Дулати атындағы тараз


Дәріс 10 Құрамында қант болатын шикізаттар және оны пайдалану



Pdf көрінісі
бет14/24
Дата27.11.2023
өлшемі499,33 Kb.
#130129
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24
Байланысты:
Лекция Тамақ өнімдерін өндірудегі дәстүрлі емес шикізатты қолдану (1)

Дәріс 10
Құрамында қант болатын шикізаттар және оны пайдалану
Қант қызылшасы (Beta vulgarіs) – қызылша туысына жататын екі жылдық бағалы
техникалық дақыл. Бірінші жылы оның қоректік заттары бар тамыры мен жапырақ шоғы
өседі. Осы жылғы өсу кезеңінің ұзақт. 150 – 170 күн. Екінші жылы топыраққа отырғызылған
қант қызылшасының жемісінен гүл шашатын сабақ және тұқым пайда болады. Екінші жылғы
өсу кезеңінің ұзақт. 100 – 125 күн. Қант қызылшасы – құнарлы мал азықтық дақыл. Оның
пәлегін (жапырағы мен сабағын) з-тта өңдегеннен кейінгі қалған қалдықтардан сірне,
сығынды мал азығы даярланады. Қант қызылшасының түсімінің 40%-ы пәлегінің үлесіне
тиеді. Қант қызылшасының сығындысында 15% құрғақ заттар, 3% клетчатка, 0,7% күл, 0,1%
май және 1,2% протеин болады. Осы сығындының 100 кг-ында 80 мал азықтық өлшем және
3,6 кг қорытылғыш протеин бар
Қант қызылшасы тамақ өнеркәсібінде қант алу үшін пайдаланылады, өйткені оның тамыр
жемісінде 17 – 19%-дай қант болады. Қант қызылшасы – жылу сүйгіш өсімдік. Қант
қызылшасының тұқымы қант з-ттарында дайындалады. Мұнда тазаланған тұқым 2
фракцияға (3,5 – 4,5 мм және 4,5 – 5,5 мм) бөлінеді. Негізінен тұқым себуді топырақтың 10
см тереңдіктегі температурасы 5,6°С жылынғанда бастайды. Бұл кезең көбінесе наурыздың
3-онкүндігі мен сәуірдің 1-жартысына сәйкес келеді. Органикалық заттарға бай, құнарлы
қара топырақта жақсы өседі. 
Оған топырақтың қышқылдау немесе бейтарап болғаны дұрыс (рН 6,5 – 7,5). Қазақстанның
суғармалы жерлерінде негізінен қатар аралығы 60 см кең қатарлы себу әдісі қолданылады.
Қазақстанда қант қызылшасы Жамбыл, Алматы облыстарының суғармалы жерлерінде
өсіріледі. 1991 жылдан Қазақстанда қант қызылшасының бір тұқымды жаңа сорттары
аудандастырылып, себілді. Қант қызылшасын бір танапта ұзақ жылдар бойы ауыстырмай
сепкенде, оның зиянкес жұмыр құрты мен тамыр биті көбейеді
Сондықтан қант қызылшасын түрлі аурулар мен зиянкестерден қорғауда, оның өнімділігін
арттырып, қанттылығын көтеруде ауыспалы егістің маңызы зор. Мал азықтық қант
қызылшасының (Beta vulgarіs z. v. crassa) құрамында көмірсулар, витаминдер, тұздар,
азотсыз экстракты заттар бар. Сондықтан ол жоғары сапалы және жұғымды мал азықтық
дақыл. Бұл қызылша Қазақстанның барлық облыстарында болады.
Сорбит — ақ түсті, тәтті, иіссіз, суда жақсы еритін кристалды ұнтақ. Ол шетеннің жемісінде
және көптеген жеміс-жидектердің құрамында болады. Сорбиттің тәттілігі қантқа қарағанда 2
есе аз. Организмге сіңгеннен кейін, қандағы қант мөлшерін арттырмайды. Диабетпен
ауырғандардың ұзақ уақыт бойына тәулігіне 100 г-ға дейін сорбитті пайдалануы оның
толығынан зиянсыз екендігін анықтады. Сондай-ақ оны өт қызметін жақсартуға да
пайдаланады.
Ксилит те сорбит сияқты қолданылады. 50 г-нан артық пайдалануға болмайды
Қант өндірісі — қант қызылшасы мен қант құрағынан кристалды ақ ұнтақ қант және шақпақ-
қант өндіру. Біздің елімізде қант құрамында 17,5% қант болатын қант қызылшасынан
өндіріледі. Қант өндірісінің негізгі процестері: қызылшаны жуу, жапыр ақшалап турау,
диффузиялық аппараттарда өңдеу, диффузиялық шырынды тазарту (дефекация, сатурация,
сульфитация), тазартылған шырынды булау, қою шырынды құрғақ заттары 92,5% болғанша
қайнату, центрифугалау, ұнтақ кептіру, салқындату; мұның нәтижесінде ұнтақ қант алынады
кесек қант құмшекер қанттан жасалады.
Қазір республика бойынша шығарылатын қанттың 95 пайызы импорттық шикізат — қант
құрағынан (тростниктен) өндірілсе, қалған 5,0 пайызы ғана отандық қант қызылшасынан
өндіріледі. Осы себептен де қанттың бағасы шикізатқа тәуелді. Мәселен, сараптаушылардың


Лекция конспектілері
Н3-1.1.39
08.08.2023
мәліметі бойынша қазір әлемдік рынокта қант құрағының 1 килосының бағасы — 65 теңге.
Ал, өзімізден шыққан өнімнің зауыттардағы қабылдау бағасы импорттық шикізатқа
қарағанда 5 есе төмен. Өкінішке орай, арзан шикізат қазір жоқтың қасы. Зауыттар қант
қызылшасымен жеткілікті қамтамасыз етілмегендіктен, амалсыздан алыстан қымбат
шикізатты тасымалдауға мәжбүр. Қант құрағының бағасы жоғары болғандықтан, одан
өндірілген қант та қымбат. Қазір еліміздің кейбір өңірлерінде 1 кило қанттың құны 190
теңгеге жеткен. Ал, қанттың отаны Жамбыл облысындағы баға 180 теңге. Мұнда, өткен
жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 1 кило қанттың бағасы 25 теңгеге қымбаттады.
Қант қызылшасы біздің еліміздің егістігіндегі ең маңызды техникалық дақылдардың бірі.
Әйтсе де, қазіргі кездегі алып қант өндірісі тамыржемістің қантсыздығынан және түсімнің
төмендеуінен туындайтын дағдарыстан қасірет шегіп отыр. Басқа да егістік дақылдары атап
айтқанда бидай, картоп секілді, қант қызылшасын егудің де тиімді екенін әлемдік тәжірибе
көрсетеді. Мысалы, 1990 жылы Германия астық дақылдарының 56,6%-ін айдалған жерден
алды, ол ел табысының 9,5%-ін құрады. Сол уақыттарда қант қызылшасының 5,3%-ы
айдалған жерден алынды және ол ел табысының 4,3% үлесін құрады.
Қант өндірісін көтеру – өте күрделі технологиялық процесс, ол егілген қант қызылшасы
сұрыптарының өнімділігіне және төзімділігіне, алынған шикізаттың сапалы өндірісіне
байланысты. Жоғары қаттылықты және салмағы үлкен тамыржемісті қант қызылшасының
төзімді сұрыптарын алуға бағытталған селекциялық жұмыстарда, қант жинауды арттыруда
агротехникалық шаралармен қатар егілу ауданы да негізгі рөл атқарады. Қант
қызылшасының селекциялық процесі өте күрделі және қиын, сонымен бірге екіжылдық
айқас тозаңданушы дақыл.
Сонымен қатар, жаңа сұрыптар үш талапты қанағаттандыруы тиіс: жоғары өнімділікті,
әртүрлі фитопатогендерге төзімділікті және қоршаған ортадағы экстремальді жағдайларды.
Биотикалық және абиотикалық стрестерге төзімді селекциялық мәселелерді шешуде
биотехнологиялық әдістер үлкен рөл атқарады. Өсімдік селекциясының ағзалық деңгейден
жасушалық деңгейге алмастырылуында, сонымен қатар орасан көп өсімдік ағзалары
жасушаларында, селективті ортадан керекті түрдің іріктелуінде микробиологиялық әдістер
қолданылады. Жасушалық сұрыптаудың алғышарты болып қант қызылшасының ұсақ
дисперсті суспензиялық культурасы табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет