Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


Гегель табиғаттың көріністері ретінде 3 бөлімді көрсетеді: механика, физика, органикалық физика



бет22/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58
Гегель табиғаттың көріністері ретінде 3 бөлімді көрсетеді: механика, физика, органикалық физика.
Табиғат – абсолюттік идеяның туындысы, оның басқаша, өзгеше өмір сүруі. Рух туындысы болатын табиғат одан тәуелсіз өмір сүре алмайды. Табиғат Гегельді өзіндік ерекшелігімен емес, абсолюттік идеяның даму сатысы ретінде ғана қызықтырады.
Гегель философиясының үшінші сатысы – алдыңғы екеуінің синтезі есебіндегі рух философиясы. Мұнда абсолюттік идея оянып, сергігендей болып, табиғат бұғауынан босанып, өз көрінісін абсолюттік рухтан табады. Адам – табиғаттың бөлшегі, ал адам рухы – табиғаттың емес, абсолютті рухтың жемісі.
Рухтың өздігінен дамуы үш түрлі бағытта жүреді.
Біріншісі – «Субъективтік рух» – адамның өзіндік санасы,
ол өз жағынан үшке: антропологияға, феноменологияға, психологияға бөлінеді.
Екіншісі – «Объективтік рух» – адамзат қоғамы. Оның басты түрлері:
құқық, өнегелілік , азаматтық қоғам, мемлекет.
Үшіншісі – «Абсолюттік рух» – рухтың ең жоғарғы көрінісі, мәңгілік ақиқат. Ол өнер, дін, философиядан тұрады.
Философия — ең жоғарғы білім, абсолюттік идеяның соңы мен бастамасының қосындысы немесе «Дүниенің оймен көркемделуі» («Мир, схваченный мыслью»).
Философия пәні мыналарды қамтуы қажет:
1. Табиғат философиясын; 2. Антропологияны; 3. Психологияны; 4. Логиканы;
5. Мемлекет философиясын; 6. Азаматтық қоғам философиясын; 7. Құқық философиясын; 9. Тарих философиясын; 9. Диалектиканы.
Г.Гегельдің тағы бір онтологиялық ұғымы – ЖАТСЫНУ.
Абсолюттік рух мына нәрселерден жатсынады:
1. қоршаған дүниеден; 2. табиғаттан; 3. адамнан.
Г.Гегель ДИАЛЕКТИКАҒА классикалық анықтама берді.
Г.Гегель бойынша диалектика процесі триада бойынша дамиды:
«ТЕЗИС (бекіту) – АНТИТЕЗИС (терістеу) – СИНТЕЗ (қарама-қайшылықтарды жою»).
Гегель диалектикалық логика категорияларының, принциптерінің,
үш заңдарының жүйесін алғаш болып негіздеген. Олар:
1. «САННЫҢ САПАҒА АЙНАЛУЫ»,
2. «ҚАРАМА-ҚАРСЫЛЫҚТАРДЫҢ БІРЛІГІ ЖӘНЕ КҮРЕСІ»,
3. «ТЕРІСТЕУДІ ТЕРІСТЕУ»



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет