Ә. Б. Ақпаева, Л. А. Лебедева, М. Ж. Мыңжасарова, Т. В. Лихобабенко математика әдістемелік нұсқау



бет83/144
Дата08.02.2023
өлшемі1,44 Mb.
#66184
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   144
Өткенмен жұмыс.
№6 тапсырма немесе дәптердегі тапсырманы орындау.
Өзіндік жұмыс
№6 тапсырманы есептеудің тиімді тәсілін пайдаланып орындау.

Оқулық,
дәптер.

41–45



Рефлексия.
Рефлексия жүргізу үшін балалар өз біліктіліктерін мақсаттарымен үйлестіреді. Сабақ үстінде қолынан не келетінін кім түсінді:

Жетістік сызғышы.



43-сабақ. Бөлшекті оқу, жазу және салыстыру


Тақырып: Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

3.1.2.1 бөлшекті – бүтіннің бір не бірнеше бөлігі және екі натурал санның бөліндісі ретінде түсіну
3.1.1.6 жай бөлшектерді оқу, жазу; бөлімдері бірдей жай бөлшектерді көрнекілік қолдану арқылы салыстыру

Сабақтың мақсаттары



Барлық оқушылар үшін:

Бөлшек деген – бұл бүтіннің бір немесе бірнеше бөлігі, бөлшекті жазуда алымы мен бөлімінің не екенін біледі.

Бірқатар оқушылар үшін:

Жай бөлшектерді оқу, жазу;
Көрнекіліктерді пайдаланып бөлгіштері бірдей бөлшектерді салыстыру.

Кейбір оқушылар үшін:

Бөлшекті екі санның бөліндісі ретінде түсіну, жай бөлшектерді салыстыру.

Тілдік мақсаттар



Оқушылар:
Бөлшектің жасалуын түсіндіру, бөлшекті жазуда алымы мен бөлімінің нені көрсететінін түсіндіру.
Пәндік лексика және терминология:
Бөлшек, алым, бөлім.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
Талқылау:

Фигура қанша тең бөлікке бөлінген?
Қанша бөлігі боялған?
Қай бөлігі боялмаған? Қай бөлігі үлкен (кіші)?
Бөлшектің алымы нені көрсетеді?
Бөлшектің бөлімі нені көрсетеді?

Жазу:

Бөлшектерді жазыңдар. Бөлшектерді салыстырыңдар.

Тірек білім, білік, дағдылар

Бөлшектер, бөлшектерді жазу және салыстыру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–3



Ынталандыру.
«БӨЛШЕК» сөзі қандай сөзден шыққанын білесіздер ме? «Бөлшек» сөзі «бөлу» етістігінен шыққан – бөлу, бөліктерге бөлу деген мағына береді.
Бүгін біз бөлшектермен жұмыс жасауды жалғастырамыз, бөліктерге бөліп, оларды атаймыз.




4–6




Өзектендіру.
Практикалық жұмыс.
(Оқушылардың үстелінің үстінде түрлі түсті қағаздан қиылған геометриялық фигуралар (дөңгелек, шаршы) және қайшы бар. Мұғалім барлық тәсілдерді балалармен бір мезгілде орындайды ).
– Дөңгелекті екі бөлікке кесеміз.
Бір бөлігін көрсетіңіз, оның атын жазыңыздар.
– Шеңбердің екінші бөлігін басқаша қалай атайды? (Жарты)
– Шаршыны алыңыздар. Оны 4 бөлікке бөліңіздер.
– Екі ширек бөлігін көрсетіңіздер. Жазыңыздар.
– Шаршыда неше ширек бөлік бар? (4.) Оқулықтағы №1 тапсырманы орындауды тапсырады – жұппен уақытқа орындау.




7–11




Мақсат қою (мәселелі жағдаят)
Оқулықтан №2-3 тапсырманы орындауды ұсынады – жұппен уақыт бойынша орындау. Мұғалім тексеруді ұйымдастырады (сол жерде түсінік береді).
– Барлығы тапсырманы дұрыс және жылдам орындай алды ма?
– Сабақтың мақсаты неде? (Қиындықтарды тауып, оны шешу).

Дәптер, оқулық

12–29



Өзіндік жұмыс.
№2 тапсырманы балалар жұппен орындайды. Әр бала бірнеше фишканы алып, күнтізбеде бірнеше қатарды жабады. Екінші оқушы бөлшекті атайды, мысалы 3/12, 5/12. Алдымен жабылған күндерді, содан кейін ашық тұрған күндерді бөлшекпен атауды келісіп алуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет