Дво-21 Тыйым сөздердің мағынасы қандай, қалай түсіндіресіз? Тыйым сөздер: «Адамға сыртыңды беріп отырма»



бет8/8
Дата07.04.2023
өлшемі30,01 Kb.
#80426
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ДВО -тыйым сөздер

Дәулетханова Балерке
"Дастархан басында кекіру"
Ас – адамның арқауы, "Ауру – астан" деген дана халқымыз.Шынында - солай, бұған ешкімнің таласы жоқ. Өйткені, ол - тәннің азығы. Сол себепті күнделікті тамақтануымызды бойымызға қуат сыйлайтын Алланың нығметі деп білуіміз керек.
Көп жағдайда дұрыс тамақтануымызға аса мән бермей, асқазанға көрінгенді тығып, соңында түрлі ауруларға жол беріп алатынымыз бар, сондықтан өзіміздің денсаулығымыз бен көңіл-күйімізде қалай тамақтанғамызғада байланысты екені ақиқат. Шыны керек, дұрыс тамақтанудың денсаулыққа берер пайдасы мол екенін бүгінгі медицина саласы ғылыми тұрғыдан дәлелдеуде.

Соның бірі қомағайлық, ашкөздіктен сақтану біздің парызымыз десе де болады. Сондықтан әр біріміз дұрыс тамақтану әдебін сақтауымыз керек . Тоя жеу денсаулыққа зиян екені өз алдына, ондай адамдарды Пайғамбарымыз (ﷺ) мүлдем ұнатпаған. Бірде мұсылманға жараспайтын кейіпте ашкөздікпен тамақты өле-өлгенше жеген адамның кекіре бастағанын байқаған Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кекіруді тоқтат. Өйткені, дүниеде тоя жеген адамдар қиямет күні ұзақ уақыт аш қалатындар»,- деп қатаң ескерткен. Осындайда дана халқымыз: «Жаман өле жейді, жақсы бөле жейді» деп тойынғандарға қарата айтса керек. Және де ақыл мен иман иелері үшін ескертілетін астың адалдығына мән беруі қажет.


Жаксылыкова Маржан
Малды құр қол айдама ,
Төрт - түлікке қатысты - тыйымдар
Қазақ – ежелден мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірибесі бар олар мал өрісін әбден танып білген. Мал өсіруге аса қолайлы Қазақстан жерін малсыз елестету мүмкін емес. Мал шаруашылығы еліміз үшін аса маңызды шаруашылық болып қала бермек. Жастарымыз қасиетті төрт түлікке қатысты ұлтымыздың ұғымдарымен бай тәжірибесін ұмытпауға тиіс.
Малды теппе құлындайды биесі,
Тәубе қылар үй иесі, малдың бар ғой киесі.
Пенделердің сөккенін, мал жібермес теп - тегін.
Айуанды тепкенің – ырысыңды төккенің.

• Мал айдап бара жатқан адам кездескен «айдар көбейсін!» дейді, ал малшыға «бағар көбейсін!» деген ырымдаған.
• Жас ботаны бірден көзге түсірмейді. Оны бір ай шымылдықтың не ши қоршаудың ішінде ұстайды. Жас бота тұрған үйдің белдеуіне бөтен адамның атын байлатпайды. Егер бөтен адам ботаны көріп қалса, оған жалма - жан « тіл – көзім тасқа» дегізіп, ботаға түкіртеді немесе отқа тұз тастатады.
• Мал иесі малдың сүттілігіне, немесе семіздігіне ризалығын білдіреді, әйтпесе көзі тиюі мүмкін.
• Қазанда қайнап жатқан сүт төгілсе, малдың желініне жара шығады. Сүт отқа күйсе, малдың емшегінде сүт азаяды.
• Мал сойған төс шеміршегін кесіп алып, жарға не босағаға лақтырғанда жабысып қалса – ол аты жүйрік болады.
• Сиырдың желіні іссе, таңертең ерте кебіспен ұшықтайды.
• Мал әбзелдерін лас жерге, аяқ астына тастамайды. Оларды арнайы орынға іліп қояды.
• Мал ұстайтын құралдарды (құрық, бұғалық т. б.) аттамайды. Мал ұстайтын құралдар киелі болып саналады.
• Мал ұстайтын құралдарды тік көтеріп жүруге болмайды, олардың ілгегін қолға іліп, жерге сүйретіп жүреді.
• Атты немесе басқа малды сатқанда, яки біреуге сыйлағанда ноқта - жүген, бас жібі берілмейді, ырыс - несібе олармен бірге кетеді.
• Мал байлайтын арқанды, жіпті, көгенді аттамайды.
• Қой қырқатын қайшыны иесіне «мұны мен емес, жер беріп отыр» деп ойлап, жүнге орап қайтарады. Қайшыны қолға бермейді, жерге қою керек. Екінші адам оны сол жерінен алады, әйтпесе қайшы қойдың терісін кесіп кетеді.
• Ер - тұрман үй ішіндегі арнайы жерге қойылады.
• Түнде мал санамайды, ол жаман ырым.
• Ит ұлыса, жамандық болады.
• Ат жер тарпыса, жолға шығады деген сөз.
• Ат жолға шығарда тезек тастаса, жол болады дейді.
• Ат сүрінсе, олжаға жолығады дейді. Кендірмен байлаған, жыңғылмен айдаған малдың саны өспейді деп ырымдайды.
• Жақын адамға ит сыйламайды.
• Малдың сүйегін далаға тастамайды, жерге көміп тастайды.
• Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.
• Малдың уызын алдымен үйдің иесі ішуі керек.
• Мал төлдеп жатқанда ешкімге бермейді, сатпайды және айырбастамайды.
• Мал үш не төрт төл туса, олардың біреуін бауыздап, босағаға көмеді.
• Тышқан нанның бетін қажап жесе, астық мол болады, астына жақын жесе, астық аз шығады.
• Әтештің мезгілсіз шақырғаны – жаман ырым, ол әтештің басын шауып тастайды.
• Әтештер төбелессе, үйге қонақ келеді.
• Адам келе жатқанда көкек даусы оң жағынан естілсе, бай болады.
• Мысыққа тамақ бергенде «ертең ұмытып кетесің» деп маңдайынан шертіп береді.
• Атып алған аңды, құсты сыйлыққа тартпайды, егер бергісі келсе: «Байладым» - дейді.
• Аңға шыққанға «Қанжығаң майлансын» деген тілек айтылады.
• Атып алған құланның немесе сауырын міндетті түрде аңды атқан аңшының өзі пайдаланады, ал қалған етті серіктес аңшыларымен бірдей етіп бөледі.
• Ит – жеті қазынаның бірі. Сондықтан оны өлтіруге, азаптауға, қаңғыртып жіберуге болмайды. Олай етсе, иесінің басына жаманшылық келеді.
• Бүркіттің тұяғы қасиетті саналады, оның үйдің төріне не бесікке іліп қояды.
• Аңдар мен құстарды рұқсат етілген мерзімінде ғана аулау керек.
Балықтың құйрығын ұстаса, қармаққа балық түспейді.


11-12 аптаға дейін. Осы тыйым сөздердің мағынасын ашып жазыңдаршы, іздеңдер, үлкендерден сұраңдар, дерек көздерімен жұмыс жасаңдар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет