Дєріс тезистері



Pdf көрінісі
бет106/294
Дата07.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#20622
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   294
Кӛрнекілік  қағидасы.  Дене  тәрбиесінде  бұл  қағиданы  пайдалану  —  адамды 
(баланы) айнала қоршаған болмыспен тікелей байланыстыратын бүкіл сыртқы 
және ішкі анализаторлар кӛрсеткіштерінің кең түрде ӛзара әрекеттесуі ретінде 
ұғынылады.  Кез  келген  танымның  сезімдік  сатысы  болады.  Қимыл-
қозғалыстардың қалыптасуы, оларды оқып үйрену барлық рецепторлардың, ең 
алдымен  кӛру,  есту  мүшелерінің,  сезім  мүшелерінің,  бұлшық  еттерінің, 
буындардың,  бунақтардың  т.  б.  кӛрсеткіштерімен  ӛзара  байланыста  жүзеге 
асырылады.  Әртүрлі  рецепторлар  кӛрсеткіштерінің  ӛзара  байланысы  қимыл-
қозғалыс  дағдылардың  қалыптасуына,  еріктік  қасиеттердің  кӛрініс  беруіне 
кӛмектесе  отырып,  қимыл-қозғалыс  бейнесін,  оның  әлдеқайда  нақтыланып 
қабылдануын  байыта  түседі.  Жаңа  қимыл-қозғалыстарды  үйрену  кезінде 
кӛрнекілік  қағидасы  тәрбиешінің  қимыл-қозғалыстарды  практика  жүзінде 
мүлтіксіз кӛрсетуі жолымен эстетикалық қабылдаудың пайда болуына, қимыл-
қозғалыстарды  нақты  елестетуге,  дұрыс  қимыл-қозғалыстың  түйсік  пен  дәл 
беруге  ұмтылумен  жүзеге  асырылады.  Дегенмен,  әртүрлі  сезім  мүшелерінің 
рӛлі  мен  олардың  ӛзара  әрекеттесу  сипаты  ӛзгеруі  мүмкін.  Мәселен,  жаңа 
жаттығуды кӛрсеткенде кӛру анализаторы басты рӛл атқарса, соңғы сатысында, 
қимыл-қозғалыстардың  бүкіл  жүйесі  автоматтанатын  кезде  бұл  рӛл  қимыл-
қозғалыс  анализаторы  үлесіне  тиеді.  Балалардың  дене  тәрбиесі  міндеттерінің 
бірі  сезім  мүшелерін  жан-жақты  дамыту  болып  табылатындығымен 
байланысты  әртүрлі  қабылдау  жүйелерінің  белсенділігін  арттыруға,  оларды 
таңдап  әрекет  ету  әдістерімен  (мысалы,  сәулелік  және  дыбыстық  кӛрнекі 
бағдарлар)  мақсатты  түрде  жаттықтыруға  болады.  Қимыл-қозғалыстық 
дағдыларды  жетілдіру  процесінде  біртұтас  «комплекстік  анализатор»  болып 
үйлесетін  әртүрлі  сезім  мүшелерінің  ӛзара  әрекеттесуі  күшейеді.  Бұл  бір 
жағынан  неғұрлым  нәзік  қабылдауға,  екінші  жағынан  анағұрлым  жалпылама 
(«қарды  сезіну»,  «суды  сезіну»  қабылдауға  кӛмектеседі.  Айнала  қоршаған 
болмысты  қабылдаудың  тікелей  кӛрнекілігінен  басқа  қимыл-қозғалыстардың 
кӛзге  кӛрнекі  түрде  түспейтін  және  тікелей  қабылдаудан  жасырын  (мысалы, 
қимыл-қозғалыс 
жайлы 
ұғымды 
тереңдететін 
кино 
түсірмелерді, 
кинограммаларды,  кинофильмдерді  пайдалану)  жеке  бӛлшектері  мен 
мехнизмдерін  ұғындыру  қажет  болғанда  жанама  түрдегі  кӛрнекілік  үлкен  рӛл 


 
127 
атқарады. Кӛрнекілік санаға сіңірумен тығыз ӛзара әрекеттес сӛзбен тапсырма 
берген  кезде  адам  ой  елегінен  ӛткізетін  нәрселер  практикамен,  қимыл- 
қозғалысты  келтірумен  тексеріледі,  мұнда  түйсік  әсіресе  қимыл-қозғалыстық 
түйсіктер  маңызды  рӛл  атқарады.  Бұдан  басқа  баланың  ӛмір  тәжірибесіне 
сүйенетін,  қимыл-қозғалыстық  ұғымдармен  байланысты  және  қимыл-
қозғалыстардың  нақты  бейнесін  тудыратын  кӛрнекілік  пен  бейнелі  сӛз    ӛзара 
байланысының үлкен мәні бар. Бірте-бірте жанама түрдегі кӛрнекілік мәні бар 
сӛздің  рӛлі баланың  бойына  сіңірген  тәжірибеге  сәйкес ӛсе  түседі.  Белгілі  бір 
қимыл-қозғалыстық тәжірибе бар кезде бейнелі сӛз қажетті қимыл-қозғалыстық 
ұғымдар  тудырады.  Кӛрнекіліктің  кӛрсетілген  формаларының  мұндай  ӛзара 
байланысы танымның сезімдік және логикалық сатыларының бірлігімен, яғни, 
бірінші  және  екінші  сигналдық  жүйелердің  ӛзара  әрекеттесуімен  анықталады. 
Қозғалысқа  үйретуді  кӛру  арқылы  емес,  бұлшық  ет  түйсігі  арқылы  да  түсіне 
білу  керек.  Әртүрлі  анализаторлар  белгілері  балалардың  санасында  үйренетін 
жаттығу  туралы  толық  түсінік  тудырады.  Кӛрнекілік  приципін  іске  қосу 
мынадай жолдармен пайдаланылады:  
1.Yйрететін жаттығуды бӛлшектеп немесе толық кӛрсетуді жаттықтырушы, не 
болмаса жақсы дайындықтан ӛткен жаттығушы орындайды.  
2.Әртүрлі  кӛрнекі  құралдарды  кӛрсету  арқылы  (суреттер,  сызбалар,  фотолар, 
кинограммалар, бейне магнитофон жазулары, т.б.).  
3.Педагогтың  бейнелі  сӛзі  (баяндау,  түсіндіру,  талдау,  бұйрық,  сӛздер,  т.б.) 
арқылы. 
Қозғалыс  тәсілінің  қиын  элементтерін,  қимыл-әрекеттерді  іштей  қайталау 
(ойша) идеомоторлық қайталау деп аталады. Кӛрнекілік принципін қолданғанда 
әрбір  адамның  жетекші  анализаторы  кайсысы  екенін  ескеру  керек.  Біреуде 
жетекші  кӛру  анализаторы  болса,  екіншісінде-есту,  үшіншісінде-қимыл 
анализаторлары  болуы  мүмкін.  Кӛрнекілік  принципін  қолдану  сипаты  үйрену 
кезеңіне, жасына және жаттығушының дайындығына байланысты. Бұл принцип 
түрлерін  кең  пайдалану  сабаққа  ынталылықты  арттырады,  тапсырманы  түсіну 
және  оны  орындауды  жеңілдетеді.  Кӛрнекілік  кағидасында  кӛрсетілген  оқыту 
заңдылығы,  обьективтік  шындықты  және  тануды  тӛмендегі  ережелерден 
байқауға  болады:  «Даму  тіршілігінен  абстрактылы  ойлауға  және  одан 
тәжірибеге  айналу».  Яғни  ғылыми  таным  процесін  оқыту  кезіндегі  таным 
процесімен салыстыруға болмайды.   
Біріншіден, кӛрнекілік кағидасы кӛптеген анализаторлық жүйеге әсер ету 
жолымен  қозғалыс-қимылын  игеру  үшін  кең  кӛлемдегі  бағыттаушы  фактор. 
Олай дейтін болсақ, қозғалыс-қимылдарына қойылған талапқа сай орындалуын 
қадағаласақ, нағыз кӛрнекі болатындай әдістерін колдануды  қажет етеді. 
 
Екіншіден,  баланың  кӛрнекі  түрде  қабылдайтыны  түсінікті,  сонымен 
бірге, саналы түрде түсінгені талап етіледі.  
Yшіншіден,  жаттығулардың  кӛрнекі  әсерлі  болуын  қағида  талап  етеді. 
Жаттығушыда  (балада)  жаңа  ой  туғызуға,  козғалыс    міндеттерін  шешудін  ең 
тиімді жолдарын іздеуге итермелеуге, белсенді кимылдарға ұмтылдырады. 
Сезіммен  қабылдауға  сүйене  отырып,  жаттығушы  үйренетін  кимылдың 
сыртқы  жақтарына  ғана  назар  аударады,  оның  ойы  бір  жақты  болып 


 
128 
калыптасуы  мүмкін.  Нәтижесінде  психикалық  процестердің  деңгейі 
тӛмендейді,  үйренем  дейтін  қимылдың  заңдылықтары  мен  байланыстары 
туралы деректер мен түсініктер кең кӛлемде пайда болмайды.  
Кӛру  кӛрнекілігі  екі  түрлі  жағдайда  байқалады:  дене    тәрбиесі 
теориясында  кӛрсету  деп  аталатын  табиғи  кӛру  кӛрнекілігі    (адамның  дене 
жаттығуларын  орындауы)    және  демонстрация  (суреттер,  сызбалар,  фотолар, 
кинограммалар,  кинофильмдерді  пайдалану).  Бұл  жағдайда,  ең  жоғары 
дидактикалық  тиімділік,  кӛрнекі    құралды  кӛру  арқылы  таным  міндеттері  
жетілуі  мүмкін.  Есту  кӛрнекілігі  жаттығудың  ұзақтығы  және  қозғалыс 
екпіндігін  қимыл  ретімен  дыбыс  арқылы  қалыптастыру  үшін  дыбысты 
шығарып естіртудің әртүрлі әдістері қолданылады. Олар – дауыспен белгі беру, 
алақанды шапалақтау, ысқырғышпен дыбыс беру, т.б. 
Қозғалыс  кӛрнекілігі  баланың  қозғалыс  қимылдарын  орындау 
барысында,  онда  пайда  болатын  бұлшық  ет  сезімдерінің  есебінен  дене 
жаттығулары  туралы  түсінікті  қалыптастырады.  Yйренетін  қимылдың 
ерекшелігін  сезіну  бақылаудан  тыс  қимылдар  элементтерін,  мақсатын 
түсінуден немесе алдын ала қалыптасқан ойлау, естуді нақты бұлшық ет сезінуі 
мен  байланыстыру  қажеттілігінен  туындайды.  Ритмдік  сезімталдық  дене 
жаттығуларын  орындау  кезінде  қарсыласпен  жақындасқан  кездерде  жаттығу 
жасау  кезінде  қалыптасатын  қозғалыс  кӛрнекілігін  толықтырады.  Сӛз 
кӛрнекілігі үйренетін дене жаттығуларының мақсатын, әсіресе, тура бақылауға 
қиын тиімсіз элементтерін ұқыпты түрде түсіндіру есебінде, қозғалыс қимылы 
туралы түсінікті қалыптастыруға қолданылады. Дұрыс қолданылған әрбір сӛз, 
үйреніп  жатқан  қимылды  талдауға  кӛмектеседі,  сезімдік  қабылдауды 
синтездейді  және  нақтылайды.  Жинақталған  түсініктерге  жол  ашады, 
жаттығушы  назарын  қимылдың  қажеті  кезеңдеріне  аударады.  Қозғалыс 
амплитудасы туралы түсінікті қалыптастырудың кӛрнекілік тәсілдері жоғарыда 
келтірілген  бағыт-тәсілдері  ғана  емес,  сонымен  қатар  кейбір    әдістерді:  1) 
арнаулы  жабдықтарды;  2)  жаттығушыны  қоршаған  орта;  3)  жаттығушы 
(оқушы, бала) денесінің бӛліктері (мысалы алға созылған сол қолға  оң аяқтың 
серпілуі);  4)  жаттығуды  жасау  кезінде  бар  мүмкіндігінше  орындау  жӛнінде 
нұсқау  беруде  қолдануды  қарастырады.  Кӛрнекілік  қағидасын  жүзеге 
асырудың тиімділігі кейбір ережелерді сақтаған жағдайда ғана артпақшы: 
1.Оқытудың   кез  келген  кезеңінде  кӛрнекіліктің  әртүрлі  тәсілдерін 
тұтастай  қолдану  кажет.  Бірақ,  тұтастық  ӛзара  тепе-тендікті  білдірмейді. 
Қимылды игеру жағдайында, анализаторлық жүйенің ӛзара бірлесіп қимыл 
жасау сипатын ӛзгертеді.  
2.Кері  байланысты  қолдану  кӛрнекілік  әдістерінің  тиімділігін  арттырады. 
Ӛте тез арада, кері байланыстың нәтижесін айна алдындағы жасалынатын 
жаттығулардан байқауға болады.  
3.Кӛрнекілік  қағидасының  әртүрлі  жастағы  балалардың  психикалық 
дамуының ерекшіліктерін есептей отырып, жаттығушылардың барлық жас 
топтарында  жүзеге  асыруға  болады.  Мектепке  дейінгі  кезеңнен  сезіммен 
кабылдаудың  кӛбірек  болуы  және  түсінік  жӛнінде  жеткілікті  кордың 


 
129 
болмауы  педагогты  кӛру  кӛрнекілігінің  табиғи  тәсілдерін  колдануға  күш 
салдырады.  
4.Кӛрнекілік  қағидасын  жүзеге  асыруда  жаттығушының  тәжірибесінде 
болған түсінік-түйсіктерге сүйенген жӛн.  
5.Кӛрнекілік  тәсілдері,  қозғалыс  қимылының  сыртқы  түрі  арқылы  бұлшық 
еттің  жиырылуы  жаттығудың  динамикалық  образын  қалыптастыруға 
жәрдемдесуі керек.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   294




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет