Дмш оқушыларына арналған коррекциялық жұмысының бағдарламасы



бет6/11
Дата17.04.2022
өлшемі222,05 Kb.
#31257
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Кезеңдік диагностика.

Оның мақсаты: баламен жүргізілген түзете-дамыту жұмысының баланың оқу-танымдық қызметіне тигізген әсерінің тиімділігін анықтау. Түзете-дамытудың бағдарламасының игеру деңгейінің нәтижесін бағалағанда баланың білім- білік дағдылары игеруге қажет танымдық қабілетінің қаншалықты қалыптасқандығына ғана емес, баланың игерген білімін берілген мәселеде өз бетімен қаншалықты қолдана алатынына көңіл бөлінеді.

  • Ағымдық диагностика.

Оның мақсаты: баланың нақты жағдайын анықтап, арнайы көмек көрсету. Бұл диагностика әртүрлі мамандар тарапынан (психолог, логопед, сынып жетекшісі, пән бойынша ұстаздардың) сұрау бойынша жүргізіледі. Бұл диагностиканың белгілі бір өткізу уақыты болмайды. Ол жыл бойына сұрау бойынша жүргізіледі.

Баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудағы диагностикалық бағыттың тағы бір негізгі міндеттерінің бірі – бастапқы кезеңде баланың алда кездесетін қиыншылықтары мен оқу процесінде бүгінгі күні бар қиыншылықтардың себебін, механизмін анықтау болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет