Ынталандыру. Мұғалім Астана ғимараттарының ерекшеліктері туралы, бұл қаланың қысқа мерзімнің ішінде әлемнің ең әдемі қалаларының біріне айналғаны туралы әңгімелейді.
4–6
Өзектендіру. Ауызша жұмыс.
Көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте:
2 дм 6 см = ….. см 5м 20см = …..м
40 дм = … см 320 см = ….м …. см
Тақта.
7–11
Мақсат қою (мәселелі жағдаят) Жолақтың ұзындығын сантиметрмен өлше. Барлық кесіндіні өлшей алдыңыздар ма? (Кейбіреулері толық сантиметрден үлкен/кіші).
– Сантиметрден кіші ұзындықтың өлшем бірлігі қалай аталатынын білесің бе?
Қағаз жолақтары.
12–29
Жаңаны ашу.
Ұзындық өлшемдерінің кестесін қара.
Миллиметр – ұзындық өлшем бірлігінің ең кіші бөлігі. 1 см = 10 мм.
Ал сізге метрден үлкен өлшем бірлігі таныс па? Сызғыштың бөліктеріне қараңыздар. Сіз енді 1 см-ден кем кесінділерді өлшей аласыз ба? 1 см-ден артық, бірақ 2 см-ден кем кесінділерді ше?
№1 суретті қараңыз. Астанадағы океанариум ғимараты – ерекше құрылым. Ол – Гиннес рекордтар кітабына енген әлемдегі жалғыз ғимарат, мұхиттан 3000 километр қашықтықта орналасқан. Біз қандай жаңа ұзындық өлшем бірлігін қолдандық? Бұл–километр.
Ұзындық өлшем бірліктеріне қатысты кестені көреміз.
Балалар сабаққа арналған кестемен және тұсаукесермен жұмыс жасайды.