РОМАННЫҢ КОМПОЗИЦИЯЛЫҚ-ТІЛДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Көркем әдебиеттің бар жанрының ішіндегі ең күрделісі-роман. Демек, өмірдің сан қилы құбылыстары, кейіпкердің бар өмірі мен ол өмір сүрген орта, романда толық қамтылуы тиіс сияқты. Шын мәнісіндегі көркем шығарманың құны, бас-аяғы бүтін, өмірдің тұтас бір құбылысын суреттей бейнелеуінде. Атақты сыншы Белинский өзінің еңбектерінде:
«Көркем шығарманың өзі – дара қасиеттері, ішкі сыры бар, өзіңдік бір өмір болсын», - деген.
«Көркем шығарма жанды организм, ал оның бөлшектері сырттай қиюласып қана қоймай, іштей жанды байланыста жымдасып жататын болсын», - деген, Лев Толстой.
Демек, «жанды организм» - шығарманың бас аяғын тұтастырып тұратын композицияның атқаратын қызметі үлкен екен. Осындай талап тұрғысынан қарағанда «Қара шаңырақ» романының композициялық құрылысы жатық, көңілге қонымды шыққан.
Романда қазақ халқының белгілі бір даму кезеңі қамтылады да, онда әлеуметтік, семьялық және әдет-ғұрыптық мәселелер, саяси-әлеуметтік сан алуан оқиғалар кеңінен суреттелінеді.
Сонымен бірге, жарыса суреттелінетін оқиғалар бір-бірімен тығыз байланыста, шиеленіскен тартыс үстінде дамып отырады.
Романның сюжеті өте тартымды. Мысалы:1/
«Аспан ашық, жер жайнақы. Кең сахараға биік жонның басынан көз жіберіп, мөлдір әуені сіміре, әсем бозбен жортып келе жатқан Аманды осы сағатта ең жақсы сезімдер билеп алып еді. Төбесінде аспанға шығып алып шырқаған боз торғайдың үні-бойды балқытқан сұлу әндей, артына бөктерген көк кұладын-белдесуге жоқ, сырттан кіжінген күншілдердей еді».
М.Горькийдің айтуынша сюжет дегеніміз:1/
«Связи противоречия, симпатии, антипатии и вообще взаимоотношения людей-истории роста и организации того или иного характера, типа».
Демек, көркем шығармада белгілі бір жүйемен келген оқиғалар тізбегі мен сол оқиға жемісіне қатысатын адамдардың қайғысы мен қуанышы, өзара қарым-қатынасы, олардың арасындағы тартыс, шығарманың жанды өзегі болып табылады екен. Романда тартыс мәселесі тамаша бәрілген. Мысалы:
-Ха-ха-лап, Еркембай күліп жіберді. Күлсе де беті ызалы, сұп-сұр. Манадан жия-жия іші толған екен, төтеден тиіп, төге сөйлеп кетті.
-«Халықтан алыстай көрмеңіз» дейді-ау! Қандай өркөкірек. Кімге айтып отырсың!? Емшек табы аузыңнан кетпей жатып, әкеміздей кісіге солай деуге ұялсайшы щіркін. Болды, жетті. Қазақ көшін басқарушылар бар. Сен әуелі өз атыңнның тізгініне ие бол !»...
-«Мен басалқы айтқалы келгемін жоқ, шақырған соң келдім. Ағат кеткен жерім болса, ойланайын, сіздер де ойланарсыздар. Ой мен ел ешкімнің еншісіне берілмеген. әркімнің-ақ «ойым» деуге хақы бар, - деді де Аман орнынан тұрып жүре берді.»
Романның алғашқы бетін ашқан сәттен бастап, біз шығарманың басты кейіпкері Аманмен танысамыз. Сол алғашқы беттерден бастап, романның экспозициясы қанат жайып, өрбіп, Аманның іс- әрекеттері арқылы дамып отырады.
Жазушы бізді негізгі кейіпкерлермен бірге, жанама кейіпкерлермен де біртіндеп іс- әрекет үстінде таныстырып отырады. Сол қимыл үстінде әрбір кейіпкердің арманы мен мақсатын да, құяр арнасын да, аңғарып қалғандаймыз.
Автор қазақ ауылының өмірін суреттеу үстінде, сол ауылдағы әлеуметтік оқиғалардың келесі мәселелеріне тоқталады. Ол – ауылдағы кедейлер мен бай- жуандардың арасындағы қырғи- қабақтық, тап-тартысы.
Міне осы жайды Д.Исабеков шын көркемдікпен танытады. Мысалы: 1/
«Үй үш қанат екен : киіз, қап-қара тозығы жеткен, шоқпыттан жамаса да, шұрқ-шүрқ, қай тесігінен қарасаң да дала көрінеді. Нан, қант, шай дегенді көрмейді. Ет, май атымен жоқ. Қарағаны – жалғыз сиырдың сүті».
Жазушы осы бір оқиғаны суреттеу арқылы, сол кездегі кедей-жалшылардың аянышты халін, әлеуметтік теңсіздіктің бетін ашады. Романдағы оқиғалар бірте-бірте шиеленіседі де, ілгері қарай дамып, шешіле түседі. Мысалы: 1/
-... Ауылды Кеңестендірейік дегенде партия ауыл тағдырын сіздердің қолдарыңызға бермек-ті. Міне берілді, - деп құашағын жая алдындағы топқа меңзеді. Ұзын, қайқыш кірпігінде күлкі ойнайды.
- Бай ел басқарудан, жер қожалығынан мүлде қалды. Бас сауғалай бастады. Нәптан дәметкені көп еді, алғаны аз. Сол аздың өзін құрастыру керек. Біз бұдан ары шабуылды күшейте бермекпіз.
Романның көркемдік жағын сөз еткеңде, алдымен көзге түсер ерекшелік – шығарманың тілі. Д. Исабековтің қай шығармасын алсақ та, тілі орамды, көңілге қонымды, әсерлі болып келеді.
Әдебиетші З.Қабдолов : 2/ «Жазушының тілі шұрайлы, сөздік қоры мол болуы керек. Бұл – қалам иесіне қойылар бұлжымас талап», - деген.
Біз енді романның тіл ерекшелігіне келетін болсақ, басқа жазушыларымыз тәрізді Д. Исабековнің де сөйлем құрауында өзіңдік ерекшелік бар. Мысалы : 3/
«Ей, байекендер, жуанекендер, нәмпандар! Жетер енді тәлкегің! Бармайды Күлпаш. Жібермеймін мен».
Белгілі мақсатқа негізделіп құрылған осы тәрізді инверсиялық тәсіл геройлардың мінез – құлқын, психологиялық ерекшелігін, күйініш-мақсатын айқындау үшін өте қажет. Осыны жазушы дұрыс пайдалана білген. Жазушы романдағы кейіпкерді әрқайсысының ой-өрісі, мінез-құлқы, көзқарасы, білім дәрежесіне лайық сөздермен сөйлете білген. Жағымсыз кейіпкерді сәйлеткенде автор олардың аузына мәнсіз көнерген мақал-мәтелдерді, рушылдық, жікшілдік ұғыммен байланысты сөздерді, көнерген грамматикалық формаларды қолдандырады. Мысалы:
Оттайды ағайын. Өңкей дорақ! Бар болсаң көре алмайды. Жоқ болсаң асырай алмайды. «Есектің бірдемесін жусаң да мал тап»-деген. Мен соны білем..
Романдағы оқығансымақ, жағымсыз кейіпкерлерді суреттегенде олардың сөйлеген сөздеріне, орыс сөзі мен қазақ сөзін араластырып келтіреді, екі тілді де шала білетін мақтаншақ, тоғышар етіп суреттейді.Мысалы:
-Әлін білмейтін набитый дурак!- дейді Сайлаубек.
Сонымен бірге романда мақал-мәтелдер, қалжың, метафора, эпитет, теңеу, диалекті, архайзм, кейіптеулер- өз орнымен қолданылып, оқушы жұртшылықты сүйсіндіріп отырады.
Тілші Әсет Болғанбаев:
«Д. Исабеков қазақ халқының ежелден келе жатқан даналық сөздерін, мақал- мәтелдерді, фразеологиялық тіркестерді, белді ақын- жазушылардың қанатты сөздерін көп біледі. «Қара шаңырақ» романының бір өзінде 200-ден астам осындай сөздер кеадеседі,- деген.
Д. Исабеков өзінің шабытты ыстық сөзімінен мақал- мәтел типтес көптеген жаңа қанатты сөздер тудырып отырған. Мысалы:
« Адам-тас емес, тас та өзгереді.» 113-бет. « Іш қарын майлы ас жемей жұбанбаса, аш көңіл де тоят іздемей тұра ма?»
141-бет.Қырық жасаған тақыр басқа, сел құйса да, шөп шықпас!» 148- бет. «Қартайса- қыран көзі де бұлдырар. Жар тойса – жалынды жүрек те суынар». 363-бет. «Отыра қалғанды ит те қаппайды». 407-бет. «Жаман кұйеу қалыңдығына өкпелесе, қайнағасына сәлем бермейді». 424 – бет.
Достарыңызбен бөлісу: |