, – дейді. – Мал 
бауыздайтын пышақтарың қайда? Жеңгей, сіз қозғалмаңыз, ауладағы тұсақты қазір-ақ 
жәукемдеп тастаймын.
– Ініміз бізді менсінетін емес, рюмке ұсынған қолымызды қаға ма-ау, адал 
дастарқанымызды аттай ма-ау әйтеуір тілін таппадық, – дейді Беласар сұмдык сұрқай 
үнмен.
Делдал жігіт додаға түскендей тақымдасып келе жатқан. Құлшығаш дүңк 
еткізіп тыйып тастады. Дастарқаннан бір тізерлеп суып қалған шай ішті, үзіп нан тістеді. 
Өз-өзіне қайырып бата жасады да тұрып кетуге айналды.
– Шынымен ала жіпті үзгенің бе?
Ала жіпті үзгенім. 
Ат құйрығын кесіскенің бе?
– Ат құйрығын кесіскенім.
Деді де есікті тарс жауып шығып кетті. Түйе тайраңдап еркін өткендей зәулім 
биік дарбазаны қақсата ашып табалдырықтан сыртқа аттаған. Күн шуақты, 
мамыражай екен. Көше ернеуіндегі тұт ағаштары шуылдап тұр. Кеудесін кере-кере 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет