Дмш оқушыларына арналған коррекциялық жұмысының бағдарламасы


V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт



бет11/11
Дата17.04.2022
өлшемі222,05 Kb.
#31257
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
ДМШ оқушыларына арналған коррекциялық жұмысының бағдарламасы

V. Әдістемелік-ұйымдастырушылық бағыт:

  Бұл бағыттағы жұмыс консилиумға дайындық, іс-шараларға дайындық, баланың жеке құжаттарын толтыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар төмендегідей міндеттерді жүзеге асырады: 


-ұстаздар мен ата-аналарға арналған әдістемелік құралдарды жасау
-оқушыға портфолио құрастыру.

Портфолио – бала жеткен жетістіктердің, баланың білім- білік дағдыларының, баланың жеке өсуін қадағалайтын, бала дамуының көрсеткіші.

Бүгінгі күні мүмкіндігі шектеулі баланы ортаға кіріктіру, жалпы білім беру процесіне қосу, мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығын қамтамасыз ету маңызды мәселенің бірі болып отыр. Осы мәселеде баланы психологиялық- педагогикалық қолдау күрделі де маңызды процесс.

Баланы психологиялық -педагогикалық қолдау – инклюзивті білім беру жүйесінде баланың тәрбиесіне, оқу процесіне, жақтын дамуына, әлеуметтенуіне, бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған кәсіби белсенді жүйе.

ППҚ қызметіндегі баланы психологиялық-педагогикалық қолдауда тек білім мазмұнына ғана өзгерістер енгізіп қоймай, баланың танымдық қабілеттерін дамыту мен жалпы баланың өмірін ұйымдастыруды көздейді. ПДТ баланың танымдық мүмкiндiктерін қалыптастыруда басты маңызды шарт – мұғалім-дефектологтың психологиялық құзырлығы болып табылады. Яғни, ол сыпайылық, педагогикалық әдеп, оқу процесінде балаға көмек қолын созу, сәтсiздiктердiң себептерi мен жетістіктерді ұғыну мен өз мамандығын сүю. Мұның бәрі баланың танымдық қабілетінің дамуына мүмкіндік жасау мен баланың өзіне деген сенімінің артуына, жетістіктерге бірқадам жақындауға жағдай жасайды.

Жүсіпбек Аймауытов «Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көрсін» деген екен. Олай болса, өз мамандығын шексіз сүйе білген маман иесі ғана үздіксіз ізденіс пен асқан шыдамдылық, қажырлы еңбектің арқасында баланың біліміне, оның болашағына үлкен сәулесін түсіріп, бала өмірін дұрыс бағытқа бағыттары сөзсіз.

Қорыта келгенде баланы психологиялық-педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары төмендегідей: 


-ППҚ қолдауының мақсаттылығы 
-ППҚ қолдаудың үздіксіздігі 
- ППҚ қолдаудың бірізділігі 
-ППҚ қызметінің кешенділігі (біртұтас тәсілдік жүйені меңгерген, біртұтас ұйымдасқан ППҚ қызметі мамандарының біріккен жұмысы) 
- ППҚ қызмет мамандарының гумандылығы (адамгершілік, ізгілік) – баланың мүмкіндігіне сенетін мамандар құзыреттілігі.

Қолданылған әдебиеттер:

1. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық – педагогикалық түзу арқылы қолдау туралы» заң. 2002ж, 11 шілде.

2. Проект Концепции развития инклюзивного образования в Республике Казахстан на 2005-2010г.



3. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. Астана, 2010 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет