Күмісбек Қаракөз «Жағыңды таянба», «Бетіңді баспа» деген сөз тіркестерін әрбір бала естіген болар. Алайда соның барлығы да себебін біле бермес ары кетсе, «жаман боладының» аясындағы саяз мағына. Бірақ бұл тыйымдардың мағынасы тереңірек. Қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана бетін басып, жағын таянады екен.
«Босағаны керме», бұл – қазақ ұғымында әйел мен ер адам үйдің қос босағасы секілді, оны керу – екеуінің арасын суыту, ажырату деп білген. Сондай-ақ бұрындары жаманат хабар алып келген адам ғана есікті керіп тұрып, хабарды жеткізетін болған. Тағы бір ерекшелігі, мұндай хабар әкелген адам үйге кірмей, тізе бүкпей кетеді.
Ержанқызы Айкелбет: «Мойныңа жіп салма» Ала жіп немесе арқан тұрмыста өзге де мақсатта пайдаланылады. Мысалы, киізүйдің бауы мен басқа да арқандарының көбі ала етіп есілді. Мұның да түп төркіні жоғарыда айтылған түсініктермен тікелей байланысты. Киізүйдің белдеу арқаны кейде ала болады. Уық пен кереге баулары түгел осы қара ала жіптен жасалады. Ала жіп әдемі әрі ерекше көрінеді. Оның үстіне, отбасы мүшелерін, жас баланы көз бен сұқтан қорғайды деп сенген.Ала жіпті қойдың жүнін, жылқы не ешкінің қылын араластырып есіп жасайды. Есілген жіптің біреуі ақ, келесісі қара болуы керек. Ақ және қара болып дайындалған жіптер қосарлана есіліп, ала жіп не арқан өріледі.
Қазақта “ала жіпті мойныңа салма”, “ала жіпті аттама”, “ала арқанды кеспе”, “ала жіппен беліңді байлама”, “ала арқанмен жылқыны арқандама”, “ала арқанды далаға тастама”, “ала арқанмен шалма салма” деген сияқты тыйымдар бар. Оларға құлақ аспаған адамды жамандық шақырып жүр деп санап, міндетті түрде ескерту жасаған.
«Мойныңа жіп салма, пышақтың жүзін жалама, таңдайыңды қақпа, басыңды шайқама, ішегіңді, табаныңды тартпа» – бұл сөздердің де тамыры тереңде жатыр. Мойынға жіп салу арам өлімге итермелейді десе, пышақтың жүзі тіліңді кесіп кетеді, таңдайыңды тақылдатсаң, басыңды шайқасаң оқыс оқиғаға тап боласың, бұдан аулақ бол деген емеурінді есіңе салады.
Қырғызбай Диана: