Дәріс № 10. Дәріс тақырыбы: Экономиканы реттеудің қаржы - несие механизмі
Дәріс жоспары:
1. Қаржы жүйесінің мәні, құрылымы, қызметі.
2.Ақша несие – саясатын қолдану ерекшеліктері.
3. Бюджеттік саясаттың экономикалық өсуді реттеудегі ролі
Қаржы жүйесі – мемлекеттің қаржы мекемелерінің жиынтығы ғана емес, сонымен бірге жалпы институцилоналдық тұрғыдан алғанда қаржа жүйесі бұл қаржы мекемелерінің жиынтығы, ал экономикалық тұрғыдан – ол мемлекетте іс-әрекет ететін бір-бірімен өзара байланысты қаржы қатынастарының жиынтығғы.
Қаржы жүйесі мынадай үш бөлікті қамтиды:
қаржы қатынастарының жиынтығы;
ақша қорларының жиынтығы;
басқарудың қаржы аппараты.
Мемлекеттңк қаржылар –мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің иелігіндегі қаржы ресурстарын құру және мемлекеттің жұмыс жасауы үшін қажетті қаржы ресурстарын пайдаланумен байланысты ұлттық байлықтың бір бөлігі мен қоғамдық өнім құнын бөлу және қайта бөлумен байланысты ақша қатынастары.
Мемлекеттік қаржы жүйесі арқылы саяси- экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаржыларды жинақтап пайдаланады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Несие жүйесі дегеніміз жеделдіктің, қайтарымдылықтың, төлемділіктің негізінде ақша құралдарын беру және тартумен айналысатын несие-қаржы мекемелерінің жиынтығы. Ал несие дегеніміз қарыз капиталының қозғалысы. Ақша-несие жүйесінің орталығы болып банктік жүйе саналады, ол екі деңгейден құралады:
Ұлттық Банк (Орталық банк);
Коммерциялық банктер.
Ақша-несие саясатының құралдарын былай топтастыруға болады.
Ақырғы мақсат:
экономиканың өсуі;
толық жұмысбастылық;
бағаны тұрақтандыру;
төлем балансын тұрақтандыру.
Аралық мақсат:
ақша жиыны;
пайыз мөлшерлемесі;
айырбас курсы.
Құралдары:
несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу;
міндетті резвтер нормасының өзгеруі;
есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі;
ашық нарықтағы операциялар.
Орталық банк ақша-несие саясатының келесі мақсаттарын жүзеге асырады:
ақша жинын белгілі бір деңгейде ұстап тұру (қатаң монетарлық саясат);
пайыз мөлшерлемесін ұстап тұру (икемді монетарлық саясат).
Қаржы жүйесінің негізгі буыны мемлекеттік бюджет болып табылады. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің қаржылық жоспары, шығысы мен табыстарының балансы. Бюджет мынадай үш қызмет атқарады:
1) Бөлу қызметі, мемлекеттік бюджетарқылы ұлттық табыстың 20-60 % қайта бөлінеді.
2) Бақылау қызметі, бюджет ресурстарының қозғалысы экономиканың қаржылай жағдайын көрсетіп, оны бақылау мүмкіндігі туады.
3) Реттеуші қызметі, мемлекеттік бюджеттің кірісі мен шығысының өзгеруін, жұмыссыздық деңгейінің азаюын, өндірістің құлдырауын жеңілдетіп отырады, былайша айтқанда, экономиканы тұрақтандыруға жағдай жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |