Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Д.Исабеков шығармаларының көркемдік ерекшеіктерін зерттеу жұмысының басты нысаны еткендіктен, мен жазушы әңгімелері мен повестеріндегі тақырып және идея мәселесіне, образдар жасау ерекшелігіне, жазушы шығармаларынан аңғарылатын автордың өзіндік стильдік, тілдік, ерекшеліктеріне ғылыми талдаулар, жасалауын, жұмыстың ғылыми жаңалығы деп түсінемін.
І ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНДЕ ОРНЫ БИІК ТҰЛҒА
Әдебиет тарихи көшінің бел ортасында жүріп, әлі күнге кемелді шығармаларымен сусындатып келе жатқан Д.Исабеков шығармаларының ерекшеліктерін сөз етудің алдында шығармашылық өмір жолымен қысқаша таныстырып өткенді жөн көрдім.
Қазіргі кезде біздің әдебиеттегі ерекше көзге түсер бір талант – Дулат Исабеков. Ол қазір аңырмай, жалтақтамай, өнімді еңбек етіп келе жатқан жазушы. Сырттай байыптаған кісіге қоғамдағы сілкіністер, бүгінгі идеологиялық күрт өзгерістер оған көп әсер ете қоймағандай көрінеді. Қалам сілтеуінде іркіліс те, кібртік те жоқ. Жазушының ширек ғасыр шамасындағы шығармашылық жолын шолу жасап, ой түюге итермелеген себепте, міне осында.
Д.Исабеков – оқымай мақтай салсаң обал болатын, оқып мақтасаң сауап болатын айрықша талант. Өйткені оның шығармаларында данышпандарды да ойландратын ойлылық бар. Оны ойланбай оқу да мүмкін емес, оқыған соң ойланбау да мүмкн емес. Оның жазушылық құдіреті солай.
Қазақтың көрнекті жазушысы, Қазақстан Республикасының Мемлекттік сыйлығының луреаты, драматург Дулат Исабеков 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс ауданына қарасты бұрынғы Қараспан кеңшарының ленин атындағы бөлімшесінде дүниеге келді. Балалық шағында тұрмыстың тауқыметін көп тартқан болашық қаламердің әкесі Исабек 1943 жылы екінші дүниежүзілік соғыста, ал анасы Күсімкүл 1956 жылы дүниеден өтеді. Қаламгер ағалары Набиял мен Пәрменнің қолында тәрбиелеген. Әпкелері ибіхан мен Күлайна 1998 және 1974 жылдары қайтыс болған. Болашақ жазушы жас кезінде әпкелерінің қамқорлығын көп көрген. Оның әйгілі «Әпке» атты пьесасының жазылуына осы екі әпкесі әсер болған.
Д.Исабеков 1956 жылы Бадам станциясындағы он жылдық мектепті бітіргеннен кейін екі жыл Монтайтас ауылында электр желілерін жөндеуші болып жұмыс істейді. 1961 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1966 жылы бітіріп шығады. 1966-1967 жылдар аралығында бұрынғы Калинин, қазіргі Тверь қаласында офицерлік курсын оқып, әскери шенге ие болады. Бұдан кейін телевиия және радиео хабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетте аға редактор (1967-1968), Қазақ кеңес энциклопедиясының Бас редаксиясында ғылыми редактор (1968-1970), «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі (1971-1976), «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі (1976-1980), «Жазушы» баспасының директоры (1992-1996) қызметін атқарған.
Дулат Исабекотың шығармашылық өмір жолы ерте басталды. 1963 жылы басылып шыққан Қазақстан жазушыларының «Замандастар» атты әңгімелер жинағында оның «Жолда» деп аталатын алғашқы әңгімесі жарық көді. Ол жылы «Лениншіл жас» (қазіргі Жас Алаш) газетіннің бірнеше нөмерлерінде «Шойынқұлақ» әңгімелері жарық көрді.
Ардан үш жыл өткенде 1996 жылы, небары жиырма екі жасында университеттің соңғы курсында оқып жүрген кезде оның «Бекет» деп аталатын повес мен әңгімелері жеке жинақ болып шықты. Кейін «Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер» (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестері мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы жарық көржі. Бірқатар шығаралары орыс тіліне аударылып «Польны» (1986), «Отчий дом» (1979), «Сметение» (1986), «Новоселье в сторм доме» (1986) деген атпен баслды. Жекелеген туындылар венгр, неміс, поляк чех тілдерінде жарияланды. Сондай-ақ, оның театр сахнасында табысты қойылып, көрермен жүрегіне жол тапқан «Редакторың қабылдау күндері» (1975) «Әпке» (1977), «Ертеңгі күту» (1979), «Мұрагерер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкенттай ауыл» (1986) т.б пьесалары да өнер сүер қауымға жақсы таныс.
«Гауһар тас» (реж Ш.Бейсенбаев, 1975), «Дермене» (реж Ә.Әшімов 1986), «Тіршілік» (реж Ұ.Қолдауова, 1996) повестері бойынша көркем фильм түсірілді.
Жазушы сапалы да жемісті еңбектері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1992 жылы желтоқсанның 15-індегі «Әдебиет өнер және сәулет саласындағы Қазақстан Республикасының 1992 жылы мемлекеттік сыйлықтарын беру туралы» қаулысымен «Ай-Петри ақиқаты» атты певестер мен әңгімелер жинағы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілді. Ол кісі сондай-ақ, халықаралық ПЕН-клуб сыйлығының лауераты болып табылады.
Ең алғашқы әңгімесі «Шойынқұлақтан» бастап ширек ғасырға жуық уақыт ішінде жазушы қаламынан көптеген туындылар дүниеге келді. Д.Исабеков шығармашылығының болашақ бағыт-бағдарын айқын бағамдатқан алғашқы повестері «Гауһар тас» пен «Пері мен періште» болды. Адамшылдықтың әлеуметтік құндылықтың, одан өрбитін махаббат пен мейрімділікті кіршіксіз сақтай білудің парыз екендігін жан-жақты зерделеген «Гауһар тас», «Мазасыз күндер», «Пері мен періште», «Қарғын» ұлттық әдебиетміздің гуманистік құрамын байтқан дүниелер. Бұл шығармалар адамгершілік үшін тек қилы замандардың ғана емес, күнделікті тіршіліктің, тұрмыстың өзі де қатал сын болатынын ұғындырды.
«Әпке пьесасы бір отбасындағы ата-анасыз жастардың бір-біріне деген қамқорлығы, оқып адам болып, өмірден өз орындарын тауып, жалпы махаббат, достық мәселесін көрсеткен.
Кезінде Софокл: «Много есть чудес на свете, Человек – их всех чудесней», – деген екен. Сол айтқандай, қаламгерлік қабілеті тек тек өзімізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде лайықты бағасын алған Дулат Исабеков шығармашылығы туралы сөз қозғау үлкен жауапкершілікті жүктейді. Белгілі әдебиет сыншысы Құлбек Ергөбек: «Дулат Исбеков творчествосы жайында жазу оңай міндет емес. Қиын. Қиын болатыны ол өз буынында өзіндік ізденісті бастан кешіп, өзгеге ұқсамас творчестволық тағдырға талпынып жүрген жазушы. Әдебиетте тапқан жиһазын оңашалау ұстап келе жатқаны да мәлім. Егіздің сыңарындай ұқсас, айтары аз, көлемі көз қорқытар шығармалар топаны белең алған қазіргі шақта, өзіндік ерекшеліктің болуы, әрине қуантатын жағдай. Ұқсас сарындар, қайталау – көркем қолөнередің сапасын түсірер болса, творчестволық даралық өнер атаулының бағын жандырып, бағасын арттырады. Д.Исaбекoв іздeнe өсіп кeлeді» – дeгeн бoлaтын. Сoндaй-aқ Д.Исaбeкoвтың «Күміc тoйынa» opaй көптeгeн мaқaлaлap мeн зeрттeу жұмыcтapы жapық көpді.
Адамды таңқалдыру қиындай бастаған заманда, өз оқырманы бар жазушы болудың өзі әркімнің қолынан келе бермейтін ерекшелік. Осы тұста оқырманның көңілінен шығып жүрен, халық көзаймына айнала білген, сүйікті қаламгерге айнала білген Д.Исбеков бақытты жазушы.
Әдeбиeткe eң aлғaш әңгiмeлep жинaғымeн кeлгeн, қaзipдe oн шaқыт кiтaптың aвтopы бoлып үлгepгeн Д.Исaбeкoв бүгiнгe дeйiн сoл шaғын әрi қиын жaнрдaн қoл үзбeй жaлғaстыpып кeлeдi.
«60 жылдардың ортасына таман, (атап айтқанда 1963 жылы) сол кездегі «Ленинші жас» газетінің екі-үш нөмерінде «Шойынқұлақ» атты әңгімесі жарияланып, ә дегеннен-ақ әдебиет құмар қалаң оқырманды ғана емес, белгілі сөз сезргерлері мен қаламгерлер қауымын еең еткізген әңгіме атворымен танысу әркм-әркімге мұрат болуа айналған. Қилы пікір, талай қисын пікір тудырған әңгіменің авторы Д.Исабеков екен» – дейді «Жусан исі» деп аталатын Д.Исабеков шығармашылығы туралы мақалалар азған Ораохан Бөкей мен Оралхан Жаңабай.
Д.Исабеков «Шойынқұлақ» әңгімесінен кейін әдебиет әлеміне көптеген повесттер мен романдар, сондай-ақ пьесалар алып келді. Қалың оқырманды ойлы, жинақы, шын-шытырман оқиғаға толы, адамға ой салар трагедиялық шығармаларымен баурап әкететін жазушы әдебиетке әңгіме жанрымен аяқ басты.
Әңгіме жазу талаптарына яғни басқа жанрлар сияқты әңгімеде де адам өмірі, тағдыры суреттеліп, оқиғадағы кейіпкерлердің аз болуы, сюжет желісі бір арналы, ширақ болып, тақырыбы мен идеясы айқын, кейіпкердің мінез-тұлғасы толық әрі айқын көрініс тауып, ой-түйіндеулерер жасалуы керек болса Д.Исабековте талапқа сай жаза білді.
Қаламгер «Шойынқұлақ» әңгімесінен кейінде, әдебиетке тәп-тәуір сол заманның көкей кесті өзекті тақырыптарын қозғап, «Ақымаштан наурызға дейін», «Соцализм зәулімі», «Ескерткіш», «Бонапарттың үйленуі», «Ай-Петри ақиқаты», «Конвронтация», «Талахан-186», «Ертегі елінде немесе қоштасу вальсі», «Есеп шот, түиетауық және домино», «Қара аспан» жазып шықты. Одан кейінгі шығармаларында да қаламгер өз оқырмандарына терең ой салып, шығармадағы оқиғаның түйінін шешуді, қортынды шығаруды өз еншілеріне қалдырады. Сондай-ақ, күллі шығармаларында өмірдің көлеңкелі, тағдырдың трагедиялық тұстары байқалады.
«Әсілі әдебиетте белгілі бір суреткердің шығармасына пікір айтқаннан гөрі, өзіңнің әдеби бір шығарма әкелгеннің анағұрлым оңайырақ секілді», – дейді Абай Балажан өз мақаласында.
Расында да, бүгінгі көркем көкжиегің ертең өлшем болуға жарамайды.Басқа-басқа көркемдігінде көлеңке жоқ деп есептеп келген кешегі «Көтерілген тың» шығармалардың өзіне қазіргі кезде басқаша қарай бастаған жоқпыз ба? Немесе кешегі репреция, қуғын-сүргін жылдары кешегі күні ғана жазылған көркем шығармалар ше? «Ойбай, не дейсің, ойсыраған тарихымыздың орнын толтырып тастады!», - деп бөрікімізді аспанға лақтырып, жан-жақтан жапа-тармағай мақтаған пікірлерімізді жасыра айтып, жамыра жазып едік. Сонымен бірге ақ қағазға азап лагерінің сұлбасын түсірген шығармалар бүгінде ешкімге керек болмай қалаған сыңайлы?! Бәлкім әлгіней тақырптарға бейжай қараған ақын-жазушыларымыздың да кінәсі бар шығар. Жазушылық өнер мен «жазғыштық» өнерді шатастырып алған жағдайда, шынмәнінде, көркем шығарма келе қоюы қиын шығар?!
Шынында да, әдебиетіміздің дәуірден-дәуірге көшіп отыратынын біле тұра, оны көп жағдайда ескере бермейтініміз бар. Әр кезеңдегі уақытша, сондай-ақ тарихи тақарыптарды қозғау кез-келген қаламгерге тән. Алайда шығарма қай тақырыптарда жазылмасын, көркемдік деңгейін сақтап, оқырманның ықыласын ашатындай етіп жазса, онда ол шығарма авторын ұятқа қалдырмасы анық . Дeгeнмeн дe, көпке тoпыpақ шашпаймын, ара-тұра шығармалардың көpкeмдеуіш тұсы aқсаңдап тұратыны aқиқaт.
Сонымен, өзіміздің негізгі тақырыбымызға оралсақ – Д.Исабековтың қаламынан туған шығармаларындағы адам өмірінің суреттелу ерекшеліктерін қарастырайық. Негізінен, кез-келген жазушының шығармасын талдау – оқуғаның тарихын қарастырумен пара-пар. Сондықтанда, шығармаға талдау жасау – ол тақырыпты талдаудан басталады.
Тақырып творчетвалық актының басы. Жазылмақ шығарманың кіндігі, өзегі – тақырып. Көркемдіктің көп компаненті, шеберліктің айқындалуы да осы тақырыпқа байланысты. Яғни «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» жазаушы Д.Исабековтың туындыларының тақырыбы қандай болды деген сауал туыдайды. Меніңше, Д.Исабекеовтың шығармаларын оқыған алдамға бірден мәлім. Яғни оқырманды өзіне баурап әкетер туындыларының тақырыбы мен нысанасы – «Адам».
Жаны нәзік қаламгердің өмірдің қатпарларын зерттеуі, адам жанының иірімдерін еш бояусыз зерделуінің өзі ерекше талант. Жазушының таңдап алған бағдары – ол қарапайым адамдар. Қара халықтың мұң-мұқтажын жеткізуі әрі өзегіндегі өрттің бетін ашуға ұмтылатыны Д.Исабековтың күллі шығармаларынан көрініс табады. Қысқасын айтқанда, өмірдің мәні, адамның қоғамдағы орны мен күйбең тіршілігі әрі сол пенденің сезімі мен сенімі – Д.Исабеков шығармаларындағы негізгі тақырып.
Сонымен тақырып жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – сол құбылысты туралы айтқысы келетін ой, өмір құбылысына берген бағасы.
Д.Исaбeкoв шығaрмaлapындaғы нeгiзгi идeясы – кeйeпкеpлердің қoғaмдaғы наты oрнынa, яғни өмiрбaяндық нaқты мәлiметтeрге, тiптi oлаpдың бacтapындағы дәуiрлiк өзгeрicтерге пәлeндей мәндe бeрмeйді. Жaзyшы «кiшкeнтaй aдамдaрың», «қop бoлғaндaдың» өмiрін сyрeттeп oқырмaнға жeткізeді. Д.Исабеков үшін кейіпкер ол қандай адам болсамсын, тіпті иерархиасына қарамастан ол нақты тұлға. Д.Исабеков әңгімелер мен повестер жазғанда, тақырыбына және идеясына қалай тоқталды, қандай бағыт-бағдарды ұстанды, осоған тоқталайық. Ауылда туып-өскен, дүниетанымы мен көзқарасы ауылда қалыптасқан жазушының ауыл өмірін, ондағы адамдарың тұрмыс-тіршілігін суреттеу және соларды өз өмір сүріп отырған заман шындығымен астастыра бейнелеуі заңдылы дей тұрсақ та, өз заманына сын көзбен қарай отырып, шығарма жазу және сол шығармасы көркемдітің көгшінен қаламай ілесіп отыруы кез-келгеннің қолынан келе бермейтін шаруа емес.
Қайта құру деп аталатын қиын-қыстау заманда туған автордың «Соцолизим зәулімі», «Ескерткіш», «Бонапортың үйленуі» «Ай-Петри ақиқаты», «Конфрантация», «Талахан-186», « Жүз жылдық арман» секілді әңгімелері бір тақырып аясында, яғни ХХ ғасыр 70-80 жылдарындағы қазақ елінің хал-күйін бейнелеу тақырыбында шоғырланса, яғни авторлдың айтқыса келген идеясы – ұсақталмайық, берекелі-бірілікті болайық деген мәселелер. Тіпті бұл шығармалар идеялық жағынан бір-бірін толықтырп отырады. Бұл шығармаларда тоқырауға ұрынғанқоғамның бар кеселін жайып салып, сонымен қатар өз халқының берекесіз мінез-құлқын анық көрсетуге тырысқан.
Автордың «Соцолизм зәулімі» әңгімесінің көтерер жүгі зіл батпан. Әңгімеде ешқандай халық опа таппаған, көп ұлттың мәселесі сөз етіледі. Мәскеуден «қала мен ауылдың арсындағы айырмашылықты жою керек» деген қаулының шығуы мұң екен; Қазақстанның бір түкпіріндегі «Камунизм» колхозының «Соцализм» бөлімшесінде бұл қаулыны ққолға алу жедел қолға алынады. Бұл бөлісшенің мүшелері қала мен ауыл арасындағы басты айырмашылық көп қабатты үйлер деген қорытындыға келеді.
Сонымен бөлімшеде бес қабатты үй салу үшін және ұлттық құрамды қатаң сақтау үшін жан-жақтан келіссектерді шақыра бастайды. Не кеек, бөлімше бір аптадан кейін келіссектерден аяқ алып жүре алмай қалады. Үй салуға керекті жүз елу ұлттың құрамын түгендеуге бар ынта-шынтасымен кеіріскен бөлімше прорабы Спентай қас қарайып, көз байланғанша жүз он екі ұлтты жұмысқа қабылдап, бөлімше менгерушісі пашатқа енді сезігін қайдан табамыз? – деп сауал тастайды:
Күрд бар ғой?
Бар
Ноғай бар ғой?
Бар
Қытай ше?
Ол да
Шүршіт ше?
Шүршіт? Ол...жоқ. Ол қандай ұлт?
Осы әңгімелеріндегі бөлімшені жазушы бір кездері инторнационализимге лаборатория болған Қазақстанның шағын маркеті ретінде сипаттай отырып, шебер шендестірулер жасайды.
Мұнанан ары оқысаңыз:
«Спентай дәліздегі селдіреп жұртқа қарап:
-Араалрыңда шүршіт бар ма? – деді.
- Жоқ
- Пүшту бар ма?
- Жоқ. Олар Ауғаныстанда тұрады
-Қап, бір шүршіт пен пүшту керек еді...Ал сендер кім боласыңдар?
- Кім болушы едік, қазақтармыз
- Бізге қазақтар керегі жоқ, қайта беріңдер
- Қазақ қалаған там құлап қалады дейсіңдер ме?
- Қайда барсақта қазақтардан қажетті адамдарды алып қойдық дейді. Енді біз қайда барып күн көреміз»?
Қайда барып күн көреміз? Заңды сұрақ. Жазугшының уайымын енді түсінгендеймін, қазақ бола тұра, қазақша сөйлей тұра, өз бауырын өзекке тептірген қандай күш екенін юмор мен кескінге жеңдіре отырып, жеткізген шап-шағын әңгіменің астарында қазақы өрлігімізбен қатар, қазақы еліккіштігімзді өзімізге сор болып жабысқандығын, Кеңестік үкіметтің демократиялық қайрытпақ жасап, «интернационализм», «халықтар достығы» деп емексінген бетперде саясатын жұлып алып төнген қәуіпті көрсетуге тырысқан.
Осы әңгіме туралы пікір білдірген әмірхан Мендеке: «Біз кім осы?» атты мақаласында Сепентай мен Пошат та дәл осолай жасау тиіс болатын және Д.Исабеков та дәл смолай сомдауға мәжбүр болды. Неге? Өйткені бұл – өмір шындығы. Тарих шындығы. Сепентай мен Пошпттың әлігіндегідей тірлікке баруы – қазақты жек көріп, өзге ұлты өліп-өшіп жақсы көруінен туып тұрған жоқ. Бұл тірлік мәңгүрттену процесінің тым ұзаққа созылып, үңги тамыр жайып кеткендігі соншалық сепентайлықтар сана мен пашаттық түсінік өмірлік заңдылыққа , өімр сұрудің «ең бір сенімді, уң бір парасатты» қағидасынан келіп шыққан игі іс-әркет еді», - деп баға берсе, Дулат Исабеков қазақы дархандығымызға ырза болса да, қазақы жарқылығымызға ыза болатын секілді. Бұны ол өз мақалаларында да тілге тиек етеді: «Виктор Разевтің бір сөзі бар: «Мы ы течение 70 лет пытались создать образ Кеңесского человека, от нас этого требеволи к великому сожалению, нам этого удалось». Сол сияқты біз ұлттық бейнені емес, кеңестік бейнені жасауға тырыстық. Жаланың бәрін соған жаба салуды үйрендік. Қит етсе келмеске кеткен Кеңес үкіметіне жабамыз, «Неге қазақша сөйлемейсің» - десе, - «Кеңес үкіметінен шықтық» - дейміз. «Неге ұлтыңының дәстүрінен айырылып қалдың» десе, «Кеңес үкіметінің езгіснде болдық» дейміз. Арамыздағы басқа ұлттардың мәдениеті, дәстүрі сақталып қалғанын ойлағымыз келмейді. Тілі сақталды ғой? Сақталды. 1943 жылы Қазақстанға қаншама ұлттар көшіп келді. Олар бір-ақ күнде отанынан айрылып, эшолонға тиеліп, айлар бойы жүріп, осында келіп шашылып қалды. Олар шешендер, күрділер, армияндар, түркмендер, әзербайжандар. Солардың біреуінің тілін ұмытқанын көрдіңіз ба? Әгіменің одан кейінгі түйіні сол жан күйдіріп салынған зәулім үйге конализация жүргізілмей, үйдің астын қайтатадан қобарғанда айқындалады. Пашат пен Сепентай ордерлерді бірінші қазақтарға емес, өзге ұлттарға беріп, ал қазақтарға қалған петерлерді береді. Әңгіменің аяғы көпұлттың қаиын ойлап салынған екі зәулім үйде бір-біріне қарап қисайып қалады. Яғни жазушы бұл жерде көпұлттылық деген көсегені көгертпейді деген идеяны ұстанады. Дәл осындай идеияда жазылған жазушының туындысы - «Жүз жылдық арман» әңгімесі. Қаламгер бұл әңгімеде өткен мен бүгіннің өзекті мәселесіне айналып отыған «жер мәселесін» сөз етеді. 1990 жылы жазылған бұл әңгімеде жазушы Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейін көртеген жерлерң өзгелерге жалға беріліп немесе сатылуын болжаған түрде жазады. Шын мәнінде де Өзбестанға шекаралас жатақан «Арна-сай», «Амангелді» деп аталатын ауылдарды алдымен жалға алып, кейіннен қазақтардың көзін бақырайтып тұрып, тартып алып, одан қалмай, иттей қуып салғандарын жазушы алдын-ала болжағандай, жер мәселесін әңгімесінің өзегі етіп алады. Сондай-ақ жазушы әңгімедегі кейіпкерлерді яғни сол ауылдың тұрғындарын юмормен бейнелейді. Өйткені әңгіменің идеясын ашуға қолданған юлморлық тәсілдің бірден-бір: «Қайтсек, Колхоздың экономиясы жақсарады» деп сонау Автрия көріпкеліне қазақтың болашағын болжатуға жіберген Азнабайдың жауабы еді.
Автрияға барудың орнына Автралияға өтіп кеткен Азнабай жол-жөнекей кзіккен қазақ жігітіне өзіне тапсырылған тапсырманы айтып береді. «Сонан соң не айтарын әбден түсіндірдім. Көріпкелге жолығу қиынға соғыпты. Есігінің алды топырлаған адам дейді. Көпшілігі Кеңес үкіметінен барғандар екен. Бәрі ертең не боларын болжап беруігн өтінетін көрінеді. Ол жігіттің әңгімесін тыңдап болыпты да, міне мына қағазды жазып жіберіпті. Оны аударыпта алдым.
-Ойбай бағанадан бері соны айтпайсызба деп, бастық оның қолындағы бір парақ қағазды жұлып алды. Онда бір-ақ ауыз сөз жазылыпты: «Жұмыс істеу керек»
Ал колхозды сақтап қалу жөнінде мәселені көтерген Мәулен ақсақалдың мына сөздерінен: «Бұл ел ел болмас», - деді ол өзінен-өзі күбірлеп – Көкіректеріңде саңлау жоқ, істеген ісіңде береке жоқ. Ақырға айдасаң, тақырға қашатын мақлұқтар! Мынандай сансыз дүрмекпен дүрмекпен осыша жыл қалай тіршілік қып келгенбіз? Бір кезде бірінің ақыл есі сау, саналы ел сияқты еді ғой. Мына түрімен өзін-өзі орға жығады ғой бұ жұрт. Жықты деген осы емес пе? Бұ жұртқа не болған?». Міне осы тұста жазушының жан-дүниесіндегі күйініші байқалады. Қаламгер өз қауіпін ашық айтады. Әдетте, шығармалар соңында қорытынды шығаруды оқырман өзіне қалдыратын жазушы, осы әңгімесін қауіппен аяқтайды.
«Шындық туғаныңа жақпайды» дегендей Д.Исабековта өз шығармалары арқылы қоғамдағы шындықты бете жайып салып отырды. Бұлда жазушының бірден-бір ерекшелігі деп білуге болады. Өйткені Құлбек Ергөбек: «Әйтседе Дулат Исабковтың осы әрекетінде шын жазушылық болмыс бар. Неге десеңіз, жазушылық желдің өтінде жасалатын жұмыс, жазушылық өзіне жайлы болу емес, өзіне керек болу емес, қоғамына жайсыз болу, халқына жайлы болу, өзіне қорлық көру, халқына шындықты сезіндіру, халқына керек болу. Қайда керекпін деп жүректің жетегімен, ар-ұяттың әмірімен өріс өзгертіп жүрген Д.Исабеков әрекетінен әрі азаматтық, әрі шынай халықтық қаламгер болмсын көргендей боламыз», - деп пікір білдірген.
