Қаңлылар жерінде металл өндірісі, әсіресе темір ұсталығы, қола құю, зергерлік ісі дамыған.
Қазақстанның оңтүстігіндегі егіншілікке қолайлы жерлерде қаңлылар отырықшы тіршілік еткен.
Қаңлы елінің жері арқылы Ұлы Жібек жолы өткен, сондықтан қаңлылар бірқатар елдермен сауда қатынасын жасаған.
Қаңлы әйелдері арасында қолөнердің жүн өңдеу кәсібі жақсы дамыған. Олар жүннен киіз басып, иірілген жіптен киім, түрлі төсеніштер тоқыған.
Ғұндар — көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шығыс қу» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сәнби және ұқуан тайпалары кірген. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасаған. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаңюйлерінің қол астына түскен, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкөлден арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты.