Дулат Исабеков шығармаларының тақырыптық-көркемдік ерекшеліктері


ІІІ Д.ИСАБЕКОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ОБРАЗДАР



бет7/9
Дата07.04.2022
өлшемі140,58 Kb.
#30279
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ІІІ Д.ИСАБЕКОВ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ОБРАЗДАР
Әдебиет туралы жалпы түсініктердің бәрінің келіп құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымның ең басты және өзекті мәселесі –образ және образдылық. Бұл мәселені дұрыс түсіну үшін, әуелі әде-биеттің обьектісі – өмір болғанда, предметі – адам екенін ескеруіміз керек. Образ дегеніміз – суретті сөз. Ал, образдылық дегеніміз –суреттілік, сөздегі сурет. Образ жасалу тәсілдеріне қарай бірнеше

топқа бөлінеді. Көркем әдіс тұрғысынан келгенше, образ екі түргебөлінеді.

1/ Романтикалық образ. 2/ Реалистік образ.

Романтикалық образ – қай жанрдың туындыларында болса да молынан кездесетін, образдың дәстүрлі, қалыптасқан түрі. Реалистік образ - әдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Мұның сымбаттылығы да, шынайылығы да шын- шылдығында; бұл – кәдімгі өмірде болған, бар және бола беретін, бірақ қайталанбайтын, әрқашан бұрын сонды белгісіз тың қырынан

көрініп, ылғи жаңарып отыратын тип. Реалистік образ – типтік образ. Ол бізге күнде көріп жүрген етене таныс секілденгенмен «таныс», «бейтаныс», көптің бірі көрінген- мен – бірегей. Өйткені, өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамнан

жинақталып және творчестволық қиялға «сусындап шығарылған». «Кең тынысты шығарма»атты мақаласында, әдебиетші Т.Нұр- тазин:

«Ғабиденнің кейіпкерлерді типтендіру, дараландыру әдістері ұтымды. Романда санқилы кейіпкерлер бар. Солардың бәрі дә өздері- не тән сипатымен, мінезімен көркімен көрініп жатады. Автор рома- нында алдымен заманның сол кереметтей сырын ашады да, жағымды, жағымсыз геройлары революциялық өмір өткелінде я өрлеу, я құлды- рай құлау үстінде көрсетеді. «Қазақ жұмысшы табының, өндіріс озатының және колхоз даласы еңбеккерлерінің образын жасауда Исабеков творчествосы- қазақ әдебиетінде ерекше орын алады», - деген, «Саңлақ суреткер» атты мақаласында, профессор Х.Сүйінішәлиев.

Шығармада тартысқа түсіп, оқиғаның басынан аяғына дей- ін қатысатын бас кейіпкерлердің бірі – Аман, Аман – партия тәрбие- сінің арқасында ғана әлеуметтік жұмысқа араласып, қарапайым ха- лық өкілдерінің көшін бастайтын дәрежеге дейін көтеріледі. Аман- білімі бар, талантты, мақсаты мол жастың бірі.

Автор Аманың өсу жолын бірдей емес, бірте-бірте даму үстінде көрсетеді. Романның алғашқы тарауында, аңшылықпен уақыт өткізіп, шегі жоқ қиялмен ойдан арыла алмай жүрген Аманды суреттеуден басталады: «Боз атты жасөспірім – кәдімгі Сапардың Аманы екен. Тал шоқпары иығында, жетпесе де, ұруға дайын келеді. Тымақ ауын дауылдатып, құлағын жымита аулаған шаңқан боздың шабысын місе тұтпаса керек, басынан аса секірердей ерінен көтеріле, ұмтыла береді алға».

Аман әзірге әлеуметтік өмірден бейғам, бірақ, өмір туралы көп ойлап, аз сөйледі. Дүниедегі барды білуге жаны құмар. Жазушы Аманның портретін нанымды етіп, әдемі суреттеген:

«Ол - әдетте аз сөйлеп, көп тындайтын бұйығылау, ұялшақ жігіт. Әйтсе де бойында қайрат бары өңінен анық байқалады. Қалың дөңістеу біткен қабағы, байсалды бүркіт көзі жұқалаң ақшыл жүзіне айбат та, келбет те беріп тұр». Алғашқыда жұрт Аманға жасық, өнерсіз деген атақты жапсырып жүрді. Мұны Аманның өзі де сезетін. Аманның ішкі сезімін жазушы былай суреттеген:

«Өз қатары әлдеқашан араласып кетсе де, ол әлі де тар- тысқа, топқа енген жоқ, оңаша өз ойымен жүр. Сырты тыныш кө- рінгенмен, іші мазасыз. Өмірде кездескеннің, күмәнсіз дегендердің талайына күмәнді, қоятын сауалы бар. Неге олай? Былай болса, - қайтеді? Егер тіпті балмаса, - қайтер еді?.. – деген сан сұрауларына жауап таппай келеді. Ойлы жігіттің айтсам дегенінің көбін аз тәжі-

рибе, шағын білім айттырмай жүрсе, біреулер сырттан оған «жақсы», «өнерсіз» деген атақ жапсырып жүр». Аманың алғашқы рет бейғам көңілін оятып, от жаққан, Ақмоладан Кеңес қызметімен елге шыққан партия қызметкері Жұ-

Мабек Ералин және ұстазы – Алексей Фёдорович Песик. Жұмабек Аманға:

- Алдымен ауылдан тап жігін ашу қажет. Қазақтың жалшы кедейінің көпшілігі жауы кім екенің әлі білмейді. Шәкен екеуің тө- белесіп жатсаң, оның жалшылары саған жабылады. «Жауың бай» дегенді жалшыға әмен ұғындыру керек. Ұғынбаса, басына тесіп құю керек. Өйтпейінше ешбір іс алға баспайды, - деп саяси кеңес береді. Жұмабектің сөзін ұғынған Аман өзінің ішкі ойын айтады:

Бекбай –жұмысшы, Танаш – коммунист, Әдхан – жалшы болатын. Үшеуі ұтылғандай, бірінен соң бірі алысты Шәкенмен. Ақы- рында Шәкен сауырлап бірін елден қуды. Менің елден кеткенім кел- мейді. Әкем өз тұсында қиянаттарға көне алмай, не түзей алмай, дін жолына түсіп кеткен тәрізді. Мен ол жолға түсе алмадым.«Тек жүрсең, тоқ жүресінді» мықты үстадым. Жұйрік атым, жақсы тазым, жігіт ша- ғым бар. Солардың қызығымен жүрмін. Әйтпесе Абайша күңіреніп өтер ме едім, кім біледі? Бақ , дәулет, ақыл бірден қонған Абайға бой бермеген бұл қазақ бізді шопақ құрлы көре ме? Бұл сөздерінен Аманның ішкі сезімін, өзінше түйген ойын, өмірге деген көзқарасын көреміз. Өмір ағымы әлеуметтік істен сырт қалып жүрген Аманды тартысқа түсірмей, «тек жүруге» қоймайды. Әлдінің әлсізге жасаған зорлығын көре отырып, бойын тасалап қалмай, күреске өзінен-өзі келіп килігеді. Малқар болыстың адыраң- даған шабарманы Шөгел, лауға деп, Сыздықтың жалғыз атын сіңі- ріп кетпек болғанда, оны жұрт көзінше масқаралап, соққыға жығып, Сыздықтың атын қайтарып береді. Жазушы осы жерде Аманның көңіл-күйін, сыртқы бейнесін өте тамаша суреттеген: «Ашылмаған қыз мінез Аманның өңі енді тіптен суық; қанын ішіне тартып алған, сұп-сұр, қызғылт көзінде нажағай ойнайды, қалың қабағы жауар күндей түнеріп кетіпті. Дәл қазір ештемеден тай- ынар емес, төрдегілерге тайсалмай, тұра қарап тұр». Шамданып қалған Малқар болысқа:«Кімнің жағасы болса да, жыртуға тура келеді! «Қолың- нан екі келсе, бірін қыл» - дегенді аңғартқан соң, топты жарып, еркін басып, шығып кетті». Осы бір үзіндіден әлді мен әлсіздің алғашқы рет тартысқа түсіп, әлдінің жүні жығылып, әлсіздің көңілді демегенін бай- қаймыз.

Бұл – Аманның алғашқы рет озбырлыққа келіп, әлеуметтік күреске түсуі еді. Аманның бетін байқаған Шәкен сұм енді оны ескі әдетімен өзіне тартып, арбап, алдамақ болады. Міне тұр, деп жүйрік атын береді. Шәкеннен осындай құрмет көрген Аман:

-Жазы-қызы қонысымыз бір болса да, білмейді екеміз, жаңа білдім. Ақылды кісі, рахымды кісі. Жұрт: «Қатаң, паң, ағай- ынға қайырымсыз» – дейтіні қайда?.. деп, Әлжаннан Шәкенің жай- ын сұрайды.

Осы жерде Аманның ақкөңілдігін, жастығын, сенгіштігін жазушы нанымды суреттеген. Аманның алданғанын білген Әлжан: «Мырзаның есігінде бақандай он жылым өтті. Сырын әб- ден түйгемін». Жақын жүрсең, сені әркімге айтақтайды. Алыс жүр- сең, әркімді саған айтақтайды, - деп, Аманға сақ жүр дегенді аң-

ғартады. Аман енді Шәкеннің залымдылығын, айлакерлігін түсініп, үстем тап өкілдеріне қарсы, ашық күреске шығады. Оны біз Аманның Алексеймен сөйлескен сөзінен байқаймыз: - Жоқ, енді онымен қала алмаймын! – деді Аман. Осы сөз дәл көмейіне келіп, кептеліп тұрғандай, аузын ашқанда атып шықты. - Қарап жүріп сотталғанша, қырқысып жүріп сотталайын, олар соттатпай қоймайды... Шәкеннің шабарманы жылпос Жақын, Әлжанның жерінен баса шөп орып, зорлық көрсеткенде, Аман екінші рет тартысқа түседі. Шәкенді бетке ұстаған Жақыпқа:-Байқаңыз, тым соқтыға бермеңіз кедейге. Шоқ басқан тайлақтай боласыз бір күні – деп батыл жауап берді. Аман өз болашағы коммунистермен бірге екеніне көзі же- теді де, ауылда жастардың ячейкасын құрады. Аман қиялшыл да күрескер. Жазушы оны өмір сынына салады. Аанды құрту оймен Малқар болыс Аманды түрмеге жатырады. Бұл жағдай Аманды жасытқан жоқ, қайта ширата түседі. Мысалы, Аманның Әдханға айт- қан сөзін алайық:

Мені: «Кітап оқуға келіп пе едің»? – деп қағытасыз. Оқы- маған сіздің халқыңызды, оқымаған елдің халін көріп тұрып, оқымас- қа амалым жоқ. Надандық Малқардан әлдеқайда күшті жау екен. Бізді осында қаматқан – Малқар емес, өзіміздің жалшы, кедейлер. Бірі үстімізден арыз берсе, бірі куә болады. Сөйтіп, Малқарға жеңіпбереді. Кеңес өкіметін байлардан шын қызғансаңыз, шындап оқу керек. Онсыз Кеңес өкіметіне қанша доспын десеңіз де, достығыңыз аю мен адамның достығы тәрізді».

Қудалауға түскен Аман Ақмолаға барып, Кеңес қызметкер- лерін дайындайтын курсқа, оқуға түседі. Аман жолдастарына да ақыл- шы, Ізбасарға жазған хатында: «Қазақ көзіне шел болып байланған надандықты сылыса, қазақ аяғына кісен болып саналған ру, ақсақал, дін дәстүрлерін қи- ратса, лезде қабырғалы елдердің қатарына қосылып кетер едік-ау! Сылу, қирату оңай болып па ! Көне беру одан да киын. Ал сылыған, қиратқан күнде ішке қатқан ескі даттар тазарғанша қашан! Оқуда жүргенде Аманды сыртынан халық, болыстық ко- митеттің мүшелігіне сайлайды. Біз Аманның барған сайын ширай түсіп, біліміне ақылы сай, парасатты азамат болғанын, романның өң бойынан көріп, қуанып отырамыз. Сөзіміз дәлелді болу үшін, Аманның ұстазы Алексей Федоровичтің сөзін алайық: - «Баласы болған сайын, әкесі сүйсіне түседі, - деді Алек- сей Фёдорович, - ұстаз да шәкіртіне сол сияқты екен. Мен саған қатты сүйсініп отырмын. Аманчик. Есінде болсын, жемісті ағаш- тың басы иіліп тұрады. Жемісті болғың келсе, кішік бол». Аман оқуын бітіріп, болыстық милиция бөлімінің бас- тығы болып елге оралады. Оның еңдіг өмірі, үлкен әлеуметтік оқиғалардың, таптық саяси күрес – тартыстардың ортасында өтеді. Бірде кедейдің байға кеткен есесін әсіресе, енді бірде жер дауын немесе жесір дауын шешуге тұра келеді. Малға сатылған, еріксіз кеткен әйел, барымтаға аяқ артар көлігі немесе бала-шағасына көже қатық боп отырған жалғыз сиыры кеткен жетім-жесір кедейлер – бәрі де Аманды паналап, ақыл кеңес сұрайтын болады. Осындай ірі- ірі саяси, әлеуметтік мәселер тұсында, ол ауылда Кеңестің әділ заңын жүргізуші, партия саясатын жүзеге асырушы ретінде көрінеді. Күрес күндерінде оның бұғанасы бекіп, ойы да, бойы да биіктей түседі. Бір кезде республикалық мекеменің бірін басқарған ұлтшылдық ниеттегі Жондоспен де, ол қаймықпай айтысады. Қазақ халқы үшін жайлауға шығудан, көшпелі өмірден артық рахат жоқ деген Жандосқа Аман: «Мен жайлауға қарсы емеспін, жайлаушылдыққа қарсымын... Бай, тіпті орташа мал жая келсін. Ал, кедейлер соларға көз сүзүден басқа не бітіреді? Менімше, қазақтың көшімпаздығы көшқұмарлықтан емес, лажсыздықтан... Қайта көшпелі елдің күні оларға күнде түседі»,- деп қарсы шығады. Әрине, бұл орынды да дәлелді пікір, ойы, саяси көзқарасы өскен, парасатты адамнан шығатын сөз. Жазушы әсіресе залым, айлакер Шәкен мен Аманның ара- сындағы соңғы тап тартысын, яғни Аманның алдында барлық зұлым- дығы ашылған мүсәпір Шәкеннің сорлы бейнесін нанымды етіп, ке-

лістіре суреттеген: -«Сіз күресті бір де тоқтатқан емессіз. Тек тәсілін өзгерттіңіз.Ар-ұятыңызға салып сұрасам, Шалабайдың қашқын болуына, Қалқаның қаза табуына қатынасым жоқ дей аласыз ба? Алтай-Қарпықтыңжуандарын жасырып жинап алып, Жақыпты болыс малайы бар кемінде жүз арыз түскен шығар. Соның бірі ғана шын болса, мені сутүбіне жіберуге жарайды. Рас, маған істеген азын-аулақ жақсылығыңызболды. Ұмытқам жоқ. Бірақ, сатулы жақсылық екенін, кейін білдім.Өте қымбатқа сатыпсыз. Сондықтан өтей алмадым. Бұның бәріне өзіңізсұраған соң айтып отырмын. Әйтпесе кінә салыстырудың керегі не.

Сіз бен біздікі, сайып келгенде, бас араздық емес, тап өшпенділігі ғой». Айналада болып жатқан өзгерістердің бәріне де Аман осылай-ша, нағыз коммунистік, партиялық тұрғыдан әділ баға береді. Аман, өзімен бірге оқып шыққан, ауыл кедейлері Әлжан, Нұрғали, Қасен, Таймас, Тоқабайларға да саяси сауаты жағынан, ұстаздықетуге жетіп қалған күрескер дәрежесіне дейін көтеріледі. Аманның Шолпанға деген махаббаты, бәрінен биік, таза, мөлдір. Ол қанша ШолпанғаШәкеннен ажырас, бірігіп өмір сүрейік десе де, Шолпан оны сүйгенімен, ескіліктің шырмауынан, қатып қалған заңынан аса алмайды. Аманның Шолпанға деген махаббаты өшуге айналғанда, сол махаббатты жа-лындатқан Күлпаш болды. Романның сонында Аман мен Таймас Шол-панның өлімінің үстінен шығады. Осы жерде жазушы Аманның Шол-панға деген аяулы махаббаттын өте аянышты белгілеген:Шолпан! Шолпан!.. Әттеген-ай, әнтек бұрын келсемші!.- деп Аман сылқ отыра кетті де, еңіреп жіберді. Шолпанда дыбыс жоқ,қан жүрегінен жылымшылап ағып жатты. Шәкенді алдына салып Әдханүйден шықты... Романның соңында Аман уездік басшылық қызыметіне тағайындалады. Романдағы Аман образы жайында, сыншыларымыз көбінесежақсы қорытындыға келген. Мысалы: «Қара шаңырақдегі» Аман Сапаров бейнесі сияқты бірнешекейіпкерлер, бұған дейін Исабеков жасаған Мейрам, Шербаков, Жо-март, Шығанақ, Жанат бейнелерімен қатар тұрады, - деп, қорытындығакелген, «Парасатты зерде» атты мақаласында, үлкен сыншы М.Қаратаев Жазушы Ә.Көшімов «Көңіл күйі келгенде» атты мақаласында:

«Аман жайында оқырман, «жақсының тіршілігі ортақ» дегенқорытындыға келеді», - деп жазды. «Аман бейнесі – сәтті шыққан образдардың бірі деп жазды,әдебиетші Б.Сахариев.

«Аман образының тартымды жағы – оның жалаң күрескерғана емес, ел өмірінің сырын, өзгерістің әлеуметтік себептерін дұрыстұсініп, қоғам дамуының болашағы жайлы ойлана білетіндігінде», -деген.

Аман әлеуметтік кең көлемде реалистік тұрғыда суреттел-генімен, оның ішкі дүниесі, күйініш-сүйініштері, махаббаты жайлыроманда терең көрсетілмейді. Мысалы, Аман мен Күлпаш арасындағы сүйіспеншілік жайлы ештеңе айтылмайды. Тек, романның соңындағана, ол екеуінің жарасқанын, бір ауыз сөзден ғана байқаймыз.«Бұл не асығыстық? – деді де Күлпаш бір шытынып қойды. Оның сәл шытынған қабағын басқалар тіпті байқамаса да Аман-ға әсер еткені сонша, қайта қарап тұрып қалды. Шолпанға деген ма-хаббаты өшуге айналғанда, кенеттен лап етіп еді. Сол жалынды Күл-паш құшты»...Осы ойымызды дәлелдеу үшін, әбебиетші Б.Сахариевтің,«Д.Исабековтіңжаңа романы жайында» атты сын мақаласынан, үзін-ді келтірейік:

«Ромаңда Аман және сол сияқты басқа да жастардың махаббат, сүйіспеншілігі аз айтылған. Егер мәселе біз талдап отырғандай болса , ол жағдай оқиғаны қоюлатып, тіпті қаһарманның ішкі жан дүниесін де әрлеңдіре, көріктендіре түсер еді», - деген. Бірақ, бұл айтылған кемшіліктер, Аманның образына елеулінұқсан келтіре алмайды. Қорыта келгенде, Аманның бейнесін – роман-дағы сәтті шыққан, реалистік образ деп танимыз.

Жұмабек образы – романда сәтті шыққан кейіпкерлердің бірі.Ол Укомда істейтін партия қызметкері. Аманды және ауыл жастарынтәрбиелеуде коммунистік ниетімен көрінеді. Жазушы Жұмабекті алғашрет Аманның әкесі Сапар қарттың үйінде таныстырып, оның портретінмынадай етіп суреттеген:

- «Үй іші шала-бұла жиыстырылып, төр алдына жалғыз алашажайылған кезде сәлем беріп, орысша киінген қазақ жігіт енді. Сапарғаекі қолын, Аманға бір қолын беріп амандасты. Орта бойлы, қамыт аяқ,ақ шұбар жігіт екен. Сақал-мұртын қырып тастапты, жазы отыз бес, қырық арасында болар. Сырт киімін шешіп барап отырады. Белінде на-ған. Бірақ өңі жылы, амандығы сыпайы көрінеді. Өзін еркін ұстап, үл-кен көзімен өте байыпты қарайды».

Жұмабек – Ақмола қаласынан келген Кеңес қызметкері. Жұмабектің партия қызметіне адал, кедейге рахымды екенін жазушыАманның сөзі арқылы береді:

Менің сырттан естуім бар. Кеңес өкіметін қолдан жасасқанадамдардың бірі. Бұкіл Ақмолада пара алмайтын, байға, ұрыға рахымы жоқ Қалқа мен осы кісі дейтін». Жұмабектің Аманның үйіне келген се-бебі, Аманды және басқа да жастарды тап тартысына тарту, білімге ша-қыру. Өзімен-өзі, өзгемен ісі болмай жүрген Аманға, дұрыс бағыт сіл-теп, ағалық ақылын айтады: «Октябрь революциясы қазақ ауылында қанаушы мен қана-лушыға бірдей ғаламат бір сезім берді. Қазір жалшы қанша жаншылсада көңілінде құдайға сенгендей сенім тұр, ол – Кеңес өкіметі. Қазірбай қанша жанышса да көңілінде құдайдан қорыққандай қорқыныш тұр, ол – Кеңес өкіметі. Бұл зор сенім мен қорқанышты ақылға салып пайдалана білсек, бәрі орындалады. Бірыңғай үгітпен де елді ерту қи-ын. Сондықтан жалшылардаң еңбегін қорғайтын жалшы коммитеттері,кедейлерге көмектесетін қосшы комитеттері құрылғалы жатыр. Бұлқоғамдық ұйымдар ауылдың ойын, ісін, күшін біріктіріп Шәкен, Мал-қарларға қарсы қояды, ауылда социалистік мақсаттарды іске асыратынКеңестің зор күші саналады. Міне, осы ұйымдарды қыздыратын сендей жастар». Аманның жастығы ма, ештеңе қорытып айта алмайды. Мұнысезген Жұмабек:

«Сен күрестен қашасың. Қашқанмен құтыла алмайсың. Сон-дықтан білек сыбанып, топқа өзің түс, - деп едім. Түсер түсің жоқ.Бірақ топ сені еріксіз түсіреді. Сол кезде тағы кездесерміз, - дейді. Осыдан бастап, Аманның таптық санасы оянып, әлеуметтікістерге араласа бастайды. Әрине бұл – Жұмабектің еңбегінің жанғаны. Жұмабек үй ішінде де, ескілікке қарсы күресіп, партия на-

сихатын әйелі Марфуғаға, келінінің роль ойнауына қарсы болған ана-сына Жұмабек:

«Үшеуміз де коммуниспіз, жұмысшы семьясынан шықтық, сөйте тұра сөзден қорықсақ не болғанымыз! Ел кейде бала тәрізді, апа,жатырқайды. Жатырқау – жек көру емес. Елдің кезін жаңалыққа үй-рете беру керек. Сахна өнері – қазаққа үлкен жаңалық. Үлкен жаңа-лыққа үлкен талап, үлкен батылдық апарады. Коммунистер – ең ба-тыл, ең талапкер адамдар». Жұмабектің әрбір сөзінен оның ақ пейіл қамқор аға, әділкоммунист екенін шынайы танып отырамыз. Жазушы әсірісе Жұмабекпен Ермекбайдың арасындағы тартысты нанымды суреттеген: Кеше совдеп мүшесі болған, бүгін коммунист, жауапты қы-

зыметте жүрген Әділ қалай байдың жұмсауымен коммунисті өлтіреді?Жұмысшы десең – жұмысшы, кедей десең – кедей, «байлардың қой-дай қу қамшымен», - деп жүрген Шалабай қалай байдың жұмсауыменкоммунисті өлтіреді? Жұмеке, байға шұқшиғанда басқа ештемені көр-мей қаласысыз-ау тіпті.

«Совдептің ішінде арамзалар болған. Оларды қазақ байларыәдейі енгізген. Ақмолада совдеп құлап, Колчак билеген кезде, Сов-дептің адал мүшелері куғынға ұшырады. Адамдары аман қалды. Бай-лар қорғай қалды. Колчак құлаған кезде совдеп атымен сол сұмдар тағы да Кеңес қатарына еніп кетті. Бұны бертінде келген сен көрме-

сең – бір жөн. Олармен әртінде айналысқан, бір алданған мен сияқ-тылар тағы да алданса, партия кешірмейді. Әділ, Шалабайлар – бай-дың қолшоқпары. Қалқаны олар өздігінен өлтірген жоқ. Шәкен,Малқарлардың жұмсауымен өлтірді». Осы сөздерде конфликт мәсе-лесі өте тамаша берілген. Жұмабектің Сьездегі сөйлеген сөзінен де,

халықтың қамын ойлаған, нағыз коммунист екенін көреміз: «Кеңес өкіметі - өмір кілті. Кілт – иесінің қолында, халық-та. Міне, сіздерде, жолдастар. Бай, жуандар ғасырлар бойы ол кілтті қолға тигізбей, халық тізгінін құлыптап ұстады. Енді ол құлып ашық.Кіріңдер дүние сарайына, көріндер, араландар. Жарамдысын ал, жа-рамсызын қайта жаса. Бұл – менің сөзім емес, жолдастар, Кеңес өкіметін жасаушы данышпан Лениннің сөзі». Жұмабек образы бірсыпыра тәуір шыққан, дегенмен аздағанкемшілігі де жоқ емес. Аман ауылына партия қызыметімен келе оты-рып, жұмысы тек Аманмен біткендей, басқа жастармен жолықпай,сырттай сұрап, қанағат етумен кете барады. Бұл – Жұмабек образын анау айтқан құнын түсірмейді, текескерту ретінде ғана. Жұмабектің кедей жастарын қолдауы, оқуға тү-сіріп, коммунистік тәрбие беруі, оның адамгершішілігін, білімділігін,жоғары парасатты азамат екенін танытады.

Алексей бейнесі романда бірсыпыра әдемі шыққан образ. Алексейдің үнемі емес, аз көрінуінің өзінде-ақ ерекше орны бар, естеқаларлық әсері бар ұнамды образ. Оның Жұмабек, Аман секілді кедей-лерді топтан, Кеңес үкіметіне қатыстыруда, үгіттеу, насихаттау жолын-да, тәрбиелік мәні зор. Алексей – Аманның ұстазы, коммунист жазушы Алексейдіңсыртқы келбетін: Даусы баяу, қоңыр, жүрісі жай, лебізінен, қимылынан салмақтыадам екені байқалып тұр. Жасы әлі қырыққа жете қоймаған, самайынаақ ене бастапты. Әдеті болса керек, тығыз сары, шалғы мұртының ұшын ширата береді, - деп, әдемі суреттеген.

Оқуын тастап, ауылында жүрген Аманға: «Ералинге не айтқаның маған мәлім. Сондықтан тындамадым.Оны саған кезіктірген мен болатынмын. Ол қайтарында бәрін айттымаған. Сен бойыңа дарытпапсың. Сонда аңшылықпен өтпек пе өмірің?Жұйрік ат, жүйрік тазы, сұлу қыз – бәрі жақсы. Тек сонымен қалып қойсаң – бәрі жаман», - деп, ұстаздық ақылын айтып, дұрыс бағыт сіл-тейді. Ұстазының айтқан ақылына, тап тартысына түсінген Аман: Жоқ, енді онымен қала алмаймын! – дейді. Аманға кетерінде екі бума кітап әкеліп, артына салады. «Тап күресіне құралсыз шықсаң, - жеңілесің, - деді бумаларды

қанжығаға байласып жатып. – Бұл – «Народный университет на дому»деген журнал. Оқы. Осыны оқи берсең, университтетті үйден бітіресің»,- деп, Аманның біліміне, санасының жоғарылауына ұстаздық үлесін қосып, асыл қазынасын сыйлайды.

Аманның ой-өрісін дамытуда Алексейдің еңбегі зор. Елді езіп –жаншып, үстемдікті өршітіп отырғандарды өмірден аластатып, құртұдың негізгі жолы – сауаттылықта деп түсіндіреді.

Енді жазушы Аман мен ұстазы Алексейді әлеуметтік Кеңес ісінде кездестіреді: «Дұрыс-ақ. Бір Малқар құласа, он Шегел аяғын байқап басады,деді де, Алексей орнынан тұрды. – Жұмыстарыңа бөгет болмайын. Жү-

ресіндер ғой енді, жолдарың болсын. Партияның Лениндік шақыруын естен шығарма. Қайтып келген соң, шеткері жатқан ауылдардан саясикөпшілік жұмыстары тұралы баяндама жасайың». Жазушы бұдан кейін Алексейді қайтып көрсетпейді. Алексей-

бейнесі –үлкен мәселені шешу үстінде, не іс-әрекетте әлі де болсажеткіліксіздеу көрінеді. Әзірше ол бағыт сілтеп жол көрсетіші ғана. Қорыта келгенде, қазақ халқының Аман секілді келешегі баржастарын білімге шақырып, таптық санасын оятқан - Алексей образыарқылы, ұлы орыс халқының шексіз қамқорлығын шынайы суреттеген.

Ізбасар-білімді,сауатты жас.Алғашында білмегенін Аманнан үйреніп,Кейінірек өз тұсынан талпынып,қысқа мерзімдік курстан өтіп,мұғалім болады. Жазушы Ізбасардың білімге,оқуға деген құштарлығын шынайысуреттеген:

«Ізбасар тек оқытушы ғана емес, насихатшы да. «Бостандық туы,» «Еңбекші қазақ» газеттерін алып тұрады.Біреудің қолынан қазақша көркем әдебиет кітаптарын,журналдарын көре қалса, тауып жүріп оқиды.Кейде бүкіл кітапты қолдан көшіріп алуға ерінбейді.Оқып,естіпбілген жаңалығын асыға жаяды жұртқа.Тек кемпір-шалдың қарап отырған жалғыз баласы болады,ауылдан ұзақ шыға алмай қалды».ІІзбасар насихатшы болумен қатар ескілікке,рушылдыққа жаны қас,таптық санасы жоғары,көзі ашық,көңілі ояу жігіт.Сөзіміз дәлелді болу үшін,мына мысалға қарайық: -“Ру таласы тозатын уақыт жетті,жолдастар!-деді,қабағын сәл шытып, Жақыптың жаңағы сөзіне қатты кейігені еді бұл.-Енді тап тартысына түсуіміз керек. Тапқа бөлгенде,адамның тек ауқатына қарамай,ниетіне

де қарау керек.Кешегі Шалабай жалшы десең жалшы, кедей десең-кедей еді ғой. Кімнің сойылын соқты? Кедейге тигізген пайдасы қайсы? Бұгін Малқарды түсіріп, Бегайдардың бір жуанын немесе бір Шалабайын сайлағанмен, күн ашылмайды, Кеңестің дидарын анық көре алмайсың. Руына қарамай, көзі ашық жүрегі ақ, әділдік дегенге еңбекшілер тұрғысынан адамды сайлауымыз керек». Ізбасардың бұл сөздерінен, оның тап күресін ажырата алатынкүрескер ретінде де танимыз. Сайлау кезінде де Ізбасар батыл қимыл-дап,өз ойын ашық айтады:

«Ауылнай Кеңес ойын ауылда адал орындайтын, байға, руғатартпайын, нашардың, момынның көз жасына қарайтын, қолынан іскелетін адам болу керек. «Мырқымбайлар», Байболдар енді бола ал-майды. Біз қазір ауылды Кеңестендіру қарсаңына келдік. Сондықтанкедейі көп осы үлкен ауылдың атынан Танакөз Құдайберді келінінұсынамыз. Танакөз – жаңағы аталған көп тілегіне сай, оның үстінеәйелдерді қоғам ісіне тартуға өте оңтайлы». Осы сайлауда, Ізбасардың өзін де сьезге делегат етіп сайлайды. Қорыта келгенде, Ізбасардың образынан, сол кездегі өсіп келе

жатқан қазақ жігіттерінің жарқын бейнесін көреміз.

Әлжан – көп жылғы өмірі жалшылықпен өтіп, ауыр азаптыңдәмін татқан, тек Кеңес үкіметінің тұсында ғана теңдікке қолы жеткенкедей. Жазушы Әлжан үйінің аянышты халін нанымды суреттеген: «Күн құдыретін бүтін үйдегілер жете байқамауы мүмкін. Әлжанүйіндегілер артығымен байқады. Жыртықтардан саулаған су жиыла-жиыла керегенің төменгі көгіне дейін көтерілді.Әлжан төсегі қалқып кететін болған соң, қара әбдіренің үстіне шыға-рылады. Әлжанның өзін әуелі мен Аман екі жақтан сүйеп әкеліп, кіш-кентай дөңгелек ас столына отырғызды. Алдына баласын берді. Абыройболғанда, бүкіл үйде бұлар отырған тұстан ғана тамшы ақпады». «Әлжанның тақыр кедей екендігін, бүкіл өмірі жалшылықпенәткендігін, оның Аманға айтқан сөздерінен көреміз: Биыл қырықтағы шағым. Жиырма бес жыл жалда жүріппін. Со-ның кейінгі он жылын Шәкен мырзаның есігінде өткіздім. Есікте жүріпоңбайтынымды білген соң, өз тұсымнан талпынып байқадым. Жазғытұ-ры суыр аулап, күзгі сонарды құр жібермей, ара-арасында посёлке ара-лап, бірді-бірге жығыстырып жүргенде жатып қалдым. Әлжан Шәкеннің есігінде жүріп, оның нағыз сұрқия, айлакер,

залым екендігіне көзі жеткен. Мырзаның осындай залымдылығынан

аулақ жүр деп, Аманға оның сырын ашады: Мырза да торы аттың майын тегін беріп отырмаған болар, бұ-рын берсе, көрмеген бе? Сайлаубек көзге түсе бастағанда да, Шалабай,Әдхамдар ат үстінде жүргенде де, мырза олардың бетін бұрып алған.Олар бетін алған кезде, сүрінген кезде, аямай-ақ қарақұстан қос қолдаптұрып ұрған . Шырағым, бірге туған інімдей болған соң, ауызың ауыр болған соң, жол үстінде айтылып қалған бір сыр – бұл. Ішінде жата берсін».

Автор Әлжанның бойында қөрінгенге шешіле бермейтін, сырғамықты қасиеті бар екенін танытса, бірде оның мінезінің салмақтылы-ғын, азға қанағаттылығын әйелі екеуінің үй ішіндегі сөздері арқылы білдіреді: Екеуі қосылғалы бес-алты жыл өтті, әлі басыбайлы баспана жоқ. Жыл сайын біреудің үйінің бір жағын сұрап, қыстап шығады. Күл төкпеген ауылы кемде-кем. Әйелінің арманы жерден қазып алсада, қыстыкүні белгілі бір іншігі болу. Соны аузынан тастамайтын. Қазір тағы айтты: Осылай өтеміз бе? Әлде «мынау уайымсыздың қысқы панасы»дегенді есітеміз бе? Үйдің басын қалқайта киын емес. Жабатын ағаш, есік, терезеқинайды ғой. Тегін ешкім бермейді. Сатып алуға ақша қайда? Әлжанның өмірі жалшылық маңында қалып қоймай, қайта ойөрісі кеңіп, таптық санасы оянады. Жылпос Жақып басынып, Әлжан-ның жерінен баса шөп орғанда, Әлжан шыдай алмай қарсы шығады: Тұмсығыңды бір енгізіп алған соң: былтыр шапқанмын, - депарғы жылы таны шаппақсың ғой. Қой, Жақып, мен бала емеспін! Ешкімнің жеріне ене алмаймын, өз жерімді тағы бере алмаймын. Ей, аш көзінді! Бұл күшті кім берді саған?! Ісік бар ғой өзіндеІсігінді басайын! – деп, Жақып сұрлана, атын тебіне жақындай берді! Бұл арада жазушы Жақып пен Әлжанның сөздері арқылы, әл-ді мен әлсіздің аралығындағы тап-тартысын тамаша суреттеген. Әлжан-ның қарсы шығуында да себеп бар – ол Кеңес үкіметі. Біз барған сай-ын Әлжан образының ашылып, биіктеп бара атқандығын креміз. Әл-жан өз қатарларымен бірге Ақмолаға барып, болыстық дайындайтынкурсқа оқуға түседі. Сайлауда Әлжанды сьезге делегат етіп сайлайды.

Әлжан «Қосшы» ұйымының мүшелігіне кіріп, алғашқы рет, егін салыпөнімін алды, алғашқы рет еңбегінің қызығын көрді. Мұны көрген бас-қалардың да делебесі қоза бастады. Біз де енеміз «Қосшыға» дегендер-дің санын көреміз. Қорыта айтқанда, Әлжан образы – шынайы суреттелген, реалистік образ.

Таймас – жалшы болса да жалындаған өткір, шоқтығы асып,оқшау көрінген образдың бірі. Жазушы Таймасты Сәкен Сейфуллин-нің өлеңі арқылы таныстырады: Азамат, сескенбе, көзінді аш, жүрме бос,

Ұран сал алға бас, бірігіп тізе қос.

Қызыл ту шылауы – қорғаның,

Тізе қос, тізе қос, тізе қос ...

Бұл-халық арасына көп тараған С.Сейфуллиннің өлеңі. Жас-тар әнге салып, қосылып айтатын. Мынау жеке дауыс. Ұзын желініңбасында, шаңқиған күн астында, бір тізесін бүгіп, екінші аяғын соғанасып қойып, шалқасынан Таймас жатыр. Қасында – бие, шелек, ау-зында - әлгі өлең. Бұдан біз Таймастың басқалардай емес, көзі ашық, санасы ояуекенін көреміз. Таймас өз ісін ғана білетін, жалаң жалшы емес, қолы-нан да, тілінен де іс келетін епті жігіт. Кеңес кезінде енген, жаңа сөз-дерді де алғаш рет Таймастан естиміз.Мысалы: «Батыр-ау, мынауың не саясат, - дегенде Сыздық күліп жібер-ді. «Саясат» – Кеңес кезінде енген жаңа сөздердің бірі. Әзір қарапайым жұрттың көбі түсінбейді. Таймастың өзі де түсінбейді, әдеттн тыс бірдеме көрсе, айта салады». Таймастың еті тірі, басқалар қорқатын Қазанқаптан да ол сес-кенбейді.

Оның айуандығын бетіне айтады: Жаман ит! – деп, Қазанқап тағы бір бұрылды Таймасқа. Мал-дан кісі қорқа ма екен!



  • Ит, ит дей бересіз. Ит мендей ме, Қазеке?

  • Енді қандай?

  • Айтайын, ұрыспайсыз ба?

  • Ұрыспаймын.

  • Ұрыспайсыз ба?

  • Ұрыспаймын.

  • Ендеше, ит дәл өзіңіз сияқты үлкендей болады да, менәлі күшікпін ғой.

Боқты бармассың! – дегенде, Қазанқап атының басын беребұрды. Енді қарсыласса, ұратын түрі бар. Таймас тайынбады, бірақ: Боқты барамын! Апаршы, кәне! Сенің малайынң емес, Шә-кеннің малайымын. Сен түгілі, Шәкен де әлі қол тигізген жоқ. Дәнде-ме төбет!

Бұл жерде жазушы байдың қолшоқпары Қазанқап пен Таймастың арасындағы тартысты нанымды суреттеген. Бұл да Таймасқалайықты өжеттілік. Сайлау кезінде Таймасты ауыл Кеңестің төрағасынахатшы етіп сайлайды. Кейін Таймас ауылға «Қызыл отаумен бірге келеді. Жазушы Таймасты былай суреттеген:

Оң жағындағы – кәдімгі Таймас. Басына будыратып шаш қойған, мойнында галстук, бұрынғы қылжақ, әзілқой мінездерінің бірі байқалмайды, байсалды жігіт сияқты. Рабфак студенті көрінеді.

Автор Таймастың енді әлеуметтік істерге араласа бастағанын байқатады. Күлпаштың күнделігінен Таймастың болашағы зор, қайрат-кер болатынын байқаймыз:

Он сегізінші май. «Жырық құдық». Қаладан алыстаған сайынқазақшылық қоюланып барады. Бұгін бірінші рет «Қызыл отау» сотыжалшы арызын қарады. Таймасты мен бүгін ғана тадыдым. Тамаша өнерлі, өжет жігіт екен! Аман-есен оқуын бітірсе мемлекет қайраткеріболғалы тұр. Бейсенді ол бұрын көрген де, білген де емес. Жетім Бей-сен он жасынан бастап, жиырма беске келгенше, бір байдың есігіненшықпапты. Бай келіншек әперіп, келіншегімен қоса салады жұмысқа.Құлданғанымен қоймай, біріне «әкеңмін», біріне «атаңмын» дегенді

құлақтарына құйып тастайды. Екі жас сеніп қалған. Бұл сенімді бұзутау бұзудан қиынырақ шығар. Соны Таймас бұзып, Бейсенді келін-шегін ерте сотқа әкелді. Аманға Таймастай кірімді, сүйкімді болар маедім! Жалшы жастар басына отау тігін, астына ат мініп, екі бұзаулы си-ыр айдап, байдан кетті. Сонымен қорыта келгенше, Таймас образы арқылы, өсіп кележатқан қазақтың бейнесін көреміз.

Сыздық – романда қолынан келмейтіні жоқ, өз ісіне берік, іскер, шебер, оның үстіне адамгершілігі жоғары жігіт ретінде, өте тамашасуреттеген. Жазушы оның іскерлігін, шаруашылыққа икемділігін тө-мендегіндей бейнелеген: Қазақы, алық – беріктерге зауқы жоқ, еті тірі, қолы шебержігіт. Қымыз іздеп, қазан андып қыдырмайды. Жалғыз биесін таңер-теңнен кешке дейін сауып, сабашығын иіндетіп қояды. Жалғыз бие-ден туған жалғыз көк бесті жүйрік болып шықты. Оны жазы-қысымінсе де, мойнынан жалын бір үздірмейді, күтіп,баптап мінеді. Қыс-

қы, жазғы үйлері де тұянадай. Сыздықтың сонымен бірге жаңалыққа да жаны құмар. Оныбіз мына бір үзіндіден байқаймыз; Шолпанның бұл үйге бас сұққаны осы еді. Басқа үйлерге ұқ-самайды екен. Есік алды күресін, асық ойнарлық, тап- тапқыр. Қорамаңында көлденең жатқан шөп, не бір шөпшек жоқ, Қораның іші-не, тоң қатпақ тұрсын, шақы шығады. Шолпан үйге енгенде тамақ

пісіретін, булка салатын, әрі үстіне жатып ұйықтайтын, орыс пешін көріп, қызығып отырды. Үй мүлікті емес, біріқ таза, жинақы. Төбесінқабырғасын тегістеп сылап, ағартқан. Қазақы үйлерден мүлде бөлек тұр». Сыздық ойын-сауыққа жаны құмар, қанжыңшыл да жігіт. Олотырған жерінде жұртты күлкіге қарық етіп, салақ Әденнің, қисық мұ-рын Тәукенің күлкілі бейнелерін жасайды. Сыздықтың байларға, оларға ілесіп жүрген байшылдарға жаны қас. «Қосшы» ұйымы құрылғанда, ол ең бірінші болып, мүшеліккеенеді. Сонымен, Сыздық образы арқылы, өнерлі, шебер жастардыңөсіп келе жатқан, жарқын бейнесін көреміз.

Романда жол – жөнекей кездесетін жанама ұнамды кейіпкерлерде бар. Олар негізгі оқиғалардың кейбір жайларын айқындаумен бірге,басты образдардың сыр-сипаттарын көрсете түсу үшін қажет. Діншілболса да, езілген халыққа мейірімді Сапар, ақылшы Ақан, Андрей, Ақ-жан т.б. бар.

Жазушы, бұлардың өздеріне тән іс-әрекет пен мінез құлықтарын бере білген.

Шынайы, шағын, ұнамды образдар азды-көпті өз мүсіндерімен

көрініп отырады. Жазушы романда бірқатар әйелдер образын да жақсы мүсіндеген. Олардың ішінде көзге түсетін көрнектілері, Шәкен мырзаның, то-қалы, жеке басының қайшылығы мол, ақыры қайғылы қазаға ұшыраптынатын Шолпан, революция жылдарында ақтардың тұтқынында кетіп,Кеңес үкіметінің арқасында ғана азаптан құтылып, ауылға «Қызыл отауды басқарып оралған Күлпаш, болыстық комитетіттің мүшелігіне сайланған Танакөз, қымыз сатушы әйел Ақтамақ, Малқар болыстың тоқалы Айша, жазушы олардың алуан характерлі, өздеріне тән аяулы қасиеттерін жинақтап бере алған.

Шолпан-балапандай балғын жас. Ол әке-шешесінен ерте айы-рылады. Бұғанасы қатпай Шәкеннің қолына түседі. Шолпан өмір қай-шылығын бірте-бірте көреді де түсінеді. Шәкен Шолпаннан жиырма алты жас үлкен. Шәкен айттырып барғанда, Шолпанды арашалар жанболмаған. Тағдыр іске көнбесіне шарасы жоқ. Шолпан ақыры Шәкен-нің сүйікті тоқалы болды. Шолпанның бейнесін жазушы төмендегідей суреттеген:

«Ортадағы шаңқан ақ үйдің екі ашпалы сырлы есігін бірдей ашып, жұртты бастай мырза енгенде, шәлісі әлі түспеген келіншек апарып, оюлы адалбақанның қошқар мүйіздес көп тармағының ең жоғарғысына ілді. Тағы не бұйырасыз дегендей сылаңдап тұр. Тұлкідей кызыл, қозғалысы да түлкідей епті. Именген, қымсынған болады. Бірақ кішірек қаракөзі қымсынар емес, үлкен сырға ұя боларлық терең, мөлдір, әрі өткір,әрі байыпты. Жұрт отырып болған соң, болыскей ақ керуеттің аяқ жағындағы өз орнына солқ етпей, сыпайы барып отырды». Шолпанның көркіне ақылы сай. Оны ел де сыйлайды: «Өзі әйтеуір, үлгі көрген бала. Үлкеннің алдын кесіп өтпейді, кішіпейіл-ақ. Біздің қатын бір күні ренжіп қайтты. Қымыз сұрай барса,маған беріпті де, өзіне қасындағы баласына ауыз тигізбепті. Ертеңіне мырзаның шылбырын есіп апарғанда, соған қатты ұялыпты. «Үйде кісітолып отырды, өзім шыға алмадым. Таймас алаңғасар құрауыз жіберіп-ті» - деп, қатынды қымызға, баламды нанға әбден тойдырып, маған бір

асым сүр беріп жіберіпті». Осы бір үзіндіден Шолпанның адамгершілігін, әдептілігін, ке-дейге қайырымдылығын байқаймыз. Шолпан Шәкенді ұнатпайды, сон-да да ескіліктің соқыр салтын бұзып, шыға алмайды. Оның сырты кү-

ліп тұрғанмен, іші аяулы. Сөзіміз дәлелді болу үшін, мына бір үзіндіге

қарайық:


- Жылама, жылама! – деді Шолпан, өзі көз жасын тыя алмай тұ-

рып.


  • Сонда да манен сен бақыттысың.

  • Мен бе, қарағым? Шының ба?

  • Дәл сен. Дәл шыным – деді де Шолпан төргі бөлмеге

еніп кетті. Өзінің жап-жаңа шыт көйлегін, бір іш киімін, көнетоз ша-панын әкеліп беріп, - ешқайда қаңғыма, осы үйдің сорпа-суын ішіпжүре тұр, - дегенде жалшы әйел күліп жіберді. Жұзі жайнап сала берді. - Өркенің өссін, қарағым! Қосағыңмен қоса ағар! – деп, алғысжаудырып жатыр. - Міне, сенің менен бақытты екенің! – деді Шолпан. Бір кездемен де осылай қатты қуана білгем. Қазір сондағыдай қуана алмаймын.Бақыт деген – қуаныш – дағы. Қуанышсыз бақыттың керегі не? Шолпанның Айша, Ақтамақ образдарынан өзіндік ерекшілік

қасиеті бар. Олар болса, өз күйеулерінен құтыла алмай зар илеп, амал-сыз, лажсыз жүргендер. Бұлардікі не оттай лаулаған махаббат емес, яалпарысып алысқан қарсылық емес, тағдырына ашынған дәрменсіз жандар.

Ал, Шолпан кіршіксіз таза, көрінгенмен көңіл қосудан аулақ.Әділетті де инабатты. Рас, Шолпан Аманды ұнатады, бірақ жарым болса деп емес,

адамгершілігін, өткірлігін жақсы көреді. Мысалы, мына бір үзіндіні алайық:

- «Ол ешкімнен қорықпайтын, ешкімге табынбайтын жігіт сияқты. Қуанса да, қайғырса да арнасынан бір аспайтын сияқты. Жада-ғай жатып-ақ махаббатқа, сырға мейлінше терең, бірде мұз, бірде шоқ,бірде доғал, бірде өткір». Аманға ор қазушыларға, Шолпанның жаны қас. Малқар, Мақащ, Шөгелдерге жиренішті қараса, ағажан деп тұратын Жақыптыңда сырын біліп, салқын қарай бастады:

- Ендеше оған ор қазушылармен менің күйеуім біріге қалса, меноған қосылмай сізге қосылам». Шолпан Аман жөнінде іштей көп талдап, зор бағалайтын. Шол-панның Аманға деген ықыласынан, сөздерінен шын ғашықтықты бай-қаймыз. Шолпан ақылына көркі сай, адамгершілігі мол, сырлы келін-шек. Жайшылықта қатал Шәкен, Шолпанға тым жұмсақ-ақ. Сөйтсе де ол ішкі сырын Шолпаннан жасырады. Бірде Шәкен сол сырын Шолпанға ақтарады. Кұйеуінің сырына қаныққан Шолпанның көңіл-күйін жазушы мынадай етіп суреттеген:

«Тұнғиық күйеуінің ішіне бір сүңгіп шыққанда, жүрегі өрекпіпаузына келгендей болды. Байсалды ойға бара алмай, «Бұл қалай? Бұлқалай»?! деп жатыр ішінен. - Сонда мен дағы Ленинге, Аманға жамандық тілеуім керек пе?

Жо-жоқ, тілей алмаймын! Мырза өзіңе қандай тілемесем, оларға да сондай тілемеймін! Әттеген-ай, білгенше, білмесем, оларға да сондайтілемеймін! Әттеген-ай, білгенше, білмесем еді бұл сырды»!.. Сайлау кезіндегі Шолпанның үгіт жүргізуі, оның батылдығын,ақылдылығын шыңдай түседі: «Екі жақ бір-бірінен кісі тартуын әлі қоймапты. Тоқабай, Тай-мас қарсы жақтың көбінесе әйелдерін ойландырып жүр. « Шолпан ша-қырады», «Шолпан: менің қасыма келіп тұрсын, - дейді», - деп, сы-бырлап кетеді. Барған әйел қайтпай қалады. Жақып пен Байбол жағы азайып барады».

Ажарлы, ақпейіл Шолпан өнерлі де. Кең далада қоңыраудайсыңғырлата салған әніне танданған, сүйсінген Аман: «Ішінен сырты, сыртынан іші сұлу, әрі нәзік, әрі биік, әрі терең жан екен! Бір осы әні үшін-ақ дүниенің төрінен орын алуға хақыбар. Япыр-ай, қалай білдірмей келген»? – деп таңданып, сүйсінеді.

Шолпан осындай ақылды, көрікті, өнерлі бала тұра, ескіліктің торынан шыға алмайды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, Шолпанныңмына бір сөзін мысалға алайық:

«Адалдықты бұзу ерлік пе? Ұры да, ер де қатерден өтеді. Ұрының аты ұры ғой сонда да. Мені ерлікке несіне шақыра бересің? Ата-анамның жоралғысы, елімнің салты шегендеп берген мінезді бұзуғашамам келмейді». Шолпан кейін сөзінің өмірді дер кезінде түсінбегенін мойын-дай сөйлейді: «Аманға менің сәлемімді айта бар. Осы күнді ол ерте көріпті,қол ұшын кезінде беріпті дегейсің. Білмедім қадірін. Түңілдірдім. Ай-налған бас ақыры міне құлатты. Тұруға енді дәрмен қалды ма». Романның соңында, аяулы Шолпан сұм Шәкеннің қолынанөледі.

«Қара шаңырақ қайта оқығанда» атты сын мақаласында Р. Тоқтаров:

«Шолпан күйеуінен әбден көңілі қалған күнде де «айрыламын»демейді. «Елде қаламын, сенің аман-есен оралуыңды күтемін» дейді.Бұл арада Шолпанның өзі емес, тәрбиесі сөйлеп тұр. Ертеде қазаққызын солай тәрбиелеген. Шолпан образының қасіреттілігі де осында»,деген.

Сыншы Б. Сахариев «Ғ. Исабековнің жаңа романы жайында»атты сын, мақаласында: «Жеке басында қайшылығы мол, күрделі бейне – Шолпан.

Тағдыры оқушының соншалықты аяныш сезімін тудыратын осы Шол-пан образынан шығыс әйелдеріне тән ұстамдылық, биязылық, пара-саттылық лебі еседі. Жазушы революциядан бұрынғы қазақ әйелдерінің бойындағы небір асыл қасиеттерді осы образдың төңірегіне топтапкөрсеткен», - деген. Қорыта келгенде, Шолпан адамгершілік қасиеті мол, сырлы, терең сезімді жан, Романдағы сәтті шыққан образдардың бірі.

Революция жылдарында ақтардың қолына түсіп, Кеңес үкіметі-нің арқасында ғана азаптан құтылған Күлпаш, ауылға «Қызыл отауды»басқарып келеді. Күлпаш образы романда аз да болса, өте тартымды шыққан, жазушы Күлпаш бейнесін тамаша суреттеген: «Қызыл отау көшін қазақ қызы бастап келді. Мінгені биік, қарашұбар ат, тұяғынан өзге денесі шұбар. Жылқының көріктісі екен. Жұртсонда да оны елеген жоқ, қыздың өзіне қарап, телміріп қалапты, Қызба, жігіт пе? – деп, айыра алмай тұр көпшілігі. Кім болса да, әсем, әрі

сүйкімді. Аңқау көрінгенмен, андағыш, жадағай көрінгенмен – терең, жұмсақ көрінгемен, кейде тіпті қатал шығар. Кеудесін қуаныш кернеп,күлімдей, жайраң дай тұрғанда, ақ сұр жүзі, көтеріңкі біткен қабақ ас-тындағы байыпты қара көзі қалпынан сәл ғана өзгерді. Қолаң шашынкөк желкеге жеткізе кесіпті. Басында қалпақ, үстінде орысша пиджак. Пиджактың жағасында «ҚазЦИК мүшесі» деген, қызыл значек бар». Күлпаштың өңі қандай жылы болса, сөзі де сондай салмақты, ашық – жарқын:

«Қадірлі ата-аналар, аға-інілер, апа-сіңлілер, құрдастар, кішкен-тай жеткіншектер. Бізді сіздерге Қазақстанның партиясы мен үкіметі жіберді. Сіздермен дидарласып, сөйлесуге, сырласуға келдік. Кеңесеміз.Ақыл аламыз, ақыл береміз. Қолма-қол тигізетін жәрдеміміз де бар. Ерінде еріксіз жүрген қос қатындар, жас қатындар, бай жуандарда ақысы кеткен малайлар, зорлық көр-ген кедейлер, қала жәрдеміне – дәрігер жәрдеміне – жете алмай жүргенаурулар... Қызыл отауға келсін, не арыз берсін, сол сағатта шара қол-данамыз». Қызыл отауды басқарға Күлпашқа жүктелген үлкен міндет, со-нымен бірге «әйел тендігі» журналының редакторы. Күлпаш Қызылотауды басқара келіп, ауылда көп жаналық істеді. Қараңғы халықтыңкөзін ашты, талай әйелдің байлаулы басын босатты. Күлпаштың ақы-лына көркі, көркіне мінезі сай, өжет, өткір, қыз. «Иығында асулы фотоаппарат, қолында былғары сумка – план-шетка, қызыға қарап тұр әлемге. Ол әлемге қызықса, оған талайларқызыққандай. Қағылез денесі, қатыңқы ақ сұр жүзі, арам еттен таза, тура біткен қыр мұрыны, жаудыраған қарақат көзі қандай сұлу! Жай-дары мінезінде, ұтқыр сөздерінде әлі арылмаған балалық, сонымен қа-бат кәриялық нышандар да байқалады». Күлпаш күнделік жазумен де шұғылданады. Бұл да қазақ қы-зының бойындағы жаңалық. Мысалы:

Он алтыншы май. «Маржан көл жайлауы». Ел «Қызыл отауды» қоршап алды. Шаршы түсте ашылғансот намаздыгерде азар бітті. Байжанбайда екі әйел бар. Оның үстіне же-сір қалған әменгерін тағы алыпты. Үш үйдің арасында елуден асқан шал аяғын кердең-кердең басып жүр екен. «Қызыл отау» соты әменгертоқалды азат етті. Байжанбайға тоқалдың кеткені батқан жоқ. Мал-мүліктің кеткені сот кескен айып батты. Неткен жансебіл! Долданып, өзсақалын өзі бытырлата жұлғанда тұлабойым тік тұрды. Екінші әйелі дежап-жас. Ол әзір тырп етер емес. Қазақта жар сүюден мал сүю басым ба, қалай? Бірақ, дәулетке, атаққа қызықпаған қай жұрт бар? Бағы-ныштылық барда таза махаббат бой жаза ма, сірә?

Күлпаш Аманды ұнатады. Сөзіміз дәлелді болу үшін мына бірүзіндіге қарайық: «Ол елін сүйеді. Елі оны сүйеді екен» деп сүйсінеді. Бірақ, Шол-

пан мен Маржанның сүйгенін ұнатпайды. Қызғанады ішінен. «Қызға-нарлық қандай себебім, хақым бар»? деп өзін - өзі сөге тұра қызғанады» Күлпаш жас болса да ақылшы. Ол жастарды өнерге, білімге шақырып, рұхтандырып отырады. Мысалы: Егер Маржан сол өнерімен осы алтыбақан маңында қалып қойса да, үлкен өкініш болар еді. Қалма, Маржан! Қызылордада биыл қазақтың мемлекеттік театры ашылды. Соның сахынасында айтсаң даусыңбүкіл қазақ әлеміне жетеді. Мұмкін, одан да әрі кетер. Қазақтың алғашқы театырына алдымен шыққан қыз сен боласың. Танысқалы екіүш күн өтсе де, жаңа таныдым ғой, сахна үшін жаралған екенсің! Жүр-ші, ерші маған, бауырым! Көркейтші қазақтың жаңа өнерін»!..

Күлпаш секілді қазақ қызының ескілікпен күресіп, оқып, бі-лім алап, азамат болғанына қызығып, тамашалаймыз. Күлпаштың бой-ындағы жаңалық қасиет - өзінің замандасы үшін қуана, сүйіне білетін-дігі.

Сыншы Серік Қирабаев:

«Революция азат етіп, күреске шыққан, енді өз жолын жалпы

қазақ әйеліне үлгі етіп отырған – Күлпаш та тартымды бейне, - деген.

Күлпаш образының білімді, парасатты, өнер сүйгіш қазақ қы-

зының жарқын бейнесін көреміз.

Таңакөз образы – ерекше қызықты образ. Қазақ ауылдарыныңшаруа баққан қарапайым әйелдерінің ішінде, алыса кетсе азаматты ат-тан аударып алғандай небір өжеттері, аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген небір ділмәр, жез тандай шешендері болған. Танакөз солардың қалың ортасынан алынған жиынтық бейне. Ол әзілдесе кеткенде, рулы елді ықтырып отырған Шәкен мырзаның аузын аштырмайды. Мысалы: «Еркек киімдерің қайда, сыпылдақ? – деді Шәкен салған жер-ден. Біресе әйел, біресе еркек болып құбыласың-ау, антұрған. Амалсыздан құбылам. Еркек киімдерім ас үйде. Әйелдің еркекше кийінгенін қызық көрсең, Шолпанды кйіндіріп, көр де отыр.Мен бұл жолы әйел болып келем де, сенімен еркекше сөйлесем».Танакөздің шын аты – Бәтен. Көзі үлкен, таза болған соң Танакөз ата-нып кеткен.

«Танакөз тілді, пысық әйел, Әбекең түгіл Тәуке сияқты шақаркөршілерінің де жағын ашырмайды. Кезі келгенде, еркектің ісін істей береді. Атқа мінуге, құлын құрықтауға, ағайын арасындағы әңгімелерге араласуға ерінен әлдеқайда епті».

Жылқыбай сияқты сараң байлардың бермесін сұрап алу да, тек Танакөздің қолынан келеді. Мысалы; 2/-Өгіздерімді бүлдіре көрме, арбамды сындыра көрме,келін, -деді.-Екі өгізім екі екі баламдай. Арбам мына тоқалымнан артық. Асығып отырған Танакөз алдына қойған сықпа құрт пен сарымайдан ауыз тиді де, тысқа шықты. Қасында Жылқыбай: «Әйте көрме, бүйте көрме»- деп құлақ етін жеп барады.Танакөздің бойында жалтақтық жоқ, өткір, шешен әйел.Сайлаушы болып келген Теміржаннан да именбей өткір, ұтымды сөздерімен оны тұқыртып тастайды. Мысалы: 3/-Жеңгей, берірек келіңізшы, дидарыңызды жақсылап көрейік.

-«Қайным – ау, дидарға қарап сайлаушы ма едің? Міне, келдік еңдеше, -деді де, Танакөз Теміржанның алдына, келіп тұрды. Жасы қырық шамасында, бетінде әлі әжім жоқ, сыланса, бірсыпыра өңді кісі. Таза, үлкен көзі жалтырап, сайлаушының өңменінен өте қарап тұр.

« Сен мені сынағанша, сені мен сынап алайын»- деп тұрған тәрізді.Осы сайлауда Танакөзді ауыл Кеңестің төрағасы етіп сайлады, съезге делегат болды. Табиғатында осындай пысық та өжет Танакөздің болыстық комитеттің мүшелігіне сайлануы арқылы, жазушы қараңғылықта, теңсіздікте күн кешкен қарапайым қазақ әйелін тамаша суреттеген.

Автор қазақ әйелін от басы, ошақ қасының күйбеңінен босатып, әлеуметтік, қоғамдық өмірге қосқан, ел басқару сияқты мемлекеттік іске араласуға мүмкіндік берген тек қана Кеңес үкіметі екендігін аңғартып, дәуір шындығын тағы бір ұтымды бейнесін жасады.

Әдебиетші Б. Сахариев «Ғ. Мустафиннің жаңа романы жайында» атты сын мақаласында, әрбір образға жеке тоқтала келіп: 1/

«Жазушы романда бірқатар әйел образдарының галереясын жасаған. Соның ішіне сәтті шыққан Танакөз бейнесі», - деген.

Қорытп келгенде, романдағы басқа әйел образдарымен салыстырғанда, бірсыпыра жүйелі жасалып, есте қаларлықтай тартымды шыққан осы – Танакөз образы.

Ақтамақ-басқа түскен қайғыға бағынышты болып, ауыр өмірдің азабына әбден көңдіккен әйел. Романда көпке дейін оның жан сырын ұғып, түсіну өзгеше ойға соқтырмай қоймайды. Жазушы Ақтамақтың сырт келбетін:

- «Көп кешікпей үй иесі жас әйел кірді. Мол жаулығының ұшы өкшесін соғады. Жаулық сыртынан, сәнге ақсары шәлі жамылып, шәліні артына қайырып тастапты. Екі білегінде үш-үштен алты күміс білезік, әр саусағында бірнеше жүзік, сақина. Жаулығының жиегін екі қатар кестелеп, екі кестенің арасына ұсақ ақ моншақтар тізген. Әйел сәнқой да, бауырмал да екен», - деп суреттейді. Жазушы Ақтамақтың портретін де тамаша суреттеген: 1/

«Ашық, өткір әйел. Қалжыңы, шыны қайсы екенін білу киын, сөйлегенде, көзі ұлғи күлімдеп тұрады. Бетінің көлденеңі қысыңқы,тұрқы шығыңқы, ұзынша мұрынның үш жағы етектілеу, түп жағы жіңішке, бидай өңінен бөлініп, бұғағы аппақ көрінеді.

Ақтамақ көрікті де өнерлі әйел. Ол энді тамаша айтады. Бірақ та ол суйгеніне қосыла алмай, күйінген, жеңіл жолға түскен, адасқан әйел. Оны өзіде мойындай сөйлейді: 2/

- Сыртым бүтін, ішім түтім бақытсыз адаммын, -әлден уақытта Ақтамақ, күрсініп қойып.

- «Көрінгенге ұрынған ұятсыз әйел»- десеңіз де, сізбен ашық сөйлесіп, ішімді бір босатқым келеді.

Ел ағасы, жігіт ағасы деген қазақтың талайын көрдім. Шіркін-ай, тура жолға сермеген бірін көрсемші! Қырыңдамаған тұнық көңілді лайламаған бірі жоқ. Алдайды, қызықтырады, қорқытады, қайткенде бұзады. Ақтамақ өткен өмірінен түңіліп, теңін тауып, ендігі жерде бақытты өмір сүргісі келеді. Сөзіміз дәлелді болу үшін, мына бір үзіндіге қарайық: 3/

-«Бұдан былай тәңірден сұрайтыным тіпті аз. Шымшық, торғай биік ағаштың басына ұя салады. Сондай ғана ұям болса ырзамын».

Ақтамақ енді жақсылығы жоқ, жауыздығы мол көп азғындардан өзгеше, адамшылық ары бар, жаны таза адамдар бар екенін байқайды. Кымыз сатып, қылығы елден асқан Ақтамақты бұған дейінгі өмірі қанағаттаңдырмайды, жаңа өмірге қанат қағады:3/

-«Аман Ақтамақтан жаңа ғана жиреніп, көрікті әйелдердің көбі осылай бұзық келетін болама?»деп отырса, енді оның себебін тауып, аяп отыр. Жылқыбай, Мақар, Шәкен тоқалдарын есіне түсірді. «Олардың басындағы ноқта бұдан-да мықты-ау!»- дейді ішінен.

-«Аш қарын майлы, ал жемей жубанбаса, аш көңіл де тоят іздемей тұра ма? Сондықтан аласұрып жүріп, бұзылады, ұрынады екен ғой,» - деген ойға келді. Романның соңында, Ақтамақ пен Қасеннің үйленбекші болғандығы айтылады.

Қорыта келгеде, Ақтамақ образы арқылы, бас бостандығы жоқ қазақ әйелдерінің ауыр да азапты тұрмыстарын көреміз.

Айша – отызды орталаған орта бойлы, аққубаша келген,ашық- жарық көрікті әйел. Жазушы Айшаның бейнесін төмендегіше суреттеген:2/

«Айша күліп жіберді. Тынысы кең, мөлдір, келбез күлкі. Ортадан жоғары бойы бар, тіп-тік, қағылез, ақсұр әйел. Жасы отызды орталған. Мол жаулығын алдын иығына дейін қайырып тастапты, іске де, сөзге де үйріліп тұр.

Сырты жадырған Айшаның іші жарқын емес-ті. Айша төмеңдеу жердің қызы болды. Кедейлік айдай сұлу арманды аяққа басып, азынаған азулы Балқия бәйбішенің үстіне, топас Малқарға тек бала тауып беру үшін қосты. Балалы болғанымен күндесі Балқия әңгіртаяқ ойнатуын қойған жоқ. Есігіне ожар мінезді, надан Тайбекті күзетке қойды. Осындай қорлық корген Айшаның өмірі жылаумен өтті. Сөзіміз дәледі болу үшін, мына бір үзіндіге қарайық:1/

-«Оның ожар мінезінен қорланған Айша кейде Кеңес өкіметін арқаланып, босансам, сүйгенімді тапсам, деген ойларға да кетеді. Бірақ қазақы мінез, ар, ұят, туып қалған балалар, өтіңкіреп кеткен жалынды шақ- бәрі қосылып, қобалжыған көңілді қозғалтпай қояды. Сондықтан іш құса болып жылған Айша көз жасын ешкімге көрсетпей, сүртіп тастады».

Айша Кеңес –өкіметіне арқа сүйеп, өз теңіне қосылып, бақытты болғысы бар, бірақ басына түскен ауырлықты сілкіп тастауға, ескілікпен күресуге дәрменсіз.

Жазушы Айшаның өмір жолын жылап- сықтаумен өткізген, аяулы ана ретінде суреттеген.

Біз романды оқиғанда, талдап өткен жағымды образдармен қатар, жаңа орнап, әсіп келе жатқан Кеңес үкіметіне қарсы жақтың, жыландай улы залымдардың, топастық қасиеті бойларына мол жинаған жағымсыз образдардың айла- әрекеттерімен, қулық-сұмдықтарымен жете танысамыз.

Олардың әділетсіз озбырлығы, жалған пәлеқорлығы, екі жүзділіктері романда айқын суреттелген.

Шәкен- күні өтіп те, бітіп те бара жатқан үстем тап өкілі. Душпандар тобынан ерекше көзге көрінеттін бедерлі де кесек тұлға- Шәкен образы. Шәкен образын жасауда автор жазушылық өнерін мол жұмсап, кемеліне жеткізе алған, шеберлігі мен таланттылығын таныта түскен. Ол романда көзге түсер жағымсыз кейіпкерлер деп аталатын, Мақар, болыс, Мақаш би, шабарман Шегел, жылпос Жақып, Қазанқап, Байболдармен салыстырғанда өзіндік ерекшелігі мол, шоқтығы биік, сом тұлға. Жазушы Шәкеннің портретін:

-«Бурыл тартқан тығыз қаба сақалын тұжыра қырып, дәл иектің үстіне ғана қалдырыпты. Қысқа, жуан мойынын,салыңқы тығыз бұғағын ұстарамен тақырласа да, кеңірдегіне дейін қарауытып көрінеді. Орта бойлы, текше, жуантық, жүріс- тұрысы шапшақ кісі. Енді құдық ернеуінен былай кетіп, ботинкасын көк шөпке бірер сүйкеді де, мұрнын осқырта қатты сіңбірді. Үлкен көздері әлі жасты, толық қоңырқай жүзі жылы, бірақ «мырза» деген жай сөз, қайырымы сатулы, есепқой адам»,- деп суреттеген.

Жазушы Шәкеннің ел ішіндегі кебеже қарын, тамақсау, сасық кеңірдек, карабайыр көп байлардыңбірі емес екендігін аңғартады. Оның шаруа бағу қалпы да қазақ байларынан өзгеше;

-«Иә, шырағым, мырзаң- қорқау», -деп, сауыншы дауысын төмендете, жақындай тұрып сөйледі.

-оның көзі мынау мол дәулетке тоймады. Таң раушаннан сарналған сонау машина сүттің нәрін сорып алды. Көзің көрді, көк табан елу самоходпен қазына кіресін тартады. Рулы елге бой бермеген Кеңқорықтың шебін машинамен тақырлап жинап алады. Кетпен тимеген ту далаға соқа салды, арба- арба астық алды».

Осының бәрін ақшаға айналдырып, қалтаға басып ақ ордалы үйінің төрінде шот қағып, газет жаңалықтарын қадағалап отырған Шәкен мырза, қай жағынан алып қарағанда да, жартылай феодал, жартылай буржуа. Шәкен мырза мен Малқар болыстың екеуі де Кеңес үкіметінің дұшнаны. Бірақ екеуінің арасы жер мен көктей, жаулық жасау тәсілдері де бір- біріне ұқсамайды. Малқар болыс елді ата-бабасынан бері кележатқан ескі тәсілмен қорқытып, ықтырып ұстамақ болса, Шәкен айламен амалдап, алдап ұстамақ, мысалы:

-«Шәкен бойында заман ағысын бағып,елді айламен ұстау байқалса, Малқар –надан ескі болыстың үлгісі».

Шәкен- сауаты бар, көзі ашық адам. Ол заман көшінің қалай қетіп бара жатқан бағдарын бақылап, біліп отыр. әрине, ол осы бағытқа қарсы, бірақ көш тоқтауға оның колында саяси билік жоқ, шарасыз. Үкімет қазір еңбекшілердікі. Сондықтан да ол жаулық істерін жасырып жургізеді, күнделікті өмір құбылыстарына қарай алуан түрлі айла –тәсіл қолданады. Шәкеннің душпандылығының қауіптілігі де осында. Ал, Малқар болса, мұны түсінбейді. Ол әйтеуір бір күн де болса, қолында болыстық мөрдің тұрғанына мәз, одан ертең айрылып қалатынын аңғармайды. Шәкен ертең ел ісіне араласады-ау деген Аман сияқты талапкер жастарды шырғалап ұстауға да тырысады. Шәкен біреуді орға жығарда өзі көрінбей тасада тығылып тұрып, өзгені көрсетпей өзі ғана көзге түседі.

Жазушы, Шәкеннің кауіпті де айлалы жау екенін, Шолпанға айтқан сырлары арқылы жеткізеді:

-«Ой деген тіпті ауыр. Саған айтып, жас қабырғаңды қайыстырмау керек еді. Айтпасам,өкпелейсің. Сенің өкпең бәрінен ауыр. Осы үкімет сырттан мықтап коршаса да, ішке әзір еніп кете алмаған. Ауылыңның қасынан «ящейка», «қосшылар» орнаса, ішті де кеулегені ғой. Бұған себепші бізде Аман болды.есіңе берік сақтағайсын, бара-бара Аман бізбен жауласуы мүмкін. Үкімет өзіне-өзі келгенше байларға біраз сыпайылық істеп отыр. Өзіне-өзі келген күні есігіңді түріп қойып, шауып алудан тайынбайды. Әйтеуір, Ленин ауру. Жазылмайтын түрі бар. Сыртқы мемлекеттер жабылып, бұл үкіметті қоймайтын түрі бар. Осы екі үміт болмаса, мен әлдекашан Кеңеске барымды жинап беріп, басымды сатып алар едім. Бұл сырды саған ғана айттым. Сен ешкімге сездіріп ала көрме, Шолпанжан».

Шәкеннің осы сөздерін,оның тереңнен ойлайтын, аса бір ұлы жауыз екендігін байқаймыз:

Романда Шәкеннің жауздығын жаңаша түсінеміз, Аман екеуінің арасындағы таптық тартыс нанымды суреттелген:

-Шәкен булығып жылап жіберді. Қалтасынан орамалын алып, көзін сүртті. Ол көзіне жас алғанда, касындағы ағайын еңкілдейтін. Аман жымиып қана күліп қойды. «Білем, бұл сіздің амал азайғанда қолданатын ең қаупты амалыңыз», деп отыр ішінен. Талайды жібіткен бұл көз жасы Аманды қатайта түсті:

- Жыламаңыз. Жылайтын халға келген жоқсыз әлі, - деді де сөйлеп кетті. Қосшы, жалшы, коммунист, комсомол ұйымдарына, немесе Әдхам, Тоқабай, Ізбасар, Әлжан сияқтыларға дес тигенін менен несіне көресіз? Оларға дес берген – заман. Қанша ақылдымын десеңіз де осы заманды түсінуге ақылыңыз жетпеген тәрізді. Егер жетсе, сізге кедеймен күресудің керегі қанша?

- Бітім жоқ дегенің бе бұл?

- Жеңілу ғана бар.

- Бұдан артық қалай жеңілу керек. Ең ақыры құдайдың ен жерінен де қуылғалы тұрмыз.

-Егер адам құрамынан қайтпаса, тоқымдай жерде тұрып та тайталаса береді.

-Сол қайтпас мен ғой сірә. Тұсіндім, шырағым. Айтар сөзім де аяқталды, - деді Шәкен.

Барар тауы, басар жері қалмаған Шәкен сұм, енді Шолпанды да Кеңес өкіметінен алшақ ұстағысы келетінін байкаймыз.

-Тұсінген шығарсын енді, менің қас дұшпаным бұлар. Мына мақалада атымды атамаса да, жер бөлісі шонжарларды онша мұқата алмады, олардың ұясын бұзатын шаралар керек дегенді айтады. Сондағы ойлары мал-мүлкімді сыпырып алып, өзімізді көз көрмеске айдап тастамақшы. Сенің солармен қалай эмпейлесе қалғаныңа қайранмын!

-Эмпейлескенде не істеппін? – дей беріп еді. Шолпан, Шәкен сәзін бөліп жіберді:

- Қонақта бірге болсаң, жас баланды жалғыз қалдырып, түні бойы олармен алтыбақан тепсең, ән салсаң, аз ба бұл? Мен қайғыдан қан жұтып, түзде жүргенде, елімді соңыма салып, жерімді талап алып жатқанда, сенің қағанағың қарық, сағанағың сарық, соны істеушілермен бірге жүргенің есімнен сірә кетпес...

- Өзімдікі дегенімнің бәрі өзгенікі болды. Соқа басым ғана қалды. Аспан алақандай-ақ. Жер тебінгідей-ақ. Үміт кесілді, тыныс тарылды. Ақ өлім маған бұйырмады. Қара өлім тірідей көмді. Тұбіңе қарап үңілдім де, түңілдім сенен сұм.

Бұл – ескі дүниенің сынып түскен соңғы бәйтерегіндей Шәкеннің тізе бүгер шақтағы ең соңғы сөзі.

«Құлашы кең қаламгер» атты мақаласында, әдебиетші Х. Әдібаев:

«Қара шаңырақ» романындағы тұлғалы бейне-Шәкен мырза. Тарих шатқалында шарықтаған, ой шеңбері ат шаптырым Шәкен мырза-әрі айлалы, әрі әккі. Тілге жүйрік, қолы ұзын.Кұні туса Амандарды түтіп жіберуге бар. Әттең бүріп тастауға бүгін күші жетпейді, іші күйіп жан түршігерлік өшпенділікпен кептеледі, дәрменсіз құсадан жарылып кетуге бар. Жауыздық иіріміне жан бойламайды. Шәкен- атамзаманнан бақ-дәулеті таймаған дала алпауыты, айбарлы да айлалы ақсүйек, Мақаш, Малқар сынды жемтіктесінің үйытқысы, сана көзі, мықты тірегі, бастаушысы, дем берушісі де тежеушісі”,-деп, Шәкен образын терең де, әділ сынады.

Шәкеннің шаруа бағуы, іс- әрекеті, мінез-құлқы көп жағдайда «Оянған өлке» романындағы Игілік биді еске түсіреді. Игілік сонау ХІХ ғасырда қазақ даласына ене бастаған капитализм әлементтерін ерте қабылдаған алдыңғы буын болса, Шәкен соның ХХ ғасырдың бас кезіндегі заңды жалғасы, мұрагері тәрізді. Пролетарлық революция заманында, капитализмнен социализмге өту дәуірінде Шәкендер нағыз құрып бара жатқан кертартпа озбыр күштің өкілі болып табылады.

«Саңлақ суреткер» атты мақаласында, профессор Х.Сұйінішәлиев:1/

«Шәкен образы – жағымсыз бейнелер ішіңде қайталанбас характер. Мейлінше айлалы жау. Шәкен – нақышы қаңған, бояу бедерлі, аяқталған типтік образ», - деп, жоғары бағалады.

Қарыта келгенде, Шәкен образы арқылы «заманы түлкі боп қашса, тазы боп шалатын» нағыз сұрқия, сұм, үстем тап өкілдерінің бейнесін көреміз.

Малқардың надаңдығы мен топастығы романда айқын, шыққан. Малқар қолындағы мөріне мастанған қазақтың сасық байы.

Жазушы оның түр-сипатын да жиіркенішті, адам түңілерліктей етіп суреттейді. Мысалы:

«Ішіне ыстық шай барған соң, болыс терлей, жадырай түсті. Жадыраған сайын мыңқылдап сөйлей түсті. Мұрны ертеде бітіп қалған, демін аузынан алады. Аузы әмән ашық, әр жерде бір тіс сойдиып ,сарғайып көрінеді, соның үстіне насыбай атады. Алыстан атағы, атасы зор болғанымен қасына келгенде, қораш-ақ кісі.Не сөзіне, не көркіне, не мінезіне жарымайсың. Сонда да ол салынған жалақ ернін қос қатынға сүйгізе білді, әмірін елге орындата білді.»

Малқар болыстың түрі, сыртқы келбеті қандай жиіркенішті болса, іші де сондай қап-қара.Аманды құртпақ болып, арыз айтып барған Жақыпқа:

-«Шәкен кіріспесе- болғаны !- деп, қутыңдап қалды болыс. Мәтекең ұрпағымен ұстасуға үйренгем. Бір кезде Мақаштың өзі шыққан. Одан кейін Сайлаубек шыққан. Біреуі бір сіліккенімнен қалған емес-ті. Енді мынау Аман дегені бас көтерген екен. Аруақ алжып кетпесе, бұның да басы езілер»,- деді.

Жазушы Шәкен мен Малқарды әр кезде де қатар салыстыра суреттеп отырған. Бұлардың екеуі де Кеңес жауы. Бірақ екеуінің зұлымдығы екі басқа. Автор Шәкеннің сырт мәдениеттілігін, асқан айлакерлігін баса көрсетсе, Малқардың жантүршігерлік топастығын, дөрекілігін жете көрсеткен. Сөзіміз дәлелді болу үшін, Малқар болыс пен оның балдызы Ермекбайдың сөйлескен сөздерінен мысал келтірейік:

-Мен басыма секіртпей, Қасенді, Аманды, Әдхамды жаптырып қойғанда, сендер неге босаттындар? Секіре берсін, дейсіңдер ме? Оңда болыста не бедел қалады? Міне, мен әдейі осыны айтқалы келдім қалаға.

-Кедейді тым қудаламаңыз. Сол дүмпіту жетер,-деді Еркембай. Жездесінің бетін ұната қоймаған сияқты, сабырмен тыңдаса да, сәл шытынып қалды.

-Кедей емес, бұзықтармен ұстасып жүрмін! Бұзықты кедей десең, Шәкенді не дейсің? Оны, неге құтыртасындар? Оның әкесі менің әкемнің үстіне батып ене алмаған.Өзі екі рет Николай заманында болыстықты алғысы келіп, бір ретте ала алмаған. Содан кейін сайлау сайын біреуді құтыртып, менің соңыма салып келеді. Мені тіпті болыс екен демей барады. «Осыны бір жығып бер!»- дегенім қайда?

-«Сіздерге, жықпай-ақ, жығылмай жүрудің өзі қанағат емес пе?- деді де, Еркембай мырс-мырс күліп алды. Тіл алсаңыз Шәкенмен тартыспаңыз. Ол әлі күнге бір кедеймен айтысып келген жоқ, қайта сіз жәбірлеген адамдарды қорғап жатыр. Шәкен- ақылды бай. Одан көп нәрсені үйренуге болады.»

Малқар болыс пен Аман арасыңдағы тартыс та романда тамаша суреттелген. Мысалы:

-Асығып-ақ отыр екенсің шырағым! Асығыстың артында бір өкініші болатын. Көрерміз. Малқардың қолынан мөр кеткенмен,ел кеткен жоқ. Жүз жасаған бәйтерек тамырын тереңге жіберген, бұтағы сынғанмен- құламайды!

-Сіз қыр көрсетіп отырсыз ба? Кімге көрсетіп отырсыз? Қайда отырғаныңызды ұмытпаңыз! Бұл баяғы Бандеренсоның үйі емес, қазір Кеңес мекемесі. Оның ішінде қолма-қол тәртіпке шақыратын мекеме. Көп көкімеу керек. Маңайыңыздан ел кетпесе, қолыңыздан мөр де кетпеген болар еді. Бәйтерек шірісе әуелі бұтағы сынып, сосын түбімен қопарылып құлап түсетін. Жақ ашшы, кәне! Балаңмен қосып өзінді жауып қояйын!

«Кең тынысты шығарма» атты сын мақаласында, профессор

Т. Нұртазин:

“Шәкен мен Малқардың әлеуметтік мазмұны тым ұқсас, ол дара образ ретінде аралары жер мен көктей»,- біздің ойымызды дәлелдей түседі.

Малқар болыстықтан түсіп орнына жылпос Жақып болыс болады. Балдызы Ермекбайдан да көмек болмайды. Ішін у жалағандай болған Малқар:

-«Басына тұрымтайдың бақыт қонса, самырық қызмет етер панасында»,-деп, өзінің бітіп те, құрып бара жатқандығын мойындайды.

Қорыта келгенде, Малқардың образынан бақсып, өшуге айналған, қазақтың топас, надан бойын көреміз.

Мақаш би- кезінде дәулеті асып-тасқан, ру бастығы болып дәуірлеген. Жасы жетіп, кәрілік меңзеген шақта Мақаш би шабындықтың «Көмей деп аталатын, ең шұрайлы жеріне орналасқан. Мақаш- Мақаш болып тұрғанда, бұл қорық шабылмайтын, мал аяғымен жайылатын.Енді Мақаштың қолынан бар билік кетті.Оның еңдіғі арқа тұтып, сүйенетіні Орынборда оқитын баласы сотқар Сайлаубек.

Мақаш- би атанғанымен, ол әділетсіз би.Сыздық мұрнымды бұзды, Әлжанның жерінен жер алып бер деп барған жылпос Жақыпқа, Мақаш би жақ болып, сөзін сөйлеп, Аманды шақырып алып:

-«Бұл жанжалға Шәкеннің түк араласы жоқ. Әлжан анау аттың аяғын жазып берсін. Жаза алмаса, астындағы өз атын берсін. Кірмеге билетсек, кірмеден таяқ жесек, не елдігіміз қалады! Жақып сол машинамен орап алған жерін шаба берсін. Ұлжанның малы жұтап бара ма! Кірменің жері деген жер жоқ әлі. Құтырмасын! Құтыртпа! Сыздықты Жақыптың аяғына жық, үстіне шапан жапсын». Аман қызарандап күле берді:

-Бұлай тек айтуға оңай, Орындау қиын, ата!- дегенде, Мақашты ашу қасып, ентігіп, демінен ұзын сақалы желпілдеп кетті. Дауысы дірілдеп шықты:

-Мені тірідей көмбек пе едің? Сайлаубектен қалайсың, ол менің сөзімді жыққан емес әлі. Сайлаубек- коммунист. «Құдай жоқ»,- деген емес әлі. Естіп жатырмын, үлкенді- үлкен, құдайды- құдай демей, күндіз- түні пәле таратасың! Бар болсаң тап тәңірім!

Бұл үзіндіден Мақаштан биліктің кеткенін көреміз. Мақаш би қартайып, қажыған кезінде де, ата аруағын, сақалының ағын сатып, биліктен қол үзгісі келмейді. Қолынан ештеңе келмейтінін сезген Мақаш би болысқа ағайындарын жамандап, хат жазып береді. Оның қолынан келген соңғы билігі осы болды. Сайлау кезінде де Мақаш би, Аман болыс болып кетер ме екен деп, жаны қалмайды. Мысалы:

-Туыстығын қайтейін ол кәпірдің? Құдайдан қорықпайды, аруақты, мынау ақ сақалды сыйламайды. Кеше Малқардан хат алдым. Маған сәлем бере, саған амандаса келмек. Ол да: Аман болғанша, шүршіт болсын,- деп жатыр.

Баласы Сайлаубек келгенде, Аманды бір қорқытып алмақшы болады. Онысынан да түк шықпайды. Мысалы:

-Қоқан-лоқымен қорқытып үйренгенсің. Ата алмасаң бар, ат кекілін кесуге неге барасың? Оныңа тіпті өкінбеймін,- деді де, Аман жолдастарын ертіп жүріп кетті. Мақашқа қарағандар төмен қарап отырып қалды».

Қорыта келгенімізде, Мақаш бидің образы арқылы надан, атаққұмар, бос кеуде бисымақтардың күлкілі бейнелерін көреміз.

Жақып- жазушының көркем сөз күшімен жасаған образы. Жақыптың романдағы таласқа, тартысқа, дау-жанжалға араласпаған, соқтықпаған жері жоқ. Жақып-Шәкен мырзаның «Шаш ал десе, бас алатын» жылпос шабарманы.

Жазушы Жақыптың сырт келбетін мынадай етіп суреттеген:

-Жұқалаң, жылпос Жақып әзір тояр емес. Бал қымызды сімірген сайын суырылып сөйлейді. Тілі қандай епті! Біреуді әзілдесе, біреуді сықақтап, қайсыбіреуге ақырып тастап, мырзаның үйіндегі жас жеңгесінің де қыбын тауып, күлкіден езу жидырмайтын. Тек манағы құдық басындағы зекуден секем алып, өзінен-өзі қуыстанып, жеңгесіне беттемей қалыпты. Мырзаның мінезін ол жақсы біледі, мүмкін бекер сезіктенбеген болар.

Автор, Шөгел мен Жақыптың кейбір арман, мақсаттарының негізі бір екенін аңғартып отырады. Мысалы:

«Жалғыз қалған Жақып ескі болыс пен жаңа байдың тағы да бірнеше айырмасын тапты. Шегел елге шыққанда ғана шабарман екен. Ауылда, оңашада Малқармен тең, сырлас құрбы сияқты. Сөзі, жүріс-тұрысы, Айшамен қалжыңы тіпті еркін. Жақып мырзамен қанша жақын жүрсе де, бұндай еркіндікке жеткен емес.»

Дегенмен, Жақыптың іс-әрекеті, мінез-құлқы, алуан түрлі айлакерлігі,Шөгелден басымырақ. Жазушының шеберлігі сол, екі шабарманды әр даралықта суреттей білуі. «Жақыптың бір ұрты май, бір ұрты қан» - деп, көпшілік те Жақыптан аулақ жүреді. Жақыптың екі жүздеілігін, рахымсыздығың жазушы:2/

«Жақып өзі бай емес, кедейге байдан әрі рахымсыз. Онысы байға жалпыштанғаны ма, әлде кедейге тіпті қаны қарсы ма, кім білсін», - деп суреттеген.

Шынында да Жақып жеке басының қамын ойлайтын, екі жүзді, ар-ұят, адамгершіліктен жұрдай, айлакер, сұм. Ел мен елді шағыстырып, от жағу оның әдеті.

Автор, Жақыптың шен құмар сасық көңілін де нанымды суреттеген. Мысалы: 3/

- «Зымиян Жақып мырзасының да, тамырының да жайын жақсы біледі. Солардай болуға құмар, тек бола алмай, келеді. Жазатайым бола қалса, ол екеуі бұның екі қалтасына сыйып кетер еді. «Таудай талап бергенше, бармақтай бақ неге бермедің?»-деп, құдайдың өзімен дауласып қалды қазір».

Жақып Шәкеннең сырын біліп, ішіне кіріп алған. Дәулеті шағын болмаса, зұлымдығы, айлакерлігі жағынан ол Шәкеннен кем түспейді. Жақып Шәкенге жаға отырып, ақыры болыстыққа сайланады. Мысалы:1/

-«Жаңа болысты ескі болыстар қоршап алған. «Құтты болсынды» жаудырып жатыр. Съезд жабылып, жұрт тарағаңда да Малқар, Жәнібек, Қалабайлар Жақыптың жанынан кете алмай тұрды..

«Біз сорған май құйрықты енді сен сорасың-ау дегендей, көздері жаудырап қарай береді. Малқар Жақыптың атының басын ұстағанда, Жәнібек қолтығынан көтерді, Қалабай жүгіріп келіп, қамшылар жақ үзеңгісінен басып тұрды.

-«Еншалла, дәм татқан құдыққа түкіре қоймаспын !» - деп, атына мінді Жақып.

Жақыптың қызығы көпке бармайды. Көп ұзамай орнынан түсіп, Қасен болыс болады. Жақыптың жауыздығын жинақтай келгенде, аз емес. Әлжанға зорлық көрсетіп, Тоқабайды өлімше етіп сабауы, Касен мен Аманды түрмеге жаптыруы, тіпті Шолпанның өліміне де Жақып себепкер болды. Сөзіміз дәлелді болу үшін, мына бір үзіндіге қарайық.


  • Жағаң жайлау, төбең қыстау аға едің, қалай шыдайын. Қасында мылтықты адамдар жүрген соң қоштасуға жасырын келдім. Жұртың ғана қалып барады, есіл сабаз!

  • -Қатын, балам да қалады...

Жақыптың үні өше қойды. Жұрегі зу ете түсті. Мырзаның жұртта қалуын тілемесе, жұртында қатын-баласы қалуын одан әрі тілемейтін. Өйткені тығып отырған қымбат буманы, мініп жүрген асыл нәсілді, күреңді сіңіріп кетпек. Қатын-бала қалса сіңірте ме?

Бұгін қыстауға барып қайтқанның арасында ол бұзылды. Маған еретін емес. Осыған ақылым жетпей қойды. Не сыр бар? Сайтан сезбегенді сен сезетін едің. Жақып жуырда жауап қайырмады. Үндемеді. Шәкен өршелене түсті:

-Үндемесең де ішіңде үйдей пәле жатқанын білдім. Айт шапшаң, айт!

-Айтуға ауыз бармайды. Айтпасқа тағы болмайды,- деді Жақып. Сырты қиналғанмен іші күлімдеп тұр.

-Әйеліңіз бүгін емес, ертерек бұзылған. Азатты Аманның баласы, дейді жұрт. Анада Жандосты шығарып кеткеніңізде Қазанқап екеуін ұстап алып, қоя беріпті.

Қорыта отырып, рахымсыз, зұлым, айлакер, жауыз Жақыптан, романды оқып отырып, жиренеміз де түңілеміз.


Шөгел- Малқар болыстың жалбандаған шабарманы, атаққұмар, дүениқор адам. Жазушы романның басында-ақ Шөгелді таныстырып өтеді. Лауға деп, Сыздықтың жалғыз атын сіңіріп кетпекші болған Шөгелді Аман таяққа жығып, Сыздықтың атын қайтарып береді. Мысалы:

-«Ұстама шаужайымнан! Оқулы, өнерлі болсаң, орның-анау Орынбор, Ақмола. Ауылдағы пысықтық өзімнен де артылмайды!- деп, Шөгел ащы тілін сұғып-сұғып жіберді. Сәйтіп, атты борбайға осып қалып, омыраулата бергенде, Аман аттан тымақтай жұлып алды. Ұрған да, боқтаған да жоқ, жағасынан буындыра ұстаған бетте, шалқасынан жықты да, кеудесіне мініп отырып, құшырлана дізерледі.» Шөгелдің сыртқы кейпін, мінез құлқын жазушы:

«Тісі әлі балғадай көрінеді. Сақалы сұйық, орақ мұрын, сары шұбар, тапал Шөгел қырықтың жетеуіне шықса да құрдасы Малқардан әлдеқайда жас, отыздың жетеуіндегі Жақыппен шамалас. Шабармандықты Малқардың әкесінің тұсында бастаған. Ол әліп болыстық баласына ауысқаннан бері шабармандықтан шолушылығы басым болып кетті. Ел ішінде тырс еткен хабар болса, алдымен ол есітіп, адамды райынан, сөзінен, жүрісінен ол бұрын танып, Малқарға хабарлап, ой салып отырады.»

«Болысты кедейден қояды»,-деген сыбысты естігенде, Шөгел де болыстықтан дәметеді. Мысалы:

«Бар өмірім шабармандықпен өтті. Кедей десең- кедей, төмен ата десең-төмен ата. Ебім, айлам бір кісідей бар. Енді болыстық менікі»,- деп, жүрегі жарылардай болады.

Бірақ әрбір болыстың бір-бір Шөгелі бар, олар да аузына түсер астан айрылып, қарап қалмас. Болыстыққа Жақып өтіп, Шөгелдің сасық көңілі басылады.

Шөгел образынан атаққұмар, алды-артын ойламайтын, күн көрісіне ғана мәз, надан байлардың өркөкірек қолшоқпарын көреміз.

Қазанқап – Шәкеннің бұлақ кесті құлы, малайларының бастығы. Ол мырзасына адал, басқа ештеңемен ісі жоқ, қараңғы, топас, қара күштің иесі. Қазанқаптың сырт бейнесін.

-«Аман ат үстінде. Әлі үнсіз. Екі көзі Қазанқапта. Мойны ішіне енген, иығы шығыңқы, бақа тамақ, күдіс қара, мыналардың қасында аю тәрізді», - деп суреттеген.

Қазанқаптың сырты қандай сөлекет болса, іші де сондай қараңғы, сөзге сараң, ожар мінезді. Қазанқаптың түк көрмеген, қараңғылығын өз сөздерінен байқаймыз. Мысалы: 2/

-«Мен жас кезімде, жабу арасында күшіктермен бірге өстім. Кұшікті әлі күнге жақсы көрем»... Малай байға қайтсе жағады деген. Бұқпаға: 3/

- Ала жібін аттама. Суын сүт қып. Жанынды аяма, - дейді Қазанқап.

Бұл сөздерінен Қазанқаптың Шәкенге әбден берілгенін, «жауықбай»-дегенді басына тесіп құйса да кірмейтінін көреміз. Қазанқап байдың мал-мүлкі үшін жанын қиюға да әзір. Ол таңертең малайлардың киінуіне де білте шамды әрең жағып береді. Таймас Қазанқаптың осындай қаныпезерлігін:4/

- Адамда Қазекеңнен, айуаң да қара төбеттен артық берілген бар ма екен мырзаға! – дейді.

Бораңда құлан, есеңгіреген Қазанқап, сол кезде де, өзінің жанынан мырзаның малының амандығын тілейді. Мысалы:

-Жіліншігім... Сынды!..-деп, қиналып жатып,- Мырзакер аман болғай-ақ. Мертіккен жоқ па?- деп, малдың амандығын тілейді.

Қазанқаптың осыңдай аңқаулығын, айуандығын білген Шәкен, оны Қазекелеп, мақтап қояды. Қазанқап соған мәз болып жүре береді. Қазанқап сырға берік, діншіл адам. Шәкен, Шолпан мен Аман жайлы көргеніңді айт дегендей, Қазанқаптың бейшара бейнесін жазушы нанымды суреттеген:

-Қазанқаптың үні өшті. Бұл сырды іштен шығармауға Аман, Шолпан үшеуі тұз жаласып, ант етіскен. Айтуға болмайды. Мырзасын қия алмай, антын бұза алмай қиналған ,Қазанқапта тіл жоқ. Самайынан тер сорғалап, басын жоғары көтермеді. Құнысып жерге еніп барады. Еңкілдей жылады ақыры...»

Ғасырлар бойы үстемдік еткен идеология сан кедейдің көкірек көзін байлап, таптық санасын тұншықтырып келгендігінің бір мысалын Қазанқап образынан көруге болады. Осындай адасқан Қазанқаптар қаншама болды десеңіәші. Қазанқап сияқты кедейлерге Кеңес саясатын түсіндіріп, социалистік идеяны сіңіру, олардың жаңа өкікеметке деген ниеттестігін туғызып,саяси күреске баулу үшін, Коммунистік партиямыз қаншама табанды күрес жүргізді, қаншама қыруар қиыншылықты жеңіп шығуға тура келді. Қазақ « байдың малын байғус қызғанады» дегенде, осындай Қазанқаптарға қарап айтқан болу керек. Қазанқап образы- жазушының үлкен табысы, нанымды шыққан образдардың бірі.

Сонымен қорыта келіп, Қазанқап образы- сәтті шыққан, нанымды суреттелген, типтік образ дейміз.

Байбол да кедейден шыққан, бірақ та бай- жуандардың ары-бері жүгіртер қол жаулығы. Байболды кедей деп, ауылнай сайлайды. Бірақ та ол өз міндетін дұрыс түсінбейді, халықтың келемежіне айналады. Мысалы:

-Байбол қолын қойнына тығып жіберіп, мықшиып тұрып, алыстағы ішкі қолтық қалтадан ескі шүберек алып шықты. Шұберектің ішінен дөңгелек мөрдің жұқа резинкасын шығарды. Оны әуелі түкіріктеп, оған жарымаған соң, тура тілімен жалап, сия қарындашты езді де, ақ қағазға баса берді. Мырза: « жетер еңді»-дегеңде ғана тоқтады.

Байболдың надаңдығын, топастығын, оның әрбір ісінен, сөйлеген сөзінен байқаймыз. Мысалы :1/

-«Біздің мырзаның ондаймен зауқы жоқ. Сапардың Аманында екі тазы бар. Үйіне биыл ғана жетті. Осы жазда екі қасқыр алды. Бірақ бермейді. Кірме нағашысы болатың, соны ие қылып қойды. Ол бір мұжық. Ала алсаңдар, әне соның бестісін алыңдар. Жылқының суреті, жылқының жүйрігі. Осы күннің өзінде алдына мал салмай қойды».

Байбол бай – жуаңдарға жаны қалмай жалпандап, солардың айтақтағанына мәз болса, керісінше кедей, жалшыларға жаны қас. Сыздықтың жүйрік атына қызыққен Шегелге: 2/

-Ол сатпайды. Қолқалағаныңа бермейді. Бір ғана амал бар. Сұрап сезіктендірмеңдер, лауға, - деп мін де, сіңіріп кет. Жеңген күнде бір бесті алар. Қазір төрт бестіге ала алмайсың», - дейді.

Байлар жапқан жалған өтірік, жаланы шынға айналдырып, мөрін басып, Қасен секілді адал азаматты абақтыға түсірді. Сөйтіп, үйіне ақ үзік жапты.

Айлалы - әккі дұшпан, Кеңестің қас жаулары, бір кедейдің соңынан екінші кедейді салып қойып, арам пиғылдарын азғындық жолмен жүзеге асырып отырды. Өздері қалтарыста, қаға беріс көлеңкеде көрінбей қалады. Аспандап, әкіреңдеп, асқақтай жүріп, ақыры сайлау кезінде Байбол ауылнайлықтан түсіп қалады.

Гүл боп ашылып, сана сезімдері оянып келе жатқан. Кеңес жастары, Байбол сияқтыларды енді әкіреңдетіп қоймайды.

Байболдың образы арқылы, санасы оянбай қара түнекте қалған, ақылсыз, шен құмар, топастардың соңғы бейнелерін көреміз.

Сыншы С.Қирабаев: 1/

«Ғабиден Мустафиннің «Қара шаңырақдегі» образдары – нағыз шыңдалған, реалистік, типтік образдар.Ғ. Мустафин образдары – сонымен бірге таза ұлттық характерлер. Олардың іс-әрекеттері мен мінез құлқында, сөз саптауларында қазақылық анық аңғарылады», - деген.

Сонымен қорыта келгенде, сыншыларымыз атап өткендей, Ғ.Мустафиннің «Дауылдан кейіңдегі» образдары – шыңдалып, шынайы суреттелген, бояуы қанған, нағыз реалистік, типтік образдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет