«Дүниетану» мен «Жаратылыстану» пәндерінде қолданылатын зерттеу жұмысының түрлері, ерекшелігі


Топсаяхаттың білім беру түріне жататындығын дәлелдеу



бет10/10
Дата05.06.2023
өлшемі39,18 Kb.
#98711
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Жаратылыстануға 2 курс

Топсаяхаттың білім беру түріне жататындығын дәлелдеу.
Топсаяхат – ғылыми, білім беру, танымдық, мәдени-ағарту, демалу, т.б. мақсаттарда белгілі бір орындарға ұйымдастырылатын ұжымдық сапар. Берілетін білімнің ғылымилығын, оқушылардың эстетикалық талғамын, өлкетану жұмысын жүзеге асыруға қолайлы білім беру формасы - топсаяхат. Топсаяхат көбіне табиғат аясында өтіледі. Топсаяхаттың мазмұны зерттеу нысанына (табиғат, музей, өндіріс, тарихи оқиғалар болған орын, т.б.) байланысты.
Топсаяхат оқушылардың теориялық білімдерін практикада қолдануға да жағдай жасайды. Топсаяхат кезінде оқушының ұғымды саналы меңгеруі, мақсатты іс-әрекеті ұйымдастыру, бақылау, зерттеу арқылы танымға жетеді. қоршаған ортаның заттарын. құбылыстарын таниды, олардың басты белгілерін ажыратуға жаттығады. Олардың практика жүзінде қолданған іс-әрекеттері таным негізін қалап, біртіндеп білім қалыптасады.
Топсаяхат белгілі бір тақырыпқа арналып, жаңа ұғым беру бағытында немесе оқылып кеткен тақырыптарды қайталау, қорытындылау мақсатымен өткізілуі мүмкін. Табиғат аясында өтуіне байланысты топсаяхаттың білім беруде бірнеше ерекшеліктері бар. Топсаяхат кезінде алатын білім нақты объектілер мен құбылыстарға негізделеді. Табиғи ортаның да бүкіл басқа объектілермен бір тұтастықта бақылау арқылы олардың бір-бірімен байланысы анықталады. Соның нәтижесінде оқушылардың білімі нақтылана түседі, бақылап көру арқылы теориялық ұғымдарын іс жүзінде тексеріп, бақылау дағдылары қалыптасады. Сөйтіп, көріп, бақылап, сезіп меңгеру кезінде алған білімнің саналылығы жүзеге асады.
Сабақ үстінде, немесе топсаяхат кезінде алған білімді келесі сабақтада қолдануға болады. Сол сияқты топсаяхаттың нәтижесінде, барысында меңгерілген білімді, жиналған деректер мен табиғи материалдарды келесі сабақтарға қолдануға мүмкіндік мол. Сонымен топсаяхат ұйымдастырылу жүйесі дидактикалық талаптарды орындауы, білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсаттары тұрғысынан дүниетанудан білім беру формасына жатады.
«Дүниетану» оқу бағдарламасын жүзеге асыруда қандай дидактикалық прициптер жүзеге асырырылатыны жайында ой түйіндеу.
Дүниетану пәні мазмұнында белгілі бір жүйелілік сақталады. Себебі, тірі және өлі табиғаттан жалпы қоршаған ортадан ұғым беруде бұл жүйелілік сақталмаған жағдайда оны саналы меңгеруге болмайды. Мәселен, жануарлар туралы бастауышта берілетін білім барысында олардың жануарлардың түрі-түсі тіршілік әрекеті, оның сол тіршілік ететін ортаға бейімділігі сияқты бір-бірімен байланысты мағлұматтар бірізділікпен және жүйелілікпен беріледі. Басқа да тақырыптарға байланысты олсы принцип сақталады. Мұнда әр затпен құбылыстың себеп салдары айқын көрсетілетінін мұғалімнің түсініп алуын қажет етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық даму,есте сақтау ерекшеліктерінің өзі нақтылыққа, деректілікке, негізделетінін ескерсек, қоршаған дүниеден білім беру арқылы оқушыларға меңгертетін ұғымның көрнекілік, ғылымилық, жақыннан алысқа, нақтыдан дерексіздікке қарай даму талаптары қамтамасыз етіледі. Қоршаған дүние бағдарламасы бірнеше дидактикалық принциптерді жүзеге асырады:
1. Кіріктіру принципі- ғылыми жаратылыстанулық білім мен адам әрекетінің түрлері және қоғам туралы ұғымдар кіріктіріліп біртұтастықта беріледі. Адам, табиғат қоғам бөлек қаралмай, адамның іс-әрекеті үнемі табиғи ортада, қоғамда (отбасында, мекиепие, қоғамда, табиғатта) бір-бірімен байланысты қаралады. Заттар, нысандар, құбылыстар туралы мағлұматтар беру кезінде адам әрекеті солармен бірлікте, байланыста қаралады.
2. Жас ерекшелігін ескеру принципі қамтамасыз етіліп, бастауыш сынып оқушыларының ұғымына жеңіл, психологиялық ерекшеліктеріне лайықты, өмір тәжірибесі мен білім деңгейлеріне сай материалдар қамтылады.
3. Мәдениеттендіру принципі ескеріліп, оқушылардың жалпы мәдениетін көтеруге лайықты, жеке бас гигиенасын сақтауға, жергілікті мәдени орталықтармен таныстыруға, жалпы халықтық, ұлттық мәдениетті түсінуге лайықты әдебиет, сәулет, өнер, ғылым адамдары туралы мәліметтер қамтылады.
4. Экологиялық принцип қамтамасыз етіліп, әр сынып сайын оқушының өзін-өзі бағалауы, өз әрекетін басқаның пайдалы әрекет өлшемдерімен салыстыруы , табиғатқа, адамдарға, бүкіл қоршаған ортаға жағымды, мәдени, адами қатнастар жасауға икемдіктерін дамытуға бағытталған материалдар беріледі.
5. Өлкетану принципін жүзеге асыру үшін әр тарау және әр сыныпта оқылатын тақырыптар жергілікті материалдармен тығыз байланысты оқытуға мүмкіндік беретіндей құрылымда берілген.
6. Білімнің ғылымилық принципін жүзеге асыру мақсатымен жоғарғы сыныптарда оқытылатын жаратылыстану пәндерінің негізін қалайтын ғылым жүесі қамтылған.
7. Бағдарламалық талаптар негізінен басты мынандай мақсаттарды жүзеге асыруды қарастырады: Білімдік, тәрбиелік, дамытушылық пәнаралық.
Оқытудың дидактикалық принциптерінің мән-мағынасы.
Оқытудағы дидактикалық принциптердің негізгі түрлері.
Дидактикалық принциптер – педагогикалық категория. «Принцип» терминінің этимологиясы. Ғалымдардың (Т.А. Ильина, Г.И. Щукина т.б.) «принцип» ұғымы жөніндегі тұжырымдары. Дидактикалық принциптердің түрлері: ғылымилық, түсінікті болу, жүйелілік, сабақтастық, көрнектілік, білімді берік меңгеру, оқытудағы саналылық, теория мен практиканың байланысы, оқытудың тәрбиелілік және дамытушылық принциптері. Дидактикалық принциптердің өзара байланыста, бірлікте пайдаланудың маңызы. Дидактикалық принциптердің әдістемелік принциптермен байланыста пайдаланылуы: тірі табиғат пен өлі табиғаттың бірлігі; органикалық дүниенің тарихи дамуы және бірлігі; тірі табиғат құбылыстары мен процестерінің арасындағы себеп-салдар байланысы; тіршіліктің құрылымдық деңгейлері т.б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет