Доклады молодых ученых «устойчивое развитие центральной азии: состояние, проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата06.02.2017
өлшемі3,87 Mb.
#3538
түріДоклад
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

ЛИТЕРАТУРА 
1. Аубакирова Ж.Я. Эволюционные стадии экономической интеграции на 
постсоветском пространстве. // Интеграционные отношения в транзитной экономике: теория, 
методология, практика: Монография. – Алматы: Экономика, 2002. – 256 с. 
Христенко  В.  История  Евразийской  интеграции  //  Евразийская  экономическая 
интеграция: цифры и факты. – 2013. – 25 ноября. – 40 с. 
2.  Хронология  развития  ЕАЭС  // 
http://www.eaeunion.org/#about-history
  (был  доступен 
22 февраля 2015 года) 
3. Рахматуллина Г.Г. Таможенный союз Беларуси, Казахстана и России: цели создания, 
этапы  формирования,  институциональная  структура,  механизм  развития.  //  Таможенный 
союз Беларуси, Казахстана и России: состояние, проблемы, перспективы: монография / Под 
общ. ред. Б.К. Султанова. – Алматы: КИСИ при Президенте РК, 2009. – 308с. 
4. Батищева Т. Выгоды есть, но их надо уточнить. Готов ли Казахстан идти дальше по 
пути интеграции с ЕАЭС? // Экономика и финансы. – 2014. - №43. – С. 22-24. 
5.  Евразийская  экономическая  интеграция:  20  наиболее  часто  задаваемых  вопросов.  // 
http://www.enu.kz/downloads/broshura-na-okds-rus.pdf (был доступен 7 октября) 
 
 

77 
Секция III 
РЕСУРСОСБЕРЕЖЕНИЕ И НОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ
 
 
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОҚЫСТЫ ТИІМДІ 
ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ 
 
Ғалымжан Гаухар 
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті(ҚарМУ) 
Математика және ақпараттық технологиялар факультеті 
2 курс,информатика 
gauhara_95@mail.ru 
Ғылыми жетекші:қолданбалы математика және информатика кафедрасының 
оқытушысы Ниханбаева Н.Т. 
 
Аннотация 
Зерттеу  мақсаты  –  Қазақстан  Республикасындағы  қоқысты  жинақтау,  сұрыптау  және 
өндеудің әдіс-тәсілдеріне назар аударып, қоқысты өндеудің тиімділігін қарастыру.  
Гипотеза – Қазақстан Республикасындағы қоқысты жинақтау және сұрыптаудың  жаңа 
тәсілдерін пайдаланып, қоқысты өндеудің экономика және энергетика жағынан эффекті бар 
екені көрсету. 
Зерттеудің кезеңдері: 
- Дайындық кезеңі: тақырыпты таңдау, мақсатын қою. 
- Зерттеу кезеңі: берілген тақырыпта ғылыми зерттеулерді оқу, тақырыпты меңгеру 
дәрежесін анықтау. 
- Практикалық: университет жанында қоқыс сұрыптау алаңын жасап, жиналған қоқыс 
түрлерінен алынатын энергия және шикізат мөлшерін бағалау. 
Зерттеудің жаңашылығы және дербестік дәрежесі: 
- Қоқыс құрылымы анықталды. 
- Қоқыс құрылымындағы заттар ішінен қайсылары өңдеуге жарамды екені көрсетілді. 
- Қоқыс өндеудің түрлері қарастырылды. 
- Қоқыс жинақтау бойынша ұсыныстар көрсетілді. 
- Қоқысты өндеудің экономикалық және экологиялық тиімділігі көрсетілді. 
Жұмыстың нәтижелері мен қорытындылары: 
- Қазақстан Республикасындағы қоқысты жинақтау, сұрыптау және өндеу тәсілдеріне 
назар аударылды.   
- Университет жанында қоқысты жинақтау және сұрыптау алаңы жасалып, қоқыстың 
мөлшері және құрылымы туралы мәлімет жинақталды. 
- Экспериментте алынған мәліметтер талданды. 
- Қоқыс түрлерінің мөлшері анықталды. 
- Қоқыстың түрлерінен алынатын энергия және шикізат мөлшері бағаланды. 
- Қоқыспен жұмыс істейтін энергетикалық станцияның проектісі көрсетілді.  
Жұмыстың практикалық пайдалану аймағы: 
Осы жұмыста келтірілген ұсыныстарды Қостанай қаласындағы қоқысты жинақтау және 
сұрыптауға  арналған  алаңдарды  және  қоқыспен  жұмыс  істейтін    электрстанциясын  жасау 
кезінде қолдануға болады. 
 

78 
Кіріспе 
Қазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарына арналған экологиялық қауіпсіздік 
концепциясында  қалдықтарды  өндеу  жүйесін  тәртіпке  салу  бағытының  бар  болғаны 
кездейсоқ емес. 
Қазіргі таңда тұрмыстық қалдықтардан тек арнайы алаңдарда көміп тастау арқылы ғана 
құтыламыз.  Қоқыстан  шығатын  иіс-қоңыс  пен  бөлінетін  газдағы  метанның  зияны  көп.  Өрт 
шығып, жарылыс болып, экологиялық қауіп төндіреді. Қалдықтарда түрлі жаман ауруларды 
қоздыратын  бактериялардың  ұзақ  уақыт  сақталатындығын  ескерсек,  олардың  жер  асты 
суларына қосылуы өте қауіпті. Ал өртегенде ауаға бөлінетін диоксиннің адам денсаулығына 
зияны тіпті орасан. 
Бұл  проблема  жиі  көтерілгенімен,  назар  аударылмай  отыр.  Мәжіліс  депутаты 
Жексенбай Дүйсебаев осы мәселені тағы да көтеріп, премьер-министр Кәрім Мәсімовке елді 
мекендердің  маңайы  тұрмыстық  қалдықтар  алаңына  айналып  бара  жатқаны  туралы 
депутаттық  сауал  жолдады.  Қасиетті  даламыздың  экологиясы  өзгеріп,  елді  мекендердің 
маңайы  тұрмыстық  қалдықтардың  алаңына  айналып  бара  жатқаны  әр  азаматты 
толғандырады.  Сайлаушылармен  кездескенде,  осы  мәселелер  жөнінде  сұрақтар  жиі 
көтеріледі.  Мамандардың  мәліметтеріне  сүйенсек,  қазір    даламызда  22  миллиард  тонна 
тұрмыстық  қалдық  және  қоқыс  жиналыпты.  Оның  16  миллиард  тоннасы  техногендік-
минералдық қалдықтар болса, 6 миллиард тоннасы адам денсаулығына аса қауіпті химиялық 
қалдықтар  екен.  Сонымен  қатар,  ауаны  ластайтын  улы  заттардың  150-ден    астамы  белгілі 
болып отыр. Қоқыс жиналуының басты себептері – өнеркәсібі дамыған өңірлер мен қалалар 
өнеркәсіп  қалдықтарын  шығаратын  полигондармен  және  оны  залалсыздандырумен, 
өңдеумен  толықтай  қамтылмауы.  Осының  салдарынан  жыл  сайын  қалалардың  маңайында 
тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтары көбею үстінде. Сондай-ақ, республикамыздағы 6325 
елді мекеннің 25 пайызында немесе 1558 елді мекенде ғана қатты тұрмыстық қалдықтар мен 
күл-қоқысты  арнайы  полигондарға  таситын  кәсіпорындар  бар.  Ал  қалған  75  пайызында 
немесе  4767  елді  мекенде  қалдықтар  үйіндісі  ауыл  маңында  жиналып  қалуда.  Елді 
мекендердегі  полигондардың тек 307-і ғана заңдастырылған. 
Біз жер-көкке сыйғыза алмай экологиялық апатты қолдан тудыратын қоқыстарымызды 
қайда  сыйғызарымызды  білмей  ірітіп-шірітіп,  түрлі  ауру  тудыратын  үйіндіге  айналдырып 
жатсақ,  көршілеріміздің  жоқтан  бар  жасағаны  сол:  олар  тұрмыстық  қалдықтарды  қайта 
өңдеп, халық тұтынатын тауарлар шығаруда. 
 
Қоқыстың сипаттамалары 
Қатты-тұрмыстық  қалдықтарды  жинақтау,  оны  жою,  өңдеу  өте  күрделі  және  өзекті 
мәселе. Қоқыспен тиімді жұмыс жасау үшін шарттар: 
-  табиғат  пайдаланушылардың  қалдықтарды  есепке  алу,  өңдеу  және  залалсыздандыру 
жұмысындағы  жеке  жауапкершілігін  күшейту,  әрі  шығарылатын  қалдық  мөлшерін  азайту 
шараларын енгізуді талап ету; 
 -  барлық  елді  мекенде  2-ші  санаттағы  қалдықтарды  түр-түрімен  сұрыптап  жинақтау 
жүйесін енгізу; 
-  қалдықтарды  залалсыздандыру  мақсатындағы  инфражүйелер  мен  өндірістік  қуатты 
дамыту, өндірісте пайдаланылған үлкен қалдықтарды екінші қайтара игеруді жүзеге асыру.  
 
Қоқысты жинақтау мәселесі 
Жергілікті  әкім-қаралар  қоқысты  қайда  тығарын  білмей  бас  қатырып  жатқанда, 
«Тазалық» 
мемлекеттік 
коммуналдық 
кәсіпорыны 
пластикалық 
қалдықтардан 
шаруашылыққа  қажетті  заттар  жасауға  кірісіп  кетті.  Пластикалық  қоқыстарды  негізгі 
шикізатына  айналдырып  отырған  өндіріс  ошағы  канализациялық  құдықтар  мен 
коммуналдық  құбырларға  қақпақ  жасаумен  шектеліп  отыр.  Мәселенің  мәнісіне  тоқталар 
болсақ, қала көшелеріндегі канализациялық құбырлар бірінен соң бірі шойын қақпақтарынан 

79 
айрылуда.  Қазіргі  уақытта,  қақпақсыз,  ашық  жатқан  құдықтарды  қаланың  елеусіз 
бұрыштарынан  ғана  емес,  жол  үстінен,  үй  маңынан  жиі  ұшырастыруға  болады. 
Мамандардың есебінше, олар да, қақпақтар сияқты үлкен сұранысқа ие болмақ.  
Қоқысты жинақтау мәселесін шешу үшін алғышарттар жасау керек . Оның ішінде: 
- Тазалық мекемелеріне жеңілдіктер жасау. 
- Арнайы бағдарлама енгізу. 
- Темір жол арқылы металлдарды арнайы зауыттарға тасымалдау. 
- Семинарлар өткізу. 
- Жаңадан зауыттар ашып әр зауыт өзіне керек қоқысты өзі тасымалдауы. 
 
Қоқысты пайдалану жолдары 
Қалдықтарды  қосымша  шикізат  ретінде  тиімді  пайдалану  көптеген  проблемалардың 
шешу  жолдарын  ашуға  мүмкіндік  туғызады.  Қалдықтарды  қайтадан  колдану  қоршаған 
ортаны  қорғаумен,  бастапкы  материалдарды,  электрэнергияны  үнемдеумен,  еңбек 
ресурстарын босатумен байланысты көптеген мәселелерді шешуге жол ашады. 
 
Энергетикалық шығуы 
Екінші реттік энергоресурстарды тиімді пайдаланудың халық шаруашылық маңызы өте 
зор.  Екінші  реттік  энергоресурстар  дегеніміз  тікелей  тап  осы  өндірістің  өнімдерінің, 
қалдықтарының,  жанама  жөне  аралык  өнімдерінің  энергетикалық  потенциалдары.  Екінші 
реттік  энергоресурстар  химиялық  өндірістің  азот  күкірт,  фосфор,  хлор  қосылыстарын, 
соданы  шығаратын  және  мұнай-химия  салаларыңда  пайдаланылады.  Жанғыштар 
қазандыктарда  отын  ретінде  қолданылады.  Бөлінген  жылу  калдықтарды  өндейтін 
кондырғыларда,  жылу  айырбастағыштарда  кейбір  заттарды  кыздыруға  қолданылады,  осы 
жағдайлармен жылуды тұтыну қажеттілігін төмендетуге болады.  
Қатты тұрмыс қалдықтарын құрамының күрделілігіне қарамастан төменгі сортты отын 
ретінде  қарастыруға  болады  (жаққан  кезде  оның  бір  тоннасынан  1000-1200  Гкал  жылу 
бөлінеді).  Қалдықтарды  термиялық  өңдеу  оларды  залалсыздандырып  қана  қоймай,  одан 
жылу  энергиясын  алуға  мүмкіндік  береді  және  оның  құрамындағы  металл  сынықтарын  да 
бөліп алуға болады.  
Қоқысты өңдеудің проектісі 
Қалдықтардың  жинақталу  нормасын  анықтау  кезіндегі  негізгі  көрсеткіштерге  масса, 
көлем,  орташа  тығыздық  пен  тәуліктік  және  маусымдық  біркелкі  емес  жинақталу 
коэффициенті жатады.  
Қалдықтардың жинақталу нормаларын уақыт бірлігіндегі (күн, жыл) масса (кг) немесе 
көлем (л, м
3
) бірліктерімен анықтайды:    
- тұрғын үйлер бойынша – бір адамға есептегенде;  
-  әлеуметтік-тұрмыстық  мақсаттағы  нысандар  бойынша  (емханалар,  қонақ  үйлер, 
кинотеатрлар және т.б. – бір орынға есептегенде;  
- сауда және қойма орындары бойынша –1 м
2
 сауда алаңына есептегенде және т.б.  
Қалдықтарды  жинау  және  мөлшерін  өлшеу  кезінде  әр  түрлі  мақсаттағы  нысандардың 
қалдықтарының араласпауын қадағалау қажет. 
Қалдықтардың  жинақталуын  анықтаған  кезде  сыйымдылығы  бірдей  стандартты 
контейнерлерді  қолдану  ұсынылады  (сыйымдылығы  0,75  м
3
  К-0,75  металл  контейнерлері 
немесе сыйымдылығы 1,1 м
3
 евроконтейнерлер). Түзілген қалдықтарды мүмкіндігінше толық 
ескеру  және  жинақталудың  біркелкі  емес  коэффициентін  анықтау  мақсатында  қосымша 
контейнерлер  орнату  қарастырылады  (таңдап  алынған  учаскелерді  зерттеу  барысында 
нақтыланады). Өлшеулерді бастағанға дейін барлық контейнерлер толық тазалануы тиіс. 
Жинақталу  нормалары  жылдың  маусымдары  бойынша  анықталады.  Өлшеулер  7  күн 
бойы  (үзіліссіз)  қоқысты  шығарудың  алдында  шығару  ырғақтылығына  байланыссыз 

80 
тәуліктің  бір  уақытында  жүргізіледі.  Жинақталу  нормаларын  анықтаған  кезде  қызмет 
жасайтын адамдардың контейнерлердегі қалдықтарды нығыздауын болдырмау керек.   
Контейнерді машинаға орналастырудың алдында контейнердегі қалдықтарды тегістеп, 
өлшегіш сызғыштың көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады (сурет а). 
Өлшегіш  сызғыш  ағаштан  жасалады,  майлы  бояумен  боялады,  көлем  белгілерінің 
сызықтары  бір  жағына  жазылады  және  бұл  кезде  сызғыштың  нөлі  контейнердің  жоғарғы 
жағына сәйкес келуі керек. Өлшегіш сызғыштың схемасы б суретте көрсетілген. 
 
а) Өлшегіш сызғыштың схемасы 
б)  Контейнердегі  қатты  тұрмыстық  қалдықтардың  көлемін  анықтау  үшін  өлшеудің 
схемасы. 
Стандартты  контейнерлерінің  қақпағы  мен  қабырғасы  жеке  маркировкамен 
белгіленген,  контейнерді  идентификациялау  және  өлшеу  үшін  RFID  есептегіш 
қондырғысымен және арнайы жапқыш механизмдермен  жабдықталған 
Hyundai  HD  170    стандартының  қоқысжинағыш  машиналары  контейнердегі  қоқысты 
өлшейтін  жүйемен  жабдықталған.  Мәліметтер  автоматты  режимде  борттағы  компьютерге 
жазылады,  бұл  қоқыс  контейнерлерін  идентификациялауға  және  жеке  жинақталған 
қалдықтардың көлемдері туралы мәліметтерді растауға мүмкіндік береді. 
Энергетикалық станция 
Қоқысты  жағу  нәтижесінде  энергия  алуға  болады.  Әрбір  қоқыс  жинақтатын 
полигонының  қасында  энергетикалық  станцияны  орнатып,  шыққан  энергияны  әр  түрлі 
салаға қолдануға болады. Осындай станцияның негізгі технологиялық схемасы берілген: 
 
 
 
    
                                                               
                                         
 
 
                                                  
 
 
 
 
Қатты  қалдықтармен  жұмыс  істейтін  энергетикалық  станцияның  жұмысы  екі 
технологиялық жақтан тұрса, мынадай талаптарды орындауға болады: 
1. 
Өнімділігі – 160 мың тонна жыл бойы. 
2. 
Арнайы  колосниктерді  пайдаланып  диоксиндер  мен  фурандардың 
шығауын азайтуға болады және қазанның жанатын жерін биіктігін артқандағы түтін 
газдары  қосымша  екі  секунд  ішінде  жоғары  температурада  диоксиндер  фурандарға 
жіктеледі. 
Қабы
лдау
Қабы
лдау
Пеш 
Қаза
Күл 
бункері
Абсо
рбер 

81 
3. 
 Қуаттылығы  1,2  МВт  турбогенераторларды  енгізу  арқылы  сыртқы 
электр  энергиясын  пайдаланбай,  ішкі  қажеттіліктеріне  қарай  энергияны  пайдалану, 
және артық энергияны қаланың желісіне жіберу. 
4. 
Қоқыс  жағу  технологиялық  процестерді  басқаруы  міндетті  түрде 
автоматтандыру керек. 
Қоқысты пайдаланудың экономикалық эффектісі 
Мысал  түрінде,Қостанай  қаласын  алсақ,  нақты  мәліметтер  бойынша  2327  контейнер 
бар, егер 3 контейнер бойынша сұрыпталу жүргізілсе, онда шамамен 766 контейнерде 408000 
кг ҚТҚ ішіндегі жанғыш қалдықтар бар деп айтуға болады. Жаққан кезде ҚТҚның жанғыш 
тастандыларының  бір  тоннасынан  1000-1200  Гкал  жылу  бөлінеді.  Егер  бір  тоннадан 
осыншама  жылу  бөлінсе,  онда  408  тоннадан  4488000  Гкал  жылу  бөлінеді.  Көріп 
отырғанымыздай  бұл  аз  емес,  сол  жылуды  пайдаға  асыру  үшін  энергетикалық  станциялар 
тұрғызылуы  қажет.  Жиналған  қоқыстың  бір  бөлігін  өндеудің  ең  пайдалы  әдісі  –  арнайы 
қондырғыда жағып, шыққан энергияны қажеттілігіне қарай пайдалану. Төменде келтірілген 
кестеде  1  жылда  жиналған  қоқыстан  энергияның  мөлшеріне  қарағанда,  мысалы  Қостанай 
қаласының бір аймағын (мысалы Южный полигонына жақын Дружба ауылының) жыл бойы 
көшені жарықтандыру немесе тұрғын үйлерді жылытуға болады.  
 
Қағаз және басқа отын қалдықтары жанғаннан кейін бөлінетін энергия мөлшері және 
оның құны 
 
Сұрыптау  алаңында  жанатын  қоқыс  жинақталатын 
контейнерден 3 ай ішіндегі шығуы, кг 
1524 
Қостанай қаласында қоқыс контейнерлердің жалпы саны 
2327 
Қостанай  қаласы  бойынша  3  ай  ішіндегі  жинақталатын 
қоқыс мөлшері, кг 
3546348 
Қостанай  қаласы  бойынша  жанатын  қоқыстардың 
мөлшері, 1 жыл ішінде, кг 
14185392 
Энергетикалық  станция  арқылы  шығарылатын  энергия 
мөлшері, ГВт·сағ 
6,03 
Тариф, теңге/кВт·сағ 
12,68 
1 жылда өндірілетін энергияның құны, млн. Тенге 
76,460400 
1 айда өндірілетін энергияның құны, млн. Тенге 
6,371700 
Қостанай 
қаласындағы 
барлық 
көшелерді 
жарқытандаруға кететін қаражат, млн теңге/1 жыл 
80 
Қостанай  қаласындағы  бір  көшені  жарықтандыруға 
кететін қаражат, млн теңге 

ГКП  “Теплоцентр”  бір  жылдағы  жылулық  энергияның 
өндірісінің көлемі, Гкал 
23500 
 
Қоқысты  энергия  жағынан  пайдалану  үшін  энергетикалық  станция  тұрғызу  қажет. 
Станцияны  тұрғызу  үшін  шамамен  80  млн  теңге  қажет  болып  отыр.  Бірақ  жоғарыда 
келтірілген кестенің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, ол өз құнын бастапқы кезде болмаса да,  
шамамен бір жыл уақыт өткеннен кейін растайды. Біз келтірілген энергия құны мен жалпы 
бөлінетін  энергиямен  бірнеше  жыл  бойы  қала  көшелерін  жарықтандыруға,  үйлеріне  жылу 
энергиясын  өткізуге  болады.  Егер  қоқыстың  1  тоннасынан  10001200  Гкал  жылу  бөлінетін 
болса,  онда  барлық  қоқыстан  1524000  Гкал  жылу  бөлінеді.  Көріп  отырғанымыздай  бұл  аз 
емес. 

82 
Қорытынды 
Қатты  тұрмыстық  қалдықтарды  залалсыздандыру,  тасымалдау,  жинау  және  жою 
жүйелері  қазіргі  талаптарға  сай  келмейді.  Сондықтан  бұл  мәселе  шұғыл  шешулерді  талап 
ететін мәселеге айналып отыр. 
Қатты  тұрмыстық  қалдықтар  ағындарын  басқару  жүйесі  қоршаған  ортаның  жағдайын 
жақсартады және оны экономикалық, энергетикалық жағынан дұрыс пайдалануға мүмкіндік 
береді. 
Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару мәселесін шешуге арналған шарттар: 
- Жергілікті  деңгейде  қатты  тұрмыстық  қалдықтардың  қозғалысының,  есебінің, 
нормалаудын және бақылаудың нормативті актілерін құрастыру; 
- Қалдықтарды қолданатын өңдейтін өндірушілерге женілдік тарифтерді құрастыру; 
- Тұрғындарды  қалдық  азайтатын  және  таңдаулы  жинақтайтын  процестерге  арналған 
қауымдық ұйымдастықтарға белсенді қатысуға шақыру. 
Қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесінің оптималды қызметің қамтамасыз ету 
үшін, келесі міндеттерді шешу қажет: 
- қалдықтарды олардың пайда болу көздерінде қысқарту
- қатты тұрмыстық қалдықтарын іріктеу және қайта қолдану мәселесін шешу; 
- қоршаған  ортаға  әсерін  максималды  түрде  азайтуға  жол  беру  үшін  қолданбайтын 
қалдық бөлімін көму мәселесін шешу. 
- полигонға жақын жерде қоқысты өртеу үшін энергетикалық станция тұрғызу. 
- қоқысты  дұрыс  сұрыптау  мақсатында  әрбір  контейнерлері  бар  жерлерде  қоқыс 
жинайтын алаңдарын салу. 
Қазақ  «жер  жарасы  –  жан  жарасы»  деген  ұлағатты  ұран  тұтқан  ұлт.  Халқымыз 
атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс 
қоймасы  емес.  Бүгінгі  ұрпаққа  айтар  ұлағат,  жеткіншектер  санасына  құятын  ғибрат  туған 
жеріміздің  тоқымдай  телімін  тусыратпай,  сай-саласын  ҚТҚ  мен  күл-қоқысқа  толтырмай, 
қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – 
халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз. 
 
ӘДЕБИЕТ 
1.  Сорокова О.А.  Утилизация отходов. - Пермь: ЗУУНЦ. – 1998. – с.120 
2.  Экология. – Воронеж: ВГУ. – 1999. – с.125 
3.  Головкин Д.Н. Твердо-бытовые отходы. – М., 2000. – с.235 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

83 
ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ  
ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  ҚОЛДАНУ   
 
Дидар Серікқызы  
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік   
фармацевтика академиясы, 
техникалық және кәсіби білім беру 
факультеті, емдеу ісі мамандығы, 2 курc 
 Ғылыми жетекші: 
 педагогика ғылымдарының магистрі Темірбекова А.Қ. 
 
Резюме  
В  статье  рассматриваются  пути  творческого  педагога  овладевшего  инновационными 
методиками  и  педагогически  и  психологически  сформировавшегося  в  процессе 
деятельности. 
Summary 
The  artikle  deals  with  the  ways  of  development  of  a  creative  teacher  who  mastered  the 
innovative methods of teaching  and was formed in the course of  pedagogical and psychological 
activity. 
Инновациялық  технология  –  білім  беру  үшін  барынша  қолайлы  жағдайларды 
қамтамасыз  етілген  оқу  процесін  жобалау,  ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру  бойынша 
педагогикалық  іс-әрекеттің  жан-жақты  ойластырылған  үлгісі.  Қазіргі  таңда  Қазақстанда 
әлемдік  білім  кеңістігіне  енуге  бейімделген  жаңа  білім  жүйесі  қалыптасып  келеді.  Бұл 
процесс  педагогикалық  теория  мен  оқу-тәрбие  процесінің  тәжірибесінде  айтарлықтай 
өзгерістермен  жалғасын  тауып  келеді.  Білім  беру  жүйесінің  модернизациясы  жүзеге 
асырылып, жаңаша педагогикалық менталитет, әдіс –тәсілдер,іс-әрекеттер ұсынылуда. Білім 
беру  құрылымдарында  тиімділікті  арттыру  үшін  заманауи  дидактика  мүмкіндіктерін 
қолдану,  білім  мазмұнының  әр  түрлі  нұсқаларын  құрастыру,  жаңа  идеялар  мен 
технологияларды  тәжірибе  жүзінде  негіздеу  және  ғылыми  ұйымдастыру  т.б.  Бұл  жағдай 
оқытудың  педагогикалық  жүйелері  мен  технологиясының  диалогын  ұйымдастыру, 
мемлекеттік  білім  беру  жүйесінде  қосымша  және  альтернативті  болып  саналатын  жаңа 
формаларды  тәжірибе  жүзінде  қолдану,  өткен  ғасырлардың  педагогикалық  жүйесіндегі 
заманауи шарттарды қолдану өте маңызды. 
Осы  мақсатта  оқытушылар  заманауи  инновациялық  технологиялар,  идеялар  мен 
бағыттар  шеңберінде  бейімделуге,  бұрыннан  таныс  тәсілдерді  зерттеуден  гөрі  әлемдік 
педагогикалық  сауатты  маман  заманауи  білім  беру  технологияларын  игермейінше, 
біліктілігін  арттыра  алмасы  анық.  Заманауи  педагогикалық  технологиялар  инновациялық 
дамыған білім беру мекемелерінде жүзеге асырылады. 
Инновациялық  іс-әрекет  белгілі  оқытудың,  тәрбие  беру  мен  дамытудың  стереотипіне 
қарама-қайшы,  ол  белгілі  межеден  шығып,  жеке  шығармашыл,  өз  бағытымен  жұмыс  істей 
алатын мұғалім қалыптастыруға бағытталады. 
Жаңа идеялар, әдістер, технологиялар ғана емес, педагогикалық процесс элементтерінің 
бірлігінің  немесе  жеке  элементтерінің  білім  беру  мен  тәрбиелеудегі  белгілі  міндеттерді 
тиімді шешу жолы. 
Инновацияның  даму  заңдылықтары  білім  берудегі  дәстүрлі  көзқарастан  бас  тартудан 
пайда  болады.  Прогрессивті  идеялардың  көпшілігі  педагогикалық    инновацияны  белгілі 
дәрежеде  тереңдетіп,  енгізе  алады.  Ғылыми  білімнің  саралануы,  олардың    үздіксіз  дамуы 
білім беру мазмұнына көлемді  практикалық және теориялық материалды қосуды талап етеді. 
Алайда,  орта  оқу  орындарында  оқыту  уақыты  шектеулі  болғандықтан,  заман  талабынан 
шығатын маманды дайындауға жеткілікті білімді саралауды таңдап алу мәселесі көтерілуде.  

84 
Осының бәрі білім беру мен тәрбиелеу процестерінің мазмұнын жаңартуды талап етеді. 
Барған  сайын  көбейіп  келе  жатқан  білім  мен  оқу  тәрбиелеу  үрдістері  арасындағы 
туындайтын дидактиканың негізгі мәселесін тудырады. Базалық білім беру және оның түйіні 
– жеткілікті білім минимумы. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  «Білім  беру  жүйесінің  басты 
міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 
негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін 
қажетті  жағдайлар  жасау;...  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  делінген. 
Сондықтан  қазіргі  мұғалімдерден  білім  берудің  соңғы  әдіс-тәсілдерін,  инновациялық 
технологияны игерген, психологиялық, педагогикалық жұмыста қалыптасқан, ескі сүрлеуден 
тез арада арылуға қабілетті және нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолын 
салуға икемді, шығармашылық педагогикалық зерттеуші болуды талап етеді.  
Жан-жақты  ізденістің  нәтижесінде  білім  беру  саласында  жаңа  педагогикалық 
технологиялардың  саны  да,  сапасы  да  өсіп  келеді.  Технология  –  белгілі  бір  істегі  адамның 
әдісі,  шеберлігі.  Осы  шеберлік    арқылы  мұғалімнің  өз  сабағын  оқушыға  жоғары  сатыда 
жеткізуіне  мүмкіндік  береді.  Мұғалім  үнемі  шығармашылықпен,  ізденіспен  жұмыс  жасап 
отырса,  жаңашылдыққа  жақын  болғаны.  Өзгелердің  үлгісін  өз  ісінде  пайдалана  білсе,  оған 
өзіндік  қолтаңбасын  қосып  отырса  –  оқушы  тәрбиелеу  мен  білім  берудегі  жетістігі  сол 
болмақ. Орыс ғалымы Л.В.Занков «Инновациялық технологиялық  әдіс-тәсілдерді пайдалану 
–  білім  сапасн  арттырудың  бірден-бір  жолы»  -  деп  атап  көрсеткеніндей,  күн  сайынғы  тіпті 
сағат сайын артып, өзгеріп отырған әлемдік ақпаратқа ілесу, ондағы жаңашыл әдіс-тәсілдерді 
меңгеріп, пайдалана білу бүгінгі күннің мұғалімінен үлкен ізденісті, зор талапты , өз білімін 
жетілдіріп арттыруды қажет етіп отыр. Заманауи жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды 
біліктілікпен  сауаттылықпен  пайдалану  арқылы  ғана,  біз  ұстаздар  сапалы  білім  беруге  қол 
жеткіземіз.  
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  тәуелсіздік  шыңынан  орын  алып,  халық  санасы  жаңарған 
мезгілде  оқушыға  білім  беру,  соның  ішінде  медицина  мамандарын  даярлауда  қоғамдық 
пәндерді  оқыту  талаптары  түбегейлі  өзгерді.  Медицина  мамандарына  қоғамдық  пәндерді 
оқытатын мұғалімнің алдында үлкен жауапкершілік бар, өйткені қоғамдық пәндерді оқыту –
қоғамдағы барлық жаңалықтарды білу, болашақ  саясаткер болу деген сөз. 
Қазіргі  таңда  кеңінен  қолданыс  тауып  отырған  дәстүрлі  емес  сабақтарды  іске  асыру 
кезінде  көптеген  дидактикалық  мәселелер  шешілуде:  оқыту    прцесінің  тәрбие  беру  және 
дамыту  потенциалы  іске  асырылуда,  оқыту  мотивациясы,  теориялық  білімдердің 
практикамен байланысы, студенттердің белсенділігі және оқыту нәтижелерінің беріктігі.  
Когнитивті типтегі сабақтар: бақылау сабағы, эксперимент сабағы. 
Кретивті  типтегі  сабақтар:  эвристикалық  жағдай  сабағы,  іскерлік  ойын  сабағы,  теріс 
сабақ  
(оқытушы орнына оқушы), фантастикалық жоба. 
Ұйымдастыру  іс-әрекет  типіндегі  сабақтар:  консультация  сабағы,  өзін-өзі  бағалау 
сабағы, рефлексия сабағы. 
 Коммуникативті типтегі сабақтар: рецензиялау сабағы, конференция сабағы, «дөңгелек 
стол» сабағы.; 
Жоғарыда  аталған  сабақтарды  жобалау  -  өте  үлкен  шығармашылықты  талап  ететін 
мәселе. Себебі олар студенттердің еркіндігін, ал оқытушыдан үлкен тәжірибені талап етеді. 
Сондықтан  бұл  сабақтарды    жүргізуге  –  педагог  дәстүрлі  сабақтарды  тиімді  өткізіп  қана 
қоймай  оны  толық  меңгеріп,  педагогикалық  қатынастың  ерекше  стилі  қалыптасқан  кезде 
кірісу қажет. 
Дәстүрлі емес сабақтар педагог және студенттерден ерекше үлкен дайындық жұмысын 
талап етеді. Сондықтан сабақ жоспарын дайындау алдында оқытушы: 

85 
1. 
Оқытылып  жатқан  курстың  басты  мақсаты  мен  тақырып  аясындағы 
сабақ орны мен оның жобасының сәйкестігін; 
2. 
Студенттер  санасында  творчестволық  потенциалды,  берілген  саладағы 
студенттер қызығушылығы мен өмірлік тәжірибелерді өзекті ету; 
3. 
Тақырыпқа  жеке  тұлғалық  қатынасты  шыңдау,  оқытушының  өзіне 
қызықты басты мәселелерді табу; 
4. 
Жоспарланған  және  импровизацияланған  сабақ  аспектілерін  болжау 
керек екендігін ескеріп отыруы қажет.  
Медициналық  білім  беретін  жоғары  оқу  орындарында    білім  беру  жүйесі  лекция- 
лабароториялық-  семинар  сабағының  қалыпында  өтетіні  мәлім.  Сондықтан  лекция  – 
лабораториялық  –  семинар  сабағының  негізгі  құраушысы.  Себебі,  лекция  –  лектор 
шеберлігіне  қарай,  тыңдаушыларға  эмоционалды  әсер  ете  отырып,  жүйеленген  ақпаратты 
таратудың экономды түрі. Екіншіден, тыңдаушылардың репродуктивті танымды іс-әрекетіне 
бағытталған, дайын білімді беру үрдісінен тұрады, сондықтан оның кемшілігі – бір адамның 
үлкен топпен монологтық қарым-қатынасы. Бірақ лекцияның да ұтымды жақтары бар, ол – 
басқа да білім беру функциялары лекция функцияларын алмастыра алмайтындығы.  
Практикалық  сабақтарға  тоқталатын  болсақ,  бұл  –студенттермен  практикалық  оқу, 
өзінің құрылымы мен мақсаттары жағынан мектеп сабақтарында – білім бекіту, дағдылармен 
біліктілікті  қалыптастыру  және  жалпы  қайталау  жағынан  ұқсас  келеді.  Практикалық 
сабақтардың жалпы құрылымы да ұқсас келеді. 
Жаңа  технологияны  білім  беру  саласында  тиімді  пайдалану  студенттердің  өзіндік 
жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның келешегі жас ұрпақтың 
қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт болып қалуының кепілі. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет