«Дүниетану» сабақтарында пысықтау. Оқушылардың білімін тексеру. Дүниетану сабақтарында тест қолдану


Экология және биосфера туралы білім берудегі тиімді әдіс-тәсілдер



бет22/22
Дата14.08.2023
өлшемі82,48 Kb.
#105255
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
дуниетану)

27.Экология және биосфера туралы білім берудегі тиімді әдіс-тәсілдер
Экологиялық білім дегеніміз — үздіксіз оқу процессі, ғылыми және тәжірибелік білім мен іскерлік жүйесін қалыптасытыруға бағытталған, тұлғаның дамуымен тәрбиеленуі, соңымен қатар экологиялық өмір салтын қалыптастыру, тұрақты табиғатты пайдалану мен тұтыну, қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметі мен тәртібі және де құнділіқ бағдарлары болып табылады.
Экологиялық білім жүйесі – ұйымдық формалардың іс-әрекетімен үздіксіз экологиялық білім жиынтығының міндеті мен мақсатын жүзеге асыру үшін жеткілікті, соның ішінде, экологиялық білім инфраструктурасы, басқару кадрлық қамту нормативті – құқықтық, ғылыми-методикалық және экономикалық реттеу.
Экологиялық білім беру төмендегідей адам іс-әрекеттерінің дамуына бағытталған:
1. Табиғи ресурстарды үнемдеу;
2. Қоршаған ортаның ластауын тоқтату;
3. Табиғи экожүйені сақтау;
4. Қабылданған экологиялық этиканы, тәртіп кодекстерін және халықаралық одақ нормаларын сыйлауды меңгеру;
5. Қаржылық қолдау және қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыруға белсенді түрде қатысу толық дайындықты қалыптасытыру;
Оқушылардың жас ерекшеліктерін анықтайтын оның ұйымдастырудағы көпсаттылылық экологиялық білімінің негізгі принциптерін білдіреді.
Білім беру жүйесінің құрылымында сәйкес қабылданған экологиялық білімнің бірнеше сатысын бөлуге болады:
1. бірінші – мектепке дейінгі мекемелерде және отбасындағы тәрбие;
2. екінші – орта кәсіби оқу орындарында және бастауыш, жалпыбілімдік мектептерде білім беру;
3. Үшінші — жоғарғы оқу орындарынан білім алу;
4. Төртінші – жоғарғы оқу орындарынан кейінгі дайындық саты.
Мектепке дейінгі экологиялық білім және тәрбие – бұл үздіксіз экологиалық білім жүйесінің бірінші саты, балаларда экологиялық сауаттылықтың негізін қалыптастыру саты.


28.Экология туралы білім берудегі тиімді әдіс-тәсілдер
Оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін дамыту үшін түрлі оқыту әдістері қолданылады. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдердің көмегімен балаларда алынған ақпаратты талдау, салыстыру, жалпылау, проблемаларды көру және оларды шешу жолдарын іздеу, эксперимент жасау және оны жүргізу қабілеттері қалыптасады. Экологиялық білімді бала санасына мектеп жасынан қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғауға баулу арқылы экология білімдерін тереңдете игерту қажет. Сабақ барысында оқушылардың ситуациялық ойлауы, сыни ойлауы, оқу және әлеуметтік позициялау тәжірибесі кеңейеді. Алған білімі арқылы оқушының шығармашылық және рефлексивті қабілеті қалыптасады. Экологилық білім беруде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытады, сонымен қатар құзіреттілігін қалыптастырады. Сондықтан сабақта жаңа инновациялық технологияларды қолдану оқушының функционалдық сауаттылығын дамытуға мүмкіндік береді.Функционалдық сауаттылықты дамыту процесі экология білім негіздері бойынша білім, білік, дағдыға негізделген оқу пәндері, яғни биология, химия, физика, география арқылы ойлау қабілетін қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.
Сабақ барысында басты міндетті атқаратын оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін қажет ететін оқыту әдістері мен тәсілдері. Себебі әдіс-тәсілдердің көмегінің арқасында оқушылардың ақпаратты талдау, салыстыру, жалпылау, проблемаларды анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, эксперимент жасау және оны жүргізу әдістемесін сипаттау қабілеттері қалыптасады. Сабақта оқушылар экологиялық білімдерін жетілдіріп қана қоймай, әртүрлі қолданбалы іс-әрекеттерді орындай отырып, түрлі зерттеу жұмыстарын қорытындылап, нақты дәлелдер келтіреді және де дүниені танып білуге деген құштарлығы, қызығушылығы, ынта-ықыласы артады. Экологиялық білім-табиғатпен, әлеуметтік, экономикалық және саяси құбылыстар арасындағы өзара байланысты, олардың адам өмірінің сапасына және оның қоршаған ортасының сапасына тигізер әсерін түсінуді, экологиялық ойлауды меңгертеді.
*Экологиялық білім — оқушыға физикалық және рухани денсаулық туралы білімнің қалыптасуына, денсаулығының жай-күйін, өмір салтын және қоршаған ортаны бағалай білуге бағыт-бағдар береді.
экономика негіздері сабағы табиғатты бақылау және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасы арқылы оқушы өзінің ізденімпаздық қасиетін кеңейтеді, білім көлемін арттырады, сөздік қорын байытады және өзін жетілдіреді.Көптеген ақпарат көздерін пайдалану, баланың табиғатты қорғау саласы бойынша дүниетанымының дамуына мүмкіндік береді және қоршаған ортаны қорғауда белсенділік ұстанымды қалыптастырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет