жаттығу. (Ұ; Ж) Жұмбақты оқып, шешуін табу. Шешуі: троллейбус.
Жұмбақтың шешуін таба отырып, оның не туралы екендігін анықтау.
Жұппен жұмыс жасай отырып, көліктің түрлерін атайды. Ауа тазалығын сақтау үшін болашақта қандай көлік түрлері пайдаланылуы мүмкін екендігін болжау. Суретін салу.
«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша салған суреттерін жариялайды.
жаттығу. (Т) Мақала жазу.
Берілген тірек сөздерді пайдаланып, «Болашақтағы көліктер» тақырыбында мақала жазу.
Мақала жазу барысында тірек сөздерді дұрыс пайдалануы, каллиграфиялық нормаларды сақтап жазуы, тақырыптың мазмұнына сай ашылуы бағаланады.
Жазған мақалаларын «Автор орындығы» стратегиясы арқылы оқу. Оқу барысында дауыс ырғағы, дұрыс оқуы бағаланады.
(МК; Ұ) Топтық жұмысқа өз көзқарастарын білдіріп, сабаққа рефлексия жасау.
Оқушылардың рефлексиялық қабілетін дамыту мақсатында «Бағдаршам» əдісі арқылы ұжыммен жұмыс ұйымдастырылады.
Əрбір оқушыға бағдаршам түстеріне сəйкес карточкалар таратылады.
Оқушылар бір-бірінің өзіндік жұмысын тыңдап, бағдаршам түстеріне сəйкес карточкаларды көрсету арқылы бағалайды.
«Жасыл» түс – негізгі ойды түсініп, мазмұнын толық ашқан.
«Қызыл» түс – мазмұнын ашқан. Əңгіме жүйелі құрылмаған.
«Сары» түс – мазмұнын толық ашпаған. Тақырыптан ауытқыған.
|