Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы



бет2/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58
Байланысты:
база

Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы.



  1. Философия түсінігі, оның құрылымы мен қызметтері. Философияның негізгі мәселесі және оның қазіргі заманғы шешімі.

Философия» сөзі грек «philos» – сүйетін және «sophos» – дана сөзінен шыққан Философия бүкіл әлемді, оның басты салалары: табиғат, қоғам, адам санасын тұтастай алып, оның жалпы заңдылықтарын ашады. Философия адамзат дамуымен басталады., философия ғылымы біздің заманымызға дейінгі мыңжылдықтың басында дүниеге келді. Адамзат баласының ой-өрісі кеңіген сайын философия да тереңдей түсті.
Философия Ежелгі Шығыс елінде және грек жерінде бір кезеңде дүниеге келген. Мифология негізінде кейінірек дін дүниеге келді. Дін жаратушы кушке сенуді, илануды талап етті. Діннің табиғаты философиядан басқаша еді. Әр нәрсенің себебін білгсі келгендер дінмен қанағаттанбады, көңілдері толмады. Бұл басқаша ойлауды туғызды, оларды адамзат тарихында философтар деп атады.
Философия пәнінің мақсаты – студенттердің философияны дүниені танып білудің ерекше формасы ретінде түсінуін қалыптастырып, олардың келешек кәсіби қызметтері аясында оның негізгі тараулары, мәселелері мен әдістері туралы тұтас білім беру.
Философияның қоғамдағы қызметі орасан зор және негізгі функциялары сан қырлы, мәселен:
- дүниеге көзқарастық функция – дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру.
- методологиялық функция – философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды.
- теориялық функция – философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды-логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдарды жасайды, толықтырып отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет