«Дүниетану» мен «Жаратылыстану» пәндерінде қолданылатын зерттеу жұмысының түрлері, ерекшелігі


Дүниетану және жаратылыстану пәндеріндегі бөлімшелердің мазмұндық ерекшелігі



бет5/10
Дата05.06.2023
өлшемі39,18 Kb.
#98711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жаратылыстануға 2 курс

Дүниетану және жаратылыстану пәндеріндегі бөлімшелердің мазмұндық ерекшелігі.
Бағдарламада «Оқу мақсаттары» төрт саннан тұратын кодтық белгімен белгіленді. Кодтық белгідегі бірінші сан сыныпты, екінші және үшінші сан бөлімше ретін, төртінші сан оқу мақсатының реттік нөмірін көрсетеді. Мысалы, 1.2.1.4. кодында «1» - сынып, «2.1» - екінші бөлімнің бірінші бөлімшесі, «4» - оқу мақсатының реттік саны.
Мысалы 1- сынып Жаратылыстану пәнінің бөлімшелерін қарастыратын болсақ: Авторлары:Қаратабанов Р.Ә, Үржігітова Г.А, Құсайынова Ж.Б, Батырова Г.С.
Өзім туралы тарауы
1-бөлім Мен Зерттеушімін. Бұл бөлімдегі бөлімшелер:
Зерттеу кезеңдері: Бұл бөлімшеде оқушылар айналадығы құбылыстарға, нысандарға зерттеу жүргізеді. Зерттеу кезеңдері: Көру, болжау, бақылау, ұстау,анықтау, сипаттау,салыстыру, тәжірибе, дәлелдеу, қорытындылау.
Табиғатты танып-білу әдістері: Бұл бөлімшеде қоршаған әлем құбылыстарын зерттеу қажет екенін түсінеді, көрсетілген тәжірибені түсіндіреді. Заттың дәмін қалай сеземіз? Түрлі дыбыстарды ажыратуға не көмектеседі? Деген сұрақтар келтірілген.
2-бөлім Өсімдіктер. Бұл бөлімдегі бөлімшелер:
Өсімдіктердің негізгі бөліктері: Өсімдіктерге сипаттама беріп, олардың тіршілік ортасын анықтайды, жанды және жансыз табиғатты ажыратуды үйренеді.
Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайлар:Бұл бөлімшеде өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайлармен танысады.
Жабайы және мәдени өсімдіктерге күтім жасау бөлімшесі: Мәдени және бөлме өсімдіктеріне күтім жасауды үйренеді.
Менің Мектебім тарауындағы
3-бөлім Жануарлар. Бұл бөлімдегі бөлімшелер:
Жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру. Бұл бөлімшеде өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады.
Жабайы және үй жануарларының айырмашылығы: Үй жануарларының пайдасы, оларға күтім жасау туралы білесің.
Жануарлардың жыл мезгіліне бейімделуі бөлімшесі.
Өсімдіктің негізгі бөліктері бөлімшесі: Өсімдікке сипаттама беріп,олардың тіршілік ортасын анықтайды,өсімдіктердің негізгі бөліктерімен танысады, жанды және жансыз табиғатты ажыратуды үйренеді.
Менің отбасым және достарым тарауы
Адам бөліміндегі бөлімшелер:
Адамның дене мүшелері, адамның өмірінің кезеңдері, дұрыс тамақтану, демалудың пайдасы.
1 сынып Дүниетану пәні бойынша бөлімшелерді қарастыратын болсақ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет