Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау



бет112/144
Дата08.02.2023
өлшемі1,44 Mb.
#66184
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   144
Байланысты:
ҚМЖ 3 сынып математика

58-сабақ. Фигуралар салу


Тақырып: Ежелгі уақытта ұзындықты қалай өлшеген

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.3.1.5 берілген ауданы бойынша торкөзді қағазға жазық фигуралар салу, олардың пішіндері өзгеруіне қарай ауданының қалай өзгеретінін түсіндіру
3.5.2.3 бұрыштарды, көпбұрыштарды латын әліпбиінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

Торкөз бетіне жазық фигураларды салу.

Бірқатар оқушылар үшін:

Берілген параметрлер бойынша фигура салу.

Кейбір оқушылар үшін:
Фигураның пішіні өзгергенде оның ауданы қалай өзгеретінін түсіндіру.

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
Тіктөртбұрышты, параллель түзулерді қалай салуды түсіндіру.
Пәндік лексика және терминология:
Фигуралар, салу

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:

Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табу керек?
Тіктөртбұрыштың ауданын қалай табу керек?

Жазу:

Есептің шешуін жазу.

Тірек білім, білік, дағдылар

Фигураларды салу.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3




Ынталандыру.
Бізге бүгінгі сабақта өлшейтін және сызатын құралдар қажет. Салуды орындау үшін өлшемдерін (ұзындығын, енін, биіктігін) білу керек.Бұрынғы кездерде қолдан жасалған құралдарды қолданған. №1 тапсырманың суреттерін қара және оларды салыстыр.




4–6




Өзектендіру.
Тақтада түрлі фигуралар. Мұғалім бұрыштары тік болып келетін фигураларды тауып алып, атауды ұсынады. (Тіктөртбұрыштар, үшбұрыштар).

Геометриялық фигуралар.

7–11




Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Екі түзу сызық сыз.

–Екі түзу сызық жазық бетінде қалай орналасқан? (Кез келген екі түзу сызық жазық бетінде қиылысуы да, қиылыспауы да мүмкін)
–Екі түзу сызықтың қанша ортақ нүктелері болуы мүмкін? (Егер қиылысса, бір нүкте, егер қиылыспаса, екі нүкте.)

Қағаз беттері.

12–29




Жаңаны ашу.
– Жазық бетіндегі екі қиылыспайтын түзу параллель деп аталады.
Бұл сөз гректің «параллелой» сөзінен шыққан, «қатар жүретін» деген мағына береді..
Практикалық жұмыс. Суретті қара. Параллель түзулерді салу үшін жоспар құр. Бұны әрқалай жасауға болады. Дәптеріңе параллель кесінділер сыз.
Параллель түзулерге өмірден мысал келтір.
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту.
Практикалық жұмысқа түсінік бере отырып топпен немесе жұппен тіктөртбұрыш салуды ұсынады. Оның қандай ерекшеліктері бар?(Параллель қабырғалары тең, бұрыштары тік).
Өзіндік жұмыс
№5 тапсырманы орындауды ұсынады – үлгі бойынша тексере отырып өз бетімен ауданды табу.

Оқулық.



30–40




Жаңаны қолдану.
Дәптердегі тапсырманы орындауды ұсынады – осыған ұқсас түрін сызу.
Бағалау критерийі бар дәптерден өзін-өзі тексеруге арналған тапсырманы орындауды ұсынады.
Мен:
– Ауданның берілген мәні бойынша торкөз бетке тіктөртбұрыш салуды;
– Егер пішіні өзгерсе, фигураның ауданы да өзгеретінін түсіндіруді;
– Бұрыштарды латын әліпбиінің әріптерімен белгілеп, көпбұрыштарды белгіленуі бойынша оқуды білемін.

Оқулық.

41-45



Рефлексия.
Бүгінгі сабақта мен түсіндім, мен білдім, анық-қанығына жеттім …;
«Мен … өзімді мақтан етемін»;
«Әсіресе маған ұнағаны …»;
«Бүгін … менің қолымнан келді»

Жетістік сызғышы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет