«Дүниетану» сабақтарында пысықтау. Оқушылардың білімін тексеру. Дүниетану сабақтарында тест қолдану


Жаратылыстануды оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияның тиімділігі



бет14/22
Дата14.08.2023
өлшемі82,48 Kb.
#105255
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
дуниетану)

18.Жаратылыстануды оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияның тиімділігі 
Бастауыш сынып мұғалімдерінің теориялық көздері мен педагогикалық тәжірибесін талдау бастауыш мектепте "Қоршаған әлем" оқу курсын оқыту контексінде АКТ - ға жүгінудің негізгі мақсаттарын анықтауға мүмкіндік береді, атап айтқанда:
- табиғат объектілерін, карталарды, схемаларды және т. б. көрсету;
- табиғат және табиғи құбылыстар туралы деректі фильмдер, мультфильмдер көрсету;
- мәтіндік оқу материалдарын таңдау (өлеңдер, жұмбақтар, әңгімелер, қызықты фактілер және т. б.);
- оқыту ойындарын өткізу;
- дидактикалық материалдарды әзірлеу: тапсырмалары бар карточкалар, схемалар, кестелер;
- көрнекі құралдарды көрсету;
- мультимедиялық қолдаумен педагогикалық бағдарламалық құралдарды пайдалану және т. б.
"Қоршаған орта" пәні аясында ақпараттық - коммуникативтік технологияларға үндеу
әлем" бастауыш мектебінде білім алушылардың бірқатар негізгі құзыреттерін қалыптастыруға мүмкіндік береді, атап айтқанда:
- оқу - танымдық құзыреттілік;
- ақпараттық құзыреттілік;
- коммуникативтік құзыреттілік;
- жалпы мәдени құзыреттілік.


19.Жаратылыстануды оқытуда ойын технологиясын қолданудың маңыздылығы.
Оқу мен оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін сабақта қолданудың тиімділігі: оқушылардың пәнге қызығушылығы оянады, әрқайсысының оқу үдерісіне қатысу белсенділігі артады, жұмыс барысында әрбір оқушының сезіміне көңіл бөлінеді, оқу материалы жеңіл меңгеріледі, оқушылардың қабілеті әр түрлі қырынан танылады, мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланыс жүзеге асады, орқушылардың өзіндік пікірі мен өзара ынтымақтастық қарым – қатынасы орнайды, жағымды мінез – құлық, өмірлік дағдылары қалыптасады.
Аквариум әдісі арқылы тақырыпқа тапсырмалар пайдалану. Мысалы, тақырып саңырауқұлақтардың жалпы сипаттамасы. Оқушыларға тақырып төңірегінде тапсырма таратылады, тапсырманы топ ішінде отырғызып, топпен талқылату. Топ ішінен бір сарапшыны тағайындап, басқа топтарға түсіндіреді, қайтадан өз топтарына барып, түсінгендерін түсіндіреді. Ортаға шығып, шеңбер жасап, ортаға тапсырмаларын түсіндіреді. Оқушылардың мұндағы мақсаты, берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой- пікірлерімен санаса білуі, топпен жұмыс жасауы.
«Он сұрақ» әдісінде бір оқушыны таңдап алып, арқасына негізгі сөз жазылған стикерді жапсырып қойдым. Ал қатысушы стикердегі сөзді табу үшін он сұрақ қоя тұрып, табуы керек болатын және сыныптан алынатын жауап «иә» немесе «жоқ» түрінде берілуі керек. Оқушы жасырылған сөзді ойлана отырып және сұрақтар қоя отырып, табуға тырысты. Алайда менің осы тұста байқағаным, оқушылардың ойлау қабілеттерінің баяулылығы, еркін ойланудың қалыптаспағандығы. Оқушылардан кері байланыс алғанымда осы ойынның ұнағандығын жазған. Демек, балаларға ұнады, бәрі қызықты болды.
«Жалған ба?» «Шындық па?» әдісі. Бұл әдістің сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамытудағы маңызы зор тиімді әдістің бірі болды мен үшін. Мұнда тақырыпқа байланысты үш түрлі мәлімет бердім. Үш мәліметтен де көп мәлімет беруге де болады.
Оқушылар топпен бірлесе жұмыс жасай отырып, қай мәлімет жалған, қай мәлімет шындық екендігін табуға тырысты. Шатастырып берген бұл тапсырмамда балалар бір сұрақтардан шатасып жатты. Сабақ соңында оқушылар жазған рефлексиясында осы әдістің ұнағандығын жазған болатын.
«Стикердегі диалог» әдісін пайдалану арқылы өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында пайдалануға болады. Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ой – пікірлерімен санаса білуі, жалпы сабақтың соңғы кезеңдеріне қолданатын әдіс.
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағдаршам түстері бойынша өзіне сабақтағы бағалауға тиімді тәсіл.
Қызыл – «өте жақсы»
Жасыл – «жақсы»
Сары – «қанағаттанарлық» .
Қорыта келе айтарым, оқушыларым сыни тұрғыдан ойлауға дағдыланды, Өз ойларын ашық, еркін жеткізуге үйренді. Бүгінгі сабақ туралы өз ойларымен бөлісуді, өзіне – өзі есеп беруді, өзін – өзі реттеуді, түрлі болжамдар жасауға, бірлесе жұмыс жасауға үйренді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет