4.2.3.1 – мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтар құрастыру жəне жауап беру.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Барлық оқушылар жасай алады:
Ілік септік жалғауларын біледі.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Шешім табуға бағытталған сұрақтарды таба алады жəне құрастырады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасайды.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:
Ілік септік жалғауларын біледі.
Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтарды құрастырады.
ТІЛДІК МАҚСАТ:
Мəтін мазмұны бойынша шешім табуға бағытталған сұрақтарды құрастыра отырып, оған жауап бере алады.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР:
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.
ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:
Математика, жаратылыстану.
АКТ ҚОЛДАНУ ДАҒДЫЛАРЫ:
Компьютерді қолдану.
АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:
Ілік септігі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Дереккөздер
Сабақтың басы
2 минут
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
«Алтын жіп» ойыны арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту. Тоқыма жіпті оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы береді. Барлық балалар тілек айтып болған соң, жіпті жоғары көтеріп, өрнекке назар аударады.
Көңілді əуен қосып қою
3 минут
(Ұ) «Атом-молекула» əдісі бойынша оқушыларды топтарға біріктіру.
«Атом» дегенде, 3-4 оқушы бірігеді; «молекула» дегенде, оқушылар жалғыз-жалғыздан жүреді. Осы əрекет бірнеше рет қайталанады.
Сабақтың ортасы
3 минут
жаттығу. (Т) Мəтіндітыңдау.
Мəтінді тыңдап, мазмұнын талқылау. Жер сілкінісі туралы білімдерін кеңейту. Жетекші сұрақтар:
Жер қыртысы неден тұрады?
Тау жыныстары қалай сырғиды?
Тас қабаттары қалай қозғалады?
Жер сілкінгенде не істеу керек? Ойыңмен бөліс.
Оқулықпен жұмыс
3 минут
(Ж) Мəтін мазмұны бойынша диалог құрау.
Жер сілкінісі жағдайында не істейтіндері туралы диалог құрау. Қауіпсіздік ережелерін «Кластер» бойынша қарастыру.
3 минут
42-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу.
Сөйлемдерді тиісті тыныс белгісін қойып, көшіріп жазу. Ілік септігінде тұрған сөздерді табу. Каллиграфиялық нормаларды сақтау жəне жазу техникасын жетілдіру.
«Дəптер алмасу» ойыны арқылы бір-бірінің дəптерлерін тексеру ұсынылады.
№3 дəптермен жұмыс
7 минут
43-жаттығу. (Т; Ұ) Жағдаяттық сұрақты талқылау.
«Өз ойым» ойыны арқылы жағдаяттық сұрақтарға жауап беру. Суға кеткен адамға қандай көмек көрсету керектігін талқылау. Өз ойларын дəлелдеу.
44-жаттығу. (Т; Қ) Ескерту плакатын дайындау. Табиғаттағы қауіпті жағдайлар кезінде не істеу керектігі туралы газет шығару. Қауіпсіздік ережелерін құрастыру.
А4 парақтар, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер
3 минут
(Т; Ұ; Қ) Басқа топтардың жұмыстарымен танысу, бағалау. Стикерлерге өз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстыру.
«Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша рефлексия жасау. Басқа топтың постерлерін оқиды. Оқушылар стикерлерге өз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстырады.
2 минут
45-жаттығу. (Т; Қ) Зат есімдерді теріп жазу.
Зат есімдерге ілік септігінің жалғауын жалғап, олардың түбір сөзге əртүрлі жалғану себебін анықтау.
№3 дəптермен жұмыс
Сабақтың соңы
3 минут
(Ө; Қ) Шығармашылық тапсырма.
Құпия хатты сызбаның көмегімен оқу.
№3 дəптермен жұмыс
2 минут
(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу.
Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.
№3 дəптермен жұмыс
Түрлі түсті қарындаштар
Қосымша ақпарат
Саралау – оқушыларға қалай
Бағалау – оқушылардың
Денсаулық пен қауіпсіздік
көбірек қолдау көрсетуді
материалды меңгеру
техникасының сақталуы
жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары
деңгейін қалай тексеруді
оқушыларға қандай міндет қоюды
жоспарлайсыз?
жоспарлап отырсыз?
Топтау бойынша саралау:
Қалыптастырушы бағалау
– сергіту жаттығуын
– Ынтасы жоғары оқушыларға жер
құралдары:
орындау;
сілкінісі кезінде оқушылардың
– мұғалімнің ауызша кері
– сабақ үстінде қауіпсіздік
əрекеті қандай болу керектігі туралы
байланысы (мадақтау, қолдау
ережелерін сақтау.
бірнеше мысал келтіруді ұсыну.
сөздер айту);
– өзара бағалау;
– мұғалімнің жазбаша кері
байланысы;
– оқушылардың жауаптарына,
іс-əрекеттеріне бақылау
жүргізіп, белгілеп алу арқылы
бағалау;
– «Өз жұмысыңды бағала».
САБАҚ: Қазақ тілі ТАҚЫРЫБЫ: 74-сабақ.
Барыс септік
МЕКТЕП:
КҮНІ:
МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:
СЫНЫП: 4
қатысқандар саны:
қатыспағандар саны:
ОҚУ МАҚСАТЫ:
4.2.6.1 – белгілі бір тақырыпта берілген мəтіннің түрлерін, жанрын, стилін салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.
САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:
Барлық оқушылар жасай алады:
Сөйлемдерден барыс септіктегі сөздерді табады.
Оқушылардың көбі жасай алады:
Мəтіндерді салыстырып, түрлерін ажырата алады.
Оқушылардың кейбірі жасай алады:
Берілген тақырып бойынша ой қорыту жасай алады.
БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙІ:
Барыс септігін біледі.
Барыс септігінің жалғауларын ажыратады. Мəтіндерді салыстырады.
ТІЛДІК МАҚСАТ:
Мəтіндерді салыстырып айтып бере алады.
ҚҰНДЫЛЫҚТАР:
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тəрбиелеу.
ПƏНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС:
Математика, дүниетану.
АКТ ҚОЛДАНУ
ДАҒДЫЛАРЫ:
Компьютерді қолдану.
АЛДЫҢҒЫ БІЛІМДЕР:
Ілік септігі.
Жоспар
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-əрекет
Дереккөздер
Сабақтың басы минут
минут
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі.
«Сəлемдесу» ойыны. Бір-біріне жақсы тілектер тілеп, ынтымақтастық атмосферасын құру. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, бір-бірімен тез-тез көзбен, қолмен, иықпен амандасу керек.
(Ұ) «Бағдаршам» əдісі бойынша оқушыларды топтарға біріктіру.
Бағдаршамның түстеріне байланысты оқушыларды топтарға біріктіру.
Оқушылардың сыныптағы топтық жұмыстарын орындау барысында «5-Т» ережесі стратегиясы қолданылады. «5-Т»
ережесін еске түсіру: «Талап. Тəртіп. Тыныштық. Татулық. Тазалық»
Көңілді əуен қосып қою
Бағдаршам түстерінің қималары
Сабақтың
ортасы
5 минут
жаттығу. (Т) Мəтіндерді оқып, өзарасалыстыру.
Берілген екі мəтінді оқып, топ ішінде мазмұны бойынша талқылау.
Сұрақтар:
Бірінші мəтін не туралы?
Боб туралы не білдіңдер?
Боб үйден кімді шығарады?
Мəтіннің авторы кім?
Екінші мəтін не туралы?
Өрт неден пайда болады?
Оқулықпен
жұмыс
Кішкене балаларға сіріңкені пайдалануға бола ма?
Неге?
Өрт кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек?
Қай мəтін ғылыми-танымдық мəтін?
Ал көркем мəтін ше?
«Т критерийі» стратегиясы бойынша мəтіндерді салыстыру.