Әдетте, жеген тамақ орта есеппен бір тәулікте тәрелкеден дәретханаға дейін сапар шегеді, бірақ бұл процестің ұзақтығы организмнің ерекшеліктеріне байланысты, кей жағдайда 8 сағаттан 80 сағатқа дейін болуы мүмкін. Барлық адамдарда ішектің ұзындығы әртүрлі, айырмашылықтар жартысына жуығында болуы мүмкін. Ішегі ұзынырақ келген адамдарда көп калория сіңіріледі деп болжауға болады. Сонымен қатар, мұндай адамдар тағамды сіңіруге көп энергия жұмсайды және сәйкесінше салмақтары аз келеді.
Тоқ ішек асқазан-ішек жолдарының ас қорыту жұмысын аяқтайды. Бұл анатомиялық түрде аш ішекпен арнайы клапандармен байланыста, ол тағамды бір бағытта жылжытуға көмектеседі. Тоқ ішек су балансын сақтайды. Бұл оның басты рөлі. Су жеткіліксіз болған кезде, тоқ ішек суды тамақ қалдықтарынан тартып алады да, олар ас қорытылған кезде келеді.
Қоректік заттар негізінен аш ішекте, ал су негізінен тоқ ішекте сіңеді. Тоқ ішекке әсер ететін іш өткізетін дәрілерді қабылдағанда, біз негізінен судың мөлшерін азайтамыз, бірақ қоректік заттарды емес. Яғни, іш өткізетін дәрілер түсетін тамақ энергиясының мөлшеріне әсер етпейді.
Іштің өтуі
Іштің өтуі – тоқ ішектің бұзылуымен байланысты туындайтын мәселе, ол кезде организмнен көп су кетеді. Іштің өтуі көбінесе инфекциялық сипатқа ие. Іш өткенде организмнен айтарлықтай көп су кеткен жағдайды, шұғыл медициналық көмек қажет болуы мүмкін.
Іш өтудегі тағы бір себеп – бариатикалық операциядан кейінгі асқыну болуы мүмкін. Мұндай хирургиялық араласу, кейде салмақ жоғалту үшін қолданылады. Бұл операцияның мақсаты - тағамның асқазанды айналып өтіп, ішекке енуіне септік етуі. Шын мәнінде, мұндай шоғырланған ашытылмаған тағамның көп мөлшері, тоқ ішектің сол жерден мүмкіндігінше көп су шығаруға тырысып, іштің өтуіне әкелуі мүмкін. Мұны демпинг-синдромы деп атайды. Іштің өтуі ішектің қабыну проблемаларын, тамақ интоксикациясын және басқа да бұзылуларды тудыруы мүмкін.
Ал антибиотиктер ше? Олар жіңішке аш ішектің бүрлеріне улы әсер етуі мүмкін. Менің ойымша, тағы бір маңызды себеп – антибиотиктер микробиоманың пайдалы бактерияларын өлтіруі мүмкін. Осының салдарынан, пайдалы ішек бактериялары қатысатын ас қорыту процестері бұзылады. Нәтижесінде іштің өтуі өрбиді. Не істеуіміз қажет? Пайдалы бактерияларды пробиотикалық сусындармен қалпына келтіруге болады, оның ішінде ашытылған сүт пен басқа да тағамдар бар. Осындай өнімдердің бірі – сау ішек микробиомасын қалпына келтіруге көмектесетін, Lactobacillus rhamnosis сүт қышқылы бактерияларының оңтайлы концентрациясы бар SimbAD симбиотикалық сусыны.
Осылайша, егер іштің өтуі орын алса, ең бастысы емді су балансын қалпына келтіруден бастау. Ең алдымен, организмге жеткілікті мөлшерде су қажет. Екіншіден, минералдар мен көмірсулар түрінде электролиттердің қажетті мөлшерін қамтамасыз ету маңызды. Әдетте, бұл регидрон сияқты балаларға берілетін арнайы ерітінділер.
Организмді көмірсулармен қамтамасыз ету оп-оңай – оған қайнатылған ақ күріш пен картоп секілді оңай сіңетін тағамдарды алсақ болады. Ал сұлы жармасы мен талшықтары көп тағамдардан аулақ болу керек. Кейбір науқастарда қанықпаған майлардың сіңуінің бұзылуы дамиды. Бұл жағдайда сіз орташа тізбекті майлары бар арнайы функционалды өнімдерді қолдана аласыз.