Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


Француз экзистенциалист-философы Жан-Поль Сартрдың



бет58/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
19. Француз экзистенциалист-философы Жан-Поль Сартрдың: «Адам еркін болуға жаралған» деген сөзі нені білдіреді? Қандай еркіндік туралы айтылып тұр?
Сартр «Адам еркін болуға жаралған» деп жариялаған. Яғни, адам әрқашан еркін, өйткені оның таңдау мүмкіндігі әрқашан болады, өйткені еркіндік – таңдауды жүзеге асыру. Тіпті ең үмітсіз жағдайда, түрмеде ол өлімді немесе өмірді таңдай алады.
20. Технология мен өнердің байланысы қандай? Олардың қандай ұқсастықтары және қандай айырмашылықтары бар?
өнер және технологиялар өзара байланысты ұғымдар. Адамзаттың бүкіл тарихында өнер мен технологиялар өзара бірлесіп әрекеттесіп отырған. Техникалық революциялар нәтижесінде өнер саласында да түбегейлі өзгерістер орын алды. Жаңа технологиялар өнер туындыларына да ықпал жасап, өнердің жаңа түсінігі — цифрлық өнер пайда болды.
Мысалға сәулет өнерінде бұрынғы құрылыс саласымен салыстырғанда жоғары деңгейде, дамыған . Себебі қазіргі таңда әртүрлі жаңа техника мен технологиялар қолданылады. Жоғарыда айтылған пікірлерден шығатын қорытынды: өнер және технологиялар өзара байланысты ұғымдар. Адамзаттың бүкіл тарихында өнер мен технологиялар өзара бірлесіп әрекеттесіп отырған. Техникалық революциялар нәтижесінде өнер саласында да түбегейлі өзгерістер орын алды. Жаңа технологиялар өнер туындыларына да ықпал жасап, өнердің жаңа түсінігі — цифрлық өнер пайда болды.
Мысалға сәулет өнерінде бұрынғы құрылыс саласымен салыстырғанда жоғары деңгейде, дамыған . Себебі қазіргі таңда әртүрлі жаңа техника мен технологиялар қолданылады.
21. «Мәңгілік Ел» және «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясының мәні неде?
«Мәңгілік Ел» идеясы біздің көне түркілік дүниетанымымызды, болмысымызды, көшпенділер өркениетінің негіздерін замана талабына сәйкес қайта жаңғыртудың, елімізді алдыңғы қатарлы қуатты мемлекеттер қатарына жеткізудің идеялық кепілі болып табылады. Нақтырақ айтқанда ол қазақ елінің жарқын болашағын білдіре отырып, Қазақстанның дамыған елдермен терезе теңестіруіне жол ашатын, халықты ортақ мақсат –мәңгілік ел болуға жұмылдыратын идея. «Мәңгілік Ел» – ұлттық бірлік пен бейбітшілікті, экономиканы нығайту,халықты әлеуметтік қорғау, ұлттық қауіпсіздік, мәдениеттің, тілдің дамуы, патриоттық, отаншылдық сезімнің күшеюі негізге алынатын Қазақстан жолының жаңа кезеңі.
Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні – мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті.Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының басты, негізгі іргетасы бірлік екенін ұмытпағанымыз абзал. Бірлік – ол елдің рухани бірлігі, халықтың мәдени, тілдік, ділдік, ақпараттық кеңістікке деген бірлігі. Қазақстандықтардың әлеуметтік, мәдени, рухани бірегейлігін дамыту ұлттық идеологияны дамытудың басты факторы болуы тиіс.
Рухани жаңғырудың негізі — халықтың, жеке адамның тұлғаға айналуы. Әр заманның өз міндеті, ұрпаққа қояр талабы бар демекші, мемлекеттің дамуы — ұрпақтың уақыт талабына сай бейімделіп, мәдени ортаға қалыптасуға деген ұмтылысына байланысты.
Рухани жаңғырудың бірнеше бағыттарын атап өтсек:
Ұлттық бірегейілікті сақтау.Ұлттық жаңғыру — ұлттық сананың кемелденуі. Бірінші, Елбасымыз айтқандай «жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты ұлттық кодты сақтай білу.» Ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі — ұлттық болмыстың өзегін сақтау, өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту.
Бәсекелік қабілет.Ұлттың аймақтық немесе жаһандық нарықтағы бағасы, өзгелерден сапасымен ұтымды дүние ұсынуға қабілеті. Заман талабына сай тұтас халық қана емес,жеке адамның өзі бәсекелік қабілетін арттырып, табысқа жетуге мүмкіндік алады.
Прагматизм.Өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, сол байлықты үнемдей отыра қолдана білу. Болашақты жоспарлай отыра, ысырапшылдық пен даңғойлық қасиеттерге жол бермеу. Білім алуға, мақсатқа жетуге, кәсіби тұрғыдан жетілуге деген ынта ықылас, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану мінездің прагматизмі. Заманауи әлемдегі бірден-бір үлгі.
Білімнің салтанат құруы.Біздің қанымызда бар қасиет — білімді болуға ұмтылу. Табысты болудың басты факторы — білім. Жыл өткен сайын, біз жүрісі жылдам дамыған дәуірге аяқ басып келеміз. Сондықтан, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт биік табыстарға жетеді.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты жолдауында Тәуелсіз Қазақстанның дамуының жарқын үлгісін және нақты қадамдарын анықтап көрсетіп берді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде жөнінде алысты болжайтын көзқарастарымен бөліседі.
Тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, ұлт сүйгіштік, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып саналады. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі – Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр.
22. Эпикурдік ләззат туралы ілімнің ерекшелігі неде?
Эпикур философиясының негізгі идеясы адамның ақылға жүгініп, байыпты, тыныш өмір сүруіне бағытталған. Философ рақаттану сезіміне ерекше мән береді. Бұған адамның көңіліне ұнамды барлық рақат кіреді: дәм сезу, түйсіну, есту, көру және иіс сезу. Ең басты рақат – қарын рақаты. Ақыл-ой рақаты – екінші. Эпикурдің пікірінше, ең бас­ты рухани ләззат – тән рақаты және сезім қуанышы.Осы ұстанымның маңызды ерекшелігі – ауруды елемеу арқылы рақаттануға болады. Десек те ізгі адам – рақатқа ұмтылып, адамгершіліктен аттамау керек екенін айтады. Өзгелердің назарынан, шектеу­лі пікірінен қорықпай әрекет ету адамның әділдігін көрсетеді. Алғашқы гедонистер өздерінің пайымдау үдерістерінде белсенді (динамикалық) және самарқау (статикалық) рақат ұғымдарын қолданды. Адам қалаған мақсатына жеткенде белсенді ләззат алады деп тұжырымдады. Егер адамда бірдеңе жетіспесе, соны қалайтын жан ауруы пайда болады. Гедонистердің пікірі бойынша, адам рухы қалыпты күйде болғанда самарқау ләззат алады. Белсенді ләззат адам қатты шөлдеп, су ішкенде байқалады. Шөлдемей-ақ су ішкендегі күй – самарқау ләззат.
23. «Бәрі де ағады, ештеңе қалмайды», «Бір өзенге екі рет кіре алмайсың...». Бұл тұжырымдардың авторы кім және олардың философиялық мағынасы қандай?
«Бір өзенге екі рет кіре алмайсың» деген сөз ежелгі грек философы Эфес Гераклитке байланысты. Бізге оның «Табиғат туралы» трактатының үзінділері ғана жеткен. Трактат үш бөлімнен тұрды: «Табиғат туралы», «Мемлекет туралы», «Құдай туралы». Бұл нақылдың мағынасы «өзен қашанда ағыс күйінде болған соң екінші рет келгенде алдыңғы түскен өзенің ағып кеткен болып шығады» деген мағына береді. Әрине, сөздің артында сөз бар, яғни өмір ағысына, ғаламның байыздамай жаңаланған мәңгілік үрдіске қаратылғаны, уақыттың кері қайытпастығы меңзелгені байқалады. Бәрі де ағыс күйінде, бейне өзен секілді толассыз өзгеріс күйінде деген пікір қозғалыс пен өзгеріс арқылы дүние-өмір шындығын тану жосынына негіз салды.
Гераклит өзінің фразеологиясымен « бәрі ағып жатыр, бәрі өзгереді", қарапайым адамдарға өмірде мәңгілік ештеңе жоқ деген қарапайым шындықты жеткізуге тырысады. Қарттар өледі, балалар туады, ата-аналар қартаяды, империялар мен елдер жойылып, қайта туады, жаңа дін пайда болады, соғыстар басталып, аяқталады, т.б. .
24. Қоғамдық дамудың қандай типологияларын білесіз?
Әлеуметтану ғылымында қоғамды сұрыптап сараптаудың көптеген тәсілдері қалыптасқан. Қоғамдарды типтеуде 60-жылдары бұлардан басқа да көзқарастар қалыптасты. Соның негізінде қоғамдарды топтау жөніндегі ұстанымдарда, бүгінгі ғылыми әдебиеттерде қоғам түрлерін: дәстүрлі (аграрлық); индустриялды және постиндустриялды деп бөлу басымырақ орын алып отыр. Дәстүрлі қоғам деп аграрлық қоғамды айтады. Қазіргі біздің түсінігімізде дәстүрлі қоғам қарапайым және артта қалған қоғам түрі. Шындығында бұл қоғамда өндірістің даму қарқыны өте төмен, адамдардың қажеттілігі минималды деңгейде ғана қанағаттандырылады, жаңаны қабылдамайды. Онда индивидтердің мінез-құлқы қатаң бақылауға алынады, салт-дәстүр, нормалар және әлеуметтік институттармен шектеледі. Ақпараттық қоғам – өндіріс пен ғылыми-техникалық және басқа ақпаратты қолдануды қоғам дамуының басты факторы ретінде қарастыратын әлеуметтік және футурологиялық тұжырымдама; өндірістің жоғары деңгейімен және ақпарат пен ақпаратттық қызметтер мүддесімен сипатталатын қоғам. Әлемнін мәдениетті елдер қатарында болған компьютерлік революция адам жан дүниесінің, қоғам идеологиясының, білім мазмұнын анықтау мен жаңа ақпаратты білім технологияларын құрастыру жолдарының өзгеруіне әкеліп соқтырады. Ақпараттық қоғам тұжырымдамасы З. Бжезинский, Д. Белл, А. Тоффлер негізін қалаған постиндустриалды қоғамның бір түрі болып табылады.
Постиндустриалдық қоғам - экономикалык дамыған елдердің «индустриялықтан», «индустриялықтан кейінгі» қоғам типіне өтуімен сипатталатын қазіргі жағдайын білдіретін ұғым. Бұл терминде аталмыш қоғамның кызмет көрсету экономикасын калыптастыру, ғылыми-техникалық мамандардың басымдылығы, жаңа «интеллектуалды» техниканы жасау сияқты негізгі белтілер қалыптастырған. Оны Д.Белл ұсынды. Қоғам бір-бірімен тығыз байланыстағы фақторлардың, техниканың, әлеуметтік құрылымның, саясаттың, рухани кұндылыктардың жүйесі ретінде көрінеді.
Желілік қоғам ақпарат таратуда технологиялардың дамуы адамдардың өміріне терең әсер етуде. ХІХ ғасырдың адамы өмір бойы алатын ақпарат көлемін қазіргі адамдар бір күнде алады. Баспа технологиясы білім беру мен мәліметтерді сақтау жүйесін түбегейлі өзгертті. Адамзаттың жинаған тәжірибесі мен білімін ұзақ жылдар сақтауға мүмкіншілік тудырды. Қағаздың ойлап табылуы бір революция болса, баспа технологияның пайда болуы екінші революция болды. Ақпаратты заманның келуі білімді жинақтауда үшінші революцияны алып келді
25. «Мен», «Асқан-мен», «Ол» дегеніміз не? Бұл ұғымдарды философияның қандай бағыттары қолданады?
Зигмунд Фрейд психоанализ философиясы: ол психиканың бейсаналық процестерінің гипотезасы, қарсылық пен репрессия ілімін тану, Эдип кешені және жыныстық даму психоаналитикалық теорияның іргелі элементтерін құрайды деп тұжырымдады. Басқаша айтқанда, психоанализдің санамаланған негізгі алғышарттарымен келіспей, ешбір дәрігерді психоаналитик деп санауға болмайды.
Фрейдтің психоанализі әлеуметтік санадағы көптеген процестерді түсінуге негіз болып табылады, бұқаралық мінез-құлық, жеке тұлғалардың саясат, мәдениет және т.б. Психоаналитикалық ілім тұрғысынан қазіргі субъект репрессияға ұшыраған ұмтылыстар мен бейімділіктермен қамтылған қарқынды психикалық мотивтер әлемінде өмір сүреді, бұл оны теледидар экрандарына, сериалды фильмдерге және сублимациялық әсер беретін мәдениеттің басқа түрлеріне әкеледі.
Психоанализ тұжырымдамасы адамның мінез-құлқы негізінен бейсаналық және айқын емес деген тұжырымдамаға негізделген. ХХ ғасырдың басында З.Фрейд психиканың жаңа құрылымдық моделін жасады, бұл ішкі конфронтацияны басқа аспектіде қарастыруға мүмкіндік берді. Бұл құрылымда ол «ол», «мен» және «супер-мен» деп аталатын үш құрамдас бөлікті бөліп көрсетті. Жеке жетектердің полюсі «ол» деп аталады. Ондағы барлық процестер бейсаналық түрде жүреді. «АТ»-дан қоршаған ортамен және қоршаған ортамен өзара әрекеттестікте туып, қалыптасады
«Мен», ол басқа «менмен» сәйкестендірудің күрделі жиынтығы. Саналы бетінде, санаға дейінгі және бейсаналық жазықтықта «Мен» психологиялық қорғаныс қызметін атқарады және орындайды.
«Мен» ортаңғы аймақ, екі шындық қиылысатын және бір-бірімен қабаттасатын аумақ болып саналады. Оның маңызды функцияларының бірі - шындықты тексеру. «Мен» үнемі «АТ» жүйесінен туындайтын қиын және қосарлы талаптарға тап болады, сыртқы орта мен «супер-мен», «мен» ымыраға келуге мәжбүр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет