Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау



бет117/144
Дата08.02.2023
өлшемі1,44 Mb.
#66184
түріОқулық
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   144
Байланысты:
ҚМЖ 3 сынып математика

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар үшін:

Ұзындықтың өлшем бірліктерін: мм, км-ді білу.

Бірқатар оқушылар үшін:

Шамалардың мәнін салыстыру және оларға амалдар орындау.

Кейбір оқушылар үшін:
Шамаларды түрлендіру.

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
Ұзындық өлшем бірліктерін салыстыру.
Пәндік лексика және терминология:
Ұзындық, км, мм.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:

Ұзындықты немен өлшейді?
Ұзындықтың қандай өлшем бірліктерін қолданады?

Жазу:

Өрнектер, дм, мм, шамалардың атауы.

Тірек білім, білік, дағдылар

Ұзындық, см, дм, м.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3




Ынталандыру.
Мұғалім Астана ғимараттарының ерекшеліктері туралы, бұл қаланың қысқа мерзімнің ішінде әлемнің ең әдемі қалаларының біріне айналғаны туралы әңгімелейді.




4–6




Өзектендіру.
Ауызша жұмыс.
Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:
2 дм 6 см = ….. см 5м 20см = …..м
40 дм = … см 320 см = ….м …. см

Тақта.

7–11




Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Жолақтың ұзындығын сантиметрмен өлше. Барлық кесіндіні өлшей алдыңыздар ма? (Кейбіреулері толық сантиметрден үлкен/кіші).
– Сантиметрден кіші ұзындықтың өлшем бірлігі қалай аталатынын білесің бе?

Қағаз жолақтары.

12–29




Жаңаны ашу.

  • Ұзындық өлшемдерінің кестесін қара.

Миллиметр – ұзындық өлшем бірлігінің ең кіші бөлігі. 1 см = 10 мм.
Ал сізге метрден үлкен өлшем бірлігі таныс па? Сызғыштың бөліктеріне қараңыздар. Сіз енді 1 см-ден кем кесінділерді өлшей аласыз ба? 1 см-ден артық, бірақ 2 см-ден кем кесінділерді ше?
№1 суретті қараңыз. Астанадағы океанариум ғимараты – ерекше құрылым. Ол – Гиннес рекордтар кітабына енген әлемдегі жалғыз ғимарат, мұхиттан 3000 километр қашықтықта орналасқан. Біз қандай жаңа ұзындық өлшем бірлігін қолдандық? Бұл–километр.
Ұзындық өлшем бірліктеріне қатысты кестені көреміз.
Балалар сабаққа арналған кестемен және тұсаукесермен жұмыс жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет