Тарихты оқытуда көрнекті құралдарды және компьютерлік техниканы пайдалану.
Тарихты оқытудағы көрнекті құралдардың рөлі мен мәні. Шығармашылық ойлау қабілетін
реттеу үшін оқытудағы техникалық құралдарды пайдалану тәртібі. Оқушылардың тарихи
білім алуындағы компьютердің ролі. Тарих пәні бойынша компьютерлік бағдарламалар
құрастыру. Оқушыларға тарихи мағлұматтарды жүйелеу және оны тиімді меңгеруге көмек
беру. Тарихи процестер альтернативасы проблемасына деген қызығушылықтың артуына
байланысты әлеуметтік процестерді модельдеу. Мұғалімнің сабақта котерген мәселелерге
қатысты мағлұмат беру. Бағдарламалық материалды меңгеру қарқыны мен әдістерін
оқушының өз еркімен таңдауына мүмкіндік беру.
Тарих сабағы, оны дайындау және өткізу.
Тарихты оқыту әдістері туралы ұғым. Тарихты оқыту әдістерінің жіктелісіне деген
түрлі көзқарастар. Оқыту әдістерін таңдау критериі. Оқытудың "әдісі" мен "тәсілдер"
ұғымдарының қатынастылығы. Тарихты оқу процесіндегі әдістер мен тәсілдердің танымдық,
тәрбиелік, дамытушылық ролі. Ауызша материал рөлі: әңгіме, образды, сюжетті әңгімелеу,
картиналық және аналитикалық сипаттау, түсіндіру , талдау.
Қазақстан Республикасы тарихы оны оқыту әдістемесін қалыптастыру. Қазақ
халқының тарихы мен мәдениетіне, шығыстық өркениеттің қайталанбас қожайыны
үлгілерінен ұрпақтарына қалдырған бабалар даналығы мен бейбіт жасампаздық
құндылықтарына қызығушылығын арттыруы және құрметпен қарауды қалыптастыру.
Оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпең қолдану, тарихи деректермен жұмыс
істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырмалы талдау негізінде ой-елегінен өткізе
білу дағдыларын оқушылардың бойына-қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: