Дорогие коллеги



бет8/17
Дата31.03.2023
өлшемі0,56 Mb.
#78098
түріУчебник
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
Байланысты:
Фарм кітап

6. ФАРМАКОТЕРАПИЯЛЫҚ ӘСЕРДІҢ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТӘУЕЛДІЛІГІ
А) ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ, ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде, олардың химиялық кұрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына, олардың молекуласының қалыбына және өлшеміне байланысты болады. Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін, дәрілік заттардың құрылымы қажет. Заттың рецептормен жақындасу дәрежесінен молекула аралық байланыстың беріктігі тәуелді болады. Сонымен, иондық байланыс кезінде, 2 әртүрлі аттас зарядтардың электростатикалық тартылыс күштері, олардың арасындағы аралықтардың квадратына кері пропорционалды, ал ван-дер-ваальстік күштер аралықтың 6-7 дәрежесіне кері пропорционалды болатыны белгілі.
Зат рецептормен өзара әсерлесу үшін, олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі, яғни комплементарлығы өте маңызды. Бұл стереоизомерлер белсенділігінің ерекшеленуімен дәлелденеді. Осылайша, D(+) адреналин артериялық қысымға әсер етуі бойынша L(-) — адреналинге қарағанда белсенділігі жағынан анағұрлым төмен. Бұл қосылыстар молекуланың құрылымдық элементтерінің кеңістікте орналасуымен ерекшеленеді, олардың адренорецепторлармен өзара байланысуына шешуші маңызы бар.
28
Егер заттың бірнеше функционалды топтастары бар болса, онда олардың арасындағы аралықты ескерген жөн. Осылайша, бис-төртіншілік аммонилік қосылыс (СН3)3N+- (СН2)n- N+(СН3)3 -2Х- қатарындағы ганглиоблокаторлық әсер үшін n=6, ал жүйке-бұлшық еттік берілуді тежеу үшін n= 10 және 18 оңтайлы (оптималды). Бұл, төртіншілік азот атомының иондық байланысы жүретін н-холинорецепторлардың аниондық кұрылымдары арасындағы белгілі бір аралық жөнінде мәліметтейді. Осындай қосылыстар үшін катиондық орталықтарды «экрандайтын» (жабатын) радикалдардың да, оң зарядталған атом өлшемі және зарядтың концентрациясының, сонымен қатар катиондық топтастарды біріктіретін молекула кұрылысының да үлкен маңызы бар.
Заттың химиялық құрылысы және олардың биологиялық белсенділігі арасындағы тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, бірдей типті әсерлі әртүрлі топтың қосылыстары үшін оптималдық(оңтайлы) кұрылысын сәйкес келтіру берілген дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторлардың құрылысы жөнінде белгілі бір мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Заттар әсерінің көптеген сандық және сапалық сипаттамалары физико-химиялық және физикалы қасиеттеріне, суда, липидтерде ерігштігіне, ұнтақ тәрізді қосылыстар үшін - олардың еру дәрежесіне, ұшқыш заттар үшін -ұшу дәрежесіне де тәуелді болады және т.б. Диссоциациялану дәрежесінің маңызы зор. Мысалы, кұрылымы бойынша екіншілік және үшіншілік аминдерге жататын миорелаксанттар толық иондалған төртіншілік аммонилік қосылыстыларға қарағанда азырақ иондалған және белсенділігі де аздау.
Б) МӨЛШЕРЛЕР ЖӘНЕ КОНЦЕНТРАЦИЯЛАР
Дәрілік заттардың әсері көп дәрежеде, олардың мөлшерімен анықталады. Мөлшерге (концентраиия) байланысты әсеінің даму жыламдығ, оның айқындығы, ұзақығы, кейде сипаты өзгереді. Әдетте мөлшердің(концентрацияның) жоғарылауымен латентті кезеңі азаяды және әерінің айқындығы мен ұзактығы ұлғаяды.
Бір рет қабылдауға арналған дәрінің санын мөлшер деп атайды (әдетте бір реттік мөлшер сияқты белгіленеді). Тек бір рет қабылдауға rо dosi) есептелген мөлшер гана емес, сонымен бірге тәуліктік мөлшер rо dіе) жөнінде де хабардар болу қажет.
Мөлшерді граммен немесе грам үлесімен белгілейді. Препаратты өте дәл есептеу үшін олардың мөлшерін дененің 1 кг салмағына есептейді (мысалы, мг/кг, мкг/кг). Жекелеген жағдайларда затты мөлшерлегенде, дене беткейінің көлеміне (1м2 -не) сүйенуді жөн көреді.
29
Дәрінің бастапқы биологиялық әсерін тудыратын минималдық мөлшерді табалдырық немесе минималдық әсер етуші деп атайды. Практикалық медицинада орташа емдік мөлшерді бәрінен жиі қолданады, бұл науқастардың басым көпшілігінде препараттардың қажетті фармакотерапиялық әсерін көрсетеді. Егер оларды тағайындаған кезде әсері жеткілікті айқын болмаса, онда мөлшерді жоғарғы емдікке дейін жоғарылатады. Сонымен қатар, заттар ағза үшін кауіпті уытты әсерлер шақыратын у ы т т ы мөлшерге және леталдық мелшерге бөледі.
Кейбір жағдайларда препараттың мөлшері курстық емге көрсетіледі (к у р с т ы қ м ө л ш е р). Бұл әсіресе микробтарға қарсы химиотерапиялық заттарды қолданғанда маңызды.
Егер ағзада дәрілік заттардың жоғары концентрациясын жылдам түзу қажет болса, онда бірінші мөлшер (с о қ қ ы) соңғылардан жоғары болады.
Ингаляциялық жолмен енгізілетін дәрілер үшін (мысалы, наркозға арналған газ тәрізді және ұшқыш заттар) тыныс алатын ауада олардың концентрациясының негізгі маңызы бар (көлемдік процентпен белгіленеді).
В) ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҚАЙТАЛАП ҚОЛДАНУ
Дәрілік заттарды қайталап қолданғанда, олардың әсері жоғарылау жағына да және төмендеу жағына да өзгеруі мүмкін.
Бірқатар заттардың әсерінің ұлғаюы, олардың кумуляциялану1 қабілетіне байланысты болады. Материалдық кумуляция деп ағзада фармакологиялық заттардың жинақгалу түрін айтады. Бұл ұзак әсер ететін препараттарға тән, олар аз бөлінеді немесе ағзада тұрақты байланысады (мысалы, оймақгүл тобының жүрек гликозидтері). Оларды қайталап тағайындағанда заттардың жинакталуы уытты әсерлердің себебі болуы мүмкін. Осыған байланысты, бұндай препараттардың кумуляциялануын ескере отырып, біртіндеп мөлшерін азайтып немесе препараттын қабылдау арасын ұлғайта отырып мөлшерлеу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет