Дүниетаным туралы түсінік. Дүниетанымның тарихи формалары. «Дүниетаным»


САН; 2. САПА; 3. ҚАТЫНАС; 4. МОДАЛЬДЫЛЫҚ



бет21/58
Дата22.05.2023
өлшемі0,76 Mb.
#95786
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58
1. САН; 2. САПА; 3. ҚАТЫНАС; 4. МОДАЛЬДЫЛЫҚ
әр класс үш категориядан тұрады:
САНДЫҚ — бірлік, бүтіндік, көптік;
САПАЛЫҚ — реалдылық, терістеу, шектеу;
3. ҚАТЫНАСТЫҚ — субстанционалдылық (бастамалық мәннің болуы)
пен акциденция (дербестік); себеп пен салдар; әрекеттестік;
4. МОДАЛЬДЫЛЫҚ — мүмкіндік пен мүмкінсіздік, тіршілік ету мен
тірщілік етпеу, қажеттілік пен кездейсоқтық.
Категориялардың көмегімен пайым өзінің іс-әрекетін жүзеге асырады: алдымен алғашқы түйсіктерді жүйелейді, содан кейін ақыл-ой өз жұмысын атқарады.

  1. Г. Гегельдің философиялық жүйесі мен диалектикалық әдісі.

Неміс классикалық философиясының көрнекті өкілі – ГЕОРГ ГЕГЕЛЬ болды.
Гегель Абсолюттік идея туралы ілімді дамытты, оның санадан тыс, барлық материалдық әлемнің бастамасы екендігін көрсетті.
Гегель диалектика туралы ілімді теориялық тұрғыда дамытты.
Диалектиканы универсалдық даму теориясы деп, оның үш заңын
қалыптастырды.
Гегель онтологиясының (болмыс туралы ілім) басты мәселесі –
БОЛМЫС ПЕН ОЙЛАУДЫ ТЕҢДЕСТІРУ.
Осының нәтижесінде ол АБСОЛЮТТІК ИДЕЯ деген философиялық ұғымды ойлап шығарады. Оны абсолюттік білім деп түсінді.
АБСОЛЮТТІК ИДЕЯ – дегеніміз, ол:
1. Жалғыз ғана өмір сүретін нақты реалдылық;
2. Дүниедегі барлық заттар мен құбылыстардың бастамасы;
3. Сана-сезімі мен жаратушылық қасиеттері бар ДҮНИЕЖҮЗІЛІК РУХ.
Гегельдің философиялық жүйесі 3 бөлімнен тұрады: Логика, табиғат, рух философиясы. Осылай деп бөліну АБСОЛЮТТІК ИДЕЯНЫҢ логикалық, табиғат және рух кезеңдерінен өтуі. Сондықтан Гегель осы кезеңдер арқылы логика ғылымына, жаратылыстану салаларына, қоғамдық ғылымдарға жан-жақты талдау жасады.
"Логика ғылымы" еңбегінде логиканы 3 ке бөледі: болмыс туралы ілім, мән туралы ілім, ұғым туралы ілім.
Ескі формальды логикаға қарама-қарсы, өйткені ол – заттың, үдерістің ішкі мәнін ашып беретін ғылым. Ал ескі формальды логика ойлаудың сыртқы жағына, түріне ғана көңіл бөлді. Жаңа логика таным үдерісінің мәнін аша отырып, оны ғылым ретінде қарастырады. Гегель ойлау үдерісі адамның таным қызметімен, өмірдің практикалық саласымен тығыз байланысты екенін айқындағанымен, мұндай маңызды мәселе идеалистік негізде қарастырылған болатын.
Абсолюттік идея дамуының екінші сатысы деп Г.Гегель табиғатты айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет