Ерекше қажеттілікті қажет ететін және даму мүмкіндіктері шектеулі оқушылар контингентіне сипаттама.
Психикалық дамуы тежелген балалар – оқыту бағдарламасын меңгеруде қиындықтарға кездесетін үлгермеуші балалар. Психикалық дамуы тежелген балалар қалыпты дамушы құрбыларынан шаршағыштығымен, жұмысқа қабілетінің төмендігімен ерекшеленеді. Психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қызғалыс координацияларының т. б. жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады. Сондықтан психикалық дамуы тежелген балалардың танымдық қызмет саласының дамуындағы ауытқулар оқу процесінде нақтылы қиындықтарды құрады. Ал бұл қиындықтарды жою мен оның алдын алу үшін инклюзивті мектепте баланы психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі жұмыс атқару қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |