Сабақтың басы
минут
минут
|
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
«Алтын жіп» ойыны арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Тоқыма жіпті оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы береді. Барлық балалар тілек айтып болған соң, жіпті жоғары көтеріп, өрнекке назар аударады.
(Ұ) «Атом-молекула» əдісі бойынша оқушыларды топтарға біріктіру.
«Атом» дегенде, 3-4 оқушы бірігеді, «молекула» дегенде, оқушылар жалғыз-жалғыздан жүреді. Осы əрекет бірнеше рет қайталанады.
|
Көңілді əуен қосып қою
|
Сабақтың ортасы
минут
минут
|
44-жаттығу. (Ө; МК) Мəтінді оқу.
Мəтінді оқып, мазмұнын талқылау.
(МК; Т; Қ) Мəтін мазмұнының тақырыбына сəйкестігін анықтау.
Мəтін мазмұнының тақырыбына сəйкестігін анықтау. Өз ойларын дəлелдеу.
Мұғалімнің басшылығымен оқушылардың сыни ойлау жəне коммуникативтік дағдыларын дамыту мақсатында «Коллаж əңгіме» стратегиясы топтық жұмыс түрінде жүзеге асырылады.
Сипаттамасы: Мұғалім оқушыларға Марс бейнеленген бірнеше суретті таратады. Олар суреттерді қиып алып флипчартқа жабыстырып, мəтін мазмұны бойынша өз ойларын айтады.
Мұғалім оқушыларға топтық жұмысты қорғаудың мақсаты мен қойылатын талаптарын белгілейді жəне қағазға түсіріп, сынып қабырғасына іліп қояды.
Үлгі:
сөйлеу барысында тақырыптан ауытқымау;
берілген тақырыпқа сəйкес өз сөйлеуін нақтылау;
интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды қолдану;
сөйлеу барысында берілген уақытты сақтау. Жұмыстарын топта жариялау.
|
Оқулықпен жұмыс
Марстың суреттері
|