21. Философия тарихындағы өмірдің мәні мен мақсаты мәселесі. Фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм және т.б.
# Өмip философиясы — 19-20 ғасыр шекарасында Германия мен Францияда пайда болған, буржуазиялық философияның субъективті-идеалистік бағыты, кең мағынада өмірдің мақсаты, мəні туралы мəселелерді қарастыратын философия.Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы тануға болатын өмір көрінісінің формасы жəне əлдеқандай бір алғашқы реальдық ретінде қарастырады. Бұл философияның пайда болуына биология немесе психология сияқты ғылымдарының жедел дамуы əсер етті. Өмір философиясындағы басты ұғым - өмірдің мəні мен мағынасын алуан түрлі, оны қай позициядан, қалай түсіндіруге байланысты. Мұндағы «өмір» ұғымы бəрінен бұрын тірі организм өмір сүріунің шарты ретіне биология-натуралисттік мағынасында қолданады. Сонымен қатар, «өмір» - дүниенің абсолюттік шектік негізі болып табылады. Ол материя мен санаға қарағанда белсенді, көп мағыналы əрі мəнгі қозғалыста болады. Оны сезімдік немесе ақыл ой сатылары арқылы емес, тек түйсікпен ғана тануға болады, əрі діни толғаныстармен топшаланады. Өмірдің мəнін адам жан дүниесі мен психологиялық тəжірбиелері арқылы емес, мəдени тарихи тəжірібиелер арқылы түсіндіріледі.
Фатализм (латын тілінен аударғанда fatalis «тағдырмен анықталады») болмыстың алдын ала белгіленгеніне сену; алдын ала жазылған жəне тек осы кеңістіктің бастапқы енгізілген қасиеттері ретінде «көрінетін» оқиғалардың болмай қоймайтындығына сенімге негізделген дүниетаным.
Гедонизм - Кирен философиялық мектебі (б.з.д. IV ғ.) мен Эпикурдың (б.з.д. 341 - 270) дамытқан этикалық ілімі.[1] Геодонизм эвдемонизмнің бір тармағына жатады жəне лəззат алуды (негізінен сезімдік) тіршіліктің бастауы мен өмір мағынасы деп жариялайды. Жақсы игілік рақаттануға жеткізеді, жамандық қайғықасірет əкеледі. Геодонизмнің салыстырмалы толық ілімін Сократ шəкірті Аристип қалыптастырған. Эпикурейшілдікте Геодонизм принципі сезімдік лəззаттардан рухтың тыныштығына (атараксия) жəне қасіреттен кұтылу жолдарын іздеуге көбірек бағытталған.[2]
Волюнтаризм (лат. voluntas - ерік) немесе асыра сілтеушілік — ерікті қоғам дамуы мен оны санаға, қоғам заңдылықтарына қарсы қою жəне оны қоғамдық дамудың шешуші факторы ретінде мойындаудан шығатын идеология мен психологияның, саясат пен тəжірибенің мəні. Жеке субъективті қалауын жəне еркін шешімдер басшылыққа алатын, саяси мақсатқа жетудің шынайы мүмкіндіктері мен объективті факторлармен санаспайтын субъекті қызметінің сипаты. В. теорияда саясаттағы субъективтік бағытқа, ал саясат пен тəжірибеде - авторитаризмге, бонапартизмге, тоталитаризмге тəн.
Функционализм - [ лат. fonctio - жүзеге асырылу, орындалу ] – əлеуметтанудың əдістемелік тəсілдерінің бірі. Қоғамды, оның құбылыстарын, процестерін, өзіндік құрылымы, əрқайсысы өз қызметін атқаратын əрекет ету тетіктері бар əлеуметтік жүйелерді қарастыратын басты бағыттарының бірі. Функционализмнің негізін қалаушы - Г.Спенсер. Кейіннен Э.Дюркгеймнің, В.Паретоның еңбектерінде жалғасын тапты.
Достарыңызбен бөлісу: |