Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»



бет16/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58
АНТРОПОЦЕНТРИЗМ – адам тұлғасын тұтастық түрде абсолютизациялау, яғни философиялық, эстетикалық, өнер трактаттарында адам ардақталып, оның ақыл-ой мен сезімі, шексіз шығармашылық мүмкіндіктері мадақталды.
Антропоцентризм- қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаттамасы. Антропоцентризм (грекше anthropos- адам, centrum- орталық) – дүниенің орталығына адамды қоятын италияндық Қайта өрлеудің концепциясы. Ол еуропалық Жаңа заман мен ағартушылық мен өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Адамды әлемнің түпқазығы деп есептеу арқылы оның белсенділік идеясы тұжырымдалды. Еуропалық жасампаз фаустық адам іргетасы антикалық қоғамда қалыптасқанымен, антикалық субьект табиғат аясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез- құлықтары туралы концепция қалыптасты, оның қағидалары нарыққа демократияға, азаттық қоғамға бет бұрған әлеуметтік мәдениеті басшылыққа алды. Неміс философы И.Кант адамды қашанда құрал түрінде алмай, оған түпкі мақсат ретінде ұмтылу керек деді. Антропоцентризмнің кейбір қағидалары XIX ғасырдың екінші жартысында қалыптасқан мәдени антропологияда ұтымды қолданылады. ХХ ғасырдың кейбір мәдениеттанушылары антропоцентристтік өркениеттің шектерін де атап өтті: табиғатқа қарсы бағытталған тежеусіз адамдық шовинизм экологиялық дағдарысқа әкеледі.

  1. 17 ғасырдағы ғылыми революция және ғылыми таным әдісі мәселесі. Эмпиризм және рационализм: Ф.Бэкон және Р.Декарт.

Ғылыми әдіс — жалпы ғылыми аясындағы қолданылатын әдістердің жиынтығы. Осыған қоса әрбір ғылым саласы тек қана арнаулы объектіге ғана емес, сол объектіге сәйкес арнаулы әдіске де ие болады.
Ғылыми танымның әдістері жалпы деңгейлеріне, ғылыми зерттелу үдерісіне, қолданылу ауқымының кеңдігіне қарай бірнеше топқа бөлінеді.
-жеке,
-жалпы ғылыми және
-жалпылама (философиялық) әдістерге бөлінеді.
Жалпы ғылыми әдістер:
-Анализ,синтез
-Абстракциялау,жалпылау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет