Дмш оқушыларына арналған коррекциялық жұмысының бағдарламасы


Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалары



бет7/11
Дата17.04.2022
өлшемі222,05 Kb.
#31257
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Диагностикалық жұмыстың негізгі қағидалары:

  • жанжақтылық;

  • кешенділік;

  • жүйелілік;

  • тұтастық.

Аталған қағидаларды ескере отырып әр педагог маманы өз бағыты бойынша балаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді.
Диагностиканы 12 бағыт бойынша жүргізіледі:


- Сенсорлы-перцептивті жағдай
- Зейіні; 
- Есте сақтауы; 
- Ойлауы; 
- Сөйлеу ерекшеліктері
- Өзін-өзі бағалауы; 
- Ерік-жігері
- Психомоторлық жағдайы; 
- Әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы
- Оқу біліктілігі; 
- Еңбек біліктілігі
- Коммуникативтілігі;

Әр бағыт арнайы диагностикалық әдістермен тексеріліп, қорытындыланып тиісінше балл қойылады. Шығарылған балға сәйкес психологиялық-педагогикалық профиль толтырылады. Профиль – баланың даму деңгейін көрсететін құжат. Профиль баланың қатер даму зонасын анықтап береді.

Диагностика қорытындысы мектепішілік консилиумда талқыланады. Әр маман баламен жүргізілген алғашқы диагностикалық тексеру бағыты бойынша өзінің қорытындысын ұсынады. Консилиумда баланың дамуының мінездемесі, оның одан әрі дамуы, балаға түзете дамыту бағдарламасын құру бойынша мәселелері қарастырылып ортақ шешімге келеді. Тексерудiң нәтижелерiн талдау баланың одан әрi дамуының бол- жамын анықтап, әр оқушыға оқыту процесінде тиiмдi әдiстерді іріктеп, түзете- дамыту жұмысының мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді. Диагностиканың нәтижесі баланың тек өзекті даму аймағының даму деңгейін ғана анықтау емес, баланың жақын даму аймағы деңгейін бағалап баланың ықтимал мүмкіндіктеріне бағытталады.

Қорыта келе, баланы психологиялық-педагогикалық қолдау мақсатында баламен жүргізілген диагностикалық бағыт бойынша диагностиканың нәтижесін негізге ала отырып, баланың жасына сай жұмыс түрін анықтап, балаға түзете-дамыту бағдарламасын құрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет