Дулат Исабеков шығармаларының тақырыптық-көркемдік ерекшеліктері


ІІ Д.ИСАБЕКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМ



бет6/9
Дата07.04.2022
өлшемі140,58 Kb.
#30279
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Дулат Исабеков шығармаларының тақырыптық-көрк. ерекш

ІІ Д.ИСАБЕКОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ӘЛЕМ

«Әдебиет – тұрмыстың тарихы, заманның көңіл күйі, сондықтан да өзінің шындығы қаншалықты кең түрде қамти алатындығы жөнінде мәселе көтерүге әбден болады,- деген болатын А.М. Горький. Көрнекті жазушы Д.Исабековтің«Қара шаңырақ» романы 1922-1923 жылдардағы, қазақ ауылындағы өршіген әлеуметтік жағдайды суреттейтін, тарихи - әлеуметтік мәні бар, өз кезінің проблемалы күрделі шығармасы.Роман суреттеген дәуір – қазақ тарихында өшпес із қалдырған талай-талай өзгерістерге толы дәуір. «Бұл кезде партияның жаңа саясаты қазақ ауылында да, кешегі революция тұсында тұншығып қалған байлардың уақытша бас көтеріп, бой жазуына мүмкіндік береді.Бұл кез, нағыз тап-тартысы тынбаған, күрес ашық та, құпия да жүріп жатқан шақ еді. Ендеше әңгіме Қара шаңырақгі тыныштық жайында емес, нағыз сұрапыл дауылдың өзі жайында болып отыр. Міне, Д.Исабековтің жаңа шығармасы қазақ ауылындағы сол бір өтпелі дәуірдің осындай ерекшеліктерін суреттейтін республикамыз тарихының белгілі бір кезеңінің шежіресі деуге лайық, нағыз реалистік көркем туынды», - деген, «Өмір суреті» атты сын – мақаласында, әдебиетші Б.Сахариев. Б.Сахариевтің осы сөздерін растай түсетін мына бір үзіндіге қарайық: Құдайға шүкір, заман түзеліп қалды. Қазақтың өз тізгіні өз қолына тиді. Пай, пай, ақ қашып қызыл қуган сонау бір күндерде дүние сапырылысты-ау әрі-беріден соң ағы қайсы,

қызылы қайсы екенін біле алмай сорладық қой. Өткен күннің бәрі ұмыт. Енді міне масайрап отырмыз. «Төрт-бес жылдан бері мырзаның ашылмаған қабағы биыл ашылайын деді, жасты көзі биыл құрғайын деді. Бұның бірі де сұлу келіншектің қуанышы емес, келіншектің өзі қуаныштың жемісі. Ол қуаныш «заман бірте-бірте түзеліп келеді» деген мырзаның көңіліндегі үлкен үміттен туған-ды.Мырза еңді сиқы бұзылыңқыраған сән-салтанатын қайта түзеуге кірісті. Әйелі келісімен тандап тоқал алды. Тығулы үйді қайта шығарды». Бұл үзінділерден айлакер, сұм байлардың заман баяғыдай болар деген сасық дәмесін, жарысын қуаныштарын айқын көреміз. Жазушы осы жерде байлардың қарқылдаған күлкісімен кедейлердің ащы мұңын қатар суреттеген: - Ақ үйдің ішіндегі қарқ-қарқ күлкіні, дуылдаған дауыстарды естіп барады. Жас бала әлі жағаласып, қымыз сұрап барады. Өздері де:жұтып жіберер ме еді,- деп қылғынады. Жұта алмай,бір-

біріне мұңын шағады. Кеңес кедейді жарылқайды дегені қайда? Құдай жарытпағанды кім жарытар. Күне кеше Октябрь революциясы құлатқан Шәкен мырза сияқты байлар мына жаңа саясат тұсында бас көтеріп, төрт-бес жылдан бері тығулы жатқан ақ үйлерін қайтадан тікті. Уақытша болса да белең алған ауыл жуандарының арқа сүйер қолдаушылары да жоқ емес. Олар – коммунистік атақты жамылып, Кеңестің уездік басқару орындарына кіріп алған Ермекбай, Теміржан сияқты байшыл оқығандар. Кәрі емендей тамырын тереңге жайған тап жауларының ауыл өміріне жүргізер әмірі мен етер ықпалы әлі де аз емес. Олардың тамырына балта шауып, ел басқару, әкімшілік есінен біржола аластату әлі де оп-оңай жұмыс емес. Ол үшін солардың айтқандарын әлі де мақұлдап бас изей беретін ауыл кедейлерін ғасырлар бойы құрсауынан босатпай келген қараңғылық пен надандықтан құтқару керек, үздіксіз тәрбие жұмыстарын жүргізу арқылы саяси сауаттарын ашып, таптың санасын ояту қажет. Міне, Д.Исабековтің бұл романының тақырыбы мен иде ялық мазмұны – коммунистік партияның осы шараларды жүзеге асыру жолындағы күресі болып табылады. Романның түйінді мәселесі, өзекті ойы осы! Бұл романның негізгі пафосы, жаны, идеясы, оның « Қара шаңырақ» аталған себебі де сол. Тақырыбына да, идеялық мазмұнына да лайық қойылған ат. Иә, « Қара шаңырақ» романының негізгі өзегі – тақыры- бы , жазушы ойының түпкі қазығы да дәл осы бір әлеуметтік тарихи құбылыстың мәніне сәйкес жайлар. Әрине,шығарманың тақырыбы – мәселенің қойылысы ғана. Ал, оның шешімінен не- гізгі идея келіп туады. «Тақырып дегенің өзі идея», - деп М.Горький айтқанын- дай, идея – автордың өзі суреттеген өмір құбылысына қатынасы, көз қарасы, айтпақ болған ойы. Дулат Исабеков шығармаларының идеясы көбінесе ол жасаған характерлерден танылады. Әдебиетші Х.Әдібаев «Құлашы кең қаламгер» атты мақаласында, осы ойымызды дәлелдеп, шындай түседі:

«Өз ұлтының қастерлі қасиетін бойына сіңірген қазақ жігіттері мен қыздарының тұлғасы – Исабеков творчествосы ның шынайы қасиеті. Жанат пен Жомарттың /Миллионер/, Ардақ пен Мейрамның /Қарағанды/, Күлпаш пен Аманның /Қара шаңырақ/ бейнелері жазушы идеясын айқындайды.

Замандастың шынайы бейнесін жасауда Д.Исабековтіңсіңірген еңбегі ұшан теңіз. Ал, осы идеяның шығармада қай дәрежеде мақса тына жеткендігі шығармадағы образдардың жасалуына қанша лықты типтік дәрежеге көтере алатындығына байланысты. Себебі, авторлық идея оқушыға, кейіпкерге айналу арқылы жетеді. «Ғабиден жасаған Кеңес адамдарының образдары – со-

циалистік қоғамның қажырлы құрылысшылары, қарапайым еңбек адамдары, жоғары идеялы, білімді, ойлы, саналы, қоғам қайраткерларі. Реалистік образдардан талап етілетін «таныс», «бейтаныс» замандастар бейнесі», - деген, әдебиетші Х.Сұйіншәлиев «Саңлақ суреткер» атты мақаласында. Дәуір емес, жыл емес, әрбір өткен күннің де өзіне тән өмірлік картинасы болады.

ХХ- ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқы өмірінің тарихи кезеңін алып суреттеген Д.Исабековтің«Қара шаңырақ» романында, сол заманның небір соқпақтарының әр дәрежеде көркемдік көрінісін тапқан. Адам бейнесін сырт-

қы портретпен қоса ішкі дүние сыр-сияпатымен терендей ашу, психалогиялық суреттер молдығы, идея мен образдың айны- мас бірлігі- Д.Исабековтіңшеберлігін айқын дәлелдейтің қа- сиеттер.

Жаңа заманға жатсырай қараса да қолдарынан келері жоғын сезіп, іштей тынған Шәкен, Малқар, Мақаш, Жылқы- бай, Шөгел, Жақыптардың өмірі арқылы феодалимнің ірге, тасы шайқалып, құрып бара жатқандығын көреміз. Күш – қайраттарының кеткендігін, байлар - өздері де мойындай сөйлейді:«Өзің жоқта олардаң көрген қорлықты, міне жет- піс асып, сексенге жақындадым, әлі ешкімнен көргем жоқ, - деп зарлайды кәрі би. Жуырда ғана Малқар келіп кетті. Кө- зінен қан ағады. Сүттей ұйып отырған жалғыз келінін бұзып, бір Сұйіндікке беріп жіберген. Қашқын да болса мұсылман ның, қазақтың біреуі еді ғой, Шалабайды ұстаған жерде атып тастады. Кеше үш жүзге аға болған Нұржанның шаңырағына ат ойнатып, Мұқатайды тұтқындады. Серігі карташы Таутас- кен, ұры Тоқабай, жас-жыртық, қойшы-қолаң».«Біз енді сатылған, парақор Жақыпты болыс бас- шылығынан қусақ, Шәкенің бір қанатын қырыққан боламыз. Шәкен егер Қазанқапты айтақтап кедейлерді төбелестіруін қоймаса, біз тура Шәкеннің өз бетіне бір таңба салуымыз керек. - Міне, жаңа таптың! – деп Әдхан Ізбасардың қолынан ұстай алды да, қысып-қысып жіберді.Сонда Шәкен тірідей өледі. Байларды заңмен қағазбен жеңгенше, көк шыбын үймелейді көзіне.

Заңмен-ақ Жылқыбайдың малайына екі бұзаулы сиыр алып бердік. Байлар қазір бұрынғыдай малайын ұра алмайды, ақысын жей алмайды. Занды жүзеге асыра білсек, байды тұсап береді. «Қызыл отау соты Мұқатайдың да мойнын бұрап алады, - деді Тоқабай.Талай кедейдің,- деді Тақабай.Талай кедейдің, өзіндей талай жалшының байдан суын сүт қылып алып келеміз. Талай әйелдің байлаулы басын босаттық. Өзің тек арыз бер». Роман-тартысқа толы, сюжеті терең. Тартыс - өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама – қарсылықтардың, адамға тән әр алуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдағы, іс-әрекеттегі, мақсат мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі. Ал, сюжет табиғи өрлік, шындықты танытуы үшін тартыстың зор маңызы барын дәләлдесе керек. Сондықтан да А.М.Горький сюжетті: «Адамдар арасындағы өзара қатынастардың, байланыс- тардың, қайшылықтардың, қызығулар мен жек көрулердің – әрбір характер мен типтің өсуі мен жасалуының тарихы»,- деп тұжырамдаған. Әрине, Кеңес үкіметі орнай бастаған кез тыныштық емес, қайта күрес ашық та, құпия да өрши түсуде еді. Сондықтан да «Қара шаңырақ» романы ызылдаған сұрапыл дауылды яғни «кімде-кім» жеңеді деген ұран кең таралып, бірде зор үміт- те, бірде үлкен үрейде болған кездің айғағы. Уақытша жағдай- ын түзеп, есін жаған қазақ байларының Кеңес үкіметі тұсында «заман алас ұрған борандай» ызылдамай, түзеліп келеді» деп отырып, іс жүзінде қолдан кепген қастықтарын істеуге тырысып бақты.

Ауыр азапты көзбен көрген қазақ, кедейлерінің өзі де « кімнің-кім» екенін, Кеңес үкіметінің маңызын бірден емес, бірте-бірте түсінеді. Автор оқушысын сонау өткен күндердің тынысын айқын танытарлықтай қым-қуыт, алуан түрлі оқиғаларға ертіп кіріп, заман сырына қанықтырады. Осыдан 60 жылдам астам уақыттан бұрын суреттеліп отырған дәуір, әрбір оқушысын аса әсерлі, аянышты сезіммен тебірентіп отырады. Шынында, кітаппты оқып, бітіргенде, оқушыны ойлантып, толғандыратын жайлар мол. Роман жеті бөлімнен тұрады. «Ауыл таңы», «Ұшқындар», «Қараөткелде», «Сайлау», «Атылған оқ», «Ауыл ат үстінде», «Қан»: Енді әрбір бөліміне жеке-жеке тоқталып, талдау жасайық. Романды алғашқы ашқан беттен бастап, басты геройымыз – Аманды көреміз. Ол аңшылықты ермек етіп, өзгемен ісі болмай жүрген жастың бірі. Уақыт оза Аманның санасы өсіп, әлдінің әлсізге жасаған озбырлығын көріп, әділетті қорғап, күреске түседі. Оның бейғам көңілін оятқан әділ жанды, партия қызметкері – Жұмабек Ералин мен Алексей Фёдорович Песик. Жұмабек ауылға келіп, Аманмен сырласып, ойға ой тастайды, ақылын айтады. Сызықтың жалғыз атын лауға алып қоймақшы болғанда, адыраңдаған Шегелді таяққа жығып, Аман атты қайтарып береді.

Сейтіп, бірінші тарау, алғашқы рет тартысқа араласып, Малқар сияқты байларға соққы берген Аманның ерлігімен аяқталады. «Ұшқындар» атты бөлімінде Әлжан, сыздық сияқты жарлы кедейлердің байлардан қиянат көргені, яғни бірінің жеріне, бірінің атына зорлық көрсетіп, тартып алмақшы болғандығы айтылады. Әділетті жақтап, арашаға түскені үшін Аманды, Малқар болыс арызды борандатып жүріп, түрмеге жаптырады. Бірақ, Жұмабектің көмегімен Аман көп ұзамай түрмеден босанып шығады. Қараөткелде» бөлімінде Аманның Ақмолаға келуі суреттеледі. Оның жолда Ақан атты жездесінің үйінде қонақта болып, олардың адамгершілігіне, мейірімділігіне риза болып, жалпы әкпесінің үйінен үлгі алып қайтады.

Ақмолада Ералиннің көмегінен, Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курсқа түсіп оқиды. «Сайлау» атты бөлімінде, кедейден болыс сайлау сөз болады. Әрбір рудың атқамінер, жуандары өз адамдарын болыстыққа өткізбекші болады. Бар айла-амалымен Шәкен мырза, өзінің шабарманы жылпос Жақыпты болыстыққа өткізеді. Жақыптың сырын білетін көпшілік кедейлер, оның болыс болуына қарсы болады. Жазушы осы жайға байланысты, Ералиннің айтқан сөзі арқылы, Жақыпты неге болыс қоюға құпия анттасқан. Делегаттардың көбі сол шонжарлардың ықпалында. Жақып пен Аманды қатар салсақ, сөз жоқ Жақып бола берсін. Сен үшеуің болатком құрамына өтсең, ол сендерден құрық әкете алмайды. Әкетіп баратса, мойнын сындырамыз, өз обалы өзіне. Бұл саясаттың ұзақ тұрақтай алмауы, болыстық кедей қолына өтуі сөзсіз. Бұл кезден бұрынғы өткенге көз салсақ, Октябрь революциясы қазақ кедейінің де қолына билік әперген. Сауатты деп Сайлаубекті болыс қойып еді, меңгере алмады. Сіңірі шыққан кедей Шалабайдың да қолына тиген билік көпке бармады. Қонаққа барғандағы жағымсыз, сөлекет қылықтары үшін және сұм Шәкеннің азғыруымен Қалқаны өлтіріп, ақыры елден безіп, қаңғырып кетеді. Тағы бір кедей Әдхам болыстық ревком- ға аз күн бастық болып, партия саясатына түсінбей, елге қырғи- дай тиді. Сөйтіп, түрмеге түсті. Байбол да кедейден болған ауылнай.Оның қылықтары тіптен сорақы. Шәкен мырзаның арбауында, соның қағаздарына мөр басумен болды. Бұлар – жақсы мен жаманды, дос пен қасты айыра алмады, тап күресіп түсінбеді.

«Атылған оқ» бөлімінде, Аман жұмысқа араласып, көптеген дау-жанжалдарды шешіп, кедейлерге теңдік әперіп, байлардың зорлық-зомбылықтарын беттеріне айтып, масқаралап, теңсіздіктің бетін ашады. Қашқын Шалабайды ұстайды. Атыс үстінде Шалабай- ға оқ тиіп, өледі. Өлер алдында, ол бар шынын Аманға айтады. Осындай қашқын болуына итермелеген Шәкен сұм екенің, дос пен қасты ажырата алмай, ақырында теріс жолға түскенін мойындайды. «Ауыл ат үстінде» бөлімінде, ауылға «Қызыл отаудың» келгендігі жайлы, оның кедей, жалшыларға істеген жақсылықтары сөз болады. «Қызыл отауды» басқарып келген, алғашқы қазақ әйелде- рінің арасынан шыққан, оқыған, партия қызметкері, саналы Күл- паш. Осы бөлімде Аман бастығы болып тағайындалады. Жақып орнынан түсіп, Қасен болыс болады. Ең соңғы «Қан» бөлімінде Шәкен сияқты байлардың жаңалыққа алара қарап, сасқандығын, лажсыз жаңа заманға мойын ұсынғандарын, сұрқия Шәкеннің соңғы жауыздығымен аяқталады. Байлардың жері, мал-мүлкі түгелімен конфискеленіп, кедей, жал- шының күні туады. Халықтың көзі ашылып, санасы жоғарылай, өсе бастайды. Тап күресін түсінетін, оқыған, көзі ашық ұл-қызда- рымыздың саны көбейе түседі. Өмірі жылаумен, қорлықта өткен қазақ әйелдерінің теңдікке қолы жетіп, теңіне қосылып, бақытқа бөленеді. Күлпаш сияқты, қазақтың, көзі ашық,санасы жоғары, әлеуметтік істерге араласқан қыздарды көреміз. Сыншы Т.Нұртазин «Қара шаңырақ» романы жайында «Кең тынысты шығарма» атты реценаиялық көлемде мақала жазып, онда былай деген еді: «Қара шаңырақ» Кеңестенген ауылды, өмірдің бұлтартпас болат заңының сәулесінде суреттейді. Туған баланы, өсірмей тұра алмайсың! Еркін өскен еңбек табысында ешқандай күш бөгет, бола алмақ емес. Шәкендер тобы етпеттей жылжып ылдиға кетті. Оны да арашалар күш табылмайды. Бұл – романдағы бұра бастырмас, алып ақихат! Бұрынғы құл, жалшылардың санасы өсіп, ел жұмысына мұрындық болуда. Кеңестік ауыл асулардан аса, өрлеп өсуде. Үлкен сыншы романның тұтас тұлғасын осылай бейнелей отырып, кең түрде талдау жасаған. Сыншы романның мына жетістіктерін көрсетеді: «Қара шаңырақ» - елімізді Кеңестендіру кезеңін реалистікпен бейнелеп көрсетіп беретін, әдебиетімізге биік белес болып енген, көркем туынды. Шығармадағы кейіпкерлердің ең шоқтысы Аман Сапаров Жазушы оны көптеген өмір сынынан өткізу арқылы, ысылған шыңдалған, рухани күші мол, қажырлы, толғамды, жастығына қарамай көпке ұйтқы, ауылды революциялық жолмен дамыту жұмысына жетекші ретінде, жан-жақты үздіксіз өсіріп, нанымды түрде, өсу үстінде көрсете білді. Бұл-жазушының үлкен жетістігі. 3. Аманға ере шыққан, жаңа қауым, кедейлер тобының өкілдері: Әдхам, Тоқыбай, Ізбасар, Таймас, Танакөз т.б. романның ұнамды кейіпкерлері ретінде шебер дараланған образдар. 4. Шәкен образы байлар табының ішіндегі ең бастысы ретінде сомдалып көрсетілген. Бұл образда жазушының образ жасаудағы шеберлігінің нәтижесірі туған.

5. Романның тілі шебер, сөйлемдері жатық.

6. Шолпан образын аса әсем, аса келісімді, әсерлі образ дәрежесіне көтере білген. Сонымен қорыта келгенде, үлкен сыншының «Қара шаңырақ» романы туралы айтқан тұжырымды да, қазылық пікірлері-бұл шығармаға берілген әділ баға.

Қорыта айтқанда, «Дайылдан кейін» романы – көркемдік сапасы, дәуір сипатын берудегі шынайы шыншылдығы, адам характерлерінің, психалогиялық сезім-күйлерін суреттеу тереңдігі, композициялық құрылымы т.б. жақтарынан алғанда Д.Исабеков творчествосының жаңа бір биігі болып саналатын, шын мәніндегі нағыз реалистік көркем де, құнды шығарма.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет