«Дүниетану» сабақтарында пысықтау. Оқушылардың білімін тексеру. Дүниетану сабақтарында тест қолдану


 Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары



бет18/22
Дата14.08.2023
өлшемі82,48 Kb.
#105255
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
дуниетану)

23. Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары.
Қазақстан аумағы 2724,9 мың км²-ге тең. Жерінің көлемі жағынан Қазақстан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. РесейКанадаҚытайАҚШБразилияАустралияҮндістан және Аргентинадан кейін 9-орын алады. Қазақстан Еуразия материгінің орталығында орналасқан, екі дүние бөлігін қамтиды. Кіші батыс аймағы Еуропада, ал көлемді шығыс аймағы Азияда жатыр. Физикалық-географиялық жағдайы тұрғысынан, Қазақстан Тынық мұхитыпен Атлант мұхитынан, сондай-ақ Үнді мұхитымен Солтүстік Мұзды мұхитынан бірдей дерлік қашықтықта орналасқан. Оның мұхиттардан шалғай жатуы әрі аумағының үлкендігі климатының өзіндік ерекшелігін қалыптастырады. Қазақстан батысында - Еділдіңтөменгі ағысынан, шығысында - Алтайтауларының етегіне дейін 3000 км-ге, солтүстіктегі - Батыс Сібір жазығынан, оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне дейін 1650 км-ге созылып жатыр. Қазақстан шекарасының жалпы ұзындығы 13394 км, теңізбен (Каспий) 2000 км-ден астам. Қазақстан батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте 7591 км Ресеймен шектеседі. Республиқаның Алтайдан Тань-Шаньға дейінгі 1782км-ге созылып жатқан шығыс шекарасы Қытай Халық Республикасымен арадағы мемлекеттік шекаркға сай келеді.Ал оңтүстіктегі тәуелсіз дос мемлекеттер: Түрікменстанмен -426км, Өзбекстанмен-2354км және Қырғызстанмен- 1241км шектеседі. Республиканың шекарасы батысында –Қаспий маңы ойпаты мен Жалпы Сырт қыратының біраз жерін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығының оңтүстігін; оңтүстігінде Тұран ойпатын,ал шығысы мен оңтүстік шығысында Алтайдың батыс бөлігінің, Сауыр Тарбағатай жоталарының , Жетісу (Жоңғар) Алатауының негізгі бөлігін және Тянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып өтеді.Республика шекарасы кей жерлерде Каспий және арал теңіздерінде, Алтай және Тянь- Шань тауларында табиғи шепке сай келеді. Сөйтіп, республиканың географиялық орны оның табиғат жағдайларын анықтайды. Қазақстан қоныржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Дәл сол ендіктердегі Шығыс Еуропа қоныржай континенттік климатымен, ал Батыс Еуропа субтропиктік климатымен ерекшеленсе,Қазақстан аумағы табиғатының бір шетінің екінші шетінен айырмашылығы үлкен. Мысалы, оңтүстіктегі тау етектерінде шие мен өрік гүл атқан кезде, республиканың солтүстігінде әлі суық , қарлы боран соғып тұрады. Қазақстан жерінде қатаң Сібір мен қапырақ Орта Азия тоғысып жатқандай. Географиялық орнына қарай республика жерінде орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қалыптасқан. Республиқаның батыс шетінде Эльтон және Басқұншақ көлдері маңында, ал шығыс нүктесі Бұқтырма өзенінің бастуына сай келеді. Ендік бойымен батастан шығысқа қарай,материктік ішіне енген сайын, климаттың континенттігі арта түседі. Қазақстаның оңтүстік-шығысы мен шығыс таулары өңірлерінде ланшафтардың күрделене түсетін алуан түрлі биіктік зоналры байқалады. Қазақстаның географиялық орнына байланысты барлық өңірлнрінде жылдық төрт мезгілдің ауысуы айқын байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет