КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Бүгінгі таңда ондаған прозалық кітаптардың, жиырмаға жуық прозалық шығармалардың, жүзден аса эссе, мақалалардың, сондай-ақ көптеген кинофильмдердің сценари авторы болып табылатын, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, тұғырлы тұлға, әрі көрнекті жазушылардың бірі Дулат Исабековтың суреткерлік таланты, негізінен, повестері мен прозадағы шағын жанр әңгімелері арқылы танылды десек артық айтқанымыз емес. Зерттеуде – жазушының шығармаларындағы кейіпкерді суреттеу шеберлігін, кейіпкерлердің психологиясын, көркемдік ерекшеліктерін, қоғам шындығын (Д.Исабековтың шындығын) қарастырамын.
Дулат Исабековтың шығармалары туралы сөз қозғамас бұрын жазушы өзіндік қолтаңбасымен жазылған туындыларымен ерекше үлес қосқан осы кезеңдегі әдебиеттің жай күйіне қысқаша шолу жасай кеткенді жөн көрдім. Мезгілі жағынан жиырма жылдан астам уақытты қамтитын бұл дәуірде Қазақстандағы әдеби қозғалыс ерекше қарқынмен жүрді. Қаламгер, ақын-жазушылардың қатары көбейді. Әдебиет жанрының түрі бір-бірімен қатарласып, тепе-тең дамыды.
Түрі мен жанр ізденсітер арқылы даму сипатына ие болды. Ал сол кездері жазылған көркем дүниелердің өзіндік ерекшеліктеріне барлау жасасақ, төмендегі жайттар басты назарға ілінеді.
Ақын-жазушылар тарапынан халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы ерлігін көркемдік тұрғыдан зегрттеген, қаһарандық жасау психологиясын, философиясын ашуға ұмтылыс жасалды. Ұлы Отан соғысы тақырыбы жастық жағы сол кздге сәйкес келген ұрпақ өкілдері Б.Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» (1967), Н.Ғабдулиннің «Жігер» (1983), М.Мағауиннің «Бір атаның балалыры», С.Муратбековтың «Жабайы алма», Д.Иабековтың «Біз соғысты көрген жоқпыз» повесть. Романдарында көрініс тапты.
Прозада лирика мен эпика, реалистік, романтикалық әдістер үйлесіп, дерек пен ойдан шығару түйіндесіп жатты. Ә.Әлімжановтың «Отырардан келген сыйлық» (1964), «Махамбет жебесі» (1960), О.Бөкейдің «Қамшыгер» (1970), «Ән салды шағылдар» (1978), Т.Әбдіковтың «Ақиқат» (1978) С.Елубаевтың «Ойсылқара», Т.Жармағамбетовтң «Соңғы хат» (1974), Ә. Кекілбаевтың «Дала баллладалары» (1957), «Шыңыра» (1982), Д.Исабековтың «Қарғын» (1980), «Тіршілік» (1975), М.Мағауннің «Көкмұнара» (1972) жинақтарында жанрлық стильдік ізденістер байқалады.
Қазақ прозасы тарихи тақырыпты кең құлашпен игере бастады. Рухани өмірімізде мұндай серпілісттің болу себебі, халықтың өз тарихы мен ежелгі болмысын жетік білуі керек екендігіне байланысты еді. Қатпары қалың тарих І.Есенбериннің «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Жанталас» (1973), «Алтын орда» (1982), Ә.Кекілбаевтың «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) т.б романдарында көркемдік ерекшелігін тапты.
Мен қарастырып отырған Дулат Исабеков шығармаларының көркемдік ерекшелігі дипломдық жұмысқа арқау болуын зерттеу жұмысының өзектілігі деп білемін.
Достарыңызбен бөлісу: |