III. Кеңес беру мен ағартушылық бағыт бойынша:
- ұстаздармен жеке жұмыс жүргізу
- баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, ұстаздарға бірқатар ұсыныстарды даярлау;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін есепке ала отырып мұғалімнің оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу;
- эксперименталды топта жұмыс істейтін педагогпен жеке кеңес жүргізу;
- әлеуметтік қызметкерлермен жұмыс;
- ата-аналармен жұмыс:
- баламен жүргізілген жұмыстың жалпы қорытындысымен ата-аналарды таныстыру;
- ата-аналарға баланың тәрбиесіндегі қиыншылықтары туралы нақты ұсыныстар даярлау;
- ата-аналарға баланың психофизикалық мүмкіндіктеріне сай баланы оқыту мен оны дамытудың маңыздылығын түсіндіру;
-ППК қызмет мамандарымен тығыз қарым-қатынаста болу.
Ата-анамен жұмыс бұл бағыттың басты міндетінің бірі.
В. А. Сухомлинский ата – анамен жұмыстың мазмұнын ашып көрсеткен ғалымдардың бірі. Ол: «Тек ата – аналармен бірге жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақытты беруі мүмкін», – дейді. Демек, ата-ана бала тәрбиесінде балаға ықпал етуші бірден- бір фактор. Сондықтан, психикалық дамуы тежелген баланы психологиялық- педагогикалық қолдау қызметінде ата – аналарға психологиялық кеңес беру, оларды бала дамуының мазмұнымен ақпаратттандырып отыру, жалпы ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Педагогикалық процестiң сапасын жоғарылатудың тиiмдi жолы ППҚ қызметі мамандарының өзара байланысы мен бiр-бiрiнiң сабағына қатысу мен баланың қалыптасуы туралы талқысы және зерттеу қорытындыларымен өзара алмасу болып табылады. Мұндай бағыт бiрнеше қызметтерді қоса атқарады, яғни тәжiрибемен алмасу, бақылау, өзiн-өзi бақылау, кеңес беру.
Достарыңызбен бөлісу: |