Э. А. Абдыкеримова



Pdf көрінісі
бет10/85
Дата03.02.2023
өлшемі1,31 Mb.
#65038
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85
 
 
 
Бейнелеу 
Жіберу 
Ӛңдеу 
Әсер ету 
Бақылау және басқару 
объектісі 
Дайындау 
қабылдау 
3-сурет. Сигналдардың қатынасу және тҥрлендіру кезеңдері 


20 
2.3 Хабар – ақпаратты тасымалдаушы 
Ақпаратты жіберудің бір каналды жҥйесінің қҧрылымдық сҧлбасы 4-
суретте келтірілген. 
4-сурет. Ақпаратты жіберудің бір каналды жҥйесінің қҧрылымдық сҧлбасы 
Ақпарат жҥйеге хабар тҥрінде тҥседі. Хабар деп ақпараттардан тҧратын 
алғашқы сигналдар немесе белгілер жиынтығын тҥсінеміз. Хабар кӛзі жалпы 
жағдайда (зерттелетін немесе бақыланатын объектінің) ақпарат кӛзі - АК және 
(датчик, оператор-адам және т.б.) алғашқы тҥрлендіруші - АТ жиынтығын 
қҧрайды. Хабар дискретті және ҥздіксіз болып бӛлінеді. 
Дискретті хабар ақпарат кӛзінің жеке элементтерін - белгілерді біртіндеп 
шығару нәтижесінде қалыптасады. Әр тҥрлі белгілердің жиыны хабар көзінің 
алфавиті, ал белгілер саны – алфавит көлемі деп аталады. Дискретті хабардың 
кең тараған тҥрі – деректер болып табылады.
Үздіксіз хабарлар элементтерге бӛлінбейді. Олар уақыт функцияларымен 
сипатталады. Оның мысалы ретінде сӛйлеу, телевизиялық бейнелер. 
Байланыс каналдармен хабарларды жіберу ҥшін оған белгілі бір сигналды 
сәйкестендіру керек. Ақпараттық жҥйелерде сигналдар деп хабарды 
бейнелейтін (тасымалдайтын) физикалық процесті тҥсінеміз. Хабарды берілген 
байланыс каналы бойынша жіберуге ыңғайлы сигналға тҥрлендіруді кең 
мағынадағы кодтау деп атайды. Қабылданған сигнал бойынша хабарды 
қалпына келтіру операциясын декодтау деп атайды. 
Берілген белгілерді белгілер саны аз басқа алфавитке – символдарға 
тҥрлендіруді тар мағынада кодтау деп атайды. Осы амалды орындайтын 
қҧрылғыны Кодер (К) деп атайды. Символдар алфавиты белгілер алфавитінен 
аз болғандықтан, әрбір белгіге қандай да бір символдың тізбегі сәйкес келеді
оны кодтық комбинация деп атайды.
Символдарға берілген алфавит символдарын сәйкестендіру ҥшін 
«декодтау» термині қолданылады. Оны жҥзеге асыратын қҧрылғыны декодер 
(ДК) деп атайды. 
АК 
ат 
Сигнал 
Хабар 
тізбек 
кедергі кӛзі 
жіберуші 
к 
м 
қҧрылғы 
Хабар 
Сигнал+кедергі 
Алушы 
қабылдаушы 
дк 
дм 
қҧрылғы 


21 
Жіберуші қҧрылғы ҥздіксіз хабарлар немесе белгілерді нақты байланыс 
тізбегі бойынша жҥруге ыңғайлы сигналдарға тҥрлендіреді. Мҧнда таңдалған 
тасымалдаушының бір немесе бірнеше параметрі жіберілетін ақпаратқа сәйкес 
ӛзгереді. Мҧндай процесс модуляция деп аталады. Оны модулятор (М) жҥзеге 
асырады. Керісінше сигналдарды символға тҥрлендіруді демодулятор (ДМ) 
жҥзеге асырады. 
Байланыс 
тізбегі деп – жіберуші қҧрылғыдан қабылдаушыға 
сигналдардың тҥсуін қамтамасыз ететін физикалық орта (ауа, металл, магниттік 
таспа және т.б.). Байланыс тізбегінің шығуында сигналдар кедергілердің әсер 
етуі, бҧрмалануы, сӛнуі салдарынан берілгендерден ӛзгешелеу болуы мҥмкін. 
Кедергілер деп – берілген сигналдардың алынған сигналдардан кездейсоқ 
ауытқуларын тудыратын кез-келген кедергі жасайтын ауытқуларды айтамыз. 
Олар сыртқы кедергілер (атмосфералық кедергілер, ӛнеркәсіп кедергілері) және 
ішкі кедергілер кӛзі ретінде байланыс апппаратурасы болып табылады. 
Сигналдар және кедергілерден қабылдаушы құрылғы сигнал шығарады 
және декодер арқылы хабарды қалпына келтіреді, ол жіберілгеннен ӛзгеше 
болуы мҥмкін.
Қабылданған хабар байланыс жҥйесінің шығысында алушыға келіп тҥседі. 
Хабарды жіберуге арналған қҧралдар жиынтығын байланыс каналы деп 
атайды. 
Бір пунктте шоғырланған ақпараттар кӛзінің тобынан басқа пунктте 
орналасқан алушылар тобына ақпаратты жіберу ҥшін кӛбінесе бір байланыс 
тізбегін қолданған жӛн, бҧл тізбекте қажетті каналдар санын ҧйымдастыру 
керек. Мҧндай жҥйелер көпканалды деп атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет