2.3 Дулат Исабековтің «Әпке» драмасындағы Қамажайдың көркем мінезділігі Қазақ қоғамына өз орны бар жазушы-драматург Дулат Исабековтың жанды тебірентіп қана қоймай, ерекше мағыналы ой қалдыратын «Әпке» шығармашылық драмасының мән-маңызы өте зор. Екі бөлімнен тұратын «Әпке» шығармасы 1977 жылы жазылады. Арнайы сахналық қойылым негізіне арналған шығармалардың бірі. Драмалық шығармада кейіпкерлердің сөздері мен іс-қимылдары, сезімдері өте жоғары деңгейде көрсетіледі. Шығармадағы басты кейіпкер ретінде Қамажайдың бейнесі ашылады. Қамажай анасынан жастай айырылып, қайырсыз әкеден пайда болмасын біліп, өзінен кейінгі ерген іні-сіңілілерін бағып-қағып, адам ету жолында күш салған, қандай қиындық болса да, оны еңсере білген, бауырларына шын тілектес болып, өз бақытын, өз тағдырын өзі жасаудан бастартқан жанкешті әпке еді. Шығарма желісі бойынша Қамажай өз өмірін бауырларының жолында пида еткен жан болса да, өмірге деген кұштарлығы өте жоғары жан екенін байқай аламыз. Қамажай – жетім қалған бес баланың үлкені, олардың жанашыр әпкесі[1]. Мынау тар заманда, адами құндылықтар мен шынайы жанашыр сезімдердің ұмытылған заманында өзінің көркем мінезімен, жоғары адагершілік қасиетке ие Қамажайдың тағдырын ешкім қайталай алмасы анық. Бауырларының амандығы, саулығы, олардың жеке бір тұлға болып қалыптасуында Қамажайдың шынайы еңбегі зор еді. Әпке ұғымын ана ұғымымен біріктіре алған, қазіргі таңда кейбір аналардың бойында табылмас адами қасиеттерді өз бойына жиған Қамажайдың жасағанын адамдардың қайталауы екі талай дүние еді. Қамажайдың дәл осы қасиеттерін бағалап, оны өзіне жар етуді қалаған Қабен есімді жігіт те шығармада бой көрсетеді. Іштегі шынайы сезім, жүрек қалауын Қамажайға жеткізу барысында Қабенге келіспеймін деген жауапты береді. Қабеннің сезіміне Қамажайдың жауабы келесідей болады. «Қабен, ол мүлдем қиын, мен өз бауырларымды ешқайда тастап кете алмаймын, олар әлі де болса мен үшін кішкентай балалар, өз беттерімен өмір сүре алмайды, ондай өмірге дайын емес» деп Қабенге жауап береді. Қамажайдың бұл тұста, екі жақты бейнесін байқай аламыз, біріншісі, бауырларын соңына дейін ойлаған жанашыр әпке, екіншісі, өз тағдырын мүлдем ойдан шығарған жанкешті жан. Біздің қоғамда «әйел-ана, әйел-сүйікті жар» деген теңеулер жиі айтылып жатырады. Шынында әйелдің осы өмірдегі мақсаты сүйікті жар, аяулы ана болуы керек шығар деген де ой келеді [2]. Дегенмен, Қамажай өзінің жеке басын мүлдем ойламай, тек бауырлары үшін ғана өмір сүріп, соларды адам қылу мақсатын бірінші орынға қойды. Бұл замандағы әпкенің қолынан жасалған осындай шынайы еңбекті қайталанбас батырлық пен ерлікке тәнті болмау мүмкін емес. Шынайылыққа және сезімге толы шығарма әрқашан оқырмандардың көңілін көтеріп, оларға ерекше талпыныс сыйлайды. Қазіргі таңда елімізге белгілі жазушылардың арасынан ерек шығып, халықтың қолдауына ие болатын шығармалардың бірі Дулат Исабековтің еңбектері екені бәрімізге белгілі. Дулат Исабеков – жазушы және драматург, шынайы сезімдері өз оқырмандары мен көрермендеріне жеткізіп, жүректеріне үлкен үміт сыйлаған еңбектің иесі. Қазіргі қоғамда болып жатырған жағдайларды, тағдыры ортақ замандастардың өмірлік бейнесін беру арқылы халықты өзіне баурап алған шығармалардың бірі Дулат Исабековтің «Әпке» драмалық шығармасы [3]. Жазушы шеберлігінің арқасында өміргі келген керемет туынды өз оқырмандары мен көрермендерін бірден табады. Дулат Исабековтің әдеби жанрдағы еңбектеріндегі басты объекті ретінде адамды қарастырады. Адамның өмірі, адамның тағдыры, адамның іс-әрекеті, адамның ниеті, адамның адами құндылықтары, жалпылама алғанда, заман адамының бейнесін ашады. Шығармадағы кейіпкерлердің бейнесін ашуда олардың жүректерінің түбіндегі дірілді, жан тынысын, әрекеттері мен өмірлік жағдайын жеткізуде ерекше құралдарды қолданады. Аталмыш туынды драмалық шығарма болғандықтан, кейіпкерлердің сөздері, іс-әрекеттері мен ойлау жағдайларына байланысты интонациялық мән мен сезім қабілеттерін жетік ашылғандығын айта аламыз.
«Әпке» шығармасындағы басты кейіпкер ретінде Қамажай қарастырылады. Ата-анасына жастайынан жетім қалған бір емес, бес баланың тағдыры шығармада сипатталады. Үйдің үлкені болған Қамажай өте мейірімді, ақкөңіл, жанашыр, сезімтал әпкенің бейнесінде болды. Ата-аналары жоқ, тағдыр таухыметін бастан кешіріп жүрген балалардың әпкесі болмаса шығарма қалай өрбитін еді. Өте қызық әрі жауапсыз... Оқиға да, балалардың өмірі де, олардың жеке тұлға болып қалыптасуы да осындай болмас па еді?! Өзінен кейін ерген бауырларын адам ету үшін күндіз-түні тынбаған, бауырларының қамы үшін де өмір сүрген қамқор әпке Қамажайдың ерлігін ешкім қайталай алмасы анық. Қамажай отбасында қандай қиындық кездесіп қалмасын, оның жауабын, шешімін табуға асық болады және бәр күшін салуға тырысып жүреді. Қамажай бауырларының жағдайын жасап, оларды адам етіп, мәселелерін шешіп беру өзінің басты борышы ретінде санайды [4].
Шығарма негізі бойынша Қамажайдың Омар, Темірбек, Ермек есімді інілері және сіңілісі Нәзила атты сіңілісі бар. Көп балалы отбасы, ата-ана қамқорынан ерте айырылған, қарапайым отбасы. Қамажайдың шығармадағы көркем мінезді екендігін шығармадан жиі кездестіріп қалуға әбден болады. Мінезі бойынша өте қамқор, аңғал, қарапайым, бауырмал, жанашыр әпке. Бейнесі жағынан адам тартарлық сұлбасы бар, бірқалыпты Қамажайдың бейнелері шығармада жиі кездесіп жатады. Омар-Қамажайдың інісі, білім мен ғылымды зерттеумен айналысады. Темірбек – Қамажайдың екінші інісі. Камазда бригадир болып жұмыс жасайды. Ермек-үйдің кенже ұлы, сүйкімді, жағымды кейіпкер. Мінезі жағынан ерке, ашық Нәзилә Қамажайды өз анасындай көріп кетті. Бауырларына тірек болғаны соншалық Қамажай олардың анасы іспетті болды. Бауырлары барлық мәселелерін Қамажайға айтса шешілетінін біліп отыратын. Бұл жерде Қамажай қамқор, адамгершілігі мол бауыр ғана емес, барлық жауапкершілікті өз мойнына ілген үйдің үлкені еді.
Дулат Исабековтің «Әпке» шығармасында Қамажай сюжетті әрі қарай ерекше дамытуға және шығармадағы басты идеяны жеткізуге мүмкіндік берген көркем образ болып саналады [5]. Қамажай көркем образ ретінде әйелдің қолынан келетін үлкен күштін, темірдей мықты төзімнің, қиындықтармен әркез күресе білетін батылдықтың, кедергілерді жеңу қабілетінің бар екендігін көрсетеді. Әйел қырық жанды деген қазақта сөздің мағынасы осы тұста ашылғандай көрінеді.
Шығарма бойынша Қамажай әке мен ана мейірімінен қалғаннан кейін бауырлары үшін, шаңырақтың шайқалмауы үшін бүткіл жауапкершілікті мойнына алған ең күшті әрі тәуелсіз әйел ретінде баяндалады. Бауырларына бауыр ғана болып қоймай, ата-ана орнына ата-ана,туыс орнына туыс, туған орнына туғаннан артық адамға айналады. Жастықтың буын және нәрін сезінбеген Қамайжайдың ерлігін сипаттауға сөз жете ма? Біздің тарихта елін қорғап, тәуелсіздік үшін күрескен әпкелеріміздің жалғасы секілді Қамажай... Ой тереңіне бойлап қарасақ, оның жасаған әрекеті ессіз, ес кіріп, ескерген кезең еді. Бауырларының тірегі болған, бар ойында олардың жағдайын жасау, қамқорлық таныту, олардың болашағын ойлап күресу міндетті тұрды. Бірақ, дәл сол бауырларын ойлағандай, өзін ойлаушылық болмады, өзі үшін ешқашан ойланбады. Қамажай зорлық-зомбылық, басынушылық, оған қарсы әділетсіздік орын алса да, оған қарсы тұра білген қара емендей еді. Тамыры терең, сырты бүтін, іші түтін адамның өмірін сүріп жатырған тірі рух сияқты. Біреу үшін ұзақ ғұмыр, біреу үшін қамшының сабындай-ақ қысқарған өмірді Қамажай бауырларына арнап, саналы ғұмыр кешкендей көрсетеді. Адами қасиеттердің ең жетілген сатысы Қамажай еді. Адами құндылықтардың бір жерге шоғырлануы да Қамажайға тән еді. Бірақ, Қамажайға осының барлығы керек па еді деген сұрақ туындайды. Өзімізді бірер сәтке ғана Қамажайдың орнына қойсақ дәл сондай басқа үшін пайдалы ессіз әрекеткетке бара алатын ба едік деген сұрақ туындайды. Қамажай секілді жағдайға түсіп, Қамажайдай үйдің үлкені болып, қалған бауырларымыз үшін саналы ғұмырымызды басқа жан үшін сарп етер ма едік деген сұрақ тағы ойға келеді. Менің ойымша, бұл сұрақ тіптен ойға алуға, қиялға ерік беріп, ойлаудың өзіне қиын нәрсе секілді көрінеді [6]. Жақсылықтың жақсылықтан артық қайырымы бар ма дейді, мүмкін Қамажайдың бұл адамгершілігі оның жеті ұрпағының басына жазылған бақ ретінде болатын шығар деген ой тұжырымына тоқталамыз.
Көркем шығарманың асыл шынарына айналған Қамажайдың дәстүрлі құндылықтар мен сыйластық мәдениетінің символына айналғандығын көре аламыз. Туған жердің тарихына және табиғатына бас иіген Қамажай өз өлкесін өзгеден бөлектеп, аса бағалады. Ескіріп бара жатырған әдептерді, салт-дәстүрді ұстана білген алтын діңгек сияқты деп Қамажайды сипаттай аламыз. Туған жер, туған бесіктің асыл күшіне сенеді және бағалайды. Қамажайдың мінезінен туған жерге деген алаулап тұрған сүйіспеншілік, ел бесігі алтын, тамыры тереңде жатқан киелі мекенд бағалауында патриоттық, адалдық сезімдері орнайды. Дәстүрді сақтауға, жан-жағындағыларға жақсылықпен күн сәулесіндей болып жарқырауға, сүйіспеншілікті шынайылықтың туындай көрген Қамажай нағыз қазақ қызының қасиетін сипаттайды. Нағыз қазақ қызының бойында болатын адалдық, адамдық, сүйіспеншілік, бауырмалдылық, шынайылық Қамажайдан әркез табылатын. Қамажайдың бойындағы бұл қасиеттер көркем қасиеттердің бастауы еді. Тілсіз, сөзсіз, жай ғана шынайы әрекеттермен Қамажайдың болмысы қалыптасты. Адамды көркем мінезі ғана оны сол ортадан ерекшелеп, алға шығарады, даралайды, махаббатқа ие етеді делінген даналық сөздерді жиі кездестіріп жаттырамыз. Бұл сөзді оқу, миға жіберу, мағынасын түсіну өте оңай болғанмен, дәл сол даналықта айтылғандай көркем мінезді азамат болу бәрінің қолынан бірдей келе бермейді.
Жалпы, Дулат Исабековтің «Әпке» шығармасы арқылы оқырмандар мен көрермендерге біршама ой жеткізгісі келді. Автор үшін Қамажайдың бейнесі – әйелдің күшін, төзімділігін, еліміздегі қолданыстан қалып бара жатырған дәстүрлер мен отбасылық құндылықтардың маңыздылығы туралы идеяларды жеткізуге үлкен көмек берген көркем образ. Шығарма барысында Қамажайдың бейнесі және оның іс-әрекеттері арқылы шығарманың маңызы ашылып, ол дами түседі. Шығарманы дамытуда, оны қалың көпшілікке ұсынуда көркем образды дұрыс аша алған жағдайда ғана, шығарма да халыққа өтімді болады. Тақырыптың негізгі идеясын түсіну және оны бағалауда Қамажайдың көркем бейнесі ерекше ықылас пен мадаққа ие болды [7]. Демек, шығармадағы басты кейіпкер халықтың ішіндегі махаббатты аша алған, адами құндылықтар деген ұғымды қайтадан қалыптастыруға мүмкіндік берген құнды дерек көзі саналды. Біздің еліміз қызын жылатпаған, оны ардақты алақанына салып аялаған халықтардың бірі. Қыз баласына ерекше құрмет көрсету арқылы еліміздің асыл қазынасын сақтап келе жатырғандай көрінеді. «Төр-қыздікі» деп те, ең қасиетті және ең жоғары орынды қызға ұсынған. Өз ұясында сондай тәрбие, ізетті көрген қыз, барған үйін де бақытқа кенелтеді деп сенген. Қазақ айтса қалт айтпайды, ұлын ұлықтап, қызын аялаған қазақ халқы балаларға жастайынан тәрбие мен құндылықтарды үйретуге тырысып отырған. «Әпке» шығармасы бойынша Қамажай үйдің үлкені болып, бауырларына жалғыз көмек беруші, асыраушы болып қалса да, жауапкершілік пен адамгершілік ұғымын бірінші орынға қойды. Өмірін бауырларына арнап, өзінің өмірін мәңгілікке ұмытты. Қамажайдың жеке өмірінде өзі үшін үлкен мүмкіндік туса да, ол жолды таңдаудан бас тартты. Осының барлығы Қамажайдың бауырларын жетілдіремін, адам қыламын, асыраймын деген мысалын туды. Шығарманы оқу, драманы тамашалау барысында дененің тітіркенбеуі мүмкін емес. Заман ешқашан өзгерген емес, адамдар өзгеріп, адамдардың іс-әрекеттеріне сай заман орын алып жатыр. Тамырын кең жайған ағаштай, махаббатын бауырларына таратқан Қамажайдың әрекеті бізді әр түрлі ойларға жетелейтіні анық. Дегенмен, батырлық пен адамгершіліктің символына, ақылдылық пен шынайылықтың үндестігін біріктірген Қамажайдан алатын үлгі-өнеге өте көп деген қортындыға келе аламыз.
Дулат Исабековтің «Әпке» шығармасы желісі бойынша Қамажайдың көркем бейнелік сипаты оқырманға осы кейіпкерді жеткізуге, оны түсінуге және бағалауға мүмкіндік беретін образдың бірі болып саналады. Қамажай- «Әпке» шығармасының басты кейіпкері. Ол дәстүрлі қазақ қоғамының өкілі ретінде көрінеді. Қамажай көркем бейне ретінде адами құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүрлерді ұстанатын өте күшті, тәуелсіз және өз кезегінде өзін екінші орынға қойған жанкешті әпке ретінде бейнеленеді. Сюжет дамып келе жатырған тұста, Қамажайдың басынан өтіп жатырған жағдайларға байланысты бір кезде болашаққа үмітпен қарайтын, бір кезеңде өзі үшін болған қақтығыстарда өз-өзіне қарсы тұрған бейне келбетінде танылады. Шығарма бойынша Қамажай өте мәжбүрлі бейне [8]. Яғни, бауырларына қамқор болуға мәжбүр, оларды бағуға, адам етіп жетілдіруге, оқытуға, тоқытуға, тамағын дайындап, барлық жағдайын жасап отыруға міндетті жан ретінде көрінеді. Дәстүрлі әрі заманауи мәдениет қақтығысының символы ретінде Қамажайдың көркемдік образы ашылады.
Қамажай – өте жанашыр кейіпкер ретінде оқырманды таң қалдырады. Шығарма бойынша біз оның қайғы-қасіретін, ішкі күресін және бостандығына, жауапкершілігіне байланысты ұмтылысын көреміз.Қамажайдың «Әпке»шығармасындағы көркемдік сипатының қорытындысы оны өзінің бостандығы мен өзін-өзі анықтау үшін күресетін күрделі және көп қырлы кейіпкер ретінде көруге мүмкіндік береді. Жалпы, Дулат Исабековтің "Әпке" шығармасындағы Қамажайдың көркем мінезінің қорытындысы бізге осы кейіпкерді, оның мотивтері мен іс-әрекеттерін жақсы түсінуге және бағалауға мүмкіндік береді. Ол біз үшін романның кейіпкері ғана емес, сонымен бірге күрделі әлеуметтік және мәдени мәселелердің көрінісі ретінде көреміз.