Ал, «Ескерткіш», «Талахан – 186» әңгімелеріне тоқталатын болсам, бұл әңгімерден арзан күлкіні емес, ащы күлкіні байқайсыз. «Ескерткіш» әңгімесінде де өмір сүріп отырған жүйенің бұйрық әдісін, бір орталыққа бағынудың салдарын ашып атқан. Әңгіменің бар идеясы – тезек теріп, қой бағып жүрген қазақтың, бүгінде қу арақтың соңынан кетіп ескерткішке айналып отырғаны. Әдеттегідей жазушы бұл әңгімесінде де қоғамның шындығын күлкімен, юмормен жеткізген. Сондай-ақ, өтіріктің топырағында азып-тозып жүрген замана көрінісін суреттеген. Қаламгер қарапайым еңбек етуші адамының абырайын қанша асқақтатқанымен, жеме-жемге келгенде сығып алатын қоғамды қарапайым ғана суретттеп берген.
Дулат Исабековты осы бір шығармаларыды табиғаты туралы Т.Медетбек: «Дулат Исабековтың «Талахан-186», «Ай-Петри ақиқаты» класикалық шығармалар десек түк те қателеспейміз дей келе, «Мен өз басы осы уақытқа дейін адамдар бойын жайлап алаған күйкі ұсақтықты дәл осы «Талахан-186» шығармасындай көрсетіп берген шығарманы көрмедім» деген пікір айтады. Шынмәнінде де жапанда өсіп тұрған қызанақтың бір ғана емес, бүкіл ауыл тұрғындарын әлекке салғаны, тіпті оның не екенін білмей, қай сортқа жататынын ажырата алмағаны үлкен бір қасірет. Сондай аңқаулық, бейшаралық белең алып жатқанда, Семейдегі селк еткізер жағдай да, өзге елдегі соғыстар әдірам қалады. Өйткені Пікәннің «Әй, ауызңыды жапшы-ей! Не істерге білмей адам басы қатып тұрса, қайдағыны айтып қақсай бергені несі...» деп, Семейдегі жарылыс туралы айтқандағы жауабынан-ақ білуге болады. Автор шығармадан пенденің жан дүниесі осындай ұсақ-түйек нәрседен-ақ азып-тозатынын айтады.
«Ай-Петри ақиқаты» әңгімесінде жоғыры қызмет атқарған беделді адамдардың бірі Заманбек Акимович әйелі Жамал деген кейіпкердің Қырымдағы ғажайып санаторийге барып демалғандығы суреттеледі. Сондай-ақ, Жамалды сол санаторийдің бас дәрігерінің өзі және өте лауазымды адамдар құрық ұшып күтіп алатыны да өте қызық суреттелген.
Алайда Жамал қадай да болсын құрмет-мадаққа лайық адам. Өйткені: «...Жасы елуге таяп қалса да киім киісі мен жүріс-тұрысынан ерекше талғам сезіліп тұрады. Күлгені мен сқйлегені, тіпті біреуге көз тастап қаранына дей әдеілік пен әдептілікбелеуінен шашау шықпайтын туа бітті қасиеті бар, такапарлық пен қайырымдылықты бойына білдірмей сіңірген әйел еді. Бірақ осыншама қасиетке, мақтауға лайық болсада, оған деген құрмет көпке дейін жетпейді. Өйткені күйеуі жұмсынан босағаныан-ақ оған деген құрмет мақтаудың бәрі, қатаң қабаққа өзгере шығады. Бас дәрігерден бастап, кпитап, тіпті комендатқа дейін күрт өзгереді. Алайда Жамалдың өзге шипажайларға демалуға бармай осы шипажайға келунің себебі ол – Ай-Петри. Жамал Ай-Петридіңжғарыға қарап ұшқан көрінісене қарап-ақ түбі терең неше түрлі ойларға шомып кететін. Тіпті, сол жартастың жүрек түбінде жатқан сезімдерді қозғайтын қасиетіне өзі таңырқаушы еді. Бір қызығы, Жамал осы жартасты бірінші рет көргенде, таңырқаудың орнына, күйеуіне қарап: «Заманбек мен...мен...мен мынаны түсімде көргем. Иә, иә осыдан он жеті жыл бұрын», - деп айтуынан-ақ, қаламгер Жамалдың өте сезімтал әрі ақылды екенін көрсетеді. Сонымен әңгіме Заманбектің жоғары қызметінен айырылғанын жұрттан кейін есітіп, жол-жөнекей мына бес күндік жалған өміріде адамдар тек аңғалдықпен, аңқаулықпен, тіпті өз-өзін алдаусыратумен өткізетінін ойға алуынан тамамдалады.
Шығармада – бұл жалғанда әртүрлі тағдырлар кезедесетін ғана айтып тұрған жоқ. Сол фәни өмірде кездесетін көзбояушылыққа, айлакерлікке қасқайып қарсы тұруды мақсат ету керктігін айтады.
Ал, «Есепшот, түйетауық және домино», «Ағайындылар», «Ақлима», «Күйеу бала» әңгімелері қазақтың қарапайым өмір салтын суреттейді. Өйткені, «Есепшот, түйетауық және домино» шығармасында қайнаға мен күйеудің арасындағы қарым-қатынасын, «Ағайындылар» әңгімесінде болс, аға мен іні, «Ақлима» әңгімесінде ерлі-зайыптылардың, ал «Күйеу бала» әңгімесі аты айтып тұрғандай күйеу бала мен ұайын жұрт арасындағы қарым-қатынасты шеберлікпен суреттейді.
«Есепшот, түйетауық және домино» әңгімесінің осылай аталуын біоу үшін әңгіме фабуасына қарау керек. Шығарманың басында-ақ, есепшотын сыртылдатып қағып отырған күйеуі Сопытайдың алаңсыз күйі Пістекүлдің ашуын тудырса, осы эпизодта туындының фабуласының байланғанын көреміз. Әрі қарай әңгіме желісі шиленісе келе, түйетауыққа тіреледі. Түйетауықты үйіне қонақ блып келген қарындасы мен күйеу баласына арнап
Соймақшы болған Ботпайдың әңгімесі акрқылы басталады. Дәл осы тұста Ботпайды осы әрекеті арқылы біржағынан қонақжайлығын көрсетсе, екінші тұста күйеу баланы соншалықты сыйлайтынын автор керемет сипаттайды. Осындағы ағалы-қарындастың мінезіндегі құбылмалықты дәлме-дәл беруінің автордың шеберлігін көрсетеді.
Әңгіменің шарықтау шегі – Ботпайдың доминодан жеңіле бастап, өз ойын өзгерте бастағаннан-ақ біліне бастайды. Ақыр аяғында домино бәрін шешіп береді. Туыстар татуласып, түйетауық оылатын болады.Ал, домино – әңгіменің шешімі болып табылады.
Алайда, жоғарыда айтылған шығармалар жайлы айтылған пікілердің арасында жағымсыз пікірлерде кездеседі. Яғни «жұртты күлдіремін деп, арзан күлкіге орын бергені ұнамады» - деген сыни көз-қараспен қарап өз ойын білдірегендерде болды. Әрине әркімнің өз талғамы бар, шығарма болған соң біреуге ұнап, біреуге ұнамауы мүмкін. Бірақ Д.Исабековтың басқада шығармаларын оқыған соң «Есепшот, түйетауық және домино» әңгімесі жәй ғана әзіл үшін, жұп-жұмыр әрі жинақы юмор үшін жазлғанын ұғасын. Бірақ өнер – өмірді түсіндіру емес, соны көркемдеп, юмормен суреттеу.
Жалпы жер бетіндегі мәдениетті халықтардың бәрінде театр өнері болып, әдебиетте драматургя жанры ерте дамыған. Ал қазақ драматургиясы әлі жас. Солай бола тұра қазақ театрларының сахнасын көрген пьесалар саны әжептеір екені көңіл сергітеді.
Қазақ әдебиетіне драматургия ХХ ғасырдың басында, әлеуметті-қоғамдық факторлардың ықпалымен, ұлттық өнердің тарихи дамуының заңды жемісі ретінде туған жаңа жанрлық түр. Драматургияның тез өсіп, жедел жетілуіне әссер еткен негізгі фактордың бңрң – халықтың ғасырлар бойы жинақталған, сұрыпталған бай фокторлары. Алғашқы драматург эпостық таериалды арқауете отырып, Еуропа, орыс, татар, әдеиетіндегі драмалық формаларды пайдаланып, жаңа жанрдыңүлгісін, жасаған. Сюжеті, образдары эпостан, ауыз әдебиетінен алынған Ж.Шаниннің «Арқалық батыр», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» пьесалары осыған мысал бола алады. Сонмен қатар фольклор материалына сүйеніп туғызған.
Қазан төңкерісінен кейінгі кеңестік өмірді бейнелейтін пьесаларөзінің тақырыптық аясын кеңейтті. Астар, сивол, шарттылық, фантастика,
Д.Исабековтың қай шығармасы да оқырмандарына ары мен даны таза асыл адамдардың сұлу сырын шерт еді. Осы сұлулықты ол тек прозада емес, сонымен қосы 1970 жылдан бастап драматурния жанрында жалғастырды Көрнекті жазушы Д.Исабековтің творчестволық сапарында бойына беріліп, әрі жемісті еңбек етіп келе жатқан жанрдың бірі – дараматургия.
Д.Исбеков драмаларында күндлікті тұрмыстың әр түрлі құбылыстарын жан-жақты, шынайы шеберлікпен айқын бере білген. Сан алуан тартыстарды суреттеп, драма қаһарманын ауыр шайқастаға салып, оның рухани –адамгершілік қуатын көрсетіп, алға қойған мақсат, белгілі нысана үшін күресу үстінде адамдар мінезінің неше түрлі қырларын ашқан. Сонымен қоса тұрмыстың, жанұяның жеке бастың сан қилы қақтығыстары нақты сюжеттермен шебер берілгендігі байқалады.
Достық пен дұшпандық, өсек-өтірік, қиянат-зұлымдық, жалғыздық-махаббат, жеке адамның жүрегін сыздатқан қайғы, маңдайына тиген тас – бәрі-бәрі Д.Исабеков драмаларында буы бұрқыраған қалпында суреттеледі.
Дулаттың көркемдік әлемі мухиттай терең: мұнда адам басындағы психологиялық күйлердің рухани тіршіліктің, сезім иірімінің, ой толғағының барлық құбылыстары және адам тағдыры тартымды беріледі. Өмір шындығын тайға таңба басқандай ап-айқын жазған. Драмалардың тақырып ауқымы да кең. Оның шығараарына өзек болып жүрген бүгінгі замандастарымыздың моральдік-эстетикалық келбеті. Осы тұста жазушының тырнақ алды дүниесі «Ректордың қабылдау күндері» пьесасын атап кеткен жөн. Осы пьесаны оқу отырып, біз оның өмір танығыш адам екенін байқаймыз. Саяси-әлеуметтік, соның ішінде азаматтық тақырыбында жазылған бұл екі драмада автор қоғамдағы орындарыи бірдей бір маман иесі екі адам арасындағы тартыстарды көрсеткен. Яғни екеуі де жоғары оөу орындарының ректорлары. Пьесаның мазмұны өмірде кездесе берер оқиғаларға құралған. Бір жағынан қазіргі таңда жоғары оқу орынарында бұрмаланып жүрген ережелердің дұрыс-бұрыстығына көз жеткізр проблема деп тануға да болады. Яғни шығарма өмірге қажет талаптардан туған.
Жазушы бұл шығармада өмірдегі жақсы адам мен жаман адам арасындағы күресті асқан көркем шеберлікпен шынай бейнелеп көрсеткен және оқығасы шын мағынасында күшті тартысқа құралып, нанымды да ұтымды берілген. Шығармадағы екі адамның бірі – адаамгершілігі мол, ақылды, сабырлы, қарапайым, кішіпейіл, адал жан да, ал екіншісі – қатал, адамшылық қыдір-қасиеті жоқ, ар-ұяттан безген адам. Міне автор осы екі бейені көрсете отырып, жалпы адамзатқа тән тәрбиеніңбиік шоғырын адамгершілік, ар-ұят иесі мен ақылсыз, қара ой иесін қатар ұойып күрестіру арқылы бұл өмірде қайсысы жеңіліп, ұайсысы жеңіп финалға шығатынын оқырманның көзіне ап-айқын көрсетеді. Пьеада екінші ректор деген атпен берілген адамның жаман пиғылын көріп таңғаласын. Себебі ол өз жолдасы секілді білімді оқыған адам, ақ-қаранытани алатын дәрежеде. Оның ойы неге қара? Оның жоғары дәрежеге жетіп, үлкен маман иесі болып, қоғамға, халыққа қандай еңбек еткісі келіп жүр? Оған кім кінәлі? Міне осы сұрақтарды оқырман ойына салап, соған соған жауап ретінде осы екі бейнені салыстыра отырып, бір-біріне қарама-қарсы күрестіреді. Осы екі кейіпердің сан-қиыл бейнесін ашатын дилогтер пьесаың өң-бойында тұнып тұр. Мысалы:
Ректор. Маған дейін қалыптаып қалған оқу орын ғой тек бір кафедраның оқытушылары арсында келіспеушілік бар екен, жақында ректоратта қарап тәртіпке шақырдық.
2 ректор. Не шара қолдандың?
Ректор. Кафедра меңгерушісіне есерту бедік.
2 ректор. Жұмсақтық жасағансың, әуелгі кезде қатал болу керек.
Міне, осы әңгімеден-ақ ұай адамның қандай екенін, кінің ойы ішкі жаны таза, кімдікі қара екенін байқайсың. Осы жерден-ақ, іштей ойға шомыласың: «Ой, сұмдық-ай, адам баласының ішінде де осындай аласы болады екен-ау» деп те таңғаласың. Себебі одан әрі:
Ректор. Жаратылысым солай шығар
2 ректор. Жағдайға қарай жаратылыс сыйлаған мінезді де өзгертуге де тура келеді. Кей жағдайда түсініп тұрған нәрсеңді түсінбеген, жаның ашыған біреуге жан ашымастық таныту да қажет.
Биік эстетикалық идеалды бар жазушы, сол идеяға жат құбылыстардың қай қайсысын болса да көзге шұқи көрсетіп, кейде ирония, кейде сатираның өртімен өртеп отырған. Мақтаншақтар, арзқойлар, жағымпаздар, өсекшілер, мансапқорлар, әкімқорлар, әлдекімге шоқпар болғыштардың бәәріде Д.Исабеков назарынан тыс қалмаған. Сөйтіп, ол комедия жазған. Өйткені комедия – жағымсыз болмыстарға қарсы күрестің мықты құрлдарының бірі.
Өмірде комедияға негіз болтын күлкілі құбылыстар аз емес. Әр қоғамның даму жолындағы жалы озық эстетикалық, этикалық құбылыстарға қайшы келетін көрініс, әрекеттердің бәріде күлкінің қаруына кезігуі тиіс. Оның ең негізгілерін саралап, сахнаға шығарып әжуалау, мазақ етіп, масқарала драматургтың шеберлігін қажет етеді. Комедиялық құлыстардың бәрі де күлкі тудыратыны сөзсіз. Бірақ күлкінң бәрі комедия бола бермейтіні тағы бар. Комедия ең алдымен құбылыстың әлеуметтік маңызына мән береді. Өмірде арзан-бет күлкіде аз кездеспейді. Біреуің жүріс-тұрысы да, күлісі де, бет-пішіні немесе мүсіні де күлкі тудырады. Ұлы Абай атамыз « ғашық бол» деген бес нәрссеге заманына қарай тағы кемшілік қосып алған қазақ халқының мінез-құлқындағы бүгінгі келеңсіздіктер сынай қамшылап, мақтамен бауыздай отырып, әжуа ету, сөйтіп, қазргі кездің өмірден ойып-ойып алынгған шыншыл суреттрін жасауды Д.Исабеков өз драмалрын тыс қалдырмаған.
Автордың өзі атап көрсеткендей, ауыл өмірінен алынған екі көрініс пьесасы – «Мінездер». Бірінші көрініс – «Қараспан процесі» де, екіншісі – «Еспшот, түйетауық және домино» атты бір актілі комедиясы. Бұнда үлкен әлеуметтік әні бар күрделі қиғалар суреттелінбегенмен, ауыл аймағындағы кейбір өрескел қылықтар, надандықтар мен сақыншылықтар жеңіл күлкіге, ұлы сатираға ілінген.
Дулат драматургияына тән жақсы қаиет – оның халықтық, ұлттық мінез-құлық ерекшіліктеріне молынан көңіл бөлінгендігі. Диалогтерінің оралымдығыменюморға жоарт, тапқыр тілімен дараланып жатады. Ол ұлттық сахнамызда әйелдер бейнеінің жарқырай көрінуіне де атсалысып жүр. Мұны алдыңғы жақта сөз еткен «Мұрагерлер» пьесасынан және «Әпке» атты драмасына көз салған ксі сезіне алады.
Драматург «Әпке» драмасы арқылы өмірге бақыт, махаббат, мұрат дегеннің неше алуан қыры бар екенін айтды, оқушыны өмір сырын тереңірек бойлауға үйретеді, ойланарлық сауалдар қояды. Бұл шығарманың нәрі осында деп айтуымызға болады. «Әпке» - өмірбаяндық мағлұматтарды негізге ала отырып жазылған шығарма. Драманың тартымды тілі, арагідек кездеетін юмор, басқаһарманның өзін аямайтын турашылдығы, мінездеулер шеберлігі оқушыны жалықтырмайды. Пьесаның жетістігі деп алдымен осындағы басты кейіпкерлер: Қамажай, Тимур, Нәзила, Омар, Гауөар, Кәмиа тұлғаларын атар едік. Бұлардың әрқайсысы дара мінез иесі. Осы тұлғалардың шындығына көз жеткізу үшін, автор характер диалектикасын ашарлық амалдар тапқандығы байқалады. Пьесада Әпкенің дарамасынан бөлек тағы да бір трагедия желі бар, ол – ананың өмірдегі орны, ешкім де ананы алматыра алмайды. Пьесаның соңында осы сөздің түп төркіні ашылады деп айта аламыз. Дегенменде, Қамажай іні-сіңлі алдында әпке емес, ана болды.Ана төгетін шуақты әлі жеткенше жеткізе алды, ананың беретін ақылын, мейірімін берді. Осы бауырлары үшін өзі сүйген Қабанменде қосылмады. Қаһармандар диалогтеріндегі ишараттар, астарлау, мезгеулер ойдың жүйріктігін танытса, күйіну, өкіну, өкпелеулер көңілдің жыртықтығын сездірді. «Мінез тілдің қуатымен барынша күшті және дәл, тапқыр сөздердің айтылуымен ашылатынын» М.Горький ерекше ескерткен. Ал Ә.Тәжібаев: «Мақал-мәтелдер, әсіресе диалогтар үшін бірден-бір өткір құрал. Кейде сөзбен тырысып, отырған персонаждадың аузына орнымен түскен мақал-мәтелдер атылған мылтық, шамылған семердей, әсер етеді. Сондай-ақ, терең ишаратпен пәлсапалық түйіндер айтатын мақалармен қатар, әзіл-қалжың ұтыстарын әсемдеп жіберетін, естушіге ляззат таптырып, көңіліне күлкі толтыратын ұшқыр, тапқыр өлеңдер же болады» - деген. Осыны жақсы түсініген Д.Исабеков халық ауызда жүрген мақал-мәтелдерге, афоризмге айналатын, жаңа сөздік тіркестерді көп тудырған: «Бала-асау тай, әке-атбегі», «Істің адамы аз сөйлер», «Ақымақ бақа әмесер сөз қонады», «Денсаулықтың қадірін білу үшін сырқатпен сырлас», «Қиындықты көп көрген адам өзгенің жанын түсінгіш келеді», «Ағаштың бұтағы қураса – тамырында кесел бар» Міне, осы сияқты айшықты ойлардың санын бұдан гөрі соза беруге болар еді, алайда пікір түйуге осыда жеткілікті деп ойлаймын. Бұнымен қоса, драматург пьесаларынан өмір туралы, болмыс туралы, ой-толғаныстарын да көпткп кездестіруге болады: «Өмірдің аз заңы бар. Ол еш жерд жазылмаған. Адам адам боп жаралған соң сүттен ақ, судан таза бола алмайды. Әр қадам аттаған сайын: «Бұл неге олай емес», - деп әділдік іздей берсең, өз ғұмырың адыра қалады. Орынсыз ой қуған қияли болып кетесің. Қасқыр неге қойды, неге балбырап өсіпкеле жатқан шөпті жейді, т.б ойлар. Ал ойдың шегі жоқ, Бәріне жауапты табиғаттың өзі дайындап қойған. Өмір заңы, тіршілік маңы»
Иә ірі суреткер өай жанрда, қай тақырыпта жазса да соның бәрінде ол негізгі бір өзекті идеяны, идеалды нысанға алады, сол үшін күреседі. Жақсылықты айтсын мақтап, жамандықты айтсын даттап, соның бәріне ол сол өзі меңзеген нысаны тұрғысынан айтады. Д.Исабеков адам жанын түсінеді. Олардың біреуі ұятты, адал, парасатты, екіншісі, ұятсыз, арам парасытсыз. Біріншісін сүйеді, екіншісін жек көреді. Міне, осы адамдардың ойларына іс-әрекеттерін драма үлгісінде жазады. Өзі көтерген нысанаға беріктік, табандлық драматургтың осы бітімін, тұтас тұлғасын көрсетеді. Ірі суреткерде ғана болатын осы мінезді біз Д.Исабеков бойынан да оның сәтті монологтері мен ұтымды диалогтерінен табамыз.
Дулат драмаларынан байқалатын бір ерекшелік – жоғарыда атқандай, Адам. Осы құдіреттің қазынасын игерсем, ол өмір сүрген орта, қоғам өз-өзінен танылады деп есептейтіндей. Бір үйдегі жандардың бәрінің қазасы алдынан жіберген Салиха енді өмірден не күтеді, нені қызықтайды. Тағдыры қауіп пен қатерге толы Демесін өмірде не не қызық көрді? Оның ішінде айтылмаған сыр, орындалмаған қаншама арман кетті? Ал Қамажай ше? Ол не көрді? Бауырларын адам етеммін деп ыссыға күйіп, суыққа тонды. Айналып келгенде жалғыз қалатын түрі бар емес пе? Қамажай сияқтыларды қазіре кездестіруге болады. Жақсы бұлардың «маңдайына жазылғаны» осы шығар дейік. Сонда Радикпен Ректордың тағдыры кімнің қолында. Осыларға кездескен сәттер кім-кімге де кездеседі. Ақты қара қылып, отқа жаққан кездер болды емес пе? Соның құрбандары Ахмет, Шәкірңм, Мағжан тағы да басқа арыстарымыз болғаны белгілі. Ос тұста Д.Исабков әр адамның әр қилы қайталанбас тағдыры бар, «Кейдесі жақсылар алтын сандық» демекші, сол сыр сандықттар кешеніне ықтияр болайық дегендей. Осыны көріп білгендікттен болса керек, көпке танымалы халық артисі Ә.Мәмбетов «Дулат өз драматургиясында нуқаншылықтан мүлдем аулақ, адам тағдырын сөз етеді», - деген. «Адам тағдыры, - дейді академик З.Қабдолов , - жазушы үшн шығарма арқауы ғана емесғ өмірді танудың өзгеше тәсілі». Расында да, Дулат әр адамның әр адамның әр қилы тағдырын бере отырып өмірді танудағыбасқаларға ұқсамайтын зеректігін айқын таныта алды.
Шығармаында қарапайым өмірді, ұарапайым адамдар тағдырын қыпысыз суреттеп, оқушыларын тағылымды тағдырмен табыстырып, оларға тартымы ой сыйлаған көрнекті қаламгер Д.Исабеков бүгінде жетпіс үш жасқа шығып отыр. Өмірде бұл жасқа келіп жатқандар да көп, Бірақ өзінің талантымен қалың елге танылып, шығармалары арқылы халқын алыс-жақын шет елдерге танытқан талантты қанатты азаметтер көп емес, Дулат – сондай аз, аяулы, асыл драмматургтардың бірі.
Д.Исабековтің есімі көптеген елдегі оқырмандарына етене таныс. Шығармаларында өзіне тән ерекше қасиеттер бар. Ол ауыл өмірін, өзі өскен қоғам ортасын жақсы білген. Сондықтан болса керек, драматургтың шы,армаларында ойдан шығарған, ұйқаспай жатқан сюжет елестері кездеспейді. Оқырманның алдына жайып тастағанның бәрі нынымды келеді. Жазып отырғанына оқырманды сенедіру, иландыру – жазушыға керек қасиет.
Д.Исабеков адамзат тіршілігі тереңіне бойлау үшін алапат құштарлықтар, ергелдең сезімдер, өліспей-беріспес тайталастар, шеннен шыққан шетін оқиғалар туып жатпайды. Адами мүмкіндіктер аясындағы оқиғалар мен құбылыстыраға адами таным ауқымнда сөз салып, қарапайым сана қаныға алатындай қарбайырға кеңістікке жжелі тартқан жағдайларды сөз етуге бейім тұрады. Текше тіл, оралымды ойлар, тұтас та жүйелі проблемалық мәселелер мен қоғам қажетіне ауадай керекті өміршең материалдарыд тұп етектен қалай ұстауды жақы білетін драматург еңбегінің қай-қайсысы болмасын оқырман, көрермен көңілін селт еткізбей қоймайды. Автор қаламынан туған онға жуық сахналық шығармалардың көркемдік деңгейі жағынан солғын шыққандарын кем десек артық айтқаным емес. Драматургке 1985 жылы «Мұрагерлер» драмасы үшін Қазақстан Жазушылар Одағының М.Әуезов атындағы сыйлығы берілді. Басқа дүниелері де Қазақстанның профессионал театрларының сахналарында түгел аралап шықты. Яғни, М.Әуезов құрған керегесі көгерген қазақ драматургиясының қазір белді бір уығы Д.Исабеков деп бағалаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |