Дуйсенова Нургуль Кенжегалиевна Педагог-психолог БҚО, Бөкей ордасы ауданы, Бисен ауылы, «Б. Жаникешев атындағы жоббм»



Pdf көрінісі
бет11/15
Дата06.01.2022
өлшемі432,15 Kb.
#11817
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Дуйсенова Н. К.Мұғалім тұлғасының эмоциялық күйреуінің алдын алу

«Терең демалыңыз» жаттығуы 

Өзіңізді  эмоциялық  жайсыз  сезінгенде,  қалай  демалатыныңызды  жай  ғана  тексеріп 

көріңіз. Тыныс алу үш фазадан тұрады – тыныс алу – тыныштық - тыныс шығару. Өте қатты 

ашуланғанда,  мазасызданғанда,  жүйкеңіз  қозған  кезде  былай  тыныс  алу  керек.  Тыныс  алу  - 



тыныштық -тыныс шығару. 5 секундтан бастаймыз. Көреміз! 

Бұл  ырғақта  ұзақ  тыныс  алу  керек  емес.  Нәтижесіне  қараңыз.  Әр  фазаның  ұзақтығын 

үлкейтуге  болады.  Жалпы  тонусты  көтеру  үшін  күшімізді  жинап,  мына  фазаға  ауыстырамыз. 

Тыныс алу - тыныс шығару - тыныштық. Қане, көреміз! 

Бұлшықетті жиыру тәсілін үйреніп алсаңыз, жүйке-психикалық күшті түсіруге мүмкіндік 

аласыз. Жақсы босаңсытуға қол жеткізу үшін, қатты жиыруымыз керек. 

«Лимон» жаттығуы 

Мақсаты: бұлшықетке күш түсіру мен босаңсыту жағдайын басқару. 

Жайлы  отырыңыз:  қолыңызды  тізеңіздің  үстіне  қойыңыз,  (алақанды  жоғары  қаратып, 

басыңыз түсіңкі болсын). Ойша елестетіңіз, сіздің оң қолыңызда лимон жатыр. Оны жайлап сыға 

бастаңыз.  Сөлі  шығып  біткенше  жасаңыз.  Босаңсыңыз.  Түйсінуіңізді  есіңізге  сақтап  қалыңыз. 

Енді, лимон сол қолыңызда деп ойша елестетіңіз. Жаттығуды қайталаңыз. Тағы да босаңсыңыз 

да  өз  түйсінуіңізді  еске  сақтап  қалыңыз.  Содан  соң  жаттығуды  бір  мезгілде  екі  қолмен 

орындаңыз. Босаңсыңыз. Тыныштық жағдайынан ләззат алыңыз. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет