Дјріс сабаќтарыныѕ тезистері


Дәріс № 11. Дәріс тақырыбы



бет11/12
Дата19.04.2023
өлшемі191,5 Kb.
#84748
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
ГРЭ курс лекций

Дәріс № 11. Дәріс тақырыбы: Қазақстанның аймақтарының әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу.

Дәріс жоспары:


1. Территориялық даму - мемлекеттік реттеу пәні.
2.Аймақтық саясаттың мәні және оның негізгі бағыттары.
3. Аймақтық типология және Қазақстан облыстарының даму перспективасы.
Мемлекеттік әлеуметтік – экономикалық саясаттың аймақтық аспектісі бүгінгі күні ғылыми зерттеулердің ең әлсіз зерттелінген объекті болып табылады. Оның негізгі себептері: а) халық шаруашылығы мәселелерін жоспарлы шешудің қағидалары мен әдістерінен бас тарту; ә) өндіргіш күштерді тиімді орналастыру жөніндегі зерттеулерді азайту; б) шаруашылық пен әлеуметтік үрдістерді басқарудағы орталық және жергілікті басқару органдардың функционалды міндетттемелерді өзара бөлісудегі ретсіздік.
Аймақ дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық, демографиялық, табиғи-климаттық, экологиялық, ғылыми-техникалық потенциалы сияқты белгілері бойынша ерекщеленетін административтік-территориялық бірлік.
Мемлекет экономикалық субъектілердің іс-әрекетіне тура әсер етпей жанама реттеуді жүзеге асыра алады. Ал елдің аймақтарының экономикалық-әлеуметтікдамуын, аймақтағы этникалық-экологиялық мәселелерді шешуден бас тарта алмайды, оны шешуге міндетті.
Территориялық реттеу дегеніміз – аймақтық саясатты тиімді жүзеге асыру.
Аймақтық саясат- дегеніміз аймақтың толық потенциалын пайдалана отырып, қарама-қайшылықты жоюға, нашар дамыған аймақтарға қолдау көрсетуге бағытталған шаралардың жиынтығы.
Аймақтық саясат халықтың өмір сүру деңгейі, табысы, жұмыс бастылығы, аймақтардың әлеуметтік – экономикалық даму деңгейінде айқын шиеленісуіне әкелмеуіне байланысты жалпымемлекеттік шешімдерді қабылдау мен іске асыру сияқты мәселелерді қарастырады. Аймақтық саясатты қалыптастырудың негіздері:

  1. Мемлекеттік аймақтық саясатты қалыптастыруда түрлі аудандар халқының өмір сүру деңгейі мен сапасын теңестіру (тұрғындар тығыздығы ( адам/км2), қалалық және ауылдық тұрғындардың арақатынасы, олрдың кірістің бір жанға шаққандағы деңгейі, тұтыну бағаларының индексі, жұмыссыздардың саны, жұмыссыздық деңгейі)

  2. Аймақтық саясатты қалыптастырудың маңызды негіздердің бірі елдің өндіргіш күштерді дамыту мен орналастыруды тиімділеудің объективті қажеттілігі құрайды.

  3. Мемлекеттік аймақтық – экономикалық саясаттын қалыптастырудың анықтаушы факторы ретінде республикадағы тоқырап қалған ауыл шаруашылығы аудандарын, шағын және орташа қалаларын айтуға болады.

Аймақтық саясаттың қажеттілігі:

  1. белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экологиялық, этникалық мәселелерді шешу;

  2. аймақтағы шаруашылықты тиімді дамыту мәселелері;

  3. сол аймақта өмір сүріп жатқан халықтың әл-ауқатын жоғарылату.

Аймақтық реттеудің құралдары:

  1. Өндіргіш күштердің дамуы мен орналасуы жайлы басты схема. Қазақстанда бұндай құжат Совет Үкіметі жылдары бекітілген болатын, нарыққа көу жағдайында бұл құжат қайта қарастырылды. Себебі – экономикады халықты ең басты су, энергия, жылукмен қамтамасыз ету мәселелері туындады. Сондықтан да даму перспективасы жоқ алыс жерледе орналастырылған ауылдарды, поселоктарды, кенттерді халық тығыз қоныстанғань жұмыс орындары бар аудандарға көшіру ұсынылды.

Бұл шараларды ұзақ мерзімде жүзеге асыратын миграциялық саясатқа негізделді.

  1. жекелеген салалардың дамуы және орналасуы жайлы схема.

  2. аудандарды жоспарлау схемасы.

Қазақстан аймақтарын мынадай топтарға бөлуге болады:

  1. Стратегиялық маңызы зор, минералдық ресурстарға бай, елдің экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ете алатын аймақтар: Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан. Осы топтағы аймақтарға мемлекет қолайлы инвестициялық климаты қамтамасыз етуге, инновациялық, индустриалдық дамуына қолдау көрстеуі қажет.

  2. Елдің азық-түлік қорын қамтамасыз ете алатын, ауыл шаруашылық салаларына негізделген аймақтар. Қостанай, Солтүстік, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда.

  3. Депрессивті дамыған аймақтар. Семей, Батыс Қазақстандағы кейбір аудандар.

Аймақтарға мемлекет ауыл шаруашылық өнімдерін реализациялау нарығын дамытуға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға, оған несие, салық жеңілдіктерін ұсыну механизмін дамыту, агроөнеркәсіптік интеграцияны дамыту.
Бүгінгі күні Қазақстанда аймақтық сипатындағы да үш мәселені шешудің қажеттілігі бар: әлеуметтік артта қалған, жекелеген шалғайдағы аудандар, тоқыраған шағын және орташа қалалар және арнайы экономикалық аймақ.Осы мәселелерді шешеу салық салу, кедендік режим, протекция механизмдерін қалыптастыруда бағдарламалы мақсатты көзқарасты және олардың басыңқылығын жалпымемлекеттік қабылдауды талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет