1519 жылғы Еуропа картасы
Қайта өрлеу дәуірінің бесігі болған, еркіндік сүйгіш Италия елінің мәдениеті де біртұтас романдық ағымда кеңінен көрініс тапты. Осы дәуірдің өзіне тән қалыптасқан тарихи процестер Италия өнерінде де барған сайын айқындала түсті. Оған дәлел — XI ғасыр басында Флоренцияда салынған Сан-Миньято шіркеуі. Өте аумақты етіп салынған бұл алып ғимарат ағаштан қапталған және үш қырлы базилика өзінің жалпы құрылысымен ерте замандардағы христиандық ғимараттарды еске түсіреді. Бірақ осы бір сәулетті ескерткіштің тіп-тік болып аспанға созылған фасады болашаққа да меңзейтін сияқты. Романдық дәуірде аса ірі экономикалық және көркемдік өнер орталығы болған Пиза қаласының сыртындағы көк майсалы кең алқапқа салынған «Құлап бара жатқан мұнара» мен баптистерий (шоқындыратын жер) ансамблі де романдық құрылыстар сияқты аса айбынды, әрі орасан зор болғанына қарамастан өздерінің жеңіл де, әсем бейнесімен жаңаша көрініс тапқан. Демек, романдық өнердің мәні, оның идеялық және эстетикалық ұмтылысы сұсты айбындық, аскетизм, жасанды шарттылық, құдайға соқыр сезіммен табыну сияқты ұғымдармен шектелмейтін сияқты. Олай болса, өз дәуірінің тыныс-тіршілігін айқындайтын бұл өнер саласында өткен мұра мен қазіргіні қабылдаумен қатар болашақтың өркендері де кеңінен көрініс тапқан.
Шамамен 1000 жылдан бастап готикалық стиль туындағанға дейін үстемдік еткен ромаңдық стиль — ортағасырлық Еуропаның өзіндік бет-бейнесімен, өзіндік төуелсіздігімен ерекшеленетін көркемдік стиль болып саналады және ол варварлық тайпалардың көркемдік мәдениетінің негізінде қалыптасты. Екінші мыңжылдықтың басында Еуропалық өнердің христиандық негізінен нәр алған романдық өнер мұрасында сөулетшілік өнер жетекші рөл атқарды, ал осы бір қасиетті өнер саласының римдік, дәлірек айтқанда гректік базиликалардың (патша сарайларының) идеяларын өз бойына жинақтай білуі — оны одан әрі асқақтатып, асқар шыңға шығарды. XIX ғасырда өмір сүрген француз сәулетшісі О. Роденнің сөзімен айтқанда «Романдық сәулет өнері адам өмірінің бірқалыптылығын, тұрақтылығын паш ететін, үнсіздігімен адамның мысын басып, оны табындыра білді».
Қалалардың гүлденуі мен қоғамдық қарым-қатынастардың жетілуі нәтижесінде өнер саласында жаңа бағыт — готикалық стиль пайда болды. XII—XVI ғасырларда Еуропа еддерінде үстемдік еткен бұл жаңа стиль діни сарындағы сәулет, мүсін өнерімен, сәндік-қолданбалы өнермен тығыз байланыста қалыптасты. Сөулет өнері саласында 1140 жылдар шамасында Францияда пайда болған готикалық (гот тайпаларының атымен аталған) кейіннен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен тарап, XV ғасырға дейін, ал Еуропаның кейбір жерлерінде XVI ғасырға дейін үстемдік етті. Романдық стильде салынған ғимараттар өзінің аумағымен, салмақтылығымен ерекшеленетін болса, готикалық стильмен салынған шіркеулер өзінің алып асқақтығымен, әрі әсемдігімен таң қалдырады. Бас айналдырарлықтай биік етіп салынған бұл тамаша ғимараттарының әдемі күмбездері, аса үлкен терезелері бірден көзге түсіп, көрген адамға нұрлы дүниедей әсер қалдыратын. Сондықтан да болар, олар «Сансыз күмбездер», «аса үлкен терезелер», «бітісе қайнасқан», «бірін-бірі қуаланған күмбездер» деген теңеулерге ие болды.
Үш ғасыр бойы Францияда салтанат құрған готикалық өнер үш кезенді басынан кешірді. Бірінші кезең — алғашқы готика — XII ғасыр соңғы үшінші бөлігі мен бастапқы ширегін, ал екінші кезең — кемелденген готика немесе жоғары дамыған готика XIII ғасырдың 20 жылдар соңына дейін созылса, үшінші «нұрлы готика» немесе «жалындаған готика» деп аталған соңғы кезеңі XIV—XV ғасырлар аралығын қамтиды.
XIII ғасырлар аяғынан бастап еуропалықтардың қалалық өміріне берік орныққан готикалық стильдің түп-тамыры ғасырлармен мыңдаған жылдардың тұңғиығында жатқан өнердің таңғажайып жетістіктерінде жатыр. Римдіктер өте шеберлікпен пайдалана білген арқа, күмбез және тағы да басқа сәулетшілік өнер түрлері осы бір тарихи кезеңде орта ғасырлық құрылыс өнерінің негізіне айналды. Сұсты да, аумақты романдық стильдегі ғимараттар құрылысына қарағанда биікке қарай өсіре жүргізілген готикалық сәулетшілік өнер туындылары көз тартарлықтай әсем де, сәнді болып шықты. Романдық ғимараттардың биіктігі 18— 20 метрден аспаған болса, алғашқы готиканың ең айбынды ескерткіші болып саналатын атақты Париж Құдай — ана соборының (париждіктер жай ғана Нотр-Дам деп атаған) биіктігі 32 м. болса, одан кейін Рейнде — 32 м., ал Аменьде — 42 м. дейін созылды. Олардың көкке қарай бой түзеген күмбездерінің биіктігі 150 метрге жетті. Аталған әрбір ғимараттың әрқайсысы ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениеттің куәсі, замана туындысы болып табылады. Салынғанына алты ғасыр уақыт өтсе де, Батыс Еуропалық сәулет өнері тарихының жаңа кезеңін бастаған қасиетті Париж Құдай — ана соборы француз көркем өнер кемеңгерлігінің аса үздік туындысы болып қала береді. Осы орайда Лев Любимовтың бұл жайындагы «Египеттегі пирамидалар, Афиныдағы Парфеон немесе Константинопольдегі София соборы сияқты париждік Нотр-Дам да ғасырлар бойында өзін өмірге әкелген халықтың идеялары мен ғасырларда қалыптасқан көркем мәдениеттің куәсі болатындығымен құнды» [2] деген орынды пікірімен санаспасқа болмайды.
Замана ағымындағы талай тарихи уақиғалардың (француз корольдері осында тәж киген, және Жанна д'Арк өзінің жеңіс туын осында әкеліп қойған) куәгері болған Рейм соборы да француздық гогакалық өнердің шыңы болды. Оның бас фасады Париждегі атақты Париж Құдай — ана соборы сияқты торлы терезелері бар, екі биік мұнарасы аспанмен таласқан үш қабаттан тұрады. Аса нәзіктікпен нақышты етіп жасалған бұл ғимарат сәулет өнері мен мүсіндердің өзара үндестігін паш етеді, өйткені көз тартарлық көрінісі мен таңғажайьш мүсіндердің сән-салтанаты осы бір заңғар құрылысты жепжеңіл етіп көрсетіп тұр. Германия, Франция мен Англияға Караганда готикалық стильге кеш көшкеніне қарамастан готикалық әсемдік идеясын тамаша жүзеге асырудьщ арқасында зөулім ғимараттар салуда айтарлықтай нәтижеге жетгі. Бүкіл неміс халқының мақтанышьша айналған, Гоголь «готикалық өнердің тәжі» деп бағалаған Кельн соборы — неміс сәулетшілерінің тендесі жоқ шабытты шеберлігінің занды нәтажесі болып саналады. Бас айнаддырарлықтай болып көкке тік көтерілген неміс готикасының тендесі жоқ үлгісі — Фрейбург соборын «готикалық ойдьщ ең айқын, зор жаңалығы» деп бекер бағаламаған.
Француз бен неміс халықтарының мәдени дөстүрлер сабақтастығының куөгері болып есептелетін Страсбург соборы да неміс халқының ұлттық ерекшелігін ашумен қатар, шынайы интернационалдық мазмұнға ие болғандығын атап өтпеске болмайды. Бүкіл елді табындырған бұл сымбатты ғимаратгың бас сәулетшісі неміс Эрвин Штейнбахский болды.
Достарыңызбен бөлісу: |