2.2 Дулат Исабековтің «Қарғын» шығармасындағы кейіпкерлер арасындаңы психологиялық тартыс
Адамдар арасындағы психологиялық тартыстар мен мінез құлық ерекшеліктерін, мәдени және білімін деңгейлерін сұрыптап, дараматын көрсететін әркім-әркімді оқыған беттен-ақ тани кететін, не орынсыз оқиға қуып кетпейтін, не нанымсыз бірде-бір сөз айтылмайтынын әрі шымыр, әрі жан дүниеңді от пен суға кезең – кезең салатын роман жазғаны үшін айтып отырмын.
«Қарғын» Дулат оқиға шытырманынан гөрі жан дүниенің шытырманын алға шығарды. Және адам жанының арналысынан әрбір нүкте, үтіріне дейін дәл басын жазады.
Романның оқиға желісін еске түсіріп көрейікші.
Оныншыны бітіріп, оқуға түсуге келе жатқан Бағила – аудандық партия комитетінің бірінші хатшысының қызы, пойыз ішіндегі жазушы Жасынмен әйелі, екі баласы бар кісі ыңғайсыз жағдайда танысады және оның жазушы екенін қыз да, әкесі де білмейді. «Ашық тұлғасында ешкімге бас имес, тәкаппарлық пен айлылық» көрініп тұрған жігітті қыз әкесі мен оның жандай шаптары басқа купеге аусуға мәжбүр етеді. «Сіздерге жаным ашыған соң ғана көндім» дейді жігіт. Кімнің кім екенін бір сөз мен бір қызығынан-ақ біле қоятын, оның қазіргі қызығына қарап, келесі сәтте нендей келеңсіздіктерді жасай алатынын да шамалай қоятын ой өрісі мен жан мәдениеті жоғары адам өзінің ойы да, жаны да қорша байқұсқа одан өзге не дейді? Төменді жасап төбелесе ме, еркөкіректің көрсетіп керілісе ме? Өйтсе де, жеңілмей ме? Осының бәрін ойлаған, таразылаған ақырында сәл жапқан Дулатқа неге риза болмасқа?...
Жеке сөз, жеке сөйлем кейіпкердің жан дүниесін қаншалық дәл көрсете алса, жазушының шеберлігін де соншалық айқын көрсетеді.
Жасынның ауызынан шыққан жоғарыдағы жалғыз сәт кейіпкерді де, кейіпкерді сомдап отырған Дулатты да танытады.
Бұл әр сөзіне, әр сөйлеміне мән беріп, астарына үңіліп оқуды талап ететін интеллектуалдық роман. Романның оқиғасы ой мен сезімін өрістеуі, тайпаласуы, азапқа түсіп-шығуы дамиды. Романдағы бүкіл оқиғаның кіндік қазығы – Бағиланың жан дүниесі, сезім әлемі.
Бағила әкесімен қызметтес Тұрғат деген жігітке ғашық. Шынымды айтсам, оған «ғашық» деген сөзді де қиғым келмейді.
Асыл сөз кейде айтылмас жерге де жұмсалады, қайтерсің. Ал Тұрғаттың адамдық бітімін ой дәрежесін, мәдени деңгейін жазушы Жасын түгіл, оныншыны биыл бітірген Бағила да біледі. Біледі де тыжырынады. Білімді қыз бет-пішінімен емес, жанымен, сезімімен тыжырынады.
Тыжырынбайын десе, анау өз шамасын бөлмей, балып-талып сөйлейді, асып-тасып алшақ басады. Қасы жеткен баршылықты бақытты санайды, тоқ тіршілігін өзгеден артықшылығын ақыл-ой, мәдениет дегендерді естісе, естігенде шығар, ал халық үшін қабырға майыстыру, халықтың қамын жеу дегенге келгенде, ол доп дөңгелек көм
Соның бәрін сезіне білетін қазға ынтық болу және менің жағдайымдағы адамға ол қыз көнбей қайда барар дейсің деп сену бір Тұрғатқа ғана емес, мыңдаған Тұрғаттарға тән трагедия және бұл Тұрғаттардың ғана, Бағиладайлар мен Бағиладай емес қыздардың да трагедиясы.
Жазушы өз уақытымен біте қайнасады, өз уақытының тынысын тап басады дегенді көп айтамыз. Ал, шын суреткер заманның кезеңдік тынысына шідерленбейді. Уақыт саясатының рухани ахуалда боясын рухани дербесінің ішкі дербестігін сақтайды.
«Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда...» Осы бір өлең жолы, неге екені белгісіз, Бағиланың шатысын, шарпысын бара жатқан алып қашты арналыстарының арасында ауық-ауық бас көтеріп, оны тереңге жетелей берді. «Ойлы адамға неге қызық жоқ?»
«Абайдың мұнысы несі?», - деуші еді. «Ойлы, әділетті адам түбінде жеңеді, оның мерейі үстем басады, ол еңбегінің, білімінің, ойының зейнетін көреді», - деуші еді, он жыл бойы осылай деп келмеді ме, осылай үйретпеді ме? Енді кеп мұнысы несі? Абайға, сене ме, мұғалімдерге сене ме, әде өзіне сене ме? Қайсысына жүгінген жөн?»
Бағиланың басы қатты. Кіге сенуін, даланың сағымындай шұбырған ойларының қайсысын ұстарын, қайсысының жалына жабысарын білмеді.
Ұмытармын деп, Қырымға да қашып кетіп байқайды. Тұрғаттың тұрқы анау: сегіз бөлмелі үй салған, оның іші жасау-жиһазға толған, облыста беделі бар, қысқасы кім көрінгеннің қолы жете бермейтін жігіт.
Ал Жасынға Тұрғатта бардың бірде бір бақыттың өлшемі, басмайыншы деп бақытты болатын жолды іздемейді. Пікірін айту, білімі мен ақылы жеткен шындықты жалтақтамай жазу – оған сәл бақыт секілді. Ұқпағандар да, көре алмағандар да оны сынап жатады, бірақ ол сынбайды, өйткені өзінің дұрыс екеніні біледі. Білімімен, жан түйсігімен біледі.
Бағила осы екеуінің қайсысын таңдауға тиіс.
Адамды шошытатын осы сұрақтың шешімін Дулат оқырманға тастайды.
Алайда таңдауға тұрарлық Тұрғатқа түк те жоқ екенін Бағила да, оқырман да баяғыда-ақ біліп қойған-ды. Сонда Бағиланың болашағы қандай болмақ?
Ол өзінің Жасыннан мүлде қашып кете алмайтынын мойындап, Қырымға шақыртып алған жоқ па? Сонымен де талай сыр түйінделмей ме? Жасын да жан ұшырып іздеп келмеді ме? Тұрғатқа Бағиланы оқырман да қимайтын дәрежеге жетеді. Жазушы оқиғаның шешімін өзі шайнап беріп тұрған жоқ па?
Жоқ, өйтіп шайнап берген оқырманға ас болмайтынын Дулат біледі. Оның бұл романында ым көп. Ол ымды көп оқырман өзінше, өз дәрежесінде түсінеді. Тіпті, жыға түсіне алмай дал болады. Сөйтіп отырып ойланады.
Ойланып отырып, өмір шіркіннің ешбір ереже мен қағидаға бағынбайтынын, сүйіспендік дейтін әулиенің сезім шарапатын шектей алатын әулие күштің жоқ екенін түсінеді. Кім біледі, оқырманның ішінен көп ымның түбін түсінбейтіндердің де табылуы мүмкін...
«Сүю деген ешкімнен рұқсат сұрап келмейді, ол, тіпті, өзіңмен де санаспайды
Сүю өзгеге тәнін мен жаныңды құл етіп матап беретін тәтті у, сүйкімді жауыз, дейді. Дулаттың Малика дейтін кейіпкері. Сол «жауздың» қармағына іліккен Бағиланың хал-жағдайын бәріміз де түсініп, бәріміз де онымен бірге қаналып, сонымен бірге күйіп жанамыз. Бірақ Бағила бізді тыңдайды, бәрін өзі шешеді, өзі біледі. Өйткені өмір оныкі. Сондықтан өз сүйгенін таңдауға қақысы бар.
Ал оқырманның оған өзі пікірін тануға қақысы болмағанымен, өзінше ойлауға қақысы бар. «Ойбай, Жасынның әйелі, бала-шағасы бар, оның оларды жылатқаны шамдық емес» дейді ә дегеннен. Жоқ, Жасын да Бағиланы сүйеді. Бір кезде сүйсе де, қазір суып кеткен әйелін алдап өмір сүргенше, Бағиламен қосылғаны дұрыс, дейді біреу. Ойбай, ажыраспай-ақ Бағиламен жолыға бермей ме? – дейтіндер табылады. Сонда Бағила немене, бала сүйіп, үй құрмай ма? деп тағы бірі. Бірі Бағиланы, екіншісі Жасынды сөгер, тағы бірі Бағиланы, енді бірі Жасынды жақтар, жан-жақ қарама-қарсы пікір бола берері сөзсіз.
Әңгімелесіп отырып, екеуі де жылады. Әйел өмірінің тек жеңілістен, кешіруден, жол беруден тұратынын айтып жылады, - дейді Дулат. Ал әйелдің бәрі бұл тұжырыммен келісе ала ма?
Оқырманның оған өзі пікірін тануға ойлауға қақысы бар. Романның оқиғасы, шешімі былай тұрсын, ондағы кейбір пікірлері де талас тудыруы мүмкін.
Жасынның қандай жан екенін Дулат былай суреттейді. Жасынды әйелдер жағы суықсың, саған бәрібір, деп өкпелейтін, кінәлайтын. Өйткені, олардың бәрі де Жасынды жақсы көруші еді, жақсы көріп қана қоймай, одан жақсанатын да.
Өткір ойлы көз, темірдей логика, нақтылы көзқарас, батыл философия, ешкімге иілмес мінез, ұшан-теңіз білім оны қай жерде отырмасын, тарихшылар мен экономисттер ма, суретшілер мен актерлер ма бәрі-бәрімен де биік етіп көрсетіп тұратын-ды.
Ежелден таудай қалыптасып, тастай бекіген көзқарастарды ол бірнеше сөзбен іргесін шайқалта салар еді.
Дәл осындай адамды, дәл осылайша танығаны үшін, тани біліп, ұнатып қалғаны үшін Бағила қызды қалай жазғырарсың?
Қайта тани алмаған, тани білмеген адамдарды жазғыраушы ма ең?
Жасынның мына ойы талайды шошытатын ой емес пе?
«Егер де мен онымен бұдан да жақынырақ болсам, мейлі, тіпті, күйеуі-ақ болайын, осындай қайталанбас киелі сезім кеудемде күнде дүрсілдейді, дүрсілдей бермек пе? Жұбайлық өмірдің соңына дейін? Әрине, жоқ! Демек, киелі деген сезімнің өзі жалған уақытша екен ғой.
Белгілі бір белдеуге дейін. Одан әрі үйреншікті тіршілік басталады. Бұл қыздың самайына бетім тиген кезде жүрегімнің майдай еруі былай тұрсын, өзімнен бөлек жатқанын да қалайтын шақтарым болатын шығар, - деп алып, - адамға тән жақсы көру, жек көру деген,
Қасиетті сезімнің өз заңы, өз табиғаты бар ғой. Тірі адам секілді оның де туылып, өніп-өсуіне қақысы бар... Демек, оның да тозуға, қартаюға, өлуге қақысы бар екен ғой!
Ендеше, ол үшін адам неге кінәлі болуы керек? Оны неге жабылып айыптауымыз керек?
Мінеки, айтыс-тартыстардың көкесі осы пікірлерден туындайды. Және туындауы заңды да. Жасын солай ойлады екен, деп, бүкіл адам баласы солай алмайды ғой.
Оны аз десеңіз Д.Исабеков тағы бір тосын түйінді. Жасынның атынан ортаға тастайды.
«Сонау жылғы «Театральная» кафесіндегі кездесуден бастап, тынышымды алған, ішкі дүнием қарғын судай күрт өзгеріс еңгізіп, әйел адамды шын беріле сүю деген ұғымды жақыртып кеткен, қалған өмірімде ұмыта алмасымды санамен, парасатпен сезінген осы бір жан иесін жоғалтуым керек пе, жоғалуы тиіс пе? Оқуын бітірген соң, ол өз бетінше кетеді, мен өз бетімше қалмақпын ба? ... сонан соң да айтқан күнді батырып, тіршілікті жалғастыра бермекпін бе? Ол да сөйте ме? Неге? Неліктен? Әйелімен баламның барлығынан ба? Өмірдің заңы осыны талап еткендіктен бе?
Олай болса, тағдыр мені мұнымен неге кездестірді? Бала сүймей, үйленбей тұрғанда неге жолықтырмады?
Бұл сұрақтарға ойланбай, азаптанбай жауап бере салатын кім бар?»
Оқырманды осыншама ойға, азапқа салған Дулат, сөз жоқ, сүйсінтетін талант. Оның «Қарғын» романы – ғажап роман. Бас кейіпкері Жасын мен үшін Асқар Сүлейменовтың ролінде ойнаған Дулат секілденеді де тұрады.
Себебі: «Мен тоқ адамды жек көрем, өйткені, тоқ адамның көзі соқыр, құлағы керең келеді. Оларға өнер де, ұлт та, ертеңгі күн де, дүниедегі өзгерістер де қажет емес, оларға қарын қажет», - дейді Жасын. Асқар да, Дулат та осылай сөйлейді. Және де екеуінің де «Құранды ұран деп берсең, ұран деп, ұранды Құран деп берсең, Құран деп оқи беретіндерді жаны сүймейді.
Әрине, мұным мықты дәлел емес. Дәлелім – Жасын секілді жазушының қазақ топырағында бола алатындығы,оның кепілі кешегі өткен Асқар Сүлейменов екені ғана.
«Қарғынды» қаншама ұзақ әңгіме еткенімізбен, қалың қазаққа Дулатты талантты, өзгеше жазушы ретінде танытқан негізінен повестері екенін де естен шығармағанымыз жөн. Оның қаламынан туындаған «Бекет», «Мазасыз күндер», «Пері мен періште», «Гауһартас», «Сүйекші», «Дермене», «Тіршілік», «Біз соғысты көрген жоқпыз», «Өкпек жолаушымен», «Ертегі елінде», «Тыныштық құдіреті» атты бірінен бірі өткен тамаша повестер қазақ әдебиетінің мақтаныш тұтатын қазынасы.
Оларда қаншама кейіпкерлердің қаншалық мінез-құлқы болмыс-бітімі, қазақы артықшылығы мен қазақы кемшілігі суреттелген.
Бәрін талдау мүмкін болмас, тек «Тіршілікке» тоқталайық.
Дулат қазіргі жазып жүрген драматургтердің ең жемісті. Оның пьесалары Алматы мен Астанадан тартып бүкіл облыс орталықтарында талассыз қойылып жатады. Қоғамның, халықтың өмірінен ол ешқашан қағыс қалып көрген емес. Екі күн елдің қамын ойлап, үшінші күні өзі қалғып кететін қасиет Дулатта жоқ.
Ол үшінші ой мен ізденіс үстінде. Сол ойларымен ізденістері бірде роман, не повесть, не әңгіме, не пьеса, не мақала боп жүзеге асады да жатады.
Өйткені, ой азабын тартпаса, Дулат Дулат бола ма? Дулатты қазақ сол азабы үшін сыйлайды.
Адами, әдеби, ғұмырлық ұзағынан болғай, Дулат!
Алпысқа толған ағалармызға қай жағынан да қатты қызығатынымыз рас. Жағымды Дулат Исабеков өзінің кластас досы, бұрыңғы құрдастарымен де әзілдесіп қояды.
Д. Исабеков осылай сөйлесе, Дулат Исабеков бола ма? Көркем дүниедегі «қара қарғынның ласы қайнап жатқан ыстықта» деп, мақаласында «омыртқасын бөрі мүжіп, ортан жілігін оқ жылан сорды», қазақ халқын айтып отыр деп жазбаса, ол Дулат болмас еді ғой.
Келе жатып, «Бір әйел, сылайнайын десем, бойымнан қорқам, сыланбайын, десем, сылаңдаған тоқалдан қорқам деген екен, - деп және бір жәйттің шетін шығарды
Біздің алдымызға ағалар – бір қауым құрдастар алпысқа толып келіп жатыпты. Бірі әзіл – бірегей біздің Дулат. Бұлардың бірақ осынша жасқа келуіне илану қиын. Бәрі – бәрі баяғы балалық сезімдерінен, сүйкімділіктерінен өзгермегендей. Алайда бәрі балаға ұқсай тұра, шеттерінен дана. Мейірлері де пейілдері шуақтанып, бұл жағынан да, бірі – біріне қатты ұқсайды.
Шығармашылықта, көркемдік маңдайындағы жорықта дара – дара! Ғажап емес пе? Сіз бен бізге бұдан артық не керек?
Бұл шоғырдың – шоқ жұлдыздың шығармаларын жұрт қай кезде де, тіпті «қыпша белді арыстан аш, доға белді доңыз тоқ» заманда да іздеп, сұрап жүреді. Өтпей қалған жатып қалған кітаптары жоқ.
Бұл шоғырдың төңірегінде (шүкіршілік, бұлардың алдында бірер шоғыр – шоқ жұлдыздар баршылық қой) небір әңгімелер айтылады. Себебі бұларды оқырман, көрермен керексінеді ақсайды, сағынады. Бұларға бұдан артық не керек енді? Дейміз де балғы. Ғ.Мүсірепов «Қай халықтан болса да мәдениетін, көркем сөз, көркем өнерін жоғары көтеріп, жалындатып жіберуге жүз талант өптік етпейді, он талант аздық етпейді», - дейді.
Көз тимесін соғыстық басында туған «балаларға». Соғыстың басында туған «балаларға» соғыстың сонында Жеңіс жылында туған «балалардың» неге қызығатынын түсінген шығарсыз енді, оқырман дос.
Қазақ қаламгерлерінің ішінде Дулат Исабековтің қаламгерлік қызметі ерекше. Ерекшелігі сол – ол көп жанрлы, роман, повесть, әңгіме, публицистикалық дүниелерімен көркем әдебиеттің жайлауын көкорай шалғындай таза, сұлу суретімен ажарландырып түседі, һәм кеңейтіп келе жатқан жазушы.
Достарыңызбен бөлісу: |