Дүкенбай Досжан Қазақтың жүз романы



Pdf көрінісі
бет24/29
Дата03.03.2017
өлшемі1,57 Mb.
#7268
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29

Ғайнекең
 
54
Құлшығашқа екінші мәрте сот болады-мыс дегенді естігенде мысық табандап 
монтаны халде жүрген Нағанай сұмдық қуанды. Дереу бір қойын шалып маңайдағы 
шалдарға бас мүжітті, батасын алды. Ертесіне томар галстугін тағып, қаракөл 
елтірісінен тігілген құлақшынын киіп аудан орталығына жол алды. Автобустың артқы 
отырғышында селкілдеп келе жатып колдайтын құдайым бар екен деп ойлады. 
Әйтпегенде, қағынды заманның қолжаулығы болып кетер ме еді, пышақ үсті қызыл ала 
қанға бөгер ме еді. Аш масадай талаған үрей ойдың жанын жеп, жүйкесін мүжігелі не 
заман. Оқиға осыдан пәленбай жыл бұрын басталған. Қосүйеңкіде дүкен ұстап, шот 
салып тұратын Құлшығаш жолдан тайсын, қарыз жамасын, айтатыны – қағаздан 
жаңылдым: ал шап! ал жылу жина! ағайынның басын арашала!
Осы дырдумен жүргенде өз басына да зауал төнсін. Заманның мамыражай 
уақтысында қымқырған-жымқырған тай елтірі тексерушілердің көзіне сүйел боп 
көрінсін. Байтал түгілі бас қайғы болды. Өз абыройын арашалап алу үшін тай елтіріні 
Құлшығаштың қарызына жатқыздық деп, жылу жолына жараттық деп куә тартты, жалған 
акт жасады. Ақырында қара бұлтпен парапар зілмауыр қылмысты Құлшығаштың 
мойнына аудара сап құтылып кеткен. «Жанашыр інісі» сегіз жылға кесілді, барса келмес 
жер түбіне қарасы батты. Бұлдырап ұшып кеткен бақ қайта айналды, бақыт құсы қолына 
қонды. Бірлік ауылының бастығына дейін өсті, дүниені жалпағынан басты, алды суық 

мүскін жан аталды. Кімсің Нәкең – дегізіп дүрілдеді. Көлеңкесіне сыймай күпініп 
жүргенде сиыр тіліндей хат келген, абақтыдан, әлгі мұндар: «Көзім ашылды, түрмеден 
шығар күн туса қаныңды ішіп тынамын», – деп жазыпты. Төбесі көкке қос елі жетпей 
желпілдегенде көк желкеден әлдекім сойыл сап өткендей болды, есеңгіреп қалды. Әзәзіл 
айналдырайын десе оп-оңай екен, содан-ақ сөзінің пәтуасы азайды, ісінің берекесі қашты, 
оның үстіне жылымықтың жұты кеп жармасты. Жігітті дабырайтатын көңілдің көркі 
білем. Әлдеқайдан аждаһадай аранын ашып келе жатқан зұлмат зауалды сезінді де 
тартыншақ хал кешті, қабағы қатып, жүнжіп кетті. Жарқанатқа ұқсап көлеңке күйіттеді. 
Жұрттың жымиып сыйлап тұратыны астам дәуреннің арқасы екен-ау! Нәке, хал 
нешік? – деп, мынадай ақыл бар, – деп біреуі жоласыншы, жо-о-оқ, қарасы батып, жер 
жұтты. Ауыз жаласып жүрген жолдастары күңсітіп өсек таратты, ақысын аңдыды, 
сөйтіп тұтымындағы ел тозды. Соңғы кеңесте әкімдіктен босады. Бүгінде ұжым 
орталығында ауыл кеңес хатшылығын ұстап, туған нәрестелердің куәлігін толтырып, 
құбатөбел тіршілік кешіп жүр. Мұнысына да шүкіршілік. Тақауда Құлшығаш мерзімінен 
бұрын босанады-мыс деген хабар дүңк етті. Інінен су шыққан көртышқандай 
итырақтады. Қанды қол пәленің алдына тосу болар айла-шарғы ойлай-ойлай басы қатты, 
бейне тас шемен алынбас қамалға маңдай тіреген қолбасыдай сансырады. Мейрамқалаға 
шапқылады, балгерге құмалақ салғызды, сыған әйелге алақанын тосты, өзі де түсінбейтін 
шым-шытырық шатпақтарды тыңдады. Өстіп жүргенде Беласарға ұшырасқан. 
Мейрамқалаға көшіп келіп Тастақ базардың бастығы болып, жұрт: «Базарком» деп 
қоқырайтады екен. Делдал біткен дымы құрып алдын кесіп өтпейді екен. Аман-саулықтан 
соң шыжымдап ақыл сұрады. Беласарың ми батпақтан башпайы былғанбай шығатын 
жырынды қу көрінді. «Елді сағалап келе жатқан Құлшығаш ең әуелі жақын адамдарын 
сұрайды», – деді. О-һо! «Абақтыда ішқұста болған бейбақ бостандық алысымен 
сырахана мен бозахананы бермейді», – деді. Еһе-ёеһе! «Сол сырахана мен бозахана 
маңына боздатып жансыз жібер, қылмысқа итермелет, кисық жолға түсір», – деді. Пай-
пай! Белағаңа риза болғаны соншалық, «Базарком туысқаным» деп ресторанға отырғызды, 
қоштасарда «келінге орамалым» – деп қалтасынан үш көк ала қағаз суырып берді. 
Алақанын жанып-жанып жансыз іздеуге жөгіледі. Аяғынан таусылып шаршаған жоқ, 
мұрны көгеріп, жанары жымсиған, сыра сатып сампылдаған жас жігітке көңіл 
тоқтатқан. Әуелі көк будканың артынан кірді, сампылдақты саусағымен іліп шақырды. 
Сарала қағаз ұстатты. Осылай да осылай, түрмеден шыққан еңгезердей алаң көз жігіт 
жол ұрып келер деді, тегін сыра құя сал деді, бірер шөлмек арзан шарап бере сал деді, 
сосын құлақ түбінде Түгіскеннің масасындай ызыңдап бақ деді. Атпал азамат 
абақтыға кетісімен келіншегі сұйық жүріске түсті деді, ақ төсегін арамдады деді: 
акыры тақауда ойнасына шығып алды деді. Әтаңанәлет-ай ә?! Қазір күнде сауық, күнде 
сайран деді. Салдақының құтырғанын-ай ә?! Сыра сатқыш та көр соқыр болмады. 
Далабай деген қияли композиторды біледі екен, бірер мәрте сырасына шақырыпты, 
танауын шүйіріп кірмей кетіпті, ұсынған қолын алмай өтіпті. Ер жігіттің адал төсегін 
былғайтын етекқұмар сал серіні құртқан ләзім. Айтып отырғаныңыз рас болса – Сая 
секілді сұлу келіншек әлі талай жігітті жолдан тайғызуы мүмкін. Шынымен 
Құлшығаштың басына іс түскенде одан сырт айналып, Далабайға кеткен деп отырсыз ғой. 
Онда көр де тұрыңыз, Құлшығашты Далабайға айдап саламын. Әлгі келіншекті көзге 
шұқып ұялтамын, опасыздығын бетіне басамын. Неге дейсіздер ғой? Бұл көкең өмірде 
сирек ұшырасатын тұрақсыздық дегенді суқаны сүймейді. Өйткені алғашқы әйелімен 
ажырасып кетуіне әлгі Нағанай айтқандай өсек сөз, өтірік қылық себеп болған. Келіншегін 

жаны қалмай сүйіп еді, алақанына салып әлпештеп-ақ еді, болмады, шайтан азғырып
араларына от түсті. Әйелін кім көрінгеннен қызғанып: жұмысқа кеткен, келген қадамын 
аңдыды. Ақыры келіншегі бұл қылығына ерегісіп, ренжісіп кетіп қалды. Содан бері 
опасыздық дегенді естісе зар-зар ете қалады. Енді міне Нағанайдың сөзімен айдаладағы 
көріп-білмеген келіншекті құстаналап, күйіп-пісіп отырғаны.
 
Дүбірді естіп 
желпілдегені. Нағанай мен сыра сатқыш шөлмек коньякті демде бөлісіп ішіп қойды.
Сонымен сыра сатқышпен қол алысқан, жақсы күндерде көрісейік деп төс 
түйістірген.
Тығырыққа қамалып жүргенде кеше ауданнан Сейілбек келген. Сол жылы хабар 
жеткізді. Бүгін «жылы» болғанымен Сейілбекке жақсы тимепті, шілде сорған 
баялыштай құп-қу, асығып-аптығып айтқаны сонша, көп сөзін ұға алмады. Қайталап 
сұрауға және қысылдым. Әзірге түсінгені – Құлшығаш байғұс абақтыдан шығып ауданға 
келіп түскен. Таныстардан ақша алған. Апта бойы Мейрамқаланың сыраханасы мен 
бозаханасын торыған, өле ішкен. Әзәзіл құлағына сыбырлады ма, әлде жұрттан естіп 
білді ме, бұл арасы беймәлім. Далабай мен Саяның тойы туралы қанығыпты. «Оу, 
Саямен баяғыда ажырасып тынбап па едің?» – деген кісіге құлақ аспайды. 
«Далабайда қандай кінарат бар енді?» деген сөзге түкірмейді. «Сая мен Далабай бірін-
бірі сүйеді, сен енді артық адамсың. Бақытыңды басқа жақтан ізде» – деген пәтуаны 
тыңдамайды. Тоя ішіп таң алдында Далабайдың үйіне барады. Қолында пышағы дейді.
Сол пышақты Саяға сілтеген дейді. Сол пышақпен арашаға түскен Далабайды 
жайратпақ болған дейді.
Нағанай осы жерін қайталап сұраған.
– Саяға пышақ салып па? – деген. 
– Ауруханаға түсіпті әйтеуір.
– Далабайды жайратып па? – деген.
Далабай тірі көрінеді, сотта сөйлепті, тірі болмаса сотта сөйлер ме.
– Өй, атаңанәлет, ақпа құлақ! Анық-қанығына жетіп біліп келмедің бе, жынды 
адамша сандырақтағанша!
Сейілбек ойлаған: қайтсін, ағайынға жаны ашып іші қан жылап күйініп отыр ғой 
деп.
Нағанай ойлаған: «жайратқаны, сұлатқаны» жақсы болатын еді, мүлт кетіп көзге 
күйік, көңілге күдік болып жүрмесін деп.
– Сонымен Құлшығашты қылмыс үстінде ұстап па?
– Байғұстың жолы болмады әйтеуір. Мұз іспетті бұл өмірден бір тайған адамға 
қайта бойын тіктеп әкетуі қиын білем.
– Қылмыс үстінде ұстап па? Сөйткені ғой, әйтпесе екінші мәрте абақтыға жабар ма.
Нағанай аузына кеп қалған боқтық сөзді әрең тежеді, етігінің басына түкірді. 
Бастық болып тұрғанда тап осындай халге кезіксе ғой көңліндегісін ірікпес еді, 
Сейілбекті жеті атадан қайырар еді. Қазір қала көріп көңілі көтеріліп, көзі ашыла 
бастаған нәйіс неме бетінен ала түсуден тайлықпайды. Содан алмас тырнағын бүгіп 
ұстайды. Қосақ арасында күнді батырып Сейілбек құстанамен көк езу боп тұрғанына 
өкінді. Осы менің басым солған асқабақ секілді істеуден қалған деп шошыды. Неге 
зырлап тұрған автобуспен Мейрамқалаға тартпасқа? Сондағы сыра сатқыда 
сүмелекпен ұшырасып мән-жайға қанықпасқа? Түбі шикі шаруаны шыжымдамасқа? 
Осы оймен артқы отырғышта селкілдеп келе жатқаны бұл.

Автобусы құрғыр тасбақа жүріске салып, жолдағы бекет пен бөлімшелерге 
қайрылып, қайыр сұраған қаңғыбастай бес-алты жолаушының қалтасын қағып итыраққа 
басты. Жанарын ұйқы үйірсе де санасы сақшы.
«Беласардың ақылымен жаналғыштың алдын орағаным жақсы болған» деп 
лүпілдеді ішінен. «Өйтпегенде қаны бұзық найсап пышағын жалаңдатып бұған да жетер 
еді: «жас өмірімді уладың» деп, «орға омақастырдың» деп азу тісін ақситар еді. Сол иттен 
хат келгелі жолы болмай қойды, картадан қолы шықпайды, малы қырылды, аудан 
басшылары алакөзденді, ақыры қызметтен босап қалды. Зады Беласардың жырынды 
қулығы әлі талай кәдеге асары хақ. Байланысын үзбегені ләзім».
Мейрамқала әбеқоңыр күйбеңімен қарсы алды.
Үстінің шаңын қағып сапырылысқан көшеге сіңді. Күн еңкеймей тұрып сыра 
сатқыш жігітті тауып алмақшы. Жаңылып бұрыс тротуарға түсіп кетіпті. Қайыра айналып 
төте жолмен емпеңдеген. Көк бөшкенің тұсынан сырғып бара жатқанын аңғарды. Бұл 
шатасуын жаманшылыққа жорыды. Бұрылып діттеген жеріне жеткен. Сұмдық 
шошынды. Сырахана тас құлыптаулы, сырасын көпіршітіп тұратын сампылдақ та, үй 
айналған бұзаудай топырлаған жетім тобыр да ұшты-күйлі. Құлшығашпен қоса жансызды 
да ұстаған деп ойлады. Жансызы жазаланса өзіне де құрық әзір. Айла-шарғысы жария 
болады. Бүгінде өкімет заңы қатал. Өзгенің қолымен от көсегенді, бөгденің аузымен жел 
үргенді аямайды.
Нағанай сырахана түбіндегі бос орындыққа құйрық басып тапжылмастан ұзақ 
отырды. Беліне жұлын құрт түскен азбан айғырдай ошарылды. Миын сан сауал 
құмырысқаша талады. Сыра сатқыш жігіттің суға батқан тастай ызым-ғайып 
жоғалуында не гәп? «Жасасын адалдық!» «Жойылсын арамдық!» деп боздауы жайсыз 
еді. Құлшығашты қисық жолға саламын деп жүріп өзіне тұтылмасын. Өзгенің қолымен ши 
жүгіртудің
осындай тықастығы бар. Ол тұтылса ғой – құдай тас төбеден ұрды дей бер. «Құлшығашты 
әлдекімдерге неге айдап саласың?» десе: «жігітті өле мас қылғаның қалай?» десе шақша 
басын арашалап алу үшін әлгі кұстана шындықты күңсітуі кәдік қой. Онда өз аты хатқа 
түседі. Куәға шақырылады. Құлшығашпен беттестіріп жауап алады.
Осы ойдан аза бойы қаза тұрды. Намазға ұйыған діндардай мөлиіп қашанғы 
отырары белгісіз-ді. Ішінде ит ұлып өзегі тартты. Қас қарайып жұрт аяғы бірсіндей 
бастапты. Көшенің жетім шамдары сықсиды.
Қос қолын тізесіне тіреп белін жазды. Сыра сатқыш жансыздан күдерін үзген. Ел 
жатпай тұрып базарком Беласардың үйін тауып алуға дәт қылды. Беласардың қырық жыл 
қырғын болса да шашасына шаң жұқпайтынына кәміл сенеді. Жансызды өзі іздемей-ақ 
түбі шикі шаруаны соған тапсырып, қатуын да, татуын да алаңсыз күтіп жатқаны жөн 
екен. Нақа ақылы тасып бара жатқандай жоқ жерде желпілдепті, көзіне түскен 
маскүнем біреуге сеніпті. Маскүнем болмаса мұның сыртекі сөзіне сеніп Далабайға 
Құлшығашты айдап саламын деп, азаматтық намысын қорғаймын деп желпілдер ме. 
Мұның жоқ жерден қиыстырып соққан есегіне өлердей өзеуреп қаны қозар ма. Сосын өзі 
өмірде әдеби кітап оқымаған-ау, сөзі тым тасыр-тұсыр екен. Әйелін кім көрінгеннен 
қызғанып, ащы сөзге келіп ажырасып кетуі де тегін емес. Сөйтіп жүрген адамға сеніп 
сырымды айтқаным, ақтарылғаным жарамаған. Енді кім көрінгеннің алдына 
аяғымды тоспай, тыныш жүрейінші, ақ жүріп, адал өтейінші. Ақылды, сақ кісілерден 
үйренейін.
Тым сақ адамды табу түнде көбелек іздегенмен парапар екен.

Адрес бюросынан сұрастырып көшесін, үйін жазып алды. Онда да үйі әйелінің 
атында көрінеді. Көктегі жұлдыздар сөне бастағанда шеткі көшедей үлкен дарбазаға 
маңдай тіреді. Қоңырауын ұзақ басты. Есікті Беласардың өзі ашты.
– Түн ішінде жұртты мазалап жүргеніңіз қалай? – деп батпансыды.
– Үйіңді іздеп табанымнан таусылдым. Ағаңның алды тайғақ арты тығырық кезі. 
Бір кәдеңе мен де жарармын, – деп төменшіктеп тіл қатты.
– Жатып ұйықтайсыз ба?
– Таң атқалы бері нәр сызғаным жоқ. Әуелі жүрек жалғайтын бірдеме әкел. Сосын 
оңаша отырып ақылдасар шаруа бар.
– Суып қалған тауықтың етін қажайсыз, ыстықты келініңіз тұрғасын ішерсіз. 
– Қара талқан болса да талғайтын хал жоқ. Кекірелеп жүретін заман бастан 
тайған.
– Тарыдан салған боза бар еді, ішесіз бе?
Орта кесесін тартып жібергенде шекесі жіпсіп, тамыры лыпылдай соқты. Тоқжарау 
аттай қутыңдап шыға келді, көзінің оты жанды. Құтханасына күшік кіріп кеткендей 
кіржиіп отырған Беласарға еңсерілді. 
Бозаның қалғанын қауағымен төңкерді. Басына зәр шапты білем, әбеқоңыр күйге 
түсті. Өз-өзінен тақыстанып отыр. Қолындағы тауықтың борбайын табаққа тастай салды, 
қауақтың бүйірін шертті, шегір көзімен төр жақты тінтіді. Кенет жамбасынан су 
шыққандай шынтақтап жатқан қалпынан шатқаяқтай түрегелді. Оқшыраңдап сауал 
қойды.
– Жансызым қайда жүр онда?
– Әне бір сыра сатқыш сімсік пе? Сіз де істес болатын адамды тапқан екенсіз. 
Бүркіт қартайса тышқаншыл болар деген осы да.
– Қолыма үлкен қарға қонбайтынын білесің ғой өзің де. Ағаңның жіңішкерген 
шағы бұл, несіне мүжи бересің.
– Ол жігітті жауып тастаған.
Нағанай әуелгіде қағыс естіген шығармын деп ойлаған. «Жауып тастаған» деген 
сөз «ауылыңды жау шапты», «үйің өртенді» дегеннен бетер әсер етті. Пақырана хал 
кешті.
– Айдап салғанымды күңсіткен ғой шамасы.
– Жоқты айтады екенсіз. Қарақан қу басын алып жүре алмаған адамнан не қайыр, 
не үміт. Құлшығаш келмей тұрып ұсталған. Сыраға су қосып сатқан дей ме, артқы есіктен 
арақ босатқан дей ме, әйтеуір қоқытып алған.
Нағанай көпшікке қайыра қылжия кетті. Кісіні пендешілік халге душар етпесін де. 
Әйтпесе кешегі тау елін алақанында ойнатқан кімсің – Нәкең қыл аяғы құрдымға тіреліп: 
қайдағы сімсіктермен істес болар, ауыз жаласар күнге жетемін деп ойлап па. 
Айдарынан жел ескен заман қайда? Кекірелеп қымыз ішкен күндер қайда? Түйенің 
шұбатына май гүлінің балын қосып, ішіне әсте-әсте мұз ерітіп, шілденің аптабында 
көлеңкеде сылқылдатып сіміргені ұмытылар ма? Хатшы қыздың оңаша үйіне барып 
сұхбат құрып шай сораптаған қошық кештері көз алдынан кетер ме? Уа, пәруардігәр 
арғы-бергі аруақтар, соңдарыңнан томпаңдаған жетім торпақты желеп-жебеп 
жүргейсің. Осыдан Құлшығаштың мойнына тағы тас байлап құрдымға тастай алса 
құдайымның қолдағаны. Қайта бір тырмысармын, жоғарыға өрмелермін. Ең болмаса екі 
адамға билігім өтетін бастық болармын. Мына өзім, мансап пен атақты ғана сыйлап 
үйренгем, оқа мен шекпенді ғана бұйым деп білгем. «Ақылым дария, көкірегімнің көзі 

бар», – деп жарияға жар салсаң да, жер ойып, тау қопарсаң да – көптің бірісің, қиқым-
сиқымсың, елеп ескеру жоқ.
Нағанайдың жасынан ұстанған діті, көңіл көкжиегіндегі қарауыл қадасы – бастық 
болу-тын. Бастық не байғұстық, екінің бірі.
Үй иесі мөлтек дастарқанды жиып әкеткенде де, бөлме төріндегі диванға ңисайып 
жатңанда да екі үрей, екі ықылым ой басын бермеді. Ұйқы обып оқпанына тартты. Мұз 
сеңгір жартастың бетімен тырмысып жоғары өрмелеп бара жатыр екен дейді. Құрдым 
құзарға қалайша құламай тұрғанына өзі де қайран. Құртша қыбырлап ілгері жылжиды. 
Мұз тауының басына қашан жетері беймәлім. Өліп-өшіп ұмтылады. Алақаны дызылдап 
ашиды. Ойда жоқта әлдекім аяғынан шап берер, төменге лекіте тартар. Абақтыдан 
босанып шыққан Құлшығаш қой деп ойлады. Көкірегін жабайы мұң жайлайды. 
Бақайына жармасқан пәлекет айрылар емес, әкетіп барады. Жандәрмен жанталасып 
жатып оянып кетті.
– Жатысыңыз жайсыз екен, диваннан сыпырылып түсуге қалдыңыз, – дейді 
Беласар.
– Бесікке бөленбей өсіппін. Бір үйдің жалғызы екем де әжемнің қойнында күн 
кешіппін.
– Жуыныңыз. Шай әзір.
– Жұмысқа баратын шығарсың.
– Бүгін бейсенбі, базар сәрсенбі мен жексенбіде қызады.
Зүбайра келіні ас үйдегі сәкі үстіне дастарқан жайыпты, етек жақта үлкен 
самаурын. Екі еркек тізіліп сәкіге көтерілді. Зүбайра кішік сәлемдесті. Бәдені бұлтиып 
қалыпты, екі қабат болғаны, уылжып піскен өріктей сөлі сыртына шертіп тұр.
– Беймезгіл уақытта келіп қазан көтере алмадық қайнаға. Енді бүгінше кідіріп 
сыбағаңызды жеп кетесіз.
– Осы дәмнен артық сыбаға бола ма? – деп алдындағы майлы қуырдаққа, буы 
бұрқыраған тұшпараға өңмендей ұмтылған. – Түндегі бозадан кекірігім азып қалыпты. 
Тым күштілік қылды. Денем қызып шықты.
Бұлақ суы болғанда сүңгіп алар едім.
– Сырда отырғанда қолдан қазған әуізіміз бар еді. Ертеңгілік-кешкілік шомылып 
бой сергітетінбіз.
– Қалада су тапшы. Құдықтікі есік алдындағы көшеттен артылмайды.– Дегенімен 
бозаң күштілік қылды.
Табақтағы қуырдақтың түбі көрінгенде барып еңсесін жиды, ықылық атып, 
сүлгімен терін сүртті. Ыстық шайды құныға сораптады. Үй ішінің үнсіз сотынан 
тайсақтады ма, дастарқаннан шегініп отырды.
Ойлаған: енді Құлшығаштан құтылдым деп. Енді қайыра өрмелеуді бастаймын деп. 
Әуелі Ғайнекеңді қонаққа шақырайын, қателіктен қорытынды шығарып, адал тер төгіп 
жүргенімді сездірейін, сенімге қайыра енейін. Тәуір киініп кеңсенің алдын ториын. 
Жақсылармен жанаса жүрейін. Жұмсаған жерге жымып жоғалайын. Ауыз ашсаң 
басымды екшейін. Алды суық басшылардың ақысын аңдып, қабағын бағайын. Пақырана 
пейіл танытайын. Пәле-жалаңнан сақтасаң бірер жылда үлкен жолға қайыра шаң 
берермін, соқпақ соңымда қалар.
– Қазір Зүбайраның іші қалталы кең сөмкесін алыңыз, базарға барып бал, 
қауынқақ, кепкен мейіз, өрік дегендерді сықай алыңыз. Сөйтіп ауруханада жатқан 

Саяның көңілін сұрап шығыңыз, – деді Беласар. Нағанайдың төбесінен тас түскендей 
болды. Аузындағысын қылғынып әзер жұтты. Жанары алайып айналасын сүзді.
– Саяның хал-күйін біліп қайтпақпын ба?!
– Сосын қайтар жолда бес-алты шөлмек коньяк алып Далабайдың үйіне соғасыз. 
Ағайынның халін біле келдім дейсіз. Жақсы інімнің басына іс түскенде шыдап отыра 
алмадым дейсіз.
– Енді қалғаны Далабаймен ет бауырым езіліп ішімдік ішу еді! – Даусы тым ерсі 
шықты. Ұйық обып бара жатқандай жан-жағын сипалады. «Сұмдық екен» деп ойлады. 
«Қызыл көз пәледен ертерек іргемді аулақ
салайын. Бір сойқаннан құтылып келесі сойқанға тап болар жайым жоқ».
– Сосын базарға қайыра соғасыз. Қасаптан жаңа сойылған қойдың бас-сирағын 
сатып аласыз. Үйге әкелесіз. Келініңіз буын бұрқыратып асып береді. Сөмкеге салып 
қасына екі-үш шөлмек арзанқол арақ қосып,
мөлдіретіп абақтыға тартасыз.
– Құлшығашқа бас тартуым керек пе?
– Сөйтесіз.
– Жо-о-о!.. Ондай мазағың мен емес. Кеше ғана жанкешті неме өлтіремін деп 
пышағын қайрап жатады, бүгін мен мәймөңкелеп алдына бас тартуым керек. Жо-о-о!..
– Бас тартасыз. Ауыл-елдің жаңалығын айтасыз. Ағаңнан да қателік өтті, ендігі 
мақсат сені абақтыдан босату, кепілге шығарып алу деп жылы-жылы сөйлейсіз. 
Жанашыр құныңызды танытасыз.
Нағанай тағы шатқаяқтап «жо-о-о» демекші еді, маңдайынан біреу салып 
қалғандай кейкең етті. Алақанымен шекесін сығымдады. «Анық кешемін» деп ойлаған. 
Кеще болмасам осы ақыл кешелі бері ойыма оралар еді ғой. Өзім-ақ біліп істесем 
қағынды ала ма. Аурудың алдын тос деген нақыл бар. Әлгі айтқандай Саяның көңілін 
жібітсем, Далабаймен ашына дос болып алсам, Құлшығаштың нағыз жанашыр ағасы 
аталсам – мұртымды балта шаба ма? Өстіп молда торғай құсап бұқпантайлап жүрмес едім. 
Көрінгеннің көлеңкесінен қорықпас едім. Құлшығаш кегін ұмытса, Далабай бірер жақсы 
ортада сыртымнан мақтаса, Сая «аға, аға» деп елжіреп тұрса – атымның озғаны, 
атағымның дабырайғаны. Өрмелеу деп осыны айт. Тозып кеткен тіршілікті жөндеу, 
басқа бақ айналдыру, баяғы дәуренді қайыра бастау деген сол.
– Ақылыңнан айналдым-ой-ой-и! – деп қалбақтай ұмтылып Беласармен көрісе 
кетті. Арқасынан қағып аймалап жатыр. – Сені берген құдайға мың да бір рахмет! Тағы да 
даңғыл жолға салдың, тығырықтан құтқардың!
Көзіне іркіліп кеп қалған жасты сүртпестен сыртқа сытылды. «Сөмке, сөмке!» – 
дейді киініп жатып. Сөмкені сапылдатып базарға боздақтады. 
Сая аппақ шөлмектей болып азып кетіпті. Бетінде қан жоқ. Қасына келіп білегінен 
ұстаған.
– Қан көп кетті ме? – деген.
– Жо-ға, білегімді сызып кеткені болмаса өңге жарақат жоқ. Мені шаршатқан 
мүлде басқа ой: осы менің ақ басымнан бұлт арылмай қойды. Тағдырға не жаздым 
десеңші. Жазығым сұлу болғаным ба, адал жүруге талпынғаным ба, азаматтық 
жолға түскенім бе? Қыр соңымнан сүмелек сордың қалмайтыны несі?
– Арманың көп асыл едің, сенің де бетің қайтып можи бастағаның ба? – деп 
Нағанай терең-терең күрсіңді. – Дүниеде күліп өтетін екі адам болса соның біреуі сен 
деп жүр едім.

Саяның жүзінен жылы толқын жүгірді.
– Жұрттан ұяламын тегі. Осы Құлшығашпен танысқалы соңыма сөз еріп қалмады. 
Ол аз дегендей енді істегені мынау. Адам да алыса-алыса шаршайды екен.
– Бекем бол, Саяжан! Жақсыға сөз ереді деген бар. Сенің жұлығыңа татымайтын 
адамдар осы өмірде бықып жүр.
– Қайдам. Елдің сөзінен ерқашты болдым тегі. 
– Саяжан, тезірек тәуірлен, қапалықты қой, келіп тұрамын – деп Нағанай толқып 
қоштасты.
«Бір адамда қайғы болмаса осы Саяда болмас деп ойлаушы едім. Өзі сұлу, өзі 
ақылды. Жігіттің нары Далабай жар етті. Дүние, ақша дегенің пішен. Қылшылдаған жас. 
Енді қапаланып, шілде сорған қауын пәлегіндей кеспірі қалмай жатқаны әлгі. Тегінде 
кісіні ой құртары хақ. Бұл ой жұлын құртпен парапар. Құдая, пендеңді қиялға жем қыла 
көрме. Аз күнті дәм-тұзыңды ойсыз татыр, аз күнгі тіршілігіңді көктемгі тайлақтай 
тайраңдап өтейін». 
Сөмкесі сыңғырлап кіріп, шешініп жатқан жерлесін Далабай жаратқан жоқ. 
Мұндай мүңкір-нәңкірдің алдын Нәкең талай көрген. Қыңатын емес. Тасыр-тұсыр 
шешініп, жанына шоңқиды, қожа бауырым қысыр кеңес құрды. Коньяктің тығынын ашты, 
ас үйден қалған ет әкеліп турады, рюмкелерді мөлдіретіп толтырды, Далабайға ұсынды.
– Осы өзімсініп кететін қазақшылықтарың-ай, – деп кіржің етті. – Кісінің көңіл 
күйімен, аужайымен санасу деген жоқ.
– Менің шықпай жүрген қай жаным десейші! Дырдай әкімдіктен босадым, 
жолдас-жорадан айрылдым, енді міне дәруіштеніп туысқан жағалап жүргенім. 
Құлшығаштың бұзақылығын естіп түнде ұйқы, күндіз күлкіден қалғаным жоқ па?!
– Құдай деп тыныш жататын кездерің болмас сірә.
– Өлгенде ғана тынышталамыз.
– Мына түрлеріңмен көрді де тесіп шығарсыңдар.
– О несі-ей! Сенен ақы-пұл тілеп келіп отырмын ба? Әлгіде ауруханадағы Саяның 
халін білдім, енді кәмпәзитр інімнің жағдайын сұрай шығайын деп бас сұққаным еді. 
Жоқ жерден теткіп қапсың?
– Мыналарың не енді? – Далабай иегімен тізіліп тұрған шөлмектерді нұсқады. – 
Неге жетісіп арқалап жүрсіз?
– Екеуміз де мұңлықпыз: сөйлесіп шер тарқаталық, арғы-бергі жақсыларды 
еске алайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